Мемлекет Билеушінің лауазымы



бет1/17
Дата27.12.2022
өлшемі272,6 Kb.
#59829
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Мемлекет

Билеушінің лауазымы

Сақтар

Патша, патшайым

Үйсіндер

Гуньмо, Күнби

Қаңлы

Хан

Ғұндар

Шанью

Түрік қағанаты

Қаған

Батыс Түрік қағанаты

Шығыс Түрік қағанаты

Оғыз мелекеті

Жабғу

Қимақ қағанаты

Қаған

Қарахан мемлекеті

Хан

Наймандар

Керейіттер

Жалайырлар

Гурхан

Қарақытайлар

Ерте ортағасырлық мемлекеттер мен олардың билеушілері

Түрік қағанаты
(552-603 жж)

1) Бумын
2) Қара-Еске
3) Мұқан (Бумын інісі)
4) Иштеми

Батыс Түрік қағанаты
(603-704 жж)

1) Тардуш (Дато)
2) Шегу (610-618)
3) Тон (618-630)
4) Ешбар Елтеріс

Шығыс Түрік қағанаты
(682-744жж)

1) Елтеріс атанған Құтлық
2) Қапаған
3) Білге
4) Күлтегін
5) Тоныкөк

Түргеш қағанаты
(704-756 жж)

1) Үшлік
2) Сұлу
3) Тұқарсан Құтшар

Қарлұқ қағанаты
(756-940 жж)

1) Білге Күл Қадыр хан
2) Базар Арслан
3) Оғұлшақ

Оғыз мемлекеті
(ІХ ғ. соңы –ХІ ғ. ортасы)

1) Әли
2) Шахмәлік

Қимақ қағанаты
(ІХ ғ. соңы –ХІ ғ. ортасы)

Жанақ

Дамыған ортағасырлық мемлекеттер
мен олардың билеушілері

Қарахан мемлекеті

1) Сатұқ Боғра хан (915-955)
2) Мұса

Найман мемлекеті

1) Наркеш Дайын
2) Инанч Білге (Білге хан)
3) Даян
4) Бұйрық хан
5) Күшлік

Керейіттер

1) Торы (Тоғырыл хан)
2) Маркус
3) Құршақұз

Жалайырлар

Жамұқа

Қарақытайлар

Елюй Даши

ХIII–ХV ғасырдың І жартысындағы Қазақстандағы мемлекеттер мен олардың билеушілері

Алтын Орда
  • Батый - 1227-1255 жж.
  • Берке - 1257-1266 жж
  • Меңгу –Темір – 1266-1280 жж
  • Тохты хан – 1290- 1312 жж
  • Өзбек хан – 1312-1342 жж
  • Жәнібек хан – 1342-1357 жж
  • 1357 - 1380 жж 20 хан ауысты (Ұлы дүрбелең кезеңі).
  • Мамай
  • Тоқтамыс
  • Шейх -Ахмед – соңғы хан (1502 ж қайтыс болды)

Моғолстан
  • Тоғылық –Темір – 1348 ж ,алғашқы ханы
  • Ілияс –Қожа – Тоғылық –Темірдің баласы
  • Қызыр Қожа
  • Мұхаммед хан
  • Шер-Мұхаммед
  • Уәйіс
  • Есен Бұға – 1433-1462 жж.
  • Жүніс
  • Абд ар -Рашид – Жүніс ханның немересі, Моғолстан ыдырай бастайды

Әмір Темір мемлекеті (Мауараннахр)
Әмір Темір -1370- 1405

Ақ Орда
  • Орда Ежен – Жошы баласы, негізін қалаған
  • Ерзен
  • Мүбәрак
  • Ұрұс хан – Ақ Орда Алтын Ордадан бөлінеді
  • Темір-Мәлік
  • Барақ - Ақ Орданың соңғы ханы



Ноғай Ордасы
Едіге - негізін қалаушы, 1396–1411 жж.
Нұр ад –дин – Едіге баласы, Алтын Ордадан бөлінді

Батыс Сібір хандығы
  • Тайбұға
  • Махмұд-Қожа
  • Ибақ хан
  • Мухаммед хан.
  • Көшім хан

Әбілқайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті)
Әбілқайыр хан – 1428-1468

Қазақ хандары
1458-1473 ж – Керей хан – Болат сұлтанның баласы. 1473-1474 ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы 1474-1511ж – Бұрындық хан – Керей ханның баласы 1511-1518 (1523) ж – Қасым хан – Әз Жәнібектің ұлы 1518-1523ж – Мамаш хан - Қасымның баласы
1523-1532ж – Тақыр хан – Қасымның немере інісі 1533-1534ж – Бұйдаш хан -Тақырдың інісі хан болды 1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан 1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан 1538-1580ж – Хақназар хан – Қасымның баласы 1580-1582ж – Шығай хан – Жәнібектің немере інісі 1582-1598ж – Тәуекел – Шығайдың баласы
1598-1628ж – Есім хан – Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі 1613-1627ж – Тұрсын хан 1628-1652ж – Жәңгір хан – Есім ханның баласы 1680-1715ж – Әз-Тәуке хан – Салқам Жәңгірдің баласы 
1716 -1719 ж – Қайып хан – Тәукенің мирасқоры 1719-1726ж – Батыр 1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат – Тәуке ханның бел баласы

Ұлы жүз
1720-1740ж –Жолбарыс хан
Орта жүз
1719-1734ж – Сәмеке хан
1734-1771ж – Әбілмәмбет
1771-1781ж –Абылай
1781-1819ж – Уәли

Кіші жүз
1718-1748ж – Әбілхайыр хан 1748-1786ж – Нұралы
1791-1794ж – Ералы
1795-1797ж – Есім 1797-1805ж – Айшуақ
1806-1810 ж - Жантөре 1812-1824ж – Шерғазы

Бөкей хандығы
1812-1815 ж – Бөкей хан
1816-1823 ж – Шығай хан
1823 (1824)-1845 ж – Жәңгір хан

1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің ұлы

Батыс Түрік қағанатының
қоғамдық құрылысы
Қаған – қағанаттың бірінші басшысы,билеушісі, әскербасы
Ябғу, шад, елтебер – жоғары лауазымдар (қаған руына жататын ақсүйектер болды)
Бұрық, тархан –сот істерін атқарушылар
Бектер – жергілікті жердегі қағанның негізгі тірегі
«Қара будундар» -қарапайым халық. Көптеген салық пен міндеткерліктерді олар төледі.
Селифсалық жинаушы
Жасауыл – селифтерді бақылаушылар
Тат - құлдар

Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы

Қимақ қағанатының қоғамдық құрылысы

Ел (халық, мемлекет деген ұғымды білдіреді) – тайпалық одақтар
Жабғу – жоғарғы билік иесі.
Инал – жабғу мұрагері
Атабек – иналды тәрбиелеуші
Сюбашы – әскербасы (оғыз мемлекетінде әскери демократия болды).
Күл-еркіндер – жабғудың кеңесшілері. Қаңқаш – шонжарлардың күнделікті өмірде басты мәнге ие болған кеңесі.
Ел басқару ұлы және кіші құрылтай жиналысына берілген («Оғызнама»).
Ұлы құрылтайда қаған өзінің ұлдарын
«боз оқ» деп оң жағына, «үш оқ» деп сол жағына отырғызған.
«Бой», «оба», «көк» - тайпалық және рулық бөлімшелер
Оғыздар ұрықтар (атақты тұқымдар, әулеттер) мен аймақтарға бөлінген.

Қаған – қағанатты билеуші
Ябғу – қаған атағынан екі саты төмен
Имек ябғу, қимақ ябғу – тайпа көсемдерін білдіретін бірнеше атаулар
Шад-түтік – жеке тайпа көсемдері
Ябғу, шад – шонжардарға берілен лауазымдар
Қаған ябғу, шад-түтіктерді өзі тағайындаған. Қағандық және ақсүйектердің биліктері
мұрагерлікке қалдырылған

Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы

Наймандар, керейiттер, жалайырлардың қоғамдық құрылысы

Қаған –жоғарғы өкімет билігі
Тегін,ілік хандар, бектер, нөкерлер –ханның ұрпақтары
Уәзірлер –хан кеңесшісі қызметі
Орда –ханның мемлекеттік саяси-әкімшілік орны болды, сарай қызметкерлері тұрған.

Жер иеленудің түрлері:
1. «Иқта» - билеуші тарапынан феодалдарға шартты түрде берілетін жер үлесі.
«Иқтадар» - иқтаны иеленушілердің лауазымы, арабша «муқта» деп аталды.
2. Вафтық жерлер – дінбасылар мен әскербасылардың жерлері. Вақфтық жерлерден салық алынбады
3. Музари немесе барзигар –үлеске жер алған шаруалар
4. Коммендация –әлсіз адамның өз жерін күшті адамға қамқорлыққа беріп, қорғаушысына салық төлеу.

Хандық билік болды
Басқару ұлыстық жүйемен жүрді

Әскери басқару жүйесі ХІІғ. ондық, жүздік, мыңдық, түмен болды
Мыңбасы, түменбасыларды хан өзі сайлады
Шерби – Ұлыстың ішкі ісін жүргізуші

Қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы
Мемлекеттік басқару жүйесі жетілмеген ел болды
Қарахан мемлекетінің ел басқару жүйесіне тимеді,хандық басқару құрылысы сол қалпында сақталды
Қарақытайларда әйел адамдар да гурхандыққа сайланды.

Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы
Қоғамдық құрылысы қимақ қағанатының жалғасы болды
Билік мұрагерлік болды
Хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды

Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді.
1. Оң қанаттың ордасы Жайық бойындағы Сарайшық болды
2. Сол қанаттың орталығы Сыр бойындағы Сығанақ болды

Ақсүйек-шонжарларға – хандар, туыстары, тархандар, басқақтар, бектер ,байлар, ру-тайпа көсемдері жатты.

М.Қашқари қыпшақ тілінде құлды «яланкуг» деп атайды деп жазған.
Монғол империясының қоғамдық құрылысы

Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды
Империяны 95 түмен әкімшілікке бөлді, әрбір түменде 10 мыңнан адам болды. Түмендер аймаққа бөлінді
Басқару жүйесі ондықтан басталды, 10, 100, 1000 түмен болды
Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді:
1. Оң қанат 2. Орталық 3. Сол қанат
(Барунгар) ( Кул) ( Жоңғар)
 
«Кешіктен» - ең таңдаулы мыңдық, олар Шыңғысханның жеке өз басын қорғаушылар
Мемлекеттің басты заңы –«Жасақ» ( Яса), ол 2 бөлімнен тұрды:
1. Шыңғысхан айтқан нақыл сөздері,
2. Әскери, азаматтық істер туралы заңдар

Құрылтай – өкімет билігінің ең жоғары органы , ол жазда, жылына бір рет шақырылды, онда басты мәселе –алдағы болатын соғыстың жоспары талданды
Алтын Орданың қоғамдық құрылысы
Хан – жоғарғы билік иесі
Кешіктен – ханның жеке басын қорғайтын жасауыл
«Білікшілер» (яғни хатшылар) - іс –қағаздарын жүргізушілер
Уәзір азаматтық істерді жүргізді
«Мәлік» – азаматтық басқару билігін жүзеге асырған түрік әулеттерінен шыққан жергілікті әкімдер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет