«Мектепке дейінгі ұйымдағы жобалау іс-әрекеті»



Дата23.05.2022
өлшемі19,95 Kb.
#35375

«Мектепке дейінгі ұйымдағы жобалау іс-әрекеті»

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамытуға ықпал ететін әдістердің бірі - жобалық іс-әрекет әдісі. Жоба әдісі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға, өз білімдерін өздігінен құруға, ақпараттық кеңістікте бағдарлай білуге және сыни ойлауды дамытуға негізделген. Аяқталған жобалардың нәтижелері айқын болуы керек, яғни егер ол теориялық мәселе болса, онда оны нақты шешімі, егер практикалық болса - жүзеге асыруға дайын болатындай нақты нәтиже болу керек.


Жобалау іс-әрекеті оқу процесін белсенді негізде, әр баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне бағытталған зерттеу әрекеті негізінде құрылумен анықталады.
Жобалау іс-әрекеті балалардың белгілі бір уақыт аралығында жеке, жүппен және топпен орындайтын танымдық белсенділігіне бағытталады. Сонымен қатар бүл әдіс оқытудың ұжымдық тәсілімен де үйлеседі. Жобалық әдіс бір жағынан оқытудың әртүрлі қүралдарын, әдістерін қолдануды, екінші жағынан ғылымның, технологиялардың және шығармашылықтың түрлі салаларының білім және дағдыларын кіріктіруді қарастыратын мәселені шешуді болжайды.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру қағидасының өзгеруі ақпаратты белсенді қабылдаушы баланың рөлін, қоршаған ортаны танып білудегі белсенді тұлғаға ауысуына ықпал етті деуге болады. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеуге негізделген жобалау іс-әрекеті білімнің әртүрлі салаларында танымдық қызығушылықты дамытады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекеттерін қалай дамыта алатындығын анықтау үшін кез келген жобаны жүзеге асыру процесін талдауға кеңес беріледі. Мектепке дейінгі ұйымда жобалық әдісті енгізу мектеп жасына дейінгі баланың мәдени өзін-өзі дамытудың өзекті мәселесіне, жобалаудың кезеңдерімен танысудан басталатыны пайымдалады.
Жобалау процесі үш кезеңнен тұрады: жобаларды әзірлеу, оларды іске асыру, нәтижелерді талдау. Әр кезеңнің дамуының шарты тәрбиешілер мен балалардың ұжымдық ақыл-ой әрекеті болып табылады, ал, ол келесілерге мүмкіндік береді:
Балабақшаның білім беру кеңістігінде баланың шығармашылық дамуына бағытталу;
Жоба құру алгоритмін құруда балалардың қажеттіліктерін ескеру;
Педагогикалық процестің барлық қатысушылары, соның ішінде ата-аналардың күш-жігерін біріктіру.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - баланың қоршаған ортадағы қайшылықтарды өздігінен таба алмауы. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінде жобалау іс-әрекеті ынтымақтастық сипатында болады. Бұл бағытта мектепке дейінгі ұйымдағы балалар мен педагогтар, сонымен қатар ата-аналар да қатыса алады. Жобаларды құруда және іске асыруда ата- аналардың қатысуы өзін және балаларды білуге деген қызығушылығын оятады, мектепке дейінгі білім саласындағы мәдени құзыреттілігін арттырады. Жобалау іс- әрекетін жүзеге асыру барысында ересектер тарапынан үнемі назарда болып, көмек корсету мен қолдауды қажет етеді.
Тәрбиеші мен мектеп жасына дейінгі баланың өзара әрекеттесу артықшылығы:
Жоба бойынша жүмыстың басында педагогтың рөлі басым болады - ол мәселенің тұжырымын жасайды, балаға тақырып таңдауда көмектеседі. Келесі кезеңдерде жоба жетілдірілген сайын мектепке дейінгі баланың рөлі айтарлықтай өзгеріп, белсенді әрекеттер жасайды. Педагог баланың іс-әрекетін басқарып, баланың әрекеттерін үйлестіреді.
Жобалау әдісін қолдану топтың заттық-танымдық кеңістігін дүрыс ұйымдастыруды талап етеді. Ton бөлмесінің кеңістігінде тәрбиешілер құжаттарды әртүрлі ақпарат құралдарына бағыттайды: оқуға арналған кітаптар, бейнелер балаларға әлемді түсінудің әртүрлі тәсілдерін белсенді үйренуге мүмкіндік береді.
Erep мектепке дейінгі ұйымда ақпараттық орта жеткіліксіз болса, ұйымнан тыс жерлерге баруға болады: қаладағы балалар кітапханасында, мұражайларда және басқа мәдени орталықтарда, ересектер мен балалардың бірлескен ізденіс әрекеттері.
Жобалау іс-әрекетінің негізі балалардың белсенді әрекеті, ересектермен бірге қызықты бірлескен әрекет болуы керек. Бес жасқа дейін бала имитациялық- орындаушылық деңгейде дамиды. Қажетті өмірлік тәжірибенің болмауы оған мәселені және оны шешудің жолын таңдауда тәуелсіздігін толық көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан белсенді рөл ересектерге тиесілі.
Біздің ойымызша, мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, жобалау әдісі мектеп жасына дейінгі балалармен жүмыс жасауда ең тиімді болып табылады.

«Бәйтерек» балабақшасы



«Мектепке дейінгі ұйымдағы
жобалау іс-әрекеті»
(Кеңес)
Дайындаған: Г.Акжигитова


Ақшұқыр

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет