Мемлекет жəне құқық теориясы құқық салаларының жəне заң ғылымдарының



жүктеу 1.59 Mb.
Pdf просмотр
бет8/21
Дата22.12.2016
өлшемі1.59 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

 
 
 
 
 
№11 дəріс 
Тақырып: Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам. 
Дəрістің
 мазмұны: 
1. Құқықтық мемлекет түсінігі жəне мəні 
2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары  
3. Азаматтық қоғам ұғымы жəне құрылымы 
4. Азаматтық қоғамның мəні мен қағидалары  
Құқықтық  мемлекет  –  бұл  адам  мен  азаматтың  құқықтар  мен  бостандықтарының  толық 
түрде  қамтамасыз  етілуіне  жəне  құқық  бұзушылықтарды  болдырмау  мақсатында 
мемлекеттік  билікті  құқықпен  мейлінше  байланыстыруға  жағдай  жасаушы  саяси  билік 
ұйымы. 
Құқықтық  мемлекеттің  мəнін  қарастыруда  оның  негізгі  екі  жағын  (екі  негізгі  қағиданы) 
бөліп қарастыруға болады: 
1) мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық 
көлемде  қамтамасыз  етуден,  тұлға  үшін  құқықтық  ынталандыру  режимін  орнықтырудан 
көрінеді; 
2) формальды-заңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік 
құрылымдар  үшін  құқықтық  шектеу  режимін  орнықтырудан  көрінеді.  Сонымен  қатар, 
құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады: 
-  билікті  заңсыз  пайдалануды  болдырмау  мақсатында  оны  заңшығарушылық, 
атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлу; 

 
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тəртіптерді 
сақтай  отырып  қабылданған  заң  атқарушылық  билік  актілерімен  жоққа  шығарылуы, 
өзгертіліуі жəне тоқтатылуы мүмкін емес; 
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі; 
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің жоғары деңгейі; 
-  азаматтық  қоғамның  болуы  жəне  тарапынан  құқық  субъектілерінің  заңдарды 
орындауына бақылау жүргізілуі. 
Құқықтық  мемлекет  дегеніміз  жеке  адам  жəне  қоғам  мүддесін  корғайтын,  заң  үстемдігі 
мен  құқық  принциптеріне  негізделген  мемлекет.  Құқықтық  мемлекетті  қалыптастыру  ісі 
қоғамды  демократияландыруға,  құқықтық  тəртіптің  жəне  заңдылық  принциптерінің 
сақталуына негізделеді. 
Құқықтық  мемлекет  –  басқаша  түсіндірсек  ол  жеке  тұлға  мен  қоғамның  құқықтары  мен 
бостандықтарының  құқықтық  қорғалуын  өзінің  негізгі  мақсаты  етіп  қойған  мемлекетті 
айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді: 
а) 
құқыктың басымдылығы; 
б) 
адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы; 
в) 
мемлекеттік биліктің бөлінуі; 
г) 
заң үстемдігі; 
д) 
құқық пен заңның тұтастығы; 
е) 
мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы; 
ж) 
азаматтық коғамның орнауы; 
з) 
қоғамның  құқықтық  мəдениетінің  жоғары  болып,  оның  құқықтық  санасы 
деңгейінің биікке көтерілуі; 
и) соттардың тəуелсіздігі; 
к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі. 
Құқықтық  мемлекетте  барлық  субъектілер  өз  əрекеттері  бойынша  жауапты  жəне 
құқықтық  тендікті  сақтай  отырып  құрылуы  тиіс.  Сондықтан  күкықтық  мемлекетте 
субъектілердің əрекет ету қағидаттары төмендегідей болады: 
а)  "Заңда  тікелей  көрсетілген  əрекеттерге  ғана  рұқсат  берілген"  қағидат  мемлекеттік 
органдар мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты болып келеді. 
б)  Құқық  субъектілерінің  қайсысына  болсын  атап-атап  көрсеткенде  азаматтар,  занды 
тұлғалар  мен  басқалай  да  шаруашылық  субъектілеріне  қатысты  "заңмен  тікелей  тыйым 
салынбағанның бəріне рүқсат етілген" қағидаты басшылыққа алынады. 
Адам  жəне  азамат  қүқықтары  мен  бостандықтарьш  ең  толық  түрде  қамтамасыз  етудің 
тиісті  жағдайларын  жасау,  сондай-ақ  билікті  асыра  пайаалануға,  оның  диктатураға, 
деспотияға  өзгеріп  кетуіне  жол  бермеу  үшін  мемлекеттің  билікті  дəйекті  түрде  құқық 
аркылы шектеп отыруы – құқықтық мемлекеттің мақсаты болып табылады. 
Елдегі атқарылатын барлық істер мен əрекеттерінде заң мен құқыққа жүгінетін қиялдағы 
мемлекет  құқықтық  мемлекет  идеясы  ежелден  бері  бар  екендігін  Платон  өзінің  "Заңдар" 
деген  диалогіндегі  "Заңы  пəрменсіз  жəне  оның  өзі  əлде  біреудің  билігінде  кеткен 
мемлекеттің  жуык  арада  күйрейтініне  сенімім  кəміл.  Ал,  заңы  -  əміршілердің  билеушісіне 
айналған жəне олар заңның құлы болған мемлекет есен-сау болады  жəне ондай мемлекетке 
игіліктердің  қандайын  болса  да  құдайдың  үйіп-төгері  айдан  анық  деп  есептеймін"  деп 
түйіндегенінен пайымдаймыз. 
Францияның  ұлы  ойшылы  Ш.Л.  Монтескье  өзінің  "Заңдар  рухы  туралы",  "Заң  рухы 
туралы  қорғаныш"  деген  еңбектерінде,  ағылшын  философы  Дж.Локк  өзінің  "Мемлекетті 
басқару туралы екі трактаты" атты шығармасында, неміс философтары Кант "Құқық туралы 
ілімнің метафизикалық бастаулары" деген  еңбегінде, Ф.Гегель  "Құқық философиясы" деген 
еңбегінде құқықтьіқ мемлекеттің негізгі қағидаттарын тұжырымдаған болатын. 
Зорлық-зомбылықтарға,  диктатура  мен  тиранияның  орнауына  жол  бермеу  мақсатындағы 
құқықтық мемлекеттің ең басты кағидаты билік бөлінісі болып табылады. 

 
Билік  бөлінісі  қағидатының  ең  басты  талабы  саяси  бостандықтарды  нығайтуға, 
заңдылықты  қамтамасыз  етуге,  қайсыбір  əлеуметтік  топтың,  мекеменің,  немесе  жеке 
адамның  өздеріне  берілген  билікті  асыра  пайдалануына  жол  бермеуге  бағытталады.  Осы 
талаптың орындалуы мемлекеттік билікті заң шығарушы (халық сайлаған жəне заң қабылдау 
арқылы қоғамның даму стратегиясын жасауға тиісті болып келетін), заң атқарушы (биліктің 
өкілді органдары тағайыңдаған жəне қабылданған заңдарды жүзеге асыру мен жедел шаруа 
істерімен  айналысатын)  жəне  сот  (құқықты  қалпына  келтіру  мен  кінəлілердің  əділ 
жазалануына кепіл болатын) тармақтарына бөлу арқылы іске асырылады. 
Есте болатыны мұндағы əрбір билік өз алдына дербес жəне бір-бірін тежейтін бола тұра - 
өздерінің  қызметтерін  ерекше  органдар  жүйесі  жəне  тежемелік  əрі  тепе-теңдік  жүйелері 
түріндегі айрықша нысандар арқылы жүзеге асырып отыруы тиіс. 
ҚР  Конституцияда  бекітілген  "тежемелік  əрі  тепе-теқдік"  жүйесі  нақтыланған 
мемлекеттік билікке заң қабылдау, атқарушы жəне соттарға қатысты кұқықтық шектеулердің 
жиынтығы  болып  табылады.  Мысалы,  заң  қабылдау  билігіне  қатысты  "тежемелік  əрі  тепе-
теңдік" жүйесінде Президент үлкен роль атқарады, əсіресе бұл "заң қабылдау билігі" асығыс 
шешім қабылдағанда Президент кідірте тұру ветосы құқығын қолданады. Ал енді атқарушы 
билікке  қатысты  тежемелерге  Президент  билігінің  мерзімі,  Президентке  импичмент 
жариялау, Үкіметке сенімсіздік білдіру вотумы жатады. 
Парламент 
тарапынан 
болатын 
тежемелерге 
атқарушы 
органдардың 
жауапты 
қызметкерлеріне  заң  қабылдау  құрылымдары  құрамына  сайлануға,  коммерциялық  істермен 
айналысуға  тыйым  салу  ветолары  жатады.  Сот  билігіне  Конституцияда,  істерді  жүргізу 
заңдарында  көрсетілген  мына  кағидаттар  құқықтық  шектеулер  болады:  кінəсіздік 
презумпциясы,  қорғалуға  құқықты  болу,  азаматтардың  заң  мен  сот  алдында  тең 
құқықтылығы, сот ісін жүргізудің жария жəне жарыссөз түрінде болуға тиістілігі, сотқа 
қарсылық білдіру жəне т.с.с. жатады. 
Импичмент  –  дегеніміз  жоғары  лауазымды  тұлғаға  сенімсіздік  білдіру,  оны  лауазымнан 
тайдыру, оны заң алдындағы жауаптылыққа тарту. 
Мемлекет  пен  түлғаның  (адамның)  өзара  жауаптылығы  қағидатын  түбегейлі 
қарастырған жөн. Бүл қағидатта мемлекет – саяси биліктің сақтаушысы ретінде мемлекет пен 
азамат  арасындағы  қатынастардың  өнегелік  құқықтық  бастауларын  білдіреді.  Ал  азамат 
болса сол қатынастардың іске асырылуы кезіндегі қатысушысы болып табылады. 
Мемлекет  қоғам  мен  жеке  тұлғаның  бостандықтарын  заңдар  арқылы  арнайы  белгілей 
отырып,  сонымен  бірге  мемлекет  өзінің  де  əрекет  ету  шектерін  белгілейді.  Заңдар  арқылы 
мемлекет  өзіне  міндеттерді  қабылдауы  тиіс.  Бұл  міндеттер  мемлекетке  оның  азаматтар, 
қоғамдық  ұйымдар  мен  басқа  мемлекеттермен  болатын  қатынастарында  əділеттілік  пен тең 
құқықтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. 
Мемлекеттік органдар  құкыққа тəуелділікте 
бағынышты бола тұрып, оның ұйғарымдарын бұза алмайды, ал оның ұйғарымдарын бұзғаны 
немесе орындамағаны үшін жауапты болады. 
Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі кепілдер жүйесі арқылы қамтамасыз  етіледі, 
ал  мұның  өзі  əкімшілік  тарапынан  зорлықтардың  болуына  жол  бермейді.  Мұндайларға 
Үкіметтің  өкілді  органдар  алдында  жауапты  болуы,  мемлекеттің  əртүрлі  деңгейдегі 
лауазымды  тұлғаларының  нақты  адамдардың  құқықтары  мен  бостандықтарына  нұқсан 
келтіргені  үшін,  билігін  асыра  пайдаланғаны,  қызмет  бабын  бас  пайдасына  пайдаланғаны 
үшін  импичмент  жəне  т.б.  түрдегі  тəртіптік,  азаматтық  құқықтық  немесе  қылмыстық 
жауаптылыққа тартылатындығының заңдарда көрсетілулері жатады. 
Мемлекеттік  құрылымдардың  міндеттемелерін  орындау  барысын  көпшілік  (қоғам) 
тарапынан  бақылау  (қадағалау)  нысандары  референдум,  сұрау  салу,  сайлаушыларының 
алдында  депутаттардың  есеп  берулері  халық  алдында  əкімдердің  есеп  берулері  түрінде 
болуы  мүмкін.  Жеке  тұлғаның  мемлекет  алдындағы  жауаптылығы  да  сондай  құқықтық 
бастаулар  негізінде  құрылады.  Мемлекеттік  көндіруді  қолдану  құқықтық  сипат  түрінде 
жүргізілуі тиіс, тұлға бостандығының мөлшер шамасы сақталып, ол өз қалпын бұзбауы тиіс, 
ол тұлғаның құқық бұзушылығы мөлшерінен аспауы жəне жасаған қүқық бұзушьшығына сай 

 
қатаң  жазалы  болуы  тиіс.  Сонымен  мемлекет  пен  тұлға  араларындағы  қатынастар  өзара 
жауаптылық негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 
 Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, 
отбасылық  қатынастар  мен  институттардың  жиынтығы,  осылардың  көмегі  арқылы  жеке 
адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады. 
Азаматтық  қоғам  құқықтық  мемлекеттің  негізі  болып  табылады.  Азаматтық  қоғам 
болмаса құқықтық мемлекет те болмайды. 
"Азаматтық  коғам"  ұғымын  өткен  замандардың  ұлы  ойшылдары  Аристотель,  Цицерон, 
Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс жəне т.б. тұжырымдаған болатын. 
Азаматтық  коғамның  негізгі  идеясы  адамның  қоғамдағы  басымдылық  идеясы,  адамның 
дербестік  идеясы,  өз  əрекеттерін  құқықты  құрмет  тұта  отырып,  ең  алдымен  өнеге  мен 
имандылық  қағидаттарына  сүйене  отырып  жүзеге  асыруға  қабілетті  болу  идеясы.  Сонымен 
бірге,  азаматтық  қоғамның  болмысына  мемлекет  араласпауы  тиіс,  ал  оның  араласуы  тек 
құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін. 
Егер  де  азаматтық  коғамның  толық  сипаттамасын  жасауға  талпынар  болсақ,  онда  – 
азаматтық  қоғам  дегеніміз  нақты  адамға  арнайы  бағытталған,  оның  бойында  құқықтық 
дəстүрлер  мен  заңдарға,  жалпы  ізгілік,  имандылық,  өнегелік  идеяларына  (мұраттарына) 
құрмет сезімін тудыратын, шығармашылық жəне кəсіпкерлік істер азаттығын (бостандығын) 
қамтамасыз ететін, ондай істерде сəттілікке жетуге мүмкіндіктер жасайтын, адам мен азамат 
құқықтарын  жүзеге  асыруда  мемлекет  əрекеттерін  шектеу  мен  қадағалаудың  тетіктерін 
(механизмдерін)  табиғи  түрде  байланысты  етіп  жасайтын  азат  демократиялық  құқықтық 
қоғам. 
Азаматтық қоғам құрылым ретінде мына жүйелерден тұрады: 
а)  əлеуметтік; 
б) экономикалық; 
в)  саяси; 
г)  рухани-мəдени; 
д)  ақпараттық. 
Бұдан  да  толығырақ  алғанда  азаматтық  коғамның  күрылымы  мынадай  бөліктерден 
тұрады: 
1.  Мемлекеттік  емес,  əлеуметтік-экономикалық  қатынастар  мен  институттар  (меншік, 
еңбек, кəсіпкерлік). 
2. Мемлекетке тəуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.). 
3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер. 
4. Саяси партиялар мен қозғалыстар. 
5. Тəрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру. 
6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары. 
7. Отбасы. 
8. Шіркеу, мешіт, жəне т.с.с. 
Азаматтық қоғамның белгілері: 
- адам жəне азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету; 
- өзін-өзі басқаруы; 
-  оны  құрайтын  құрылымдар  мен  ондағы  түрлі  халық  топтары  арасында  болатын 
бəсекелестік; 
- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы жəне көппікірлілік (плюрализм); 
-  бүкіл  жалпылык  хабардар  болу  жəне  ең  алдымен  ақпарат  алуға  адам  құқықтарынын  іс 
жүзінде жүзеге асырылуы; 
-  адамдардың  тіршілік  етуін  қоғамның  үйлестіруі  (координация-келісімділік)  қағидатына 
негізделеді  (мемлекеттік  аппаратта  қызмет  ету  субординация  қағидатына  қарай  құрылған. 
Бұл қоғамдағы болмыстың ұйымдастырылуынан айырмашылығы); 
- экономиканың көп құрылымдығы (көп укладтығы); 
- биліктің легитимділік пен демократиялық сипатта болуы; 

 
- құқықтық мемлекет;  
-  мемлекеттің  адамдарға  лайықты  деңгейде  өмір  сүруіне  қажетті  жағдайды  қамтамасыз 
ететін пəрменді əлеуметтік саясатының болуы жəне т.б.  
Қазақстан  Республикасында  құқықтық  мемлекет  пен  азаматтық  қоғамның  қалыптасуы 
енді  ғана  басталуда.  Сондықтан  да  көптеген  келелі  мəселелер  туындау  үстінде,  бұлардың 
шешімін табу мемлекетке, қоғамға жəне де нақтылап айтқанда əрбір адамға байланысты. 
Сонымен  қорытып  айтқанда  азаматтық  қоғам  адамның  тіршілік  ету  болмысындағы 
жағдайларын, тұлғалар мен əлеуметтік топтардың алуан түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін 
қанағаттандыруды  қамтамасыз  ететін  қоғамдық  қатынастардың,  формалды  (занда 
көрсетілген) жəне формалды емес те құрылымдарының жиынтығы. 
 
№12 дəріс 
Тақырып: Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу. 
Дəрістің
 мазмұны: 
1. Қоғамдық қатынастарды  нормативтік реттеудің түсінігі.  
2.Техникалық жəне əлеуметтік нормалар жəне олардың айырмашлығы. 
3. Əлеуметтік нормалардың түсінігі жəне түрлері. 
4. Құқық пен моральдың өзара байланысы 
Адамдар  сан  ғасырларға  созылған  өздерінің  тіршілік  етулерінің  барысында  түрлі 
нормалар  мен  ережелерді  көптеп  жасаған.  Бұлар  ізгілік,  құқықтық,  саяси,  этикалық 
(əдептілік)  өнегелі,  эстетикалық,  корпоративтік,  діни,  əдет-ғұрыптар,  үрдістер,  дəстүр  мен 
дағдылар, тұрмыстық əдет-ғұрыптар, ырымдар мен жоралар, салт-дəстүрлері, салт жоралары 
жəне тағы басқалар болып жіктеледі. Нормалар дегеніміз қоғамдық қатынастарға араласып 
қатысушылардың  жүріс-тұрыстарының  басқаша  айтқанда  мінез-құлықтарының  үлгілері, 
эталондары, ережелері болып табылады. 
Зан  ғылымы  қоғамдағы  қолданыста  жүрген  барлық  нормаларды  негізгі  екі  топқа 
əлеуметтік жəне техникалык, деп бөліп қарастырады. 
Қоғамның  əлеуметтік  нормалары  дегеніміз  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін, 
қоғамның пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мəжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, 
қоғамдағы  адамдардың  мінез-құлқы,  жүріс-тұрыстары  ережелерінің  жүйесі.  Бұған  құқық 
нормалары,  əдет-ғурыптар,  өңеге,  иман,  діни  нормалар,  дəстүр  жəне  т.б.  жатады.  Осы 
ережелер  өздерінің  пайда  болу  негізіне,  қамтамасыз  ететін  күшіне  жəне  хабарлау  тəсіліне 
қарай ажыратылады. Мысалы, өнеге нормалары баяғыдан адам қоғамында қалыптасып келе 
жатқан,  отбасында  орын  алатын  жəне  отбасы  аркылы  қалыптасатын  ауызша  нормалары,  ал 
құқық  нормаларының  негіздері  мемлекетте  жатады  жəне  əрқашанда  жазбаша  түрінде 
болады, оларды мемлекет қамтамасыз етеді. 
Техникалық  нормаларға  -  техникалық  нормалардан  басқа  санитария  мен  гигиеналык, 
экологиялык, биологиялык, физиологиялық жəне тағы басқалай да нормаларға қатыстылары 
жатады.  Бұл  нормалардың  бəрін  қысқашалап  техникалық  деп  атау  əлеуметтік  деп  аталатын 
нормалармен  байланыстыра  қарастырғанда  түсінікті  болу  үшін  сондай  аталыммен  атау 
қалыптасқан. 
Техникалық  жəне  əлеуметтік  нормалар  өзара  ықпалдасып  жатады.  Қоғам  үшін  аса 
маңызды  нормаларды  құқық  жəне  мемлекет  əрдайым  қолдап  отырады.  Содан  олар  жүріс-
тұрыстын техникалық-заңдық ережелеріне айналады, сөйтіп жалпыға бірдей міндетті болады 
да  белгілі  бір  заңдық  салдарды  туындатады.  Мысалы  құрылыс  жұмыстарының 
жүргізілулерінде  қылмыстық  заң  қауіпсіздік  ережелерін  бұзғандық  үшін  жауаптылықтың 
болуын  көздейді  де  оны  алдын  ала  заңдарда  белгілеп  қояды.  Осындай  құқыктық  нормалар 
əртүрлі көліктерді пайдалануларда да қарастырылады. 
Сонымен,  осы  замаңғы  əлеуметтік  нормалар  дегеніміз,  қоғамдағы  болмыстың 
тəртіпсіздік былығына айналмауы үшін, қайта ол əрбір азаматқа, адамдар топтарына, нақты 
бір  мемлекеттерге,  бүкіл  адамзат  қоғамдастығына  ұтымды,  əрі  тиімді,  жабдықталған  (яғни 

 
комфортты),  əділетті,  пайдалы,  құнды  болуы  үшін  арналған  жəне  қолданылатын  түрлі 
ережелердің жиынтық түрі. 
Қоғамдық  қатынастардың  əрбір  субъектілері  қоғамда  бар  нормалар  туралы  хабардар 
болуы  жəне  өздерінің  болмысын  соларға  негіздей  отыра  кұруы  тиіс.  Əртүрлі  əлеуметтік 
нормаларды  зерделеудің,  игеріп  ұғудың  жəне  қолданыстарда  пайдаланудың  барысын 
əлеуметтендіру деп атайды. 
Адам əртүрлі топтар, бірлестіктер істеріне қатыса жүріп əлеуметтік тəжірибе жинақтайды, 
тұлға ретінде қалыптасады. 
Сонда  ғана  тұлғаны  мəдени  нормалар  білімдері  негізінде  іс-қимылдарға  баратын,  өзін 
айқын  сезінетін,  басқа  адамдар  арасындағы  өзінің  рөлін  анық  түсінетін  тұлға  дейміз. 
Əлеуметтік есеюдің нəтижесінде (тұлғалық касиеттерінің қалыптасуы барысында) адам өзін 
азамат ретінде байыптайды, ұғынады. 
Азамат  -  адамның  негізгі  сипаттық  мінездемелерінің  бірі.  Мұның  өзі  оның  белгілі  бір 
мемлекетке тəндігін білдіреді. 
Адамның  əлеуметтенуін  нобайлау  барысында  байыптап  барып  өмір  жолы  ретінде 
көзімізге  елестетіп  көрсек,  онда  ол  сол  адамның  əулеттік  отбасында  басталатынын 
пайымдаймыз.  Одан  əрі  қарай  ол  қоғамда  жүзеге  асырыла  бастайды.  Ал,  мемлекет 
адамдардың  бірлесіп  өмір  сүруі  барысында  оларды  реттеумен  айналысатын  қоғамдағы 
ұйымдардың  бірі,  əрі  бірегейі  екенін  байқаймыз.  Азамат  жəне  оның  мүдделері  өркениетті 
мемлекеттің басты қамы болып табылады. 
Адамдардың  өзара  бірігіп  өмір  сүруін  бағыттайтын  нормалар  халықаралық  шарттарда 
(конвенцияларда),  конституцияларда,    əртүрлі  ұйымдар  мен  партиялардың  жарғыларында; 
кодекстер, заңдар, талаптары мен ұйғарымдарында; діни əдет-ғұрыптарда; мəдени дəстүрлер 
мен  үрдістерде,  саяси  міндеттемелерде  көрініс  тапқан.  Осы  нормалардың  көмегі  арқылы 
белгіленген тəртіп, иерархиялық (бір-біріне бағыныштылық) қатынастар орнығады. Мұндай 
орнығу орын алған коғамда нормалардың ықпалы барлық əрекеттерден əрқашанда байқалып 
отырады.  Олар  адамдардың  əртүрлі  əрекеттерін,  өзара  қатынастарын  реттейді.  Əлеуметтік 
нормалар адамның ұрпағы ана кұрсағында жатып тіршілік белгісін білдіре бастаған кезден-
ақ қызметін көрсете бастайды жəне сол адамның дүниеден өтуімен байланысты аяқталады. 
Мемлекетте  азаматтарға  қалыпты  өмір  сүрудің  жағдайларын  жасау  мен  олардың  өзара 
қатынастарын,  мемлекетаралық  (халықаралық)  қатынастарды  реттеу  үшін  де  құқық 
нормалары  болады.  Бұл  нормалар  зандарда,  кодекстерде,  конвенцияларда,  шарттарда  жəне 
басқалай  да  құқықтық  актілерде  көрсетіліп  баянды  етіледі.  Қоғамда  ұлттық  (мемлекеттік) 
жəне  халықаралық  құқықтық  нормалар  да  орын  алады  (егер  де  осы  мемлекет  əлгі 
нормаларды  таныған  болса).  Осы  нормаларға  өз  кезегінде  барлық  азаматтар  мен 
ұйымдардың қолдануы жəне орындауы үшін (ортақ түрде) міндетті болады. 
Құқықтық  нормалар  үшін  мораль  нормаларының,  өнеге  нор-маларының  маңызы  аса  зор 
болып  келеді.  Сонда  мораль  дегеніміз  -  адамдардың  жүріс-тұрысын  жақсылық  жəне 
жамандық,  əділеттілік  жəне  əділетсіздік  тұрғысынан  реттейтін  нормалар  мен 
қағидаттар  жүйесі  деп  қарастырамыз.  Əлеуметтік  нормалар  жүйесінде  жақсылық  жəне 
жамандық  (зло),  əділеттілік  пен  əділетсіздік  тұрғысынан  қоғамдық  қатынастарды  реттеудің 
ең əмбебап құралы мораль (өнеге) нормалары болып табылады. Сондықтан да бұл нормалар 
қоғамдық ықпал ету шаралары күшімен қамтамасыз етіледі. 
Құкық сонымен қатар дін нормаларымен де байланысты болып келеді. Дін нормаларының 
негіздеріне  (қайнар  көздеріне)  Ислам  (мұсылман)  дінінде  -  Құран,  Сунна,  Иджма,  Кийас; 
христиан  дінінде  -  Ветхий  Завет  (Ежелгі  өсиеті  кітабы)  жатады.  Осы  дін  нормалары  діни 
бірлестіктердің  ұйымдастырылуы  мен  қызмет  атқаруларын  белгілейтін  ережелер  болып 
табылады. 
Дін  нормалары  -  сонымен  əртүрлі  діндерді  тұтудағы  белгіленген  ережелер  болып 
табылады.  Жəне  де  бұл  ережелер  сол  дінді  ұстанып,  тұтынатын  адамдарға  ғана  міндетті 
болады. 

 
Дін  нормалары  адамзат  қоғамның  белгілі  бір  даму  сатысында  заңдық  сипатта  болғанын 
тарих көрсетіп отыр. Олар саяси, мемлекеттік, азаматтық, құқықтық, неке - отбасылық жəне 
басқалай да қатынастарды реттейтін болған. 
Көпшілік  қатынастарда  діни  ұйымдар  белгілеген  нормалар  қолданыстағы  құқықтармен 
астасып жатады. Дəлірек айтқанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституция діни ұйымдардың 
қызмет  атқаруының  құқыктық  негізін  қалап,  адамдардың  əрқайсысының  өздері  қалаған  кез 
келген  дінді  тұтынып  ұстануына  кепілдік  береді.  Діни  бірлестіктерге  заңды  тұлға 
мəртебесінің берілуінің мүмкіндігі заңдарда көрсетілген. 
Құқықтық нормалар əдет-ғұрып нормаларымен де байланысты болып келеді. 
Əдет-ғұрып дегеніміз - қоғам дамуының ғасырларға жалғасқан болмысының барысында 
қалыптасқан,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  отырған,  соның  нəтижесінде  дағдыға  айналған 
адамдардың өздерінің еріктері бойынша орындалатын жүріс-тұрыс (мінез-құлық) нормалары 
мен ережелері. 
Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  Кодексінің  3-і  бабы  бойынша  іскерлік  қызмет 
өрісіндегі құқықтық əдеттегі азаматтық зандардың қайнар көздері болып саналады. 
Əдет-ғұрыптар мораль нормаларына қарағанда құқықпен азырақ байланысқан, бірақ солай 
болғанның өзінде де əдет-ғұрыптар құқыққа ықпалын тигізеді. 
Мысалы,  көшпелі  кезеңдегі  қазақ  қоғамында  əдет-ғұрып  құқықтың  қайнар  көзі  болған. 
Мемлекет  əдет-ғұрыпттардың  қайсы  біреулерін  құқық  нормалары  ретінде  баянды  етіп 
бекіткен болатын. Сөйтіп оларға жалпыға бірдей міндеттілік мəн (маңыз) берген. Құқықтық 
əдет-ғұрып  ("əдеттегі  құқық")  жинағының  жарқын  мысалына  Тəуке  ханның  "Жеті  жарғы" 
заңдар жинағы жатады. 
Құқық  пен  əдет-ғұрыптың  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  қарастырып  көрейік. 
Мысалы, құқық жəне əдет-ғұрыптар нормалары адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеушілер 
болып  табылады,  сөйтіп  белгілі  бір  ұжымдардың  пікірі  бойынша  адамдардың  ісі  (қылығы) 
қандай болуы тиіс немесе қандай болуы мүмкін екендігін көрсетеді, жалпы, жалпыға бірдей 
міңдетті  ережелер  түрінде  білдіріледі.  Сонымен  əдет-ғұрыптар  мен  құқық  нормаларының 
бір-бірінен  айырмашылығы  шығу  тегі  бойынша,  білдірілу  (баяндалу)  формасы  жəне 
қамтамасыз  етілу  тəсілдері  бойынша  анықталады.  Егер  əдет-ғұрыптар  адам  қауымының 
пайда  болуымен  қатар,  бір  кезде  пайда  болған  болса,  онда  құқық  нормалары  мемлекеттік 
түрде ұйымдастырылған қоғамда пайда болады; егер əдет-ғұрыптар арнайы актілерде баянды 
етілмесе  (бекітілмеген  болса),  оның  орнына  адамдар  санасында  ғана  болып  жəне  ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп жатқан болса, онда құқық нормалары белгілі бір формаларда болады, сөйтіп 
ресми  жолдар  арқылы  беріледі;  егер  əдет-ғұрыптар  қоғамдық  пікірдің  күшімен  қамтамасыз 
етілетін  болса,  онда  құқық  нормалары  мемлекеттің  еріксіз  көндіру  күштерінің 
мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады. 
Каталог: dist zaoch -> 2kurs
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
2kurs -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет