Менің мамандығымдағы эмпатия Эмоционалды интеллект-адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын



Pdf көрінісі
Дата03.12.2022
өлшемі100,16 Kb.
#54502


[Фамилия] 1 
Орындаған: Бағдатқызы Сәния 
Тексерген:
Тобы: ПиП-21-1 
Эмоционалды интеллект 
6 бөж 
Менің мамандығымдағы эмпатия
 
Эмоционалды интеллект-адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын 
түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.Интеллект- 
жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным 
әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының 
орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық 
танымдық үрдістер кіреді 
Эмпатия түсінігі 
Эмпатия (лат. empatheіa) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен 
жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, 
өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге 
адамдардың қайғы-қасіреті 
мен қиыншылықтарына ортақтасып

оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық 
жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі.
Эмпатияның дамыту негіздері 
Өзгешеліктерді құрметтеу 
және басқа адамның пікіріне
, сенімдері мен 
ережелеріне құқығын сыйлау. 
Бағалаудан аулақ болыңыз. "Сіз ақымақтық жасадыңыз және бәріне сіз 
өзіңіз кінәлісіз" деген сөз тіркестерінен бас тарту керек. 


[Фамилия] 2 
Басқа адамның сезімдерін қайта айту арқылы эмпатияны білдіруге 
үйреніңіз. Мысалы: «Мен сізді жақсы түсінемін, қазір жұмысыңызда 
күрделі жағдайлар болып жатыр». 
Қарым-қатынас кезінде өзіңізге сұрақ қойыңыз: "Мен қазір сөйлескен 
адам өзін қалай сезінеді?". 
Басқа адамдарды мұқият тыңдаңыз: сөйлесу кезінде телефонды алмаңыз
көзбен байланыс жасаңыз, сөзін бөлмеңіз. Ойлары мен сезімдерін түсінуге 
тырысыңыз. 
Кітап оқығанда немесе фильм көргенде кейіпкердің сезімін талдауға 
тырысыңыз. 
Өзіңізді басқа адамдардың орнына қойыңыз. Сіз жанашырлық 
танытқыңыз келген жағдайда
, басқа адамның орнына өзіңізді қойып 
көруге тырысыңыз, өзіңізге мынадай сұрақ қойыңыз: "Егер менімен дәл 
осындай жағдай орын алса және мен осындай эмоцияларды сезсем, мен 
қандай қолдау алғым келер еді? Мен не естігім келер еді? Мұндай 
жағдайда мен өзімді қалай сезінер едім?" 
Эмпатияның маңызы 
Адам өмірінде эмпатияның алатын орны ерекше. Яғни адам эмпатия 
негізінде басқаларды түсініп, 
олармен қарым-қатынас жасап

байланысады. Басқалардың сезімін түсініп, жанашырлық жасау, оларды 
қиын жағдайда қолдау әрқашан маңызды. Отбасында, жұмыста, 
универде
, жалпы ортада негізгі байланыс -эмпатия болып табылады. 
Менің оқып жатқан мамандығым Педагогика және Психология, яғни 
адамдардың жан дүниесін түсініп, оларға көмек беру. Ал екіншіден болашақ 
ұрпаққа тәлім-тәрбие, білім беру. Бұл мамандық барлық адамға дүниеге 
келгеннен бастап керек, өмірлеріне тығыз байланысты. Яғни адам өміріндегі 
алғашқы фундамент десек болады. Бұл фундаментты жетік меңгермеген адам 


[Фамилия] 3 
әлеуметтік қоғамнан алыс болады, ақпаратпен дұрыс алмаса алмайды. Бір сөзбен 
айтқанда дамымайды. Педагогика саласын таңдаған себебім, өйткені жас 
ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, үйреткен ұнайды. Және өзімде үздіксіз 
дамимын. Ал психология саласында адамдарды зерттеген, олармен әңгімелескен 
ұнайды. 
 
 

Document Outline

  • Эмоционалды интеллект-адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.Интеллект- жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасы...
  • Эмпатия түсінігі
  • Эмпатия (лат. empatheіa) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына орта...
  • Эмпатияның дамыту негіздері
  • Эмпатияның маңызы
  • Адам өмірінде эмпатияның алатын орны ерекше. Яғни адам эмпатия негізінде басқаларды түсініп, олармен қарым-қатынас жасап, байланысады. Басқалардың сезімін түсініп, жанашырлық жасау, оларды қиын жағдайда қолдау әрқашан маңызды. Отбасында, жұмыста, унив...


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет