Менің арманымдағы Қазақстан



Дата27.10.2022
өлшемі13,23 Kb.
#45824

Эссе
Менің арманымдағы Қазақстан
Мен сендерге туған жерім туралы айтқым келеді. Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз республика. Ол Орталық Азияда орналасқан. Оның халқы 18 миллион адамды құрайды. Барлық қазақстандықтардың құқықтары мен міндеттері тең. Астана Қазақстанның бас қаласы. Қазақстанның жері өте үлкен. Шығыста Қытаймен және батысында Каспий теңізімен, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Азия мемлекеттерімен шектеседі. Республика 2 миллион шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Қазақстанда 14 облыс, 84 қала бар.
Жаңа әлемде жаңа ел құру әрбір ел халқының алдында маңызды саналады. Жаңа Қазақстан бұрынғыдан өзгеше болуы шарт. Жаңа Қазақстан құру ол тәуелсіздіктің кепілі. Ең алдымен біз өзіміздің егемендігімізді сақтауды бірінші орынға қоюымыз керек. Халық бірлігі елдің жарқын болашағы. Еліміз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап алдында үлкен маңызды қадамдар тұрды. Елді бір жүйеден басқару үшін президент сайланды, халықтың қоғамдағы орны мен белгілі бір тәртіпке бағынуы үшін заңдар белгіленіп шығарылды, ұлттық қауіпсіздік үшін әскери күш құрылды және еліміздің шекарасы нақтыланды. Сонымен қоса, өз еліміздің ұлттық валютасы теңге жарыққа шыққан болатын. Елімізде осы уақыт аралығында көптеген өзгерістер орын алды. Әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз бұрынғыдан жақсарып қалды. Жаңа Қазақстан – рухы биік халық. Жаңа Қазақстан құру үшін алдымен үлкен өзгерістерге дайын болуымыз керек.
Менің арманымдағы Қазақстан – ең таза әрі экологиялық жағынан тұрақты, құлпырған күйінде көргім келеді. Қазақстанды туризм орталығы ретінде, технологиясы , білім жүйесі жағынан дамыған ел ретінде көргім келеді. Және құқық саласында тек заң жүзінде ғана емес , іс жүзінде де жүзеге асырылса деймін . Бұл мақсаттарды, армандардың орындалуы үшін көп еңбек етуіміз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет