Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата30.12.2016
өлшемі0,58 Mb.
#813
1   2   3

 

Қатысымдық  ойындар  –  жағымды  көңіл-күй  тудырып,  жайлы  тілдік 

қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. 



Топтық  ойындар  −  қатысымдық  оқытудың  қарапайым  деңгейінде  жиі 

қолданылады.  Топтық  ойындар  фонетикалық  және  лексика-грамматикалық 

дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады.  

Жағдаят  –  көптеген  ынталандыру,  уақиғалар,  объектілер,  адамдар  мен 

эмоциялық  кейіп  үлгісінің  (моделінің)  кешендік  тұтастығы.  Е.И.Пассовтің 

пікірінше,  жағдаят  тек  қана  жағдайлардың,  уақиғалардың,  арақатынастардың 

қосындысы емес, ол жүйе. 

Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым-қатынас жасау болса, оны 

жүзеге  асыруға  ықпал  ететін  –  тіл  үйретудегі  жағдаяттылық.  Жағдаяттылық 

қарым-қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің 

сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады. 



Рөлдік  ойындар  −  белгілі  бір  мақсатта,  тілді  меңгеруге  деген 

қызығушылық  арқылы  орындаушылық  қабілетке  жетелейді.  Рөлдік  ойынның 

мәні,  ойын  барысында  тіл  үйренушінің  тілдік  қатынас  жасауға  деген  талабын 

ашуда,  қажетті  сөздерді  үйренсем,  тауып  айтсам  деген  ойды  да  туғызады. 

Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше 

маңызға ие болады. Балалар тіл үйренуші рөлінен кейіпкер рөліне еніп, шындық 

өмірге  ең  жоғары  сөйлеу  мүмкіншілігімен  жақындауға,  еркін  сөйлеуге 

тырысады.  



 

Ойындарды ұйымдастыру барысында қойылатын талаптар: 

-  балалардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс 

емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек

- тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады; 

- тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес алынады. 



 

Қатысымдық тапсырмалар арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізу: 

-  балалар  өз  ойы  мен  сезімін  өзара  қарым-қатынас  үдерісінде  еркін  білдіруге 

мүмкіндік алады; 

- топтық қарым-қатынаста әрбір бала басқалардың ерекше назарында болады; 

Қатысымдық ойындар 

Топтық ойындар 

Жағдаяттық 

ойындар 

Рөлдік ойындар 


17 

 

-  балалар  көрсетілген  белгілерге  сәйкес  мүмкіндігінше  тезірек  қалыптасып 



бейімделуге тырысады

 - әрбір бала өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие 

болуға тырысады. 

Қатысымдық  тапсырмаларды    қолдана  отырып  жүргізілген  қатысымдық 

оқыту  барысында  балалардың  өз  ойы  мен  пiкiрiн  тұжырымдай  алуы,  сөйлеу 

мәнері  мен  тілдік  дағдыларының  қалыптасуы,  оларды  күнделiктi  өмiрде 

кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады. 

«Сөзбен ойнау арқылы ғана бала - тілдің нәріне сусындайды, оның сазды 

үнін  жанына  сіңіреді»  −  деген  ұлағатты  қағида  бар.  Сондықтан,  жас  баланың 

өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде 

қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана 

емес,  философтар,  тарихшылар,  этнографтар  және  өнер  қайраткерлері  мен 

зерттеуші  ғалымдар  да  айналысқан.  Адам  іс-әрекетінің  ерекше  бір  түрі  – 

ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын 

көркемдік  іс-әрекеттің  алғашқы  қадамы  деп  түсіндіреді.  Ойында  шындықтың 

көрінісі,  оның  бейнелі  сәулесі  байқалады.  Жалпы,  ойынға  тән  нәрсе  өмірдің 

әртүрлі  құбылыстары  мен  үлкендердің  түрлі  іс-әрекеттеріне  еліктеу  екені 

белгілі.  Ойынның  шартты  түрдегі  мақсаттары  бар,  ал  сол  мақсатқа  жету 

жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, 

дене  шынықтыру  және  эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды  тетігі  ойында 

жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық 

әрекет  байқатады.  Сезіну,  қабылдау,  ойлау,  қиялдау,  зейін  қою,  ерік  арқылы 

түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада 

бала  ойынына  ерекше  мән  беріледі.  Бала  ойын  арқылы  өзінің  күш-жігерін 

жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек 

дағдысына үйрене бастайды. 

Ойын  −  оқу  үдерісіндегі  оқытудың  әрі  формасы,  әрі  әдісі  ретінде  дербес 

дидактикалық  санат.  Тіл  үйретуде  ойынды  көрнекі  құралдар,  түрлі  суреттер, 

кестелер,  ойыншықтар,  музыка  және  т.б.  материалдар  арқылы  оқу  іс-әрекетін 

көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу 

түрлері  кеңейеді.  Әрбір  оқу  іс-әрекетінде  ойын  түрлерін  және  өзара  сөйлеу 

үлгілерін тақырыпқа сай қолдану жақсы нәтиже береді. 

Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы  өмірді 

танып,  өзін  қызықтырған  нәрсеге  ықыласы  ауып,  барлығын  түсініп,  білгісі 

келеді.  Баланың  бір  ерекше  қасиеті  сөйлеуден  еш  жалықпайды.  Ойын  бала 

тілінің дамуына өз ықпалын тигізіп, оның  таным белсенділігінің дамуына жол 

ашады.  Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге  тәуелсіз,  ол  өзін  еркін  ұстайды.  Ал, 

еркіндік дегеніміз – барлық дамудың алғашқы баспалдағы. Баланың білуге деген 

құштарлығы,  сөйлеуі  ойын  үстінде  қалыптасады.  Ал,  тіл  кемістігі  кездесетін 

балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары 

жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуы қол 

саусақтарының  (ұсақ  моторика)  нәзік  қимылдарының  дамуымен  тығыз  

байланыста  болғандықтан  бала  қолының  ептілігін  толық  жетілдіру,  түзету  


18 

 

т.б. жұмыстар  тәрбие  жұмысын  жүйелі жүргізуді қалайды. Ұйымдастырылған 



оқу іс-әрекетіндегі кез келген тақырыптарға  сай  әртүрлі  ойын  түрлерін − саусақ  

ойыны,  дамытушы дидактикалық ойын, сөздік ойын, қимылды ойын және ұсақ 

моторикаға арналған үстел үсті ойындарын, т.б. қолдануға  болады.   

Демек, саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік 

қимылдары  мен  бұлшық  еттерінің  жетілуімен  бірге,  олардың  сөйлеу  тілі  мен 

ойлау  қабілеттері  дамитын  болады  және  баланың  жазу  шеберлігін  меңгеруіне 

алғашқы дайындығы қалыптаса бастайды. Ойын ұйымдастыруда педагог ойын 

әрекетін ұйымдастыруға өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын 

ережесін  сақтауға,  ойнай  отырып  ойлануға  бағыттайды.  Заттың  атын  немесе 

қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып баланың 

зейінін, қиялын дамытады. Ойындарды көңілді, әсерлі етіп, баланың жас және 

жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып  ұйымдастыру  керек. Мысалы:  “Саусақтар 

сәлемдеседі”, “Он саусақ”, “Қуырмаш”, “Қазым-қазым”, “Моншақ”, т.б. ойындар 

арқылы саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге болады. Мысалы, “Моншақ” 

ойынында  бала  өлең  жолдарын    қайталай    отырып,  үстел  үстінде  жіпке  түрлі 

моншақтарды немесе түрлі-түсті ұсақ тастарды тізбектей отырып жаңа сөздерді 

меңгереді, тура санау, түстерді ажырату, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.  

“Сөздік”  ойынына  келетін  болсақ,  балалар  сөз  мағынасын  түсінеді  және 

дұрыс  жауап  беруге,  орынды  сөйлеуге  үйренеді,  ойлау  және  есте  сақтау 

қабілеттерін  жетілдіреді.  “Мен  бастайын,  сен  аяқта”,  “Мен  нені  ойладым?”, 

“Жұмбақ  жасыр”,  “Жалғастыр”  ойындарында  балалардың  жаңа  меңгерген 

сөздерін  жұмбақтап айтқызуға (Кішкене бойы, төрт аяғы, екі мүйізі, бір сақалы 

бар және ет пен пайдалы сүтін беретін үй жануары – ешкі т.с.) назар аударсақ, 

“Үстел үсті” ойынында  көбіне мозайка, лото, суреттер арқылы “Қиыңды суретті 

құрастыр”, “Жасырылған аңды тап”, “Сыңарын тап”, “Топтастыр”, “Не артық?”, 

“Енесін тап”, “Есіңде сақта” т.б. тапсырмалар беріледі. Балалар бұл ойындарды 

ойнай  отырып  сөйлем  құрайды.  Сондықтан,  бұл  ойындардың  баланың  тілін 

дамытуға тигізер әсері мол. Схема арқылы балалар әр сөзді ретімен айта отырып 

сөйлем құрай біледі. Ал, тәрбиелеу мен оқыту ісінде педагог ойын арқылы оқыту 

технологиясына  көбірек  назар  аудара  отырып,    баланың    ойын    әрекетіндегі  

психологиялық  жағдайын  зерделеп,  жеке  тұлғаның қызығушылығын оята білуі 

қажет.  


Егер  ойын  ақылмен  ұйымдастырылса,  ол  балаларға  ықпал  жасауға 

мүмкіндік  береді.  Балалардың  өмірі  мен  іс-әрекетін  дұрыс  ұйымдастыру  − 

оларды тәрбиелеу деген сөз. Бала үшін ойын  − өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі 

көрсетудің құралы. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке 

басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім 

алады. Ойын ойнау барысында бала бар жан-тәнімен ойынға беріліп, белсенділігі 

пайда болады. 

Ал,  мазмұнды-бейнелі  ойындарда  балалар  ойын  мазмұнын  түсінікті  етіп 

жеткізуге  тырысады,  оған  қажетті  құрал-жабдықтарды  табуға  талпынады. 

Оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді 

және  шығармашылық  іс-әрекетке  бағдарлайды,  балалардың  өзара  қарым-


19 

 

қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. 



Бала  алған  рөлдеріне  сай  кейіпкердің  киімін  киіп,  қимылын,  дауыс  ырғағын 

мәнерлі  жеткізуге  тырысады.  Қуыршақты  ұйықтату  үшін  бесік  жырын  айтып 

әлдилейді, бейнелеу өнерінен салған суреттерін ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан 

құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. 

Сонымен  қатар,  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтары  баланың  ой-өрісін 

дамыту мақсатында көру қабілеті арқылы әсер ететін түрлі көрнекіліктерге, яғни 

қуыршақ  театры,  балаға  арналған  қызықты  бейне-көрініс,  суреттер,  табиғат 

аясындағы жан-жануар, құс, өсімдік әлеміне саяхат арқылы назарларын аударта 

отырып, осы жұмыстарды тілді үйрету әрекетімен шебер ұштастыра білуі қажет. 

Тілді үздіксіз игеру барысындағы жұмыстар: 

-  тәртіп  кезеңдері  (таңғы  гимнастика,  тазалық  дағдысына,  мінез-құлық 

мәдениетіне,  қарым-қатынас  мәдениетіне,  еңбек  сүйгіштікке  тәрбиелеу  және 

т.б.); 

- оқу-тәрбие үрдісі (сабақтар, ертеңгіліктер, ойындар, балалардың өзіндік іс-



әрекеті); 

-  ойын  іс-әрекеті  (дидактикалық  ойындар,  қозғалыс  ойындары,  сюжетті-

рөлдік ойындар).  

Сондықтан,  тіл  үйрету  барысында  ойын  элементтерін  дидактикалық 

материал  ретінде  қолдану  өте  тиімді.  Дидактикалық  ойындар  балаларды  өз 

бетінше  жұмыс  істеуге  дағдыландырады,  олардың  ойлау  қабілеттерін, 

ізденімпаздылығын арттырады, сөздік қорын молайтады. Сондықтан әр сабақта 

дидактикалық  ойындарды  пайдалану  арқылы  балаларды  әдептілікке, 

адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуге болады. 

Ойын − балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Ойын арқылы балалар 

қоғамдық  тәжірибені  меңгереді,  өзінің  психологиялық  ерекшеліктерін 

қалыптастырады.

 

Сондықтан,  ойын  арқылы  балалар  өмірден  көптеген 



мәліметтер алып, білімін, танымын жетілдіреді. Демек, ұйымдастырылған оқу іс-

әрекет барысында ұлттық ойындарды ойнату да ерекше маңызды.  

Ұлттық  ойындар  атадан  балаға,  үлкеннен  кішіге  мұра  болып  жалғасып 

отырған халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени өмір тіршілігі. Сондықтан, 

ұлттық  ойындар  арқылы    балалардың    ой-өрісін  кеңейтіп,    тапқырлыққа  

тәрбиелеуге болады. 

Ұлттық  ойындардың  ішінде  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  «Асық 

ойыны»,  «Орамал  алу»,  «Тақия  тастамақ»,  «Алтын  қақпа»,  «Ақ  серек  -  Көк 

серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек», т.б. түрлерін алуға 

болады.  Педагог  мамандардың  міндеті  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекет 

барысында осы ойын түрлерін әуелі дене сергіту үшін, жұмыс соңында ырғақты 

қимыл-қозғалыс  ойын  ретінде  қолдана  отырып,  баланы  тапқырлыққа, 

жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдыққа тәрбиелеу.  

Қазақ халқы баланы 1 жастан 7-ге дейін «нәресте» немесе «ойын баласы» 

деп атаған. Халық алуан түрлі ойынды туғызып, оны іс жүзінде қолдану арқылы 

оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре білген. «Бала ойынмен өседі» деген 

өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек еткен. 


20 

 

В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және 



болуы  да  мүмкін  емес.  Ойын  дүниеге  қарай  ашылған  үлкен  терезе  іспетті,  ол 

арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние 

туралы түсінік алады. Ойын – дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің 

маздап жанар оты» - деп, бала үшін ойынның маңызды екенін айтқан. Ұлттық 

ойындарды  ойнату,  оқу  іс-әрекетінде  пайдалану  арқылы  баланың  ойлауын, 

қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін дамытуға болады. Мысалы, асық ойыны – 

қазақтың  ерте  заманнан  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен  ұлттық  ойыны.  Асық  – 

баланың ақыл-ойын өрістететін, қиялына қанат бітіретін, тынысы кең, астарлы, 

алысқа меңзейтін ойын.  

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмыстарын ересектердің 

балалармен  сөйлесу  барысында  да  жүзеге  асыру  қажет.  Күнделікті  өмірде 

(балабақшада)  қазақ  тілінде  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  оқуға,  өлеңдер  жаттауға 

және  сахналауда  баса  назар  аударылу  керек.  Халық  ауыз  әдебиеті  үлгілері 

балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, 

сөйлем  құрап  өз ойларын  жеткізе білуге,  қазақ  тіліне  тән  ерекше  дыбыстарды 

дұрыс айтуға машықтандырады. 

Білім  берудің  алғашқы  бастауы  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  қазақ  тілін 

үйретуді күнделікті тұрмыспен байланыстыра отырып үйрету арқылы, болашақ  

қоғам  иесінің  мемлекеттік  тілді  бала  жастан  тиянақты меңгеруіне жағдай 

жасау. Бүлдіршіндердің адамзат игерген білім бұлағынан сусындауы үшін оның 

балалық  әлеміне  сай  ойын  түрлерін  өткізе  отырып,  тілді  үйренуіне, 

халқымыздың бай сөздік қорын игеруіне, танымдық қасиетінің жетілуіне басты 

назар аудару. 

Балалардың  тіл  үйренуге  қызығушылығын  арттыру,  тіл  мәдениетін 

жетілдіру, сөздік қорларын дамыту, бекіту − өмірлік маңызға ие. Бұл талаптар 

қазақ  тілінде  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерді  жүргізудің  жан-жақты 

кешенді  түрлерін,  оларды  өткізу  ерекшеліктерін  меңгеру  әрі  әдістемелік 

жағынан  ұтымды  әдістерді  қолданғанда  ғана  баланың  жан  дүниесін  баурап, 

қызығушылығын арттыруға болады. 

Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. 

Қысқа  ертегі,  өлең  оқып  берсе,  тез  жаттап  алады.  Жаттау  арқылы  оның  тілі 

жетіледі.  Әдеби  кейіпкерлердің  жақсы  ісіне  сүйсініп,  жаман  ісінен  жиренеді. 

Санасында жақсы және жаман әрекеттер жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу 

тілі жетіледі. Ал, тілінің дамуы – баланың бойында қабылдау – ести білу сияқты 

психологиялық  процестердің  бірте-бірте  қалыптасуына  негіз  болады.  Мектеп 

жасына  дейінгі  балаларға  оқып  беретін  шығармалар  ауыз  әдебиеті 

нұсқаларынан, 

классик 


жазушылардың 

шығармаларынан, 

қазақ 

жазушыларының  балаларға  арналған  шығармаларынан  баланың  жас 



ерекшелігіне сәйкес алынуы керек. Мұғалімнің шығарманы жатқа айтып беруі 

балаларға  қызықты  болады,  оларды  жалықтырмайды.  Өйткені,  бала  мұғалімді 

тыңдай  отырып,  әр  сөзді  дұрыс  айтуға  тырысады.  Сәбилерге  өлеңді  арнайы 

жаттату  қиын  болғандықтан  мұғалім  өзі  жатқа  айта  отырып,  шығарманың 

қажетті  шумағын  ойын  ретінде  қайталау  кезінде  біртіндеп  өзіне  ілесіп  айтуға 


21 

 

үйрету  керек.  Тілді  үйретудегі  ең  басты  міндет  –  балалардың  сөйлеу  тілін 



жетілдіру. 

 

Қазақ  халқының  тұңғыш  ағартушысы  Ы.Алтынсарин  "Таза  бұлақ"  атты 



еңбегінде: "...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, 

тілді,  зейінді  дағдыландыру  баланың  барлық  қабілетін  көрнекілік  арқылы, 

жаттықтыру арқылы жұмыс істеу" керектігін айтқан. 

Мысалы:  Ересектер  тобында  «Ұлттық  киімдер»  тақырыбын  өткен  кезде 

киімдердің  суретін  көрсету  арқылы  немесе    кәдімгі  ұлттық  нақышта  тігілген 

киімдерді көрсету арқылы жүзеге асыру керек.  Бұл әдіс туралы Ы. Алтынсарин  

былай деген: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, 

мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды».  

Дамыта  оқыту  технологиясы  бойынша  бала  ойлауын  абстрактіден 

қарапайымға  қайта  жетелейді.  Мысалы:  «Алма»  сөзін  алманы  көрсету  немесе 

дәмін  татқызу  арқылы  ұғындыру  баланың  есте  сақтау  қабілетін  дамытады. 

Алманың  дәмі  қандай?  Пішіні  неге  ұқсайды?  деген  сияқты  сұрақтар  қойып, 

баланың жауабын тыңдау керек. Осыдан соң «Формасын таны», «Қайда өседі?» 

деген  дидактикалық  ойындарды  ойнатуға  болады.  Осы  ойындар  арқылы 

балаларға бұрын үйренген сөздерін қолдана отырып, жемістер туралы өлең оқып 

беруге  болады.  Өлеңдегі  салыстырма  сөздерге  (эпитет,  метафора,  синоним

көңіл  бөлу  керек.  Сол  сөздерді  қайталату  арқылы  өздеріне  салыстырту  қажет. 

Балаларға  (ортаңғы  топқа)

 

суреттермен  және  сөздік  арқылы  «Сен  нені  жақсы 



көресің?», «Қайда өседі?» (ересектер тобына) ойынын ойната отырып, жемістер 

туралы жұмбақтар шештіру баланың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. 

Оқу  іс-әрекет  барысында  өлеңде  аталған  жемістердің,  күзгі  жапырақтардың 

суретін  салғызып  немесе  қиып  жапсырту  керек.  Мысалы:  шие…  (қызыл, 

домалақ,  кішкене,  ұсақ  шар  сияқты).  Алма…  (домалақ,  қызыл,  сары,  тәтті, 

қышқыл).  Жапырақ…  (сап-сары,  алтындай,  жібектей,  сары  бояудай,  т.б.) 

үйренген  сөздерін  қосып  сөйлем  құрай  білуге  дағдыландыру  қажет.  Оқу  іс-

әрекет  нәтижесінде  балалар:  қышқыл,  жұмыр,  домалақ,  сары,  алтындай,  т.б. 

сөздерді игереді.  

Бұл  әдісті  –  «Жеміс-жидектер»,  «Ойыншықтар»,  «Тағамдар»  және  т.б. 

тақырыптарда да пайдалануға болады. 

Екінші  сәбилер  тобына  тілді  меңгерту  барысында  әр  жыл  мезгіліне 

байланысты  суреттерді пайдалана отырып,  К.Шаяхметовтың  «Алтын күз»,  Ш. 

Сариевтің «Пейзаж» суреттерін «Бұл қай кезде болады?» деп сұрақ қоя отырып, 

әңгіме құратуға баулу арқылы бейнелі сөйлеу қабілеттеріне үйретеді. «Кімде не 

бар?, «Күзде не киеміз?, т.б. ойындар күз маусымында киетін киім атауларына, 

киім  сапасына  (қалың,  жұқа,  жылы,  жеңіл),  құрамына  (мақтадан,  теріден, 

жібектен, жүннен), киімнің бөліктеріне  (жеңі, қалтасы, жағасы, желке бауы), т.б 

сөздерді көре отырып қабылдауына жағдай тудырады.   

Сонымен 


қатар, 

ересектер 

тобына 

Қ.Ыдырысовтың 



«Аспаз», 

Ә.Мұсахановтың  «Менің  анам  дәрігер»,    Ғ.Өкеевтің  «Біздің  балабақшамыз», 

Ә.Меңжанованың  «Тазалықтың  досы»  сияқты  әндері  мен  өлеңдерін  үйрете 

отырып,  осы  өлеңдердегі  кәсіби  мамандық  иелеріне  тән  сипаттар  балаларды 



22 

 

олардың  еңбегіне,  құрал-жабдықтарына  жақындата  түседі.  Зейнелғабиден 



Иманбаевтың  «Ұйықтар  алдында»,  Әдібай  Табылдиевтің  «Ата,  бізге  келіңіз», 

Мәдіхат 


Төрежановтың 

«Әжесін 


қайсысы 

жақсы 


көреді?» 

атты 


шығармаларындағы баланың сезіміне әсер ететін жолдар балалардың есінде тез 

сақталады.   

Сондықтан,  әр  тақырыпқа  сәйкес  өлеңді,  ұйқасты  мәтіндерді  бой  сергіту, 

фонетикалық  тіл  жаттықтыру  мақсатында  қолдану  қазақ  тілінің  балаларға 

лирикалық әуезді үлгілерін қабылдатуға өз әсерін тигізеді.  

Тіл  мамандарының  пікірінше,  сөздерді  тақырып  жағынан  дұрыс 

ұйымдастырып  беру  −  сөздерді  топ  бойынша  тез  еске  сақтауға  үйрететінін, 

олардың бір-бірімен ұқсастығын байқататынын және жағдаяттарға қарай іштей 

оларды  жақсы  сезіп,  еске  түсіріп  сөйлеу  дағдыларына  қоса  бастайтындығын 

айтады. 


Екіншіден,  сөздерді  грамматикалық  белгілеріне  қарай  топтату  өте  тиімді. 

Сондықтан  балаларға  (ересектер  тобына)  «Кім?»  деген  сұраққа  жауап  беретін 

сөздерді  атаңдар,  «Не?»  деген  сұраққа  қандай  сөздермен  жауап  бересіңдер? 

«Кімдер?», «Нелер?» деген сұрақтарды қандай жағдайда қоямыз? деген сауалдар 

арқылы сын есімді, сан есімді, етістікті біртіндеп меңгерту жүргізіледі. 

Үшіншіден,  сөздерді  туыстық  қатысына  қарай  топтауға  үйрету.  Мысалы, 

жалпы атауы мен жекелей аталымдарды жіктеп атау. «Отбасы» − жалпы аталым, 

ал жеке аталым − ата, әже, әке, бала, қарындас, аға, іні, сіңілі. 

Төртіншіден, төрт-түлік малдың, жан-жануарлардың төлдерінің атаулары, 

құс атаулары, т.б. Сонымен қатар, сөздерді шығу тегіне қарай топтауға үйретуге 

назар аудару керек. Мысалы: дәрі, дәрігер, дәріхана; ас, аспаз, асхана, т.б. 

Сөйлеу  тілі  мен  сөздік  қоры  молая  бастаған  сайын,  бала  айналадағы 

адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде 

кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмартады. Өзі түсінген түрлі жайттар 

туралы әңгімелейтін болады. Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, орыс жазушысы 

К.Чуковский  5-6  жас  шамасындағы  баланың  сөз  қолдану  ерекшелігін  терең 

зерттеп, оларды «данышпан лингвистер» деп атаған. 

Тілді үйретудегі мақсаттарды жүзеге асыруда бірнеше міндеттер қойылады: 

-

 

мәдениет нышандарын қалыптастыру ( амандасу, сәлемдесу) 



-

 

тірек сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу



-

 

ойын арқылы сөздік қорды молайту; 



-

 

сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту; 



-

 

мемлекеттік тілде еркін  сөйлеуге дағдыландыру



-

 

ұлтымыздың салт-дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру. 



Демек,  балаға  тек  қана  тіл  үйретіліп  қана  қоймай,  сол  тілді  тұтынушы 

халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы мен рухани құндылықтары жайлы 

мәлімет  бере  отырып,  сол  халықты  таныту  болып  табылады.  Педагог 

мамандардың мақсаты қазақ тілін балаға ауызекі қатысым құралы ретінде ғана 

үйретіп қоймай, мемлекеттік тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе 

алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру. 



 

23 

 

Бағдарлама бойынша үлгілік тақырыптық жоспар 



Екінші сәбилер тобы (3-4 жас) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет