Мен демалыс күндері әжемнің үйіне қонаққа баратынмың. Барғанда менің жақсы көретін бөлмем дайын болатын. Ол бөлме қатты үлкен болмасада, мен үшін ең үлкен бөлме еді



Дата13.10.2022
өлшемі7,37 Kb.
#42895

Есік

Мен демалыс күндері әжемнің үйіне қонаққа баратынмың. Барғанда менің жақсы көретін бөлмем дайын болатын. Ол бөлме қатты үлкен болмасада, мен үшін ең үлкен бөлме еді. Әжемнің үйіне кеш келгенде әрдайым кеш асын дайындап қоятын, тамақтанып болғаннан кейін бірден әжеме көмектесіп, бөлмеге барып ұйықтап қалатынмын. Әр қашан құстардың әндерінен оянатын едім немесе бөлмеге күннің түскен жарық сәуле бетіме өз жылуын бергенде, бірақтан бұл жолы мен басқа бір қатты шыққан дауыстан ояндым. Терезеге қарағанда күн енді өз ұясынан шығып келе жатқан кезі. Ақырын төсегімнен тұрып жуыну бөлмесіне бара жатқан сәтімде қайтадан дауыстар ести бастадым, бірақтан бұл дауыстар біріншіге қарағанда алыстау естілді.


Әжемнің бұндай уақытта тұрмайтының түсінген мен, қозғалмай бір орында қаттып қалдым, не болсада бұл дауыстардың қайдан шығып жатқаны мен үшін бір жұмбақ болды. Есікке ақырын жақындап ойланбастан бірден аштым. Бөлмеден шығып әжемнің бөлмесіне беттедім, таң сәресі болған соң уй кішкене салқын болды. Бөлменің есігін ашпай тұрып, қайтадан сол дауыстар артымда тұрған есіктен шықты, денем тітіркеніп қайтадан бір орында қозғалмай тұрып қалдым, не істерімді білмей әжем ұйықтап жатқан бөлменің есігін аштым, қарап қалсам әжем төсегінде ұйықтап жатыр екен. Оятып алмау үшін тез арада бөлмеден шығып кеттім.
Өз бөлмем мен әжемнің бөлмесінің есіктерін ойланбастан тез ашу оңайға соқты, бірақ бұл жолы қарама-қарсы тұрған есікті ашу әлдеқайда мен үшін оңай болмады. Ол есіктің ар жағында не болып жатқаны жұмбақ болсада, еш ойланбастан өз бөлмеме жөнеліп есігімді жауып алдым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет