Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата21.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#10073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Литература
1. Дарья Кулеш. Снился мне сад… // http://magazines.russ.
ru/znamia/2002/12/kulesh.html
2. Ливергант А. Диалог культур под открытым небом // 
Иностранная литература. – 2006. – № 12. 
3.  Международный  книжный  фестиваль  открывается  в 
Эдинбурге // http://rovego.narod.ru/newslit/index3259.html

134
Сұхбат
Ш.Сариев, У.Қалижанов
ҰЛЫ ӘУЕЗОВТІҢ АБАЙЫ...
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Ш.Сариев:  Мұхтар  Әуезов  «Абай  жолы»  эпопея-
сын  жазбай  тұрып,  алдымен  Абайды  зерттеген  ғалым. 
«Абай  мұрасы»  жайында  (1951)  деген  ғылыми  еңбегінде: 
«Абайды  тану  –  жалпы  қазақ  әдебиетін  тану  тәрізді  әлі 
жас  ғылым.  Оның  жетіскен  шама-шарқымен  қатар  әлі 
олқылығы,  кемшілігі  де  көп.  Бірақ  бұл  үрдіс  өсіп  келе 
жатқан және қазақ әдебиетінің өзге тарауларын тануымыз-
дан көрі өнімдірек өскелеңдеп келе жатқан ғылым тарауы 
екенін де жұртшылық біледі. Бізде Абайды тану жұмысына 
тек  әдебиетші  ғана  атсалысып  отырған  жоқ,  тарихшылар, 
тілшілер,  көркемөнер  зерттеушілері,  педагогтар,  тағы  да 
осыларға жалғас әр саланың мамандары тарапынан үлестер 
қосып келеді», – деп жазды...
У.Қалижан:  Әлбетте,  Абайды  ақын  ретінде  әрбірден 
соң адам ретінде, кемеңгер тұлға ретінде зерттемей, «Абай 
жолы» сынды ұлы дүние өмірге келмеген болар еді... Сол  
еңбегіне  Әуезов:  «Сондай  ретте  ойлауды  керек  ететін 
жайдың  бірі  –  Абайдың  мұрасы  турасында.  Бұл  жөнінде 
зерттеу, сынау, ойлану керек болатын жайлар аз емес. Қай 
шығарма  Абайдың  қай  кезеңіне  тиісті,  қайсысы  Абайға 
қонымды  емес,  оған  сыйымсыз  деген  жайлардан  да  күдік 
айтуға болады. 
Пікір  таластыруға,  күдіктенуге,  сөйтіп  жүріп  анық 
объективтік негізде келісуге де болады, көніспеуге де бола-
ды. Сонда, әсіресе, таласқа салған шығарманың өзі беретін 
нақтылы,  дәл  дерегіне  қарайық.  Сөзіміз  документке,  шын 
ғылымдық  зерттеуге  негізделсін.  Тіпті  болмаса,  доку-
мент болмаған, амалсыздық жағдайда, тым құрыса көңілге 

135
Сұхбат
анық  қонымды  дәлел,  өнімді  ойға  сүйенсін.  Құрғақ  күдік 
ғылымды өсірмейді. Ол дәнсіз гүлдей өмірі жоқ, өзінен әрі 
қарай өрбітер нәсілі жоқ, тұл сөз болады», – деп жазды.
Ш.Сариев:  Абайды  зерттеу  арқылы  Мұхтар  Әуезов 
өз  тұғырына,  өз  биігіне  көтерілді.  Абайды  терең  зерттеп 
қалай көтерсе, Абай рухы да Әуезовты солай көтерді, ұлы 
дәрежеге  жеткізді.  Осы  тұрғыда,  айтар  болсақ,  Әуезов 
ой-пікірін  түйіндеп  алып:  «Екі  сала  мәселе  бар:  біреуі  – 
Абайдың  өзінің  мұрасы  (даулы,  таласты  мәселелермен 
қоса) жайында; екіншісі – сол Абай мұрасы туралы істелген 
еңбектер  жайында.  Абайдың  өз  мұрасын  тұтас  алғанда, 
бұрынғымен  бүгінгі  пікір  айтушылардың  бәрінің  тегіс 
келісетін  басы  ашық  бір  мәселесі  бар.  Ол  Абайдың  қазақ 
мәдениеті  мен  әдебиетіндегі,  тарихындағы  үлкен  орнын 
қадірлеп бағалауда» деп түйіндеді. 
У.Қалижан:  Мұхтар  Әуезов  Абай  дәстүрін  бағдаршам 
етіп алып, Абай арқылы қалың қазақ ортасына енді. Қалың 
қазақтың шұрайлы тілі арқылы, Абай жүрегіне бойлай енді. 
Содан да болар ұлы Мұхаң: «Горькийдің Пушкин турасын-
да  айтқандай,  қазақтың  халық  тіліне  әдебиет  тілін  қалай 
жасау  керек  екендігін,  халықтық  қорды  қалай  пайдалану 
дұрыс болатынын көрсетті. Пушкиннен соң орыстың тілі – 
әдебиеттенген халықтың тілі бола бастады», – деп жазды.
Ш.Сариев:  Дұрыс  айтасыз.  Мұхтар  Әуезов  осы  ойла-
рын түйіндей келе: «Бұл күнде өзім түсінген Абайды тану 
ғылымының  бір  нәтижесі  –  «Абай»  романы  деп  білемін. 
Екінші  нәтижесі  –  биылғы  жылы  мен  жазып  бітірген, 
әзірше  қолжазба  күйде  жүрген  ғылымдық  зерттеу  –  Абай 
жөніндегі монография», – деп жазды. Шынында да Абай-
тану ғылымының басты темірқазығы «Абай» романы екені 
айдан аян. Бұл Мұхаңның 1951 жылғы толғанысы еді. Бұдан 
соң  Мұхаң,  «Абай  Құнанбаев  творчествосын  зерттеудің 
маңызды мәселелерін» көтерді. 
Абай  Құнанбаев  творчествосын  зерттеудің  маңызды 

136
Сұхбат
мәселелері
Жүрегіңнің түбіне терең бойла, 
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! –
Абай болашақ ұрпаққа осылайша үн қатқан болатын. Бұл 
сөздерді өткендегі құлазыған заманнан өзі үшін беймәлім, 
басқа  бір келешекке, нұрлы келешекке дұрыс жол тартқан 
ақын  айтқан  еді.  Ол  даланы  басқан  надандық  түнегінің 
арасында алаулай жанған шырағын жарқырата көтеріп, өз 
халқына  таң  атып,  күн  шығатын  жақты  қажымай-талмай 
нұсқап өтті. 
Ия, Абай өзі өмір сүріп, ақындық еткен заман үшін шы-
нында да жұмбақ адам еді», – деп толғанады Мұхаң. 
У.Қалижан: Шөке, жаңа бір сөзіңде ұлы Мұхаңның сөзін 
келтіріп Мұхаңның: «Бұл күнде өзім түсінген Абайды тану 
ғылымының  бір  нәтижесі  –  «Абай»  романы  деп  білемін» 
деген  сөзін  келтірдіңіз  ғой.  Осы  орайда  «Абай  жолы»  ро-
манына  көркем  шығармасына  тоқталып,  аз-кем  экскурсия 
жасасақ қалай болады?
Ш.Сариев: Бұл да жөн. Өйткені Мұхаң өз романын Абай-
тану ғылымының басты темірқазығы етіп ұсынып отыр ғой. 
Ақын Ғафу Қайырбековтің ғалымдарға айтатын бір сөзі бар 
еді: Айналайын ғалымдар-ау, қалай ойлайсыздар, Сіздердің 
басты зерттеу объектілеріңіз біз ғой шырағым, – дейтін. Бұл 
сөздің де, Мұхаң айтқан пікірдің де жаны бар. Енді өзіңіз 
айтқандай «Абай жолы» романына енейік... 
У.Қалижан:  Абай  жолындағы  мына  суреттен  жазу-
шы шеберлігі айқын көрінеді және де Абай қай школадан 
өткенін  аңдатады:  «Қонақ  үйде,  дөңгелек  үстел  үстінде, 
қызғылт,  күңгірт  сәулесі  бар  тас  шам  жанып  тұр.  Оқтын-
оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, 
шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады. Қырын 
отырған әкесінің үлкен кесек пішіні Абайға жартылай ғана 

137
Сұхбат
көрінеді.
Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып 
алыпты.  Жалғыз  өзі  ұзақ  сөйлеп  отыр.  Зор  даусында  ыза 
мен  зіл  бар.  Кейде  Абайға  қызық  көрінетін  бір  мақалдар, 
мәтелдер айтылып кетеді.
Абай  әкесінің  сөз  желісін,  түп  мәнісін  түсінген  жоқ. 
Кейбір  мақалдарын  ғана  таңдана  шешіп  отыр.  Осы 
бар  үлкеннің  мұндай  жердегі  салты  бойынша,  әкесі  де 
тұспалдап,  орағытып  ұқтырмай  сөйлейді.  Бір  сөзімен  бір 
сөзін жалғастыруға Абай үлгірмей, адасып қап отыр. Өзіне 
салса, жаңағы көңілді үйге, шешесінің жанына қазір кетер 
еді. Бірақ, әкесі шақырған соң енді шығып болмайды.
Сондықтан  бір  уақыт  ол,  әке  сөзінің  сыртын,  ағымын 
тындайды. Кейбір өзі білмейтін қиын, жаңа сөздерін ұстап 
қалады. Әлдекімге қаптап, зіркілдеп сөйлеп отырған әке сөзі 
кейде  бұған  бір  жортуыл,  шабуыл  үстіндегі  шұбырынды, 
ұзақ сарын сияқтанады», – деп жазады Мұхаң.
Ш.Сариев: Абайдың  тәлім алған мектебі Құнанбай ғана 
емес, Сүйіндік, Бөжей, Байсал – сынды тұлғалардың бары 
анық. Мұхаң жазған: «Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл 
Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойғаны болмаса, Құнанбайға 
тесіле  қарамайды.  Көзін  төмендете  береді.  Абайға  оның 
пішіні – көп кездесетін, әңгімесі аз пішін сияқты. Бөжей де 
оншалық өзгеше емес. Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сақалды, 
кесек мұрынды Бөжей – осы отырғанның бәрінен де сұлу. 
Бетінде ажымы да аз. Бірақ, Абайдың көзін оған көп тарта-
тын бір нәрсе – мұның бітікшелеу, кішкене келген көздері.
Құнанбай  ұзақ  сөйлеп  отырған  кезде  Бөжей  қыбыр 
етіп  қозғалған  жоқ.  Көзін  де  төмен  салған  қалпынан  бір 
көтермеді.  Сондықтан  оның  ұйқтап  отырғаны,  я  ойланып 
отырғаны  мәлім  емес.  Қалың  етті,  салбыраңқы  қабағы 
кішкене көзін көрсетпей, тасалап алған сияқты.
Құнанбайға бұлардыц ішінен көз алмай, қырандай қарап 
отырған – дәл төрдегі Байсал. Қызыл жүзді, жирен сақалды 

138
Сұхбат
Байсалдың денесі ірі, қапсағай. Көкшіл түсті үлкен көздері 
– әрі салқын, әрі сыр берместей сабырлы.
Бұл  Көтібақ  ішінде  Байсалдың  жақын  туысқаны 
Шоқанның баласы.
Байсал  әрдайым  қасына  ертіп  жүреді.  Әрі  жігіті,  әрі 
сөз ұғып, адам болар деген жасы. Ол әңгіме атаулыны көп 
біледі. Қызық қып айтады. Өзі күлдіргі. Абайды еркелетіп 
те қоятын кезі бар-ды. Қазіргі осы жиында Абайдың оңаша 
кездесуді іздейтін жалғыз ыңғайлы көрер адамы осы. 
Туыс  жағын  алғанда,  Бөжей  мен  Сүйіндіктен  көрі, 
Құнанбайға Байсал жақын. Сойыл соғарға келгенде, қолға, 
санға келгенде Құнанбайдың мықтап сүйенетіні сол Байсал 
елі – Көтібақ. Оны әлі күнге өз ырқынан шығарған емес». 
У.Қалижан:  Осындай  тұлғаларға  дала  академиктеріне 
сын көзбен қарап көңіл мен жүрекке тоқитын Абай: «Соған 
қарап Абай үлкендердің осындай іші қатпарлы, қиын жата-
тынын ойлады. «Үлкен болсам, осылардың мінезін әрдайым 
біліп,  танып  тұратын  болсам»  деп,  сол  үлкендікке  тағы 
да  бір  қызыққан  асыққан  еді.  Абай  үлкен  болуға  тегі  көп 
асығатын, қызығатын», – деген Абай, үлкендікке ұмтылады.
Ш.Сариев:  Қазіргі  уақытпен  өлшегенде  қалай  болаты-
ны белгісіз, қалай десек те, сол кезеңнің уытымен сөз еткен 
М.Әуезов: «Абай бұрынғы ауылдың не заманғы ескіліктерін, 
енжарлық пен жалқаулықты қатты түйреумен бірге, ақылы 
бар, бойында күші бар адамға қажетті қасиет ретінде еңбекті 
сүюшілікті жырлайды.
Ол  өзіне  кейінгі  дидактикалық,  уағыз  поэзиясының 
заңдарын бұзды, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін «Өлең 
– сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы 
ол»  атты  өлеңдеріндегі  өзінің  ақындық  программасында 
Бұхар жырау, Шортанбай, Дулаттарды қатал сынап, олардың 
поэзиясын  ешбір  ойлы  сөзі  жоқ  «құрау-жамау»  деп  атай-
ды. Абай жаңа поэзияның биік мақсаты, міндеті – халыққа 
қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта 

139
Сұхбат
құруға  көмегі  тиетін  жаңалыққа  шақыру  деп  біледі.  Дала 
кедейіне еңбек етіп халықтың өз правосы үшін күресу ғана 
тәуелсіздік әпереді, білімге, аянбай оқуға ұмтылу ғана жас 
ұрпақтың қолын жақсы өмірге жеткізеді» , – деп жазды. Бұл 
пікірге қалай қарайсыз? 
У.Қалижан:  Бұл  пікірге  баға  беруден  гөрі,  Мұхтар 
Әуезовтің  одан  әрі  айтқан  сөзіне  құлақ  түрелік:  «Оқуға 
шақыруды Абай жалаң уағызбен айтпайды. Абайдың бүкіл 
поэзиясы,  оның  жаңа  лебізді,  орамды  өлеңінің,  өмір  толы 
образдарының  қуаты  қазақ  қоғамын  ескірген  идеялар  мен 
сезімдер  шеңберінен  шығарды,  ауыл  еңбекшілерінің  ор-
тасынан  шыққан  адамдардың  басын  қатырған  мұсылман 
медреселерінің  схолостикасы  мен  діншілдік  балдыр-
батпақтарын  аяусыз  шенеді.».  Одан  әрі  Мұхаң  «Мың 
бір  түн»,  «Шаһнама»,  «Ләйлі-Мәжнүн»,  «Көроғлы» 
поэмаларының ел арасына көп таратылғанын айта отырып: 
«Таяу  Шығыс  мәдениетін,  тарихын  зерттей  жүріп:  Абай 
Табари, Рабғузи, Рашид ад-дин, Бабыр, Абулғазы Баһадүр 
хан және басқаларының еңбектерімен танысты, сондай-ақ, 
шығыстың  діни  ғалымдарының  пайымлауындағы  логи-
ка  мен  мұсылман  правосы  негіздерін  де  білді.  Абай  Таяу 
Шығыстың  ежелгі  мәдениеті  ғана  емес,  сонымен  бірге  өз 
заманындағы  мәдениетімен  де  жақсы  таныс  болатын.  Ол 
татардың тұңғыш ағартушыларының еңбектерін де білетін», 
– деп жазды. Осы орайда айтарым, Мұхаң айтқандай, Абай 
өзіне  дейінгі  дидактикалық  уағыз  поэзиясының  заңдарын 
бұзды  дегені  уақыт  дәлелдегені  ақиқат.  Сол  кездегі  Кеңес 
өкіметінің  қысымшылығы  әсерінен  Мұхаң:  «Алайда 
Абайдың  үнемі  дәйекті  бола  бермегенін  атап  өткен  жөн: 
молдалар мен ишандардың діни фанатизмін, екіжүзділігін, 
пайдакүнемділігін  сынай  отырып,  Абай  бірсыпыра 
өлеңдерінде  әсіресе  «Қарасөздерінде»  дінді  жақтады. 
Дидактикалық  өлеңдеріндегі  насихатының  бірқатарын 
Абай  ислам  заңдарымен  дәлелдеді.  Ол  діннің  негіздерінің 

140
Сұхбат
өзін  мақұлдамайтын  саналы,  дәйекті  философиялық  ма-
териализм  дәрежесіне  көтеріле  алмады»,  –  дегенін  айтып 
өткен  орынды.  Бұл  ұлы  Мұхаңның  кемшілігі  емес,  уақыт 
ықпалына сай кейін шегінді деген сөз. 
Ш.Сариев: Оған қоса: «Оның көзқарасындағы осындай 
әлсіздіктің бір себебі: феодалдардың халық бұқарасын адам 
айтқысыз қанап отырғанын әшкерелей, жеккөре тұра, Абай 
сол қанаудың таптық сипатын әбден түсініп жетпеді», – деуі 
де, империялық саясатқа сай, Абайды амалсыз қорғауы деп 
білген жөн. Әйтпесе, ол кезде ұлы Абайды – ұлы ағартушы, 
ақын  ретінде көрсету қиындау болатын. 
У.Қалижан:  Дұрыс  айтасыз,  бұдан  соң  Мұқаң:  «Абай 
өмірбаянын  «биографизмнің»  тар  шеңберіне  шығару  ке-
рек. Оның творчестволық өмір жолын реформадан кейінгі 
дәуір  шындығының  нақты  жағдайлары  белгіледі.  Бұл 
жағдай  жазушының  жаңа  типін  туғызды.  Алтынсарин  де, 
Абай  да  осындай  жазушылар  болды,  олар  өздері  туып-
өскен феодалдық ортадан қол үзіп, феодализмнің кертартпа 
негіздеріне  қарсы  шаруалар  наразылығын  білдірушілерге 
айналды.
Абай творчествосының халықтығын зерттеу – айрықша 
маңызды  міндеттің  бірі»,  –  деуі  дәлел.  Бұдан  соң  Мұқаң 
біздің  зерттеулерімізде  Абайды  төңіректеген  ақындар 
шығармашылығының  әлеуметтік  сипаты  даралап  ашыл-
май  келе  жатқанына  тоқталған.  Күні  бүгінге  дейін  қазіргі 
ақындарымыздың  Абай  школасынан,  Абай  мектебінен 
шыққан ақындарды зерттеу жағы әлі де күн тәртібінде тұрған 
мәселе.  Қазіргі  бетке  ұстар  поэзиямызда  ұлы  Абайдың 
өлшемімен таразылап, бүгінгі өлеңге баға беруіміз қажет. 
Ш.Сариев:  Бұл  жөнінде  де  дұрыс  айттыңыз.  Бүгінгі 
ақындарды Абай дәстүрімен саралап, ұлы Абай тұлғасының 
өлшемімен  таразыласақ,  көпшілік  талғамына  сай 
төмендемей,  қайта  биік  талғамға  тартуымыз  керек.  Содан 
да  болар  Мұхтар  Әуезов  өз  дәуірінде:  «Поэзияда,  музы-

141
Сұхбат
када,  қоғамдық-азаттық    ой-пікір  саласында  өлмес-өшпес 
шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы 
өмірін  зерттеуші  біздің  ұрпаққа  таңғажайып  тұлға  бо-
лып  көрінеді.  Ол  өз  халқының  тарихында  биік  шынар 
сияқты. Ол қазақ халқының нелер заманғы мәдениетінің ең 
таңдаулы нәрін алып, бұл қазынаны орыс және батыс Европа 
мәдениетінің игі әсерімен байытты», – деп жазуы тегіннен 
тегін емес. Бұл өткен ғасырдың яғни 1954 жылы жазылған 
ой-пікірлері.  Академик  Мұхамеджан  Қаратаев  Мұхтар 
Әуезовтың  жиырма  томдық  шығармалар  жинағының 
алғы сөзінде: «Әрине Абай мұрасы бүкіл қазақ әдебиетіне 
ортақ.  Оның  ішінде  көбіне-көп,  әсіресе,  Әуезов  творче-
ствосына  етене  жақынырақ.  Әңгіме  Абай  образы  Мұхтар 
туындыларының  жан-жүрегі  болып  орын  тепкендігінде 
ғана  емес,  сонымен  бірге  Абай  дәстүрлерін  Мұхтардың 
творчестволық жолмен терең де толық игеріп, жаңашылдық 
(новаторлық)  жөнмен  социалистік  реализм  талабына  сай 
одан  әрі  дамытып  әкетуінде.  М.Әуезов  творчествосы  – 
қазақ...  әдебиетінің  классикалық  мұрамен  мираскерлік 
байланысының айқын көрінісі. Ол өткендегі игі дәстүрлерді 
дұрыс пайдаланудың да, сол арқылы жаңалық табудың да 
оңды  үлгісі.  Абай  поэзиясының  мирас  болуы,  Мұхтардың 
мираскер болуы, бұл екі ұлы жазушының өмір сүрген мезгілі 
мен тарихи жағдайдың әрқилылығына байланысты», – дей 
келіп:  «Ал  Абай  өлгенде  жеті  жасар  Мұхтардың  балалық 
шағы  мен  жас  жігіттік  шағы  да  сол  қоғамда  өтті,  бірақ 
бақытына қарай, оның өмірінің есейген, творчествосының 
толысқан шағы заманына дөп келді», – деп түйіндейді. 
У.Қалижан:  Мұхамеджан  Қаратаев  шынында  да  туа 
біткен  тұлғалы  академик  еді  ғой.  Оның  әрбір  айтқан  оң 
пікірлері тәуелсіз жұртымызға сабақ, үлкен мектеп. Сол алғы 
сөзде М.Қаратаев: «Айтқанындай-ақ Абай туған халқымен 
өмірбақи бірге жасасатын өлмес жол тапты. Ол жаңа дүние 
аясында  жаңа  ұрпақтармен  табысып,  бүгінгі  ұлы  өнердің 

142
Сұхбат
рухани  ұстазы,  сақшысы  бейнесінде  танылатын  болды. 
Оның  әрбір  жүрекке  егілген  асыл  дән,  ұрықтары  Дәрмен 
сықылды  жас  мираскерлерінің  алтынындай  сақтауымен 
Абай  арман  еткен  заманға  жетіп  «ен  дала,  мол  сахараның 
бар бойында», «көп өсіп, көктей өсіп», кәзір жанға сая «дүм 
тоғай», жемісі мол үлкен баққа айналды. Мұның аты бүгінгі 
қазақ халқының ... мәдениеті», – деген салиқалы пікірі бүгін 
де, ертең де темірқазық болары анық. Біз әңгімемізді «Абай 
жолы» эпопеясына бұрып едік қой... Әрі Дәрмен туралы ай-
тып  қалдық.«Абай  жолы»  эпопеясының  бесінші  томында 
М.Әуезов  ақындық  ортаны  былайша  суреттейді:  «Кейінгі 
топтың  жол  ұзақтығын,  мезгіл  жүдеулігін  елемей,  көңілді 
күлкімен  келе  жатуына  қазірде  де  себеп  болған  сол  іліп-
қақпа өлеңдер... Енді бір кезекте Мағаш ат үстінде құныса 
түсіп  Кәкітай  мен  Ақылбайға  қарап,  тағы  бір  төрттіктің 
алғашқы  бір  жолын  оқыс  бастады:  Күз  жетті  ме,  батыр-
ау,  неге  тоңдым,  –  дегенде,  бағанадан  кезек  қағысып, 
шапшаңдыққа  өздерін  қайрағандай  боп  келе  жатқан  ақын 
жігіттер тегіс елең ете қалысты. Бірақ алдымен іліп әкеткен 
Ақылбай болды:
Тоңғаның рас, бозарып түсің де оңды 
Ендігі  кезекті  Дәрмен  айтуға  бейімделді.  Ол  бұлардың 
ішіндегі  ең  шапшаңы  және  тапқыр,  айтқышы.  Дәрмен 
бағанадан  бергі  дағдысымен  төрттіктің  соңғы  екі  жолын 
тағы  өзі  бітіруге  ыңғайланғанда  Мағаш  қатарында  келе 
жатқан Дәрменнің тізгінін ұстап күліп тұрып, әзіл айтты.
– Дәрмен, сен шабытыңды ірке тұр. Бағанадан бері есеміз 
мына Кәкітайда кетіп барады. Бұл неге қосылмайды? Осы 
айтсын. Айт, кәне шапшаң!– деп, Мағаш көзін сығырайта 
күліп, өзінің үнемі қатты қалжыңдасатын құрдасы Кәкітайға 
қарады. Ол да осындай бір шабуылды тосқандай екен. Жол-
дастарын таң қалдырғандай оқыс өжеттік көрсетті. Өзінің 
шарылдаған қатты үнімен дауыстап тұрып, іле жөнелді:
Бірің тоңып, бірің оң, жұмысым жоқ,

143
Сұхбат
Ойына түк кірмейді Кәкітай шоңның!
деп қатты күліп жіберді.
Ақылбай баяу мінезімен таңырқаған бойында Кәкітайға 
бұрылды да, «шоңның»... деп, соңғы ұйқасты қайталап:
– Бұл не деген ұйқас!?–деді.
Дәл  осы  сәтте  Мағаш  пен  Дәрмен  Кәкітайды  мысқыл 
етіп,  Ақылбайдың  күдігін  қостап,  күле  жөнелісті»,  –  деп, 
Мұхаң Абайдың ақындық ортасын осылайша суреттейді.
Ш.Сариев:  «Абай»  романының  бірінші  кітабында, 
М.Әуезов  Абайдың  ақындық  жолында  Барлас  ақынмен 
кезіктіріп  суреттейді.  Қонақ  болып  келген  Барлас  ақынды 
Абайға  Ұлжан  былайша  баян  етеді:  «Қонақтармен  жай 
сұрасып,  амандасып  болған  соң  Ұлжан  Абайға  қарап  жы-
миып: 
–  Ал,  балам,  әжеңмен  екеумізді  қажай  беруші  едің, 
әңгіме-жырдың дүкені міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас 
деген ақын! – деді.
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген, зор дау-
ысты ақ сары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін 
ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес.
Барлас  іле  сөйлеп  кететін  жарқылдақ,  ашық.  Осы  үйде 
талай күннен жатып жүрген, ақыл адамы сияқты. 
–  Е,  балам,  «шешенің  судай  төгілген,  тыңдаушың  бор-
дай  егілген»  дегендей,  сөйлеуді  де,  тыңдауды  да,  сүйген 
ел – ел-дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше 
жалықпас!»  –  деп,  жас  жолдасына  қарап  күліп  қойды», 
–  дейді.  Бұл  Абайдың  Абай  болу  жолындағы,  ақын  болу 
жолындағы баспалдақ еді. 
У.Қалижан: Әрине, ел іші – қазына демекші, Абайдың 
мектебі халық ақындары ғой. «Қобыландының қоштасқаны, 
Тайбурылдың жекпе-жегі Абайды, әсіресе, елтіткендей бо-
латын. Жатқанда көпке дейін қызып, ұйқтай алмады. 
Ертеңіне Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді. 
–  Жүрмеңдер.  Асықпай  әлі  біраз  күн  қонақ  боп  жатып 

144
Сұхбат
кетіңдер,  –  деді.  Бұл  Абайдың  тілегі.  Абай  бұрын  тағлім, 
үлгі – кітапта; білім, – өнер-медреседе ғана деп түсінетін. 
Оған, дастан шебері – Низами, Науаи Фзулиде; мұң нәзігі 
– Шайх-Сағди, Хожа-Хафизде, батыр жыры – Фердаусиде 
көрінетін. 
Қазақта  нелер  «Баян-Көрпеш»,  талай  «Ақбала  – 
Боздақтар» барын анық білмеуші еді. 
Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба, немесе Барлас пен 
Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, 
кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете 
желген әнінен бе? Бебеу қаққан қоңыр, майда баяу домбы-
радан ба? Қалайда болса Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл 
осы Барлас Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар 
ешнәрсе есітпеген сияқты болды. 
Күндіз  де,  түнде  де  Барластардың  қасынан  шықпайды. 
Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға қанбазардай 
қалың жиын үйі қып жіберді. 
Бие байлап болғаннан кейін, түске жақын, ауыл қымызға 
жиылады. Қыза отырып, жыр тыңдайды. Күндіз ылғи ұзақ 
жырлар жырланады. Немесе, әредікте шешендер, ділмарлар 
айтқан тақпақ, тартыс, билік даулар айтылады.
Ал ел айығып оңаша қалғанда Барлас өз жырларына қоса 
өзі құрбы өзге ақындар айтқан жырларды термелеп кетеді. 
Бұлардың  ішінен  заман  зарын,  көп  мұңын  шертетін 
сөздерді,  әсіресе,  бөліп  айтады.  Барлас  біреуді  мақтап, 
біреуден  сұрап  жырлайтын  ақын  емес»,  –  деп  баяндайды 
ұлы Мұхаң. Абай мектебіне айналған Барлас ақын арқылы 
ақындық сезімін бірте-бірте оятады. 
Ш.Сариев: Ия, сол Барлас ақын жырлаған жырлар Абай 
көкейіне қонып, өмірдің құпия сырын аша бастайды. Енді 
бірде Мұхаң: «Барлас «ұлық пен бек» дегенге кімді айтады? 
Онысын ашпайды. Бірақ Абай оның мұндай жырларын ылғи 
өзінше ұғады. Мысалдың көбін жақыннан іздейді. Бірақ бұл 
бала сырын, ойын ешкімге ашпайды. 

145
Сұхбат
Старшын дейтін әкім бар,
Пайдасын көрер жақындар.
Қалың елі тек жемі,
Боранды күн тиіскен
Аш қасқырдай тақымдар...
Бұл – «старшын Майбасар» деп ойлайды Абай.
... Жарлы, зарлы демейді,
Кеңінен ашып көмейді
Түгіменен түйесін
Жұтам десе қай сорлы
Қалтқы болып бөгейді?
Соны көріп ақынның
Аса түсіп ағы да
Ажымы да көбейді, –
деп «аһ ұрғандай» боп кеткенде, Абай Барластың қайғысын 
да танығандай болады», – деп жазады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет