Мен, Рыспекова Диляра сіздерге Елбасының еңбек жолы, жетістіктері туралы айтып беретін боламын



Дата06.01.2022
өлшемі16,7 Kb.
#15643

Слайд 1

Сәлеметсіздер ме!

Мен, Рыспекова Диляра сіздерге Елбасының еңбек жолы, жетістіктері туралы айтып беретін боламын



Слайд 2

Сөзімнің басын Назарбаевтың сөзімен бастағым келеді: «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол  білім! Ол  еңбек!

Слайд 3,4

- Алдарыңызда Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолының сатысы көрсетілген. 1969 ж. Қарағанды облысы Теміртау қаласында партия комитетінің комсомол қызметін атқарды.

- Мысалы 1991 жылды алатын болсақ Жалпыхалықтық сайлауда басым дауыспен жеңіске жетіп, ҚР Президенті болып сайланды.



- 2019 жыл 19 наурыз айында өз еркімен өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Слайд 5

Нұрсұлтан қаласында «Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолы» экспозициясы орналастырылған. Аталмыш көрме Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолының басталуы мен саяси мансаптық өсу жолын көрсетеді.

Слайд 6

Назарбаевтың еңбек жолындағы жетістіктерінің бірі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат

Слайд 8,7

«100 нақты қадам» атты жоспар елімізді тағы бір белеске көтеруге қызмет етеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» арқылы өркендеген, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылу міндетін қойып және жолдарын көрсетті.

Слайд 8

Елбасының тағы бір еңбегі -+ «Экспо-2017» көрмесін өткізудегі мақсат Қазақстанның табыстарын әйгілеуді, әлемдік қоғамдастыққа оған мүмкіндіктерін паш ету

Слайд 9,10

Елбасымыздың бұдан да басқа бағдарламалары, кітаптары мен жариялымдарының толық нұсқаларын ҚР тұңғыш президентінің ресми сайтынан көре аласыздар https://elbasy.kz/

Слайд 11

ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз! деп Елбасымыздың сөзімен өз сөзімді аяқтағым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет