Мемлекет атауы Территориясы



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі108,5 Kb.
#16211
  1   2   3   4   5   6   7

Тапсырма:

«Орта ғасыр кезеңдегі Қазақстан территориясындағы мемлекеттер» атты кестені толтырыңыздар.



Мемлекет атауы

Территориясы

Уақыт шеңбері, билеушілері

Саяси тарихы

Тарихи деректер

Құлдырау себептері

Түрік қағанаты

Қазақстан, Орта Азия, Кавказ,
Алтай, Моңғолия, Солтүстік Қытай

552-603 жж

Негізін салған - Бумын қаған 552 ж

Қара Еске-553 ж

Мұқан қаған (553-572) 


Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті.

«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй кінәздігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. Қытайлар түріктерді сүнну-ғұндар деп атаған.

Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет