Мәнжазба Әдеттегі жанұялар, айырықша балалар



бет1/5
Дата18.02.2022
өлшемі17,44 Kb.
#25889
  1   2   3   4   5

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогика факультеті

Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы


Мәнжазба

Әдеттегі жанұялар, айырықша балалар
Жұмысты дайындаған: Бимағанбетова Н.Т.

Арнайы педагогика – 201

Жұмысты тексерген: Исембаева Н.Ж.

Ақтөбе

2022 ж.

Қалыпты баланы тәрбиелеп отырған отбасымен салыстырғанда ерекше баланы тәрбиелеп отырған отбасы үлкен қиыншылықтарға кездеседі.Отбасы мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау нәтижесінде қалыпты отбасының негізгі қызметтерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

Бала туу және тәрбиелеу

Ұрпаққтар арасында байланысты жүзеге асыру,отбасы дәстүрі мен құндылықтарын сақтап балаларға табыс ету

Сүйіспеншілік және жылу,эмоциялы қолдау және психологиялық жайлылық қажеттіліктерді қанағаттандыру

Барлық отбасы мүшелерінің жеке тұлғалық дамуына жағдай жасау

Жақын адамдармен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру

Әке не шеше болу,балалармен қарым-қатынас жасау,тәрбиелеу сияқты жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру

Отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау

Дамуында кемшілігі бар баланың дүниеге келуі отбасы ішіндегі қарым-қатынас,сонымен қатар қоршаған әлеуметпен қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі.Бұзылу себептері:ерекше баланың психологиялық ерекшелігі және отбасы мүшелерінің ұзақ уақыт стресс әсерінде болуымен байланысты.Мұндай отбасында сапалық өзгерістер келесі деңгейлерде көрінеді:психологиялық,әлеуметтік және соматикалық.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет