Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату конкурстық тағайындауына түсетін кандидаттардың тестілеуі



Дата05.04.2022
өлшемі18,93 Kb.
#29876
түріКонкурс

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату конкурстық тағайындауына түсетін кандидаттардың тестілеуі
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату конкурстық тағайындауына түсетін кандидаттардың тестілеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату» №57 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қағидаларын сәйкес жүргізіледі.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеуден, «Басқарушылық құзыреттер», «Педагогика және психология негіздері» бағыттары бойынша тестілеуден өтеді.


Тестілеу форматы
Тест тапсырмаларының саны – 100

Тестілеу уақыты – 3 сағат (180 минут)

Тестілеу нәтижесі оң болып саналады, егер






Тестілеу блоктары

Тест тапсырмаларының саны

Шекті деңгей (%)

Шекті балл

1

«Заңнаманы білу»

75

70%

52

2

«Басқарушылық құзыреттіліктер»

15

10

3

«Педагогика және психология негіздері»

10

7

Барлығы

100





Бағалау

Ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін – бір балл, қалған жағдайларда – нөл балл беріледі.


Тестілеуден өткені туралы сертификат тестілеу тапсырған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет