Мемлекет жəне құқық теориясы құқық салаларының жəне заң ғылымдарының



жүктеу 1.59 Mb.
Pdf просмотр
бет9/21
Дата22.12.2016
өлшемі1.59 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

 
№13 дəріс 
Тақырып: Құқықтың түсінігі жəне мəні 
1. Құқықтың ұғымы, мəні жəне оның негізгі белгілері 
2. Құқықтың қағидалары мен қызметінің түсінігі  
3. Объективтік құқық жəне субъективтік құқық. 
"Құқық" терминінің көптеген мəні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде жəне қызмет 
бабында  қолданылады.  Кең  мағыналы  түсінік  болғандықтан,  əрбір  адамның  құқықтың  мəні 
туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. 
Заң  ғылымында  "құкық"  термині  бірнеше  мағынада  қолданылады.  Біріншіден,  "құқық"- 
ресми турде танылған жеке жəне заңды тулғалардың заңға сүйене отырып, əрекет жасау 
мүмкіндігі.  Мысалы,  азаматтардың  еңбек  ету  бостандығы,  білім  алу,  меншік  иесі  болу, 
кəсіпкерлікпен  шұғылдану  құкығы.  Заңды  тұлғалардың  да  құқықтық  мүмкіндіктері  болады. 
Осы  келтірілген  жағдайларда  "құқық"  түсінігі  субъективтік  (тұлғалық)  мағынада 
колданылады. 

 
Субъективтік  (тұлғалық)  құқық-тұлғалардың  мүддесін  қанағаттандыру  мақсатымен 
құқықтық  нормалардың  құқық  тұлғаларына  берген  құқықтық  мүмкіндіктері.  Мұндай 
мүмкіндіктер  құқықтық  қатынастарға  қатысатын  тұлғалардың  мінез-құлқының  шегін 
анықтайды.  Тұлғаның  құқығы  құқықтық  қатынасқа  қатысушы  басқа  тұлғаның  құқығымен 
байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық 
қатынасқа  қатысушыларда  құқықпен  қатар  құқықтық  міндеттер  де  туындайды.  Басқаша 
айтқанда,  тұлғаларда  құқықпен  бірге  құқыктық  міндет  те  болады.  Мысалы,  əр  азаматтың 
оқып,  білім  алуға  құқығы  бар.  Сол  құқықты  пайдаланып,  оқуға  түскеннен  кейін  азамат  оқу 
орнының ішкі тəртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті. 
 
Заңды  тұлға  кəсіпкерлікпен  шұғылданып,  заңдық  негізде  мүлікке  ие  болуға  хақылы.  Ол 
мүлікті  өз  игілігі  үшін  пайдаланады.  Сонымен  қатар,  өз  мүлкін  пайдаланғанда  қоғамнын, 
басқа 
адамдардың 
мүдделеріне 
зиян 
келтірмеуі 
керек. 
Сондықтан 
Қазақстан 
Республикасының  Конституциясында  былай  деп  жазылған:  "Меншік  міндет  жүктейді,  оны 
пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап). 
Айтылғаннан  шығатын  қорытынды:  құқықсыз  міндет  болмайды,  міндетсіз  құқық 
болмайды. Бұл жағдай əлеуметтік əділеттікті баянды етеді. 
Субъективтік  (тұлғалык)  құқықтық  міндет  -  құқықтық  мүмкіндік  берілген  құқық 
тұлғасының  занды  мүддесін  (талабын)  орындату  үшін  басқа  құқық  тұлғасына  жүктелген 
міндет.  Бұл  міндет  құқықтық  қатынастарға  қатысу  нəтижесінде  жүзеге  асырылып, 
мемлекеттің мəжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі. 
Екіншіден,  "құқық"  дегеніміз  құқық  нормаларының  жүйеге  келтірілген  жиынтығы.  Бұл 
объективтік  мағынадағы  құқық,  себебі  олардың  жасалуы  жеке  адамның  еркіне  байланысты 
емес.  Сонымен,  объективтік  мағынадағы  құқық  жеке  нормаларға  бөлінбейтін,  тұтас 
құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: 
"Қазақстан  Республикасында  қолданылатын  құқық  Конституцияның,  соған  сəйкес 
зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердін, Республиканың халықаралық шарттык 
жəне  өзге  де  міндеттемелерінін,  сондай-ақ  Республика  Конституциялық  Кеңесінің  жəне 
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (4-бап).  
Үшіншіден,  "құқық"  термині  оку  пəнін  білдіретін  ұғым  ретінде  қолданылады.  Құқық 
пəндері  түрлі  салаларға  бөлінеді:  конституциялық  кұқық,  əкімшілік  құқық,  еңбек  кұқығы, 
отбасы құқығы, азаматтык құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы - 
өзара  туыстас  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  нормалардың  жиынтығы. 
Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік жəне мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқыктық 
нормалардың  жиынтығы.  Қылмыстық  құқық  -  қылмыс  жасауға,  жазалауға  байланысты 
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 
Тертіншіден,  "құқық"  термині  тұлғалық  құқық  пен  объективтік  құқықтың  жиынтығы 
ретінде  де  қолданылады.  Осыған  байланысты  "құқық  жүйесі"  деген  түсінік  бар.  Мысалы, 
қазіргі жағдайда елімізде Қадзақстанның, құққық жүйесі қалыптасуда. 
Құқық  пəндерін  окып,  құқықтың  мəнін  терең  түсінген  адам  оның  түрлі  жағдайда 
мағынасы  əр  түрлі  болатынын  да  анықтай  алады.  Мұның  өзі  құқықтың  өте  күрделі 
əлеуметтік құбылыс екендігінін белгісі. 
Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның əлеуметтік мəнінің де əр түрлі болуының негізі. 
Егер  құқықты  тұлғалармен  байланыстырса,  тұлғалардың  мемлекетте,  қоғамда  құқықтық 
мəртебесі  қандай  екенін  анықтау,  түсіну  қажеттігі  туады.  Азаматтарға  сан  килы  құқықтар 
мен  бостандықтар  берілсе,  оларды  жүзеге  асыру  мүмкіндігі  жасалса,  онда  қоғамда  шынайы 
теңдік  орнатылған  болып  есептеледі.  Ал,  объективтік  құқық  туралы  сөз  болғанда, 
мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі əлеуметтік тұрғыдан сипатталады. 
Əрине, кұқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп 
айтуға  болмайды.  Негізінен,  құқкықты  таптық  жəне  жалпы  əлеуметтік  тұрғыдан  түсіндіру 
ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек 
таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек 
соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық 

 
қоғамдағы  барлық  адамдардың  еркін  білдіріп,  олардың  мүдделерін  корғайтын  құрал  болып 
саналады.  Қандай  ілім  болса  да  құқықтың  əлеуметтік  мəні  бар  екенін  теріске  шығармайды. 
Бірақ  маркстік  ілім  құққықтың  əлеуметтік  мəнін  өте  тар  тұрғыдан  түсіндіруге  тырысады. 
Əрине,  құл  иеленушілік  дəуірде  құқық  ашықтан-ашық  тек  құл  иеленушілердің  мүдделерін 
қорғап,  құлдарды  сөйлейтін  мүлікке  теңегені  белгілі.  Бірақ  бұл  көзқарасты  барлық 
қоғамдарға,  түрлі  сатыдағы  мемлекеттерге  телуге  болмайды.  Құқық  тек  үстем  таптың 
еркін  білдіретін  болса,  ондай  қоғамда  үздіксіз  тап  тартысы  орын  алып,  ақырында  ол 
құлдырап  жойылады.  Қазіргі  замандағы  өркениетті  мемлекеттерде  құқық  барлық 
азаматтардың  еркін  білдіретін  саяси  құралға  айнала  бастағанын  мойындау  керек.  Қазақстан 
мемлекетінде  қалыптасып  келе  жатқан  құқыққа  да  осыңдай  жалпы  əлеуметтік  тұрғыдан 
қарау  шындыққа  сай  келеді  десек,  қателеспейміз.  Қазақстан  Республикасында  қабылданған 
заңдарды  талдайтын  болсақ,  олардың  қандай  да  болсын  əлеуметтік  топтарды  кемсітетінін 
немесе  белгілі  бір  топқа  артықшылық  жасайтынын  таба  алмаймыз.  Демек,  Қазақстан 
заңдары  барлық  əлеуметтік  топтардың  еркін  білдіріп,  олардың  заңды  мүдделерін 
қанағаттандыруға бағытталған. 
Кұқықтың  жалпы  əлеуметтік  мəнін  мойындай  отырып,  оған  мынадай  анықтама  беруге 
болады. 
Құқық  (объективтік  тұрғыдан  қарағанда)  -  адам  мен  қоғамның  жаратылысымен 
байланысты  тұлғаның  бостандығын  білдіретін,  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін, 
ресми
  құжаттарда  анықталған,  мемлекеттің  күшімен  қамтамасыз  етілетін 
құқықтық
 нормалардың жиынтығы. 
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық. 
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи 
құқықтың  мазмұны  адам  мен  қоғамның  табиғатына  байланысты  əлеуметтік-құқықтық 
талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды 
сақтауға,  қорғауға,  қамтамасыз  етуге  бағытталған  құқықтық  нормалар  табиғи  құкыққа 
жатады. Қазақстан  Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: 
“Əркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ” 
(15-бап).  Құқықтық  жүйенін  екінші  бөлігі  –  мемлекеттегі  қолданылатын  барлық  заңдардың 
жиынтығы.  Құқықтық  жүйенің  үшінші  бөлігі  –  субъективтік  (түлғалық)  құқықтар.  Осы 
айтылған  бөліктер  бірімен-бірі  табиғи  түрде  байланысты,  бірінсіз  басқаларын  түсінуге, 
жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек əр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, 
оның  жүзеге  асырылуы  қамтамасыз  етілмесе,  адамның  өз  өмірін  сақтауға,  корғауға 
мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне 
қажетті рухани жəне мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді əрекет жасауы керек. 
Адамның  əлеуметтік-құқықық  талаптарының  мағынасы  –  оны  мемлекеттің  тануы,  қорғауы, 
қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі. 
Нормативтік  сипаты  –  құкықтың  негізгі  белгілерінің  бірі.  Құқық  қағидалардан, 
ережелерден,  рəсімдерден  тұрады.  Қағида  –  тұлғалардың  мінез-құлықтары  туралы  ереже. 
Былайша  айтқанда,  қоғамдык  катынасқа  қатысушылар  өз  іс-əрекеттерін,  мінезін  белгілі 
ережеде  көрсетілген  қалыпқа  (кисынға)  бейімдеулері  қажет.  Сондықтан  құқықтың 
нормалары  –  тұлғалардың  іс-əрекетінің,  мінез-құлқының  үлгісі.  Мысалы,  əркім  өзінің  қай 
ұлтқа, қай партияға жəне қай дінге жататынын өзі анықтауға жəне оны көрсету-көрсетпеуге 
хақылы  (Қазақстан  Республикасының  Конституциясы,  19-бап).  Тұлғалардың  мінез-құлқын 
анықтау  арқылы  құқық  нормалары  қоғамдық  қатынастарды  қажетті  арнаға  бағыттап,  жолға 
салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды. 
Формалды  анықтылық  –  құқықтың  тағы  да  бір  маңызды  белгісі.  Ол  құқықтың 
мемлекетпен  байланысты  екенін  көрсетеді.  Құкықты,  оны  құратын  заңдарды,  басқа  да 
нормативтік  актілерді  жасайтын,  жалпы  алғанда,  мемлекет.  Мемлекет  органдардан  тұрады, 
демек,  мемлекет  органдары  заңдарды  жасайды.  Заң  -  ережелер  жиынтығы.  Олар  жай 
ережелер  емес,  мемлекет  атымен  жасалатын  болғандықтан  ресми  сипаты  бар  ережелер. 
Əрбір  ереже,  кағида  тұлғалардың  мінез-құлқы  туралы  заң  шығарушының  ойын  анықтап, 

 
түсінікті  түрде  тұжырымдайды.  Қағидада  артық  сөз  болмауы  керек,  оның  əрбір  сөзінің 
əлеуметтік мəні болады, себебі ол коғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын 
анықтау арқылы олардың тағдырына əсер етеді. 
Құкықтың  енді  бір  белгісі  -мемлекеттің  күшіне  сүйенуі.  Егер  мемлекет  құқық 
қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз 
бетінде  ғана  жазылып  қалған  болар  еді.  Мемлекет,  оның  органдары  тұлғалардың 
құққықтарын  жүзеге  асыруға  жəрдемдеседі,  жағдай  жасайды.  Мысалы,  Қазақстан 
Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен камтамасыз 
ету үшін жағдайлар жасалады. Занда көрсетілген категориядағы  мұқтаж азаматтарға тұрғын 
үй заңмен белгіленген нормаларға сəйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-
шарқы 
көтеретін 
ақыға 
беріледі 
(25-бап). 
Егер 
азаматтардың 
құқықтары 
мен 
бостандықтарына  кол  сұғылса,  мемлекет  оларды  қорғайды.  Заңды  бұзғандар  құқықтық 
жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі. 
Құқықтың  тағы  бір  белгісі  –  адамдардың  еркін  білдіруі.  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясында  мемлекеттік  биліктін  бірден-бір  бастауы  -  халық  деп  жазылған.  Халық 
билікті  тікелей  республикалық  референдум  жəне  еркін  сайлау  арқьшы  жүзеге  асырады, 
сондай-ак өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен, халык 
зандарды  өзі  тікелей  қабылдай  алады.  Мұңдай  жағдайда  заң  тікелей  халыктың  еркін  паш 
етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы Конституцияны референдум 
арқылы  кабылдады.  Конституция  -  құқықтың  өзегі,  ұйтқысы.  Олай  болса,  Қазақстанда 
қалыптасып  келе  жатқан  құқық  бүкіл  көп  ұлтты  халықтың  еркін  білдіреді,  ойын  жүзеге 
асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмаиды. Халыктың ойын, еркін мемлекет органдары да 
тиісті  нормативті  актілер  қабылдау  арқылы  жүзеге  асырады.  Халық  Президентті  сайлайды. 
Халық атынан əрекет жасап, Президент өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер - заң 
күші  бар  жарлықтар,  жай  нормативті  жарлықтар,  қаулылар  қабылдайды.  Президенттің 
нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты 
құратын  нормалар  тек  бір  адамның  немесе  əлеуметтік  топтың  еркін  білдіріп,  мүддесін  ғана 
қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет істейді. 
 Құқық  –  адамзаттың  əділдік  жəне  азаттық  идеяларына  негізделіп,  көбінесе  заңдарда 
баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 
Көне  заманнан  оқымыстылар  құқықтың  мəні  мен  мазмұнын  түсінбекші  болып,  оған  сан 
қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мəнін анықтаудың үш жолын айтуға болады. 1) 
нормативті  тұрғыдан  қарау,  былайша  айтқанда,  құқықты  заң  нормаларының  жүйесі  деп 
санау; 2) социологиялық тұрғыдан карау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен 
ұқсас  деп  санау;  3)  философиялық  тұрғыдан  қарау,  яғни  құқықты  бос-тандық  пен  əділдік 
деңгейімен байланыстыру. 
Құқықты  социологиялық  жəне  философиялық  тұрғыдан  қарағанда  ол  өте  кең  түсінік 
болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады. 
Құқыққа, ерекше əлеумттік құбылыс ретінде қарасақ оған жалпы жəне айрыұша белгілер 
тəн екендігін байқаймыз. 
1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тəн жағдай емес. Ол 
адамның  табиғатымен  байланысты  жəне  кез  келген  əлеуметтік  ұйымға  тəн.  Нормативтік 
дегеніміз  адамдардың  ой  жүйесін,  қоғамдык  өмірін  тəртіптеп,  соның  нəтижесінде  белгілі 
ережелерге бағындыру. 
2. Құқық əділдік жəне бостандық идеяларын білдіреді. Əділдік пен бостандыққа адамзат 
ежелден  ұмтылып,  оларды  армандаған.  Əділдік  -  адамның  игілігіне  бағытталған  жағдай,  ол 
басқа  адамның  мүддесіне  зиян  келтірмейді,  қоғамға  пайдалы.  Осы  талаптарға  сай  келетін 
адамның  əрекеттері  əділ  болып  саналады.  Марксизм-ленинизм  негізін  қалаушылары 
əділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады. 
Бостандық  -  адамнан  ажыратылмайтын  қасиет.  Тек  бостандық  болса  ғана  адам  лайықты 
өмір сүре алады, барлық өзіне тəн шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады. 

 
3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы тəртіп. 
Солар  арқылы  əділдік  пен  бостандық  жүзеге  асырылады.  Əрине,  əділдік  пен  бостандық 
шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен 
мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушіліктер болуы мүмкін. Зандарда 
адамдардың құқыктары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың 
жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі де мүмкін. 
4.  Құқық  адамның  іс-əрекетін  реттейді,  оның  ойына,  сезіміне  əсер  етеді.  Егер  адам 
зандарда  əділдік  пен  бостандық  баянды  етілетініне  көзі  жетсе,  оларды  орындау  қажет  деп 
есептейді.  Мұндай  жағдайда  адам  өз  еркімен  заң  талабын  орындайды.  Заң  талабын  бұзса, 
кінəліге мəжбүрлеу шаралары қолданылады. 
5.  Құқық  нормативтік  актілер  түрінде  қалыптасады.  Оларда  адамдардың  еркі  баянды 
етіледі.  Адамдардың  еркін  заң  шығаратын  орган  ресмилендіреді.  Сондықтан  кұқық  – 
мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық əділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы 
халыктық құқық деп саналады. 
6. Құқықтың  формалды  анықтылығы.  Заңдарда  бекітілген нормативті  нұсқаулар  ерекше 
қасиетке  ие  болады.  Ол  -  формалды  анықтылық.  Оның  белгілері:  айқындығы,  бір 
мағыналылығы,  қысқалығы.  Бұл  құқық  субъектісінің  не  нəрсені  істеуге  болады,  нені 
болмайтындығын білуіне ыңғайлы, əрі колайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс. 
7. Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Зандарда жазылған құқкықтық нормалар 
өзара  байланысты,  үйлесімді  болады.  Құқықтың  нормалары  тек  осындай  негізде  жазылып, 
калыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады. 
8.  Құқықтың  тағы  бір  қасиеті  -  оның  өзгермелілігі.  Қоғамдық  өмір  сіресіп  қалмай, 
құбылып, езгеріп тұрады. Соған сəйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты 
түрде  реттеу  үшін  өзгеріп  тұруы  қажет.  Осыған  байланысты  ескірген  зандар  күшін  жояды, 
жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының 
өзі құқықта теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар əр түрлі: біреу əлсіз, біреудің 
қабілеті  мол,  екіншісінікі  кем,  біреудің  отбасы  бар,  біреу  бойдақ.  Адамдардың  мұндай 
айырмашылығын  заң  ескере  бермейді.  Сондықтан  заң  адамдарды  іс  жүзінде  теңдестіре 
алмайды.  Əрине,  өмірдің  кейбір  салаларында,  мысалы,  саяси  құқықтармен  пайдаланғанда 
барлық азаматтардын жағдайы бірдей. 
9.  Құқықты  мемлекет  қорғайды.  Құқықтың  барлық,  нормаларының  талаптарын  адамдар 
өз  еркімен  орындай  бермейді.  Соған  байланысты  мемлекет  құқық  талабын  бұзғандарға 
мəжбүрлеу тəсілін колданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек. 
Құқықтың мəні. 
Құқықтың  үш  "алтын"  тірегі  бар:  имандылық,  өмірдің  материалдық  жағдайлары  жəне 
мемлекет. "Құқық" түсінігі имандылыққа, əдептілікке тіреледі. Құқық имандылық негізінде 
пайда  болады.  Имандылықтың  өзі  де  адамдар  арасындағы  қатынастарды  реттейтін  күш. 
Əрине,  имандылықтын  талаптары  заң  емес,  тек  ізгілікке,  адамгершілікке  өнегелікке 
негізделеді.  Оның  қағидаларын  орындататын  ұйымдастырылған  күш  жоқ.  Имандылық  тек 
арға,  ұятқа  арқа  сүйейді,  жұртшылықтың пікіріне  негізделеді.  Ал  құқық  имандылықтан  нəр 
алады,  неғұрлым  құқыктың  нормалары  имандылық  шарттарына  сəйкес  келсе,  соғұрлым 
олардың  сапасы  да,  абыройы  да  жоғары  болады.  Имандылық  əділетсіздікті,  жауыздықты, 
зорлық-зомбылық, ұрлық, тағы сондай теріс қылықтарды айыптайды. Бірақ ондай қылықтар 
үшін жаза қолдануға кажетті құралы жоқ. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың 
пікірі.  Құқық  та  теріс  қылықтарға  тыйым  салады.  Тек  тыйым  салып  қана  қоймайды,  кінəлі 
адамдарды  жазалау  шараларында  белгілейді,  сол  шараларды  қолданатын  мемлекет 
органдарының  күшіне  сүйенеді.  Сөйтіп,  құқық  нормалары  арқылы  мемлекет  имандылық 
талаптарына  ресми  мағына  береді,  соның  нəтижесінде  қоғамдық  қатынастарды  реттейді. 
Имандылықтың талаптары жалпылама түрде болады, олардың анықтамасы, дəл түсінігі жоқ. 
Айталық,  ұрыны,  зорлықшылды,  өсекшіні  жаман  адам  деп  айыптайды.  Ал  құқық  мұндай 
адамдардың  іс-əрекетіне  мейлінше  дəл,  бұлтартпайтын  анықтама  беріп,  тиісті  құқықтық 
норманың мазмұнына жатқызады. 

 
Құқықтың  тағы  бір  тірегі  -  адамдардың  өмір  сүру  жағдайлары,  олардың  шаруашылығы. 
Адамзаттың  өмір  сүруі  өндіріске  байланысты.  Өндіріс  тиімді,  нəтижелі  болу  үшін  оны 
ұйымдастыру,  оның  дамуына  қажетті  жағдай  туғызу  керек.  Бұл  тек  мемлекеттің  қолынан 
келетін  іс.  Мемлекеттің  өндіріске,  шаруашылыққа  əсер  ету  дəрежесі  қоғамда  қалыптасқан 
меншік  түрлеріне  байланысты.  Қазір  Қазақстанда  меншіктің  екі  түрі  бар:  мемлекеттік 
меншік  жəне  жеке  меншік.  Мемлекет  өз  меншігін  тек  қана  реттеп  қоймайды,  сонымен 
қатар  оны  дамыту  үшін  басқарады.  Ал  жеке  меншікке  негізделген  өндірісті  иесі  заңда 
белгіленген  тəртіпке  сүйене  отырып,  өзі  басқарады.  Демек,  мемлекет  екі  меншікке 
негізделген  өндірістің  дамуын  реттеу  үшін  құқықтың  мүмкіндігін  пайдаланады.  Соның 
нəтижесінде  құқықтың  өзі  де  өзгереді,  дамиды,  өндірістік  қатынастарды  реттеуге 
бейімделеді. 
Осы  айтылғандардан  байқалатыны  -  құқық  калыптасуының  екі  кезі,  яғни  бастауы  бар 
екен.  Құқық  нормаларын  жасауға  халық  тікелей  қатысады.  Бірақ  халық  тек  өте  маңызды 
мемлекеттік  мəселелерді  шешу  қажет  болғанда,  басқа  жолмен  оларды  шешуге  болмайтын 
жағдайда  ғана  зандарды  тікелей  қабылдайды.  Демек,  халық  занды  ерекше  жағдайда 
қабыддайды.  Əдетте,  зандарды,  басқа  да  нормативтік  актілерді  тиісті  мемлекет  органдары 
жасайды. Сондықтан құқық нормаларының басым көпшілігін мемлекет шығарады. 
Мемлекеттің  қызметі  құқық  нормаларын  қалыптастырумен  аяқталмайды,  қайта  онын, 
қызметі сол кұқық нормалары занда белгіленіп іске қосылған сəттен басталады деуге болады. 
Құқық  нормаларының  талаптары  өздігінен  жүзеге  аспайды.  Оларды  жүзеге  асыру  үшін, 
талаптарын  орындату  мақсатында  мемлекет  түрлі  əдістер  қолданып  алуан  қызметтер 
атқарады.  Егер  құқықтық  нормалардың  талаптары  орындалмаса,  бұзылса,  мемлекет  кінəлі 
адамдарға  тиісті  шаралар  қолданады.  Сөйтіп,  құқық  нормалары  мемлекеттің  ырқына 
негізделіп, жүзеге асырылады. 
Құқық  нормалары  адамға  бостандық  беріп  қана  қоймайды,  сол  бостандықты  қамтамасыз 
ететін орасан зор күш  - мемлекетке  сүйенеді. Құқықтын тірегі, оның күш-қуаты беделі мен 
абыройы - мемлекет. 
Құқықтың қызметтері 
Құқықтың  əлеуметтік  мақсаты  оның  атқаратын  қызметінен  байқалады.  Оның  қызметі 
қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына, іс-əрекеттеріне əсер етуге бағытталады. 
Құқық  қызметінің  негізгі  бағыттары  мыналар:  1)  Реттеу  қызметі.  Бұл  қызметтің  мəні  - 
қоғамдық  қатынастарды  баянды  ету,  тұрақтандыру.  Мысалы,  құқық  нормалары 
азаматтардың  түрлі  жағдайлардағы  құқықтық  мəртебесін  анықтайды.  Конституция 
азаматтарға  сан  қилы  құқықтар  мен  бостандықтар  береді  жəне  соларды  пайдалану  үшін 
тиісті қоғамдык қатынастарға қатысу мүмкіндіктерін туғызады. Құқықтар мен бостандықтар 
тұрақты  құбылыстар,  өзінің  мəнін,  күшін  жоғалтпайды,  оларды  үнемі  пайдалануға  болады. 
Сондықтан  құқықтар  мен  бостандықтарды  паш  ететін  құқықтық  нормалар  əрдайым 
қоғамдық қатынастарды реттейтін құрал болып саналады; 2) Тыйым салу қызметі. Құқықтық 
нормалар жеке адамның, коғамның жəне мемлекет органының зиянды іс-əрекеттеріне тыйым 
салады.  Зиянды  іс-əрекеттердің  алдын  алуға  арналған  құқықтык  нормалар  адамдарға, 
ұйымдарға  міндет  жүктейді,  зиянды  істен  сақтандырады,  құқықтық  нормалардың 
қағидаларын  бұзбауды  талап  етеді;  3)  Заңды  игіліктерді  қорғау  қызметі.  Адамдарға, 
ұйымдарға, бірлестіктерге құқықтар мен бостандықтар белгілі бір игілікті пайдалану үшін, өз 
кажетін (рухани, материалдық, т.с.с.) қанағаттандыру үшін беріледі. Мысалы, əркімнің өзінің 
жеке басының бостандығына құқығы бар. Оған ешкім қол сұға алмайды. Егер адамды заңсыз 
бас  бостандығынан  айыратын  болса,  кінəлі  адам  құқықтық  жауапқа  тартылады.  Занда 
көзделген реттерде ғана жəне тек соттың немесе прокурордың рұқсатымен тұтқындауға жəне 
қамауда  ұстауға  болады.  Соның  өзінде  де  тұтқындалған  адамға  сотқа  шағымдану  құқығы 
беріледі. Тұрғын үйге қол сұғылмауы керек. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол 
берілмейді.  Заңға  сəйкес  пайда  болған  меншікті  мемлекет  корғайды.  Соттың  шешімінсіз 
ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Кəсіпкерлікпен шұғылдану -азаматтардың негізгі 

 
құқықтарына  жатады.  Мемлекет  кəсіпкерлік  қызмет  еркіндігіне  кепілдік  береді  жəне  оны 
қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. 
Құқықтық  нормалар  адамдардың,  ұйымдардың,  бірлестіктердің  құқықтары  мен 
бостандықтарын паш етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, əдістерін, мүмкіндіктерін жан-
жақты қарастырады. 
4. Құқықтың тəрбиелік қызметі де  ерекше.  Құқықтың нормалары  адамдардың  санасына 
əсер  ету  арқылы  құқыктық  мəдениетті  қалыптастырады.  Сонымен  қатар,  құқық  заңды 
бұзудың  алдын  алу  қызметін  де  атқарады.  Осы  айтылғандар  құқықтың  экономикалық, 
əлеуметтік,  идеология  салаларындағы  қызметіне  жатады.  Осыларға  қоса  құқық  мемлекетті, 
қоғамды жəне азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады. 
Каталог: dist zaoch -> 2kurs
2kurs -> 1. 1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
2kurs -> Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі
2kurs -> Лексика. Антоним
2kurs -> 1-бақылау тапсырмалары 1 нұсқа
2kurs -> №13 дәріс Тақырып: Құқықтың түсінігі және мәні
2kurs -> Адамның психикалық іс-əрекеті
2kurs -> Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Көпсалалы
2kurs -> Қазақ тілін оқыту əдістері
2kurs -> Рефераттар мен баяндама тақырыптары
2kurs -> Контрольная работа по дисциплине «Профессиональный английский язык» для студентов второго курса всех специальностей


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет