Менің туған өлкем Мен Көксу ауданы, Балпық би ауылында тұрамын. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»



Дата22.04.2022
өлшемі17,66 Kb.
#31899

Менің туған өлкем

Мен Көксу ауданы, Балпық би ауылында тұрамын. «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» дегендей, мен әрбір адамға ыстық, көптеген шығармаларда ақын-жазушылар арқау еткен туған өлке тақырыбын алдым. Туған өлкемнің тарихы мен табиғаты бай. Көксу ауданы 1944 жылы құрылса, Балпық би ауылы 1831 жылы Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын сауда жолындағы ежелгі Дүнгене және Меті елді мекенлерінің орнында құрылды.1942 жылға дейін Дүнгене ауылы, ал 1993 жылға дейін Кировск кенті ретінде аталды.(1694-1784жж.) өмір сүрген атақты би,шешен әрі батыр болған Балпық бидің құрметіне аталды.

Климаты тым континенттік,жылда төрт мезгіл орын алады.Таулары: Шаған, Албасу, Қызылауыз, Жуантөбе және т.б. құмдары: Мойынқұм, Аралқұм, Жетіжал; өзендері: Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр бар. Өсімдіктерден жусан, долана, сүттіген, итмұрын сияқты емдік қасиеті бар шөптер өседі.Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, бүркіт, сарышұнақ, дуадақ және т.б. сирек кездесетін аң-құстар мекендейді.

Әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірімен тату тұрады.Қазақтармен қатар, орыстар, ұйғырлар, әзірбайжандар, татарлар, шешешендер, немістер, корейлер т.б. өмір сүреді.

Өлкемде халық ауылшаруашылықпен де айналысады. «Көксу-Шекер» қант зауыты ірі өнеркәсіп кәсіпорны орналасқан.

Көксу ауданынан көптеген өнерлі, талантты тұлғалар шыққан. Мысалы, Көксу ауданының құрметті азаматы, ҚР-ның Мәдениет қайраткері,актер Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбеков еді.Ол еліміздің кино саласының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.Сонымен қатар,қол күресінен 9 дүркін әлем чемпионы Абдуали Тастанов,гір тасты көтеруден Гиннестің рекордтар кітабына енген Әмірбай Рысқұлов, белгілі қаламгер Тұрсын Әбдуәлиев,белгілі журналист Сағындық Тәнеке, қазақ дирижері Динара Тілендиева осы Көксу ауданында дүниеге келген.

О,туған жер,кең пейіл,құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

(Ф.Оңғарсынова)

Сондықтан да, мен туған өлкемді сүйемін және мақтан тұтамын.

Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта

мектеп-гимназиясының 9 «ә»сынып

оқушысы Ерденбек Гүлжихан



мұғалім: Төлеубай Баятхан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет