Мен тандаған мамандықтын ғажайып сырлары

Дата03.03.2022
өлшемі2,62 Mb.
#26973

Мен тандаған мамандықтын ғажайып сырлары

Қазақстанда «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мамандарды даярлау балалар мен жастарды әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуымен қатар жүріп келеді. Қазіргі таңда елімізде дамуында кемістігі бар балалар мен өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек көрсететін көптеген арнайы ұйымдар ашылып жатыр.

Әлеуметтік педагог деген кім?

Қазақстанда «әлеуметтік педагог» мамандығы ресми түрде 1991 жылы жария құжаттарда ресми түрде тіркелген.  Алайда әлеуметтік педагогтың жұмысы шамамен 2000 жылдардың соңына таман пайда болды.

Әлеуметтік педагог – бұл балалар мен жасөспірімдерге қоғамда әлеуметтенуіне, дербес тұлға бола отырып, онда өз орындарын табуға көмектесетін маман.

Әлеуметтік педагог қызметінің міндетін баланың қоғамға интеграциялануына,  оның дамуына, тәрбиесіне, білім алуына, кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, басқаша айтқанда баланың әлеуметтенуіне көмек көрсету ретінде анықтауға болады.

Сәйкесінше, әлеуметтік педагог қызметінің мақсаты баланың психологиялық жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін жағдайлар жасау, отбасыдағы, мектептегі, жақын ортадағы және басқа социумдардағы теріс құбылыстардың алдын алу мен жеңудің әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, медициналық, педагогикалық механизмдердің көмегімен оның қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Өзін-өзі тану» пәні  – бірегей пән. Бұл пән адамның өз-өзін түсінуге, өзінің ішкі әлеуетін ашуға және пайдалануға, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге, оның дербес әрі ажырамас бөлшегі болуға мүмкіндік береді. Бұл пән қандай да бір уақыттық шеңбермен шектелмейді, ол өмір бойы жалғаса береді.

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар қайда жұмыс істей алады?

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар келесідей салада жұмыс істей алады:

— мемлекеттік құрылымдарда (ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттерде);

— әлеуметтік бағыттағы мекемелерде (әлеуметтік қамтамасыз ету органдарында, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілген, жұмысқа жарамсыз адамдарды қолдау және көмек көрсету органдарында);

— мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, балалар үйлерінде, интернаттарда, мамандандырылған білім беру мекемелерінде);

Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет