Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата21.01.2017
өлшемі0,99 Mb.
#2342
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №5 (38) 2014. Ғылыми және әдеби-көркем журнал
МЕНШІК ИЕСІ:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институты 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:
Қалижанов  У. 
–  төраға,  бас  редактор,  филол.ғ.д.,  ҰҒА 
корреспондент мүшесі
Ақыш Н. – бас редактордың бірінші орынбасары, филол.ғ.д.
Ананьева С. – бас редактордың орынбасары, филол.ғ.к., доцент
Ахетов  А.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  аға сарапшысы
Әбдезұлы Қ. – филол.ғ.д., профессор
Әбдіғазиев Б. – филол.ғ.д., профессор
Әзібаева Б. – филол.ғ.д., профессор
Әлібекұлы А. төрағаның орынбасары, филол. ғ.к., доцент
Елеукенов Ш. – филол.ғ.д., профессор
Ерғалиева Р. – өнертану ғ.д., профессор
Жұмасейітова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Күзембай  С.  –  өнертану  ғ.д.,  профессор,  ҰҒА  корреспондент 
мүшесі
Қасқабасов С. – ҚР ҰҒА академигі
Қирабаев С. – ҚР ҰҒА академигі
Мамыраев Б. – филол.ғ.д., профессор
Мұқан А. – өнертану ғ.к., доцент
Мұсағұлова Г. – өнертану ғ.к., доцент
Нұрғали Қ. – филол.ғ.д., профессор
Ісімақова А. – филол.ғ.д., профессор
Сұлтан    Е.  –  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет    және  өнер  
институтының  баспасөз  хатшысы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Қолдарыңызға  ұстап  отырған  –  ғылыми-көпшілік  және 
әдеби-көркем «Керуен» журналының кезекті саны:
– егер де Сіз тәуелсіз еліміздің әдебиеті мен өнері, фоль-
клоры  мен  рухани  өмірі  жайында  жан-жақты  хабардар 
болғыңыз келсе;
– егер де Сіз ұлтымыздың жан дүниесінің айнасы болып 
табылатын көркем әдебиетіміз жайындағы терең де білікті 
зерттеулерді оқығыңыз келсе;
–  егер  де  сіз  төл  өнеріміздің  әр  саласынан  жазылған 
мазмұнды    мағлұматтарға,  байсалды  талдауларға 
қаныққыңыз келсе;
– егер де Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігіне қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының тыныс-тіршілігінен үнемі құлағдар бо-
лып отырғыңыз келсе;
– егер де Сіз өзіңізді төл әдебиетіміз бен өнеріміздің шы-
найы жанашыры деп санасаңыз;
–  бір  ауыз  сөзбен  айтқанда,  бүгінгі  рухани  өміріміздің 
тыныс-тіршілігінен  жан-жақты  хабардар  болғыңыз  келсе, 
онда Сіз...
«Керуен» журналының тұрақты оқырманына айналасыз.
 
Жазылу индексі: 75278
Жазылу бағасы:
2 айға 4 айға 6 айға 8 айға 10 айға  12 айға
Қала үшін 233 тг 233 тг 233 тг 233 тг 235 тг
1400 тг
Ауыл 
үшін
200 тг 200 тг 200 тг 200 тг 200 тг
1200 тг
«Керуен» журналына жазылу жыл бойы жүргізіледі. 
Журнал 
«Қазпошта» 
АҚ-ның 
жергілікті 
бөлімшелерінде  жазылуға  болады.  Оған  ешқандай  шек 
қойылмайды.

3
Әдебиеттану                        
У.Қалижанов
                         
 
 
ҚАЙРАТКЕР ЖОЛЫ
Көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  Қазақстан 
Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты, 
әдебиеттанушы-ғалым,  филология  ғылымдарының  док-
торы,  професор  Шериаздан  Рүстемұлы  Елеукеновтің  өмір 
жолына  көз  жүгіртетін  болсақ,  оның  бастауыш  және  ор-
талау  мектепті  Ұлан  ауданының  Тарғын  ауылында,  Жар-
ма  ауданының  Жанама,  Қазаншұңқыр  кеніштерінде,  Ұлан 
МТС-інің Шымқора селосында бітіргеніне куә боламыз. 
Шәкеңнің  де  жастық  шағы  өз  замандастары  тәрізді 
аумалы-төкпелі  кезеңдерге  тура  келді.  Оның  Ұлы  Отан 
соғысы  жылдары  жазғы  демалыста  Ұлан  ауданы  «Еңбек» 
колхозының  ферма  есепшісі,  басқарма  хатшысы  қызметін 
атқаруы  осының  айғағы.  Тылдағы  ауыр  жұмысқа  белін 
шеше  кіріскен  ол    ауыл  шаруашылығы  артелінде  жұмыс 
істей  жүріп,  Шымқора  орталау  мектебі  бастауыш  комсо-
мол  ұйымының  хатшысы  ретінде  қоғамдық  жұмысқа  бел-
сене араласты. «1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік 
еңбегі  үшін»  медалімен  марапатталуы,  сол  жылдардағы 
Ұлан аудандық комсомол комитеті пленумының мүшесі бо-
луы сұрапыл жылдардағы жасөспірім жігіттің Отанын жау-
дан қорғау жолындағы еңбегін паш етеді. 
Соғыс жылдары еңбек майданында шыңдала жүріп оқудан 
қол  үзбеген  жеткіншек  1946  жылы  Өскемен  қаласындағы 
Жамбыл  атындағы  қазақ  орта  мектебін  үздік  тамамдады. 
Сол жылы үлкен байқаумен Қазақтың С.М.Киров атындағы 
Мемлекеттік университеттің филология факультетінің орыс 
журналистикасы бөліміне оқуға түсіп, өзінің алғырлығымен 
оны да үздік бітіріп шықты. Факультет комсомол ұйымының 
хатшысы  ретінде  университет  өміріне  қызу  араласқан  ол 
студент кезінен бастап республикалық газеттерге   шағын 

4
Әдебиеттану                        
хабарлар жазумен айналысты. 
Ш.Елеукенов  сүйген  мамандығының  дипломын  қолға 
алған  соң,  журналистикаға  араласып  1951-1959  жылдары 
Шығыс  Қазақстан  облыстық  “Алтай  большевигі”,  кейін 
“Коммунизм  туы”  газетінде  әдеби  қызметкер,  маркстік-
лениндік  теорияны  насихаттау  бөлімінің,  ара-тұра  партия 
тұрмысы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін қоса атқарды. 
Ол  кезде  жоғары  оқу  орындарына  оқытушыларды 
республикалық  байқау  арқылы  алатыны  белгілі.  Газет-
те істей жүріп, өзі білім алған оқу орнына оқытушылыққа  
бағын  сынамақ  болып  үлкен  байқауға  қатысады. 
Республикалық  байқаудан  сүрінбей  өткен  журналистің 
ендігі  кезекте  оқытушылықпен  айналысуына  тура  келді. 
1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналис-
тика  факультетіне  аға  оқытушы  қызметіне  тағайындалған 
ол  мұнда  да  өз  кәсібінен  қол  үзбеді.    Ұстаздықпен  бірге 
“Қазақ университеті. Казахский университет” атты көп ти-
ражды газеттің жауапты редакторы қызметін қоса атқарады. 
Өз  мамандығы  бойынша  “Газет  жанрлары”  атты  оқулық 
жазуы  да  осы  тұстағы  сұраныстан  туғаны  анық.  Осы-
лайша  ұстаздық  еткен  жылдар  мерейтой  иесінің  тағы  бір 
қырын аша түседі. Оның әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінде журналистика, кітаптану,  әдебиет тарихы 
курстарынан дәріс оқып, Баспа және редакциялау кафедра-
сын  ашуы,  “Кітаптану  негіздері”,  “Қазақ  кітабының  тари-
хы” /Ж.Шалғынбаевамен бірге/ оқулықтарын жазуы – осы 
жылдардың жемісі. 
Республикалық  басылымдарда  әдеби-сын,  ғылыми 
мақалаларымен танылған ол ғылыми жұмысқа икемділігінің 
арқасында    1963  жылы  КОКП  Орталық  Комитеті 
жанындағы Қоғамдық Ғылымдар Академиясы әдебиет тео-
риясы бөлімінің аспирантурасына оқуға түсті. Көп ұзамай 
Академияның ғылыми кеңесінде “Қазақ романы және  за-
мана”  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация  қорғап, 

5
Әдебиеттану                        
“Казахский  роман  и  современность”  атты  монографиясын 
шығарды.  
1967  жылдан  1971  жылға  дейін  партия  қызметінде  бо-
лып, 1971 жылы Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы 
Баспасөз  жөніндегі  комитеттің  председателі  қызметіне 
жоғарылатылды.  1971-1986  жылдары  Қазақ  ССР  Баспа, 
полиграфия  және  кітап  саудасы  жөніндегі    комитетінің 
төрағасы  ретінде бірқатар одақтық маңызы бар шараларды 
ұйымдастырды. Бұл жылдары ол Одақ көлемінде мемлекет 
қайраткері ретінде танылды. 
Ол  Қазақстан  Ғылым  Академиясының  М.О.Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының  директоры 
болған 1986-1988 жылдары ғылымның ұйымдастырушысы 
ретінде  танылды.  Бұл  жылдары  Шериаздан  Елеукенов 
тарихтағы  “ақтаңдақтарды”  жою,  ұлттық  әдеби  мұраны 
түгендеу,  бұрын  ұлтшыл  атанған,  сталиндік  қуғын-
сүргінге ұшыраған ақын, жазушылардың   шығармаларын 
қайта  қарап  жариялау  жөніндегі  Орталық  Комитет  құрған 
комиссия  төрағасының  орынбасары  ретінде  Шәкәрім 
Құдайбердиев,  Мағжан  Жұмабаев,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Міржақып  Дулатов,  Жүсіпбек  Аймауытов  секілді  сая-
си  қуғын-сүргін  құрбаны  болып,  заңсыз  айып  тағылған 
аса  көрнекті  ақын-жазушылардың  асыл  мұрасын  халқына 
қайтару ісінде үлкен жұмыс жүргізді. Ғалым соңғы жылда-
ры жазып жүрген эсселерінде сол бір ауыр жылдарға қайта 
жан  бітіріп  жүр.  Ұлттық  әдебиетке  қомақты  үлес  қосқан 
бес арыстың бір жылдың ішінде ресми ақталуы оңай шаруа 
болған жоқ. Кеңестер Одағының құрамына енетін Қазақстан 
Республикасы  үшін  1988  жыл  сәтті  жыл  болды,  ұлттық 
әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттері  толықты.  Жоғалғанымыз 
табылып,  өшкеніміз  жанды.  Осындай  игі  істердің  басы-
қасында Шәкең сынды ұлтжанды азаматтар жүрмесе, оның 
шұғыл жүзеге асуы неғайбыл еді.  

6
Әдебиеттану                        
Ресми  ақталған  қаламгерлердің  шығармаларын  қайта 
жариялау,  оларды  насихаттау  ісі  ғалымдарға  тағы  бір 
міндет  жүктеді.  Бұл  тұста  ғалым  бес  арыстың  өмірі  мен 
шығармашылығы жөнінде “Жаңа жолдан. С новой строки” 
атты қазақ, орыс, тілдерінде жеке кітап шығарды. Не бары 
бір жылдың ішінде жазылып, 1989 жылы шыққан бұл кітап 
Шәкеңнің қаламы жүйріктігін, ғылымға құштарлығын тағы 
бір дәлелдеді. Мағжан поэзиясына деген құштарлық оны ар-
найы зерттеуге алып келді. 1995 жылы ғалымның “Мағжан” 
атты монографиясы жарық көрді. Әдебиеттанушылар тара-
пынан жоғары бағаланған бұл еңбекке 1998 жылы Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік сыйлығы және Қазақстан Жур-
налистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығы 
берілуі  ғалымның  осы  жылдардағы  толассыз  еңбегін 
айғақтаса керек.   
Біраз  жылдар  мемлекеттік  қызметтерде  болған  оған 
М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтына 
келуі  шығармашылықпен,  ғылыммен  тыңғылықты  айна-
лысуына  септігін  тигізді.  1988  жылдан    осы  институттың 
бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған ол 1989 
жылы  М.Горький  атындағы  Әлем  әдебиеті  институтын-
да  “Қазақ  романының  идеялық-көркемдік  және  жанрлық 
ерекшеліктері”  деген  тақырыпта  докторлық  диссертаци-
ясын  қорғады.  “Казахский  роман  и  современность”,  “За-
мандас парасаты”, “От фольклора до романа-эпопеи” атты 
еңбектерінде  қазақ романының туу, қалыптасу,  өркендеу 
тарихын кең ауқымда зерттеді. Ғалым “Фольклордан роман-
эпопеяға  дейін”  деген  еңбегінде  кең  құлашты  эпикалық 
қазақ  романының  қайнар  көзі  арыда  жатқанын  түсіндірді, 
ғылыми  тұрғыда  дәлелдеді.  Қазақ  романының  тарихын 
тыңғылықты  зерттеген  ғалымның  назарынан  тәуелсіздік 
тұсында    шыққан  жаңа  романдар  таса  қалған  емес.  Оған 
үстіміздегі  жылы  «Жұлдыз»  журналының  бірнеше  санда-
рында  жарияланған «Тәуелсіздік дәуір романы: тұлғалық, 

7
Әдебиеттану
адамзаттық тұрғысынан» деген зерттеуі куә. 
Мемлекеттік  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында 
жарық көрген 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты 
іргелі  еңбектің  10-томы  тәуелсіздік  тұсындағы  әдебиетке 
арналғаны  белгілі.  Осыдан  оншақты  жыл  бұрын  қазіргі 
әдебиет  туралы  айту  оңай  емес  еді.  Бар-жоғы  оншақты 
жылдың әдебиеті жөнінде кім не жазар дейсің деп отырғанда 
Ш.Елеукенов  осы  іргелі  еңбектің  бас  алқасының  мүшесі 
ретінде оныншы томның жауапкершілігін өз мойнына алды. 
Әдеби процесті жіті қадағалап отыратындығының арқасында 
бас  редактор  тәуелсіздіктің  алғашқы  онжылдығындағы 
қазақ әдебиеті туралы көлемді еңбекті алдымызға қойды. 
Ғалым  “Әдебиет  және  ұлт  тағдыры”,  “Сұлулыққа 
іңкәрлік” туындыларында қазақ халқының тарихы жөнінде 
келелі  ой  қозғаса,  “Ғасырмен  сырласу”,  “Қазақ  әдебиеті 
тәуелсіздік  кезеңінде”,  “Тәуелсіздік  биігінен”,  “Казахская 
литература:  новое  прочтение”  сынды  еңбектерінде  қазақ 
әдебиетін тәуелсіздік тұрғысынан қайта қарап, күні бүгінге 
дейін жазылып жатқан шығармаларды тағы бір ой елегінен 
өткізді.  
Сыншының  ХХ  ғасырдың  елуінші  жылдарынан  бас-
тап  әдеби-сынға  белсене  араласқаны  баршаңызға  белгілі.  
Ұлттық  әдебиеттің  тарихы  мен  теориясын,  теория-
сы  мен  сынын  бірлікте  қараған  сыншының  күні  бүгінге 
дейін  әдеби  сынға  араласып  жүргені  өздеріңізге  мәлім. 
“Жұлдыз”, “Таң-Шолпан”, “Простор”, “Жалын”, “Мысль”, 
“Ақиқат”  журналдарында,  “Егемен  Қазақстан”,  ”Казах-
станская  правда”,  “Жас  алаш”,“Қазақ  әдебиеті”,  “Әдебиет 
айдыны”,  “Заман-Қазақстан”,  “Түркістан”  тәрізді  газет-
журналдардың қайсысын ашып қарасаңыз да, онда Шери-
аздан Рүстемұлының жаңа туынды жөніндегі пікірлері мен 
әділ сындарын оқи аласыз. Табиғатынан жазушылығы ба-
сым қаламгердің көркем шығарма жөніндегі қисынды тал-
дауларына қарсы дау айту әсте мүмкін емес. Сондықтан да 

8
 Әдебиеттану
ол қаламгерлер қауымының үлкен құрметіне ие. 
Қарымды қаламгер шығармашылықпен ғана айналыспай, 
қоғамдық  жұмыстарға  да  белсене  араласты.  Оның  екі  рет 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  құрамына, 
үш  мәрте  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаттығына 
сайланып,  Қазақстан  Жазушылар  одағының  басқарма 
мүшесі,  Қазақстан  Журналистер  одағының  хатшысы  бо-
луы  соның  айғағы.  Сонымен  бірге  ол  шет  елдермен  бай-
ланыс  жөніндегі  қазақ  қоғамы  басқармасының  мүшесі, 
Қазақстан  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерін    қорғау 
қоғамы орталық кеңесінің мүшесі, Герман Демократиялық 
Республикасымен достықтың Совет қоғамы қазақ бөлімінің 
төрағасы,    Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  жанындағы  
Әдебиет, 1971 жылдан бастап әр жылдары өнер және сәулет 
саласындағы  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
сыйлықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі, Қазақ ССР 
Кітапқұмарлары  ерікті  қоғамы  орталық  басқармасының 
мүшесі  секілді  қоғамдық  жұмыстарды  үздіксіз  атқарды. 
Мұның  өзі  Шәкеңнің  тек  қалам  қайраткері  емес,  қоғам 
қайраткері екендігінің бірден-бір мысалы.  
Ұстаздық  еңбектің  бір  қыры  ғылыми  кадрларды  дай-
ындау  ісімен  ұштасты.  Осы  тұрғыда  әл-Фараби  атындағы 
Қазақ ұлттық университеті филология факультеті, журнали-
стика факультеті жанындағы докторлық және кандидаттық 
диссертация  қорғау  жөніндегі  мамандандырылған  кеңес 
құрамдарында  көп  жылдар  мүше  болды.  Біраз  уақыт 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институ-
ты  жанындағы    филология  ғылымдарының  докторы 
ғылыми  дәрежесін  беру  жөніндегі  диссертациялық  кеңес 
төрағасының  орынбасары  қызметін  атқарды.  Көрнекті 
ғалымның  жетекшілігімен  10  кандидаттық,  1  докторлық 
диссертация қорғалды. Ғалымның ғылым жолына жолдама 
берген шәкірттері бүгінде ұстаздары секілді республиканың 
түкпір-түкпірінде шәкірт тәрбиелеуде.  

9
Әдебиеттану 
Ғалымның  ұлттық  ғылымға  қосқан  үлесі  ескерусіз 
қалмады.  Ол  2004  жылы  ғылым  мен  техниканы  дамытуда 
аса көрнекті үлес қосқан ғалым ретінде мемлекеттік ғылыми 
стипендияның,  2008  жылы  әдебиет  пен  өнердің  50  үздік 
қайраткеріне  тағайындалған  Президенттік  стипендияның 
лауреаты болды.  «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, 
көптеген  медальдармен,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің, 
Қазақстан  Республикасы  Ғылым  академиясының  Құрмет 
грамоталарымен  марапатталуы  қазақ  ғылымына  қосқан 
үлесінің жарқын көрінісі. 
Қазіргі  таңда  Шериаздан  Рүстемұлы  тәрізді  ғылым 
корифейінің  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  ин-
ститутында шаршамай, талмай жұмыс істеуі біз үшін үлкен 
қуаныш. 

10
Әдебиеттану
Б.Мамраев
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ
Ғұламаны  Абай  айтқандай,  «ер  данасын»  адамның  
өзінің    табиғи  болмысы,  әр  адамның  өзінің  шынайы  
берілген  ісін  атқарудағы  шеберлігі,  қайтпас  қайсарлығы 
мен өзі өмір сүрген заманы туғызады  деп ойлаймын. Он-
дай қайраткерлермен қатар жүріп, өмір сүріп, олардың адам 
үшін, ел болашағы үшін қиындықтардан тайсалмай, ерлік 
істерін  өз  көзімізбен  көріп  келеміз.  Оларды  мақтаныш 
тұтамыз, әр атқарған жұмыстарына сүйсінеміз, үлгі аламыз 
қазақ еліне  шын берілген азамат деп білеміз. Сондай өзім 
ерекше құрметтейтін  ғұлама ғалым, әдебиет ғылымын бір 
белеске шығарушылардың  бірі деп  Шериаздан Рүстемұлы 
Елеукеновті  айтар едім.
Мен Шериаздан ағаның шығармашылығын жіті бақылап, 
оның  жетістіктеріне  қол  соға  қуанып  жүретін  інілерінің 
бірімін деп есептеймін.
Неге  олай  дейсіздер  ғой?  Себебі  менің  әдебиет 
ғылымының қыр-сырларына жетуіне,  оны меңгеруіме Ше-
риаздан  Рүстемұлының  әсері  мол  болды.  Ол  әсерді  бірге 
қатар жұмыс атқарысқан Қазақстан  Ғылым академиясының 
М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтында 
жұмыста бірге болып, әр сәт сайын пікірлесіп отырғаннан  
санама  түйгенмін.  Ағамыздың  өзінің    кішілерге  деген 
ұлағатынан  осылай  сусындап  едік.    Ағаның  салмақтығы, 
парасаттылығы,  кішіпейілділігі    көп    білетін  феномендегі  
қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы екендігін байқатты. 
Кейіннен  С.  Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан 
университетінің ректоры болған бірнеше жыл ішінде жұмыс 
атқарған  шақтарымда    өзінің  кіндік  қаны  тамған  туған 
жеріндегі білім қара шаңырағына келіп, талай рет универ-
ситет  студенттері  мен  оқытушы,  профессорлар  ұжымына 
өзінің  ақыл-кеңестерін  беріп  кететін.  Сол  университеттің 

11
Әдебиеттану  
басшысы  болған  маған  білім  саласындағы  талай  пробле-
малы    жайлардан  ақыл-ойларын  аямаған.  Туған  жердің 
топырағы да, ауасы да ыстық болумен қатар, ағамыз үшін 
сол өңір  тонның ішкі бауындай жақындығы болар,  туған 
жердің  қай  салада    да  шаңырағынан  шығатын  түтіні  түзу 
болғанын  қалайтын,  барынша қолқабысын тигізіп жүруден 
тарықпағандығын байқадым.
Шериаздан Рүстемұлынан жер шалғайлығымен алыстап  
кетсек те, ағаның жылы алақаны, жарқын жүзі, мерейлі сөзі 
мерейімізді бір өсіріп тастайды.
Бүгінгі  85  жылдық  мерейлі  той  Шериаздан  ағаның 
ғұламалық атқарғандарына қомақты назар аудару мен ағаға 
шын  көңілді  рахметімізді    жеткізу.  Осы  бағытта    өмірінің 
кезеңдерін,  ғылыми  еңбектерін  жақсы  білгендіктен,  мен 
бүгінгі күні пікірімді ортаға салуды жөн көремін.
Шериаздан  ағаның  өмірінің  бір  кезеңі  маған  ерекше 
әсер еткені журналистика саласындағы жұмысы.  Жастық 
шағын  туған  жердің    төсінде    өткізіп,  екі  тілді  бірдей 
меңгергендігі ағаның болашағына әу бастан тағдырдың жол  
салғанындай. Қазақ мектебінде оқып, Қазақтың мемлекеттік 
университетінің журналистикасының  орыс бөлімінде оқуы 
ғалымның  ілгеріге  салынған  үлкен  жолы  еді.  Ол-екі  тілде 
бірдей хабарлар, мақалалар, очерктер, суреттеулер  жазуына 
мүмкіндік берді.
Бұл  болашақта  ірі  мемлекеттік  жұмыстарда    болуына 
көмек бергендей, КазМуде оқытушы  болуы, онда универ-
ситет газетін басқаруы, ірі баспа орындарына істеуі әртүрлі 
тақырыптағы  мақалалары  өзалдына,  ғылми  еңбектер  мен 
оқулықтар жазу тәжірибесіне жеткізді. 
1963  жылы  КОКП  Орталық    комитеті  жанындағы  
Қоғамдық  ғылымдар  Академиясы  әдебиет  теориясы 
бөлімінің  аспирантурасын  конкурста  жеңіп  шығып  оқуға 
түседі.  Бұл  Шериазданның  өміріндегі  үлкен  белес  болды. 
Ол  Мәскеу  ғалымдарының  шешімімен  «Әдебиеттанушы 

12
Әдебиеттану
маман»  деген  куәлік  алуы    және  «Мысль»  баспасынан 
жарияланған,  «Многонациональный  советский  роман» 
атты кітапқа көлемді зерттеу  еңбегінің енуі қазақ әдебиеті 
бойынша  сол  кездегі  қалам  тартқан  талай  ғалымдардың 
алдына  шыққандығы  деп  білемін.  Мәскеуге  қаламгерлігін  
мойындатқан Шәкең енді ғылымда шырқау биікке шығып, 
«Қазақ романы және замана»  атты тақырыпта кандидаттық 
диссертациясын ойдағыдай қорғайды.  Іле-шала «Казахский 
роман и современность» монографиясы  жарқ ете түсті. Бұл 
қазақ әдебиетінде орыс оқырмандарына және көп ұлтты  со-
вет халықтарына таныстыру саласындағы ерекше құбылыс 
болды.
Шериаздан  Рүстемұлының  журналистикамен  қатар 
басқару  саласындағы,  оны  дамытудағы,  жаңа  бағыттар 
ашудағы  тарихи  ісі.  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
комитетінің  насихат және үгіт бөлімінің  нұсқаушысы, болып 
меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқаруы болды. 
Шәкеңнің жіті басшылығының арқасында қазақ журналис-
тикасына нұқсан келтіретін аударма газеттерінің көбеюінің 
жолын  қиды,  баспасөз  беттерінде  ауыл  тұрмысының  
мәдениетін көтеруге жариялайтын мақалалардың  өріс алу-
ына атсалысты. Сонымен  бірге редакция ғимараттары са-
лынып, журналистердің тұрмысын жақсартуға күш салды.
Ал,  1971  жылы  Қазақ  ССР  Министрлер  Советінің 
жанындағы    баспасөз  жөніндегі  комитеттің  председателі 
қызметіне жоғарлатылып келгенде,  баспа, полиграфия, кітап 
саудасы өркендеді. Мұндағы 15 жылдық басшылық  еткен 
кездерінде қазақ  энциклопедиясы, «Дүние жүзі әдебетінің 
кітапханасы»,  «Орыс  классикасы»,  қазақ  ауыз  әдебиетінің 
түрлерін  саралап  шығару  басталды.  Бұдан  басқа  «Уақыт 
пен қаламгер» сериясы, жаңадан «Жалын», «Өнер» баспа-
лары  жұмыс істеді.
Шериаздан Елеукенов аталған елеулі органдарда жұмыс 
атқарған  кездерінде  журналистика  мен  кітап    тағдырына  

13
Әдебиеттану 
жаңа жол ашылғандықтан, халықтың оқырмандық аудито-
риясы үлкейіп,  оқырмандар саны көбейді.
Шәкең  Кеңес  одағының  тарихында  жаңа  бетбұрыс 
басталған  кезде,  тарихтағы  «ақтаңдарды»  жауып,  ұлттық 
әдеби мұраны қайта тірілту, ұлтшылдық таңбасымен қуғын-
сүргінге  тап  болған  ақын-жазушылардың  шығармаларын 
қайта  қарап,  халыққа  таныстыру  жөніндегі  комиссияның 
төрағасының орынбасары болғанда – Шәкәрім, Мағжан, Ах-
мет, Міржақып, Жүсіпбек сияқты «бес арыстың» ақталуына 
қызмет етті. Осы «бес арыс» жөніндегі «Жаңа жолдан. «С 
новой  строки»  атты  кітабын  екі  тілде  шығарып  жұрттың 
алғысына ие болды. Бұл  – республика  халқын дүрілдеткен 
құбылыс еді. Әйгілі институттың жұмысы осылайша Шәкең 
басқаруда іргелі өрлеулер жасағанын өз көзімізбен көрдік. 
Әдебиеттегі  күрделі  жұмыстар  атқару  бақытына  институт 
қызметкерлері  тағы  да  ие  болды.  Фольклор    үлгілерінің 
50  томдығын,  халық  композиторларының  әндері  мен 
күйлерінің  20 томдық жинағын,   10 томдық  қазақ әдебиеті 
тарихын дайындап шығару бағдарламасы жасалды. 
Ғылыми  құрам  жетілдірілді,  ғалымдар  докторлық, 
кандидаттық диссертациялар қорғады. 
Ал,  Шәкеннің  өзі  1989  жылы  М.Горький  атындағы 
әлем  әдебиеті  институтында  «Қазақ  романының  идеялық- 
көркемдік  және жанрлық ерекшеліктері» атты тақырыпта  
докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғап шыққандығы 
әдебиеттану ғылымындағы зор үлес болды.
Шериаздан  Рүтемұлы  әдеби  сын  жанрында    қомақты 
еңбек еткендігі, басқа әдеби сыншылардың қатарынан орын 
алып, қазақ әдебиеті сынын  ерекше қолға алып дамытқаны 
оның еңбектерінен  айқын көрінеді.
Оның «Фольклордан роман - эпопеяға дейін» атты  еңбегі 
қазақ  романының  қайнар  көздері,    әр  тарихи  кезеңдегі 
фольклорлық  және әдеби жанрлардың өзара  байланысы, 
жаңа  эпос-роман  жанрының  туып-қалыптасуындағы    рөлі 

14
Әдебиеттану
ғылыми жан-жақты тексеріліп,  дұрыс түйінін тапқан зерт-
теу. Халықтың ауызекі әдебиеті мен халық ақындары твор-
чествосы  және  жазба  әдебиет  салаларының  эстетикалық 
құндылықтары  және өзара байланысы елеулі өзгешеліктері  
алғаш  рет  жүйелі  түрде,  нақтылы  дәлелденген.  Қазақ 
фольклорының    дамуын  зерттеуде  бұған  дейін  ескерілмей 
келген  ішкі  буын    –  қазақ  мифтік  жанрын    зерттеу  қолға 
алынды. Мұның өзі ұлттық романның табиғатын толығырақ 
түсінуге,  оның  қазақ  поэзиясымен  ішкі  байланыстарын 
ашуға  жол  ашты.  Фольклорлық  ойлаудан  ой  толғанысына 
көшу  процесінің  тарихи  принціпіне  сүйеніп,  зерделеген 
еңбек  қазақ  романы  жанры  поэтикасының  өсіп-өркендеу 
заңдылықтарын  тұтынуға,  оның  тұрмыстық  пішіннен  
әлеуметтік-психологиялық  романдарға    ірі  эпикалық 
формаларға дейінгі даму үрдісін саралап анықтауға  дұрыс 
бағдар-бағыт сілтеді.
Ш.Р.  Елеукенов  сыншыл  алғырлығы  мен  тереңдігі, 
ғылыми  біліктілігі,  зерттеушілік  таланты  «Мағжан»  атты 
монографиясынан  айқын көрінді. Тұңғыш Мағжан поэзия-
сы  әлемдік  сөз  өнері  жүйесінде  зерттелді.  Қазақ  әдебиеті 
мен  әлемдік  әдбиет  мәселелері  сабақтас,  бірге  екендігін 
Мағжан  шығармашылығы,  оның  Батыс,  Шығыс  поэзи-
ясымен  тоғысатындығы    анық  көрсетілген.  Мағжанның 
ақындық ерекшелігі, психологизмге жақындығы, ондағы та-
быстары, символистік ізденістері, адамның ішкі дүние сөзін 
сөйлету қасиеті,  ұлттық және азаматтық сипаты, ұшан-теңіз 
көркемдік ізденістері, эстетикалық көзқарастары, тақырып  
табудағы  жаңалықтары,  түркі  тектес  ағайындардың  
бүтіндігін  көксеуі    т.б  мәселелер  ғалымның  ғұламалық 
еңбегінде айқын шешімін тапқан.
«Мағжан» атты  монография – қазақ әдебиеттану ғылыми 
дамудың  жаңа  белесіне  көтерілгеніне  дәлел  еңбектердің 
бірі. Осындай жаңалықтардың, үздіктігінің нәтижесінде бұл 
еңбек мемлекеттік сыйлыққа және ПЕН-клуб сыйлығына ие 

15
              Әдебиеттану                        
болды.
Әдебиет сыны – Шериаздан Рүстемұлының айнымас тірегі, 
әдебиет ағымындағы жаңалықтарға үн қосу бағдары. Кеңес 
дәуірі кезінде ұлы Мұхтардың «Абай жолы», С.Мұқановтың, 
Ғ.Мүсіреповтың,  Ғабиден  Мұстафиннің  шығармаларына 
ғылыми  талдаулар  беретін,  бұл  шығармалардың  тек  қазақ 
әдебиеті  емес,  Кеңес  үкіметі  оқырмандарына  рухани 
мұрасына  қосылған  үлес  деп  бағаласа,      Ә.Нұрпейісовтің 
Т.Ахтановтың,  С.Шәймерденовтің,  Т.Әлімқұловтың  және 
басқалардың  туындылары  сол  заман  оқырмандарының 
талғамын қанағаттандырған тарихи орнын  анықтады.
Ғалымның  әдебиеттегі  сыншылдық  парасатының 
биіктігі еліміз егемендігін алғаннан кейін дүниеге  келген 
ірі  туындыларды  талдау  кезінде  айқын  көрінеді.  Сыншы 
Х.Әдібаевтың  «Отырар  ойраны»,  З.Қабдоловтың  «Менің 
Әуезовім», Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Ш.Мұртазаның «Ай 
мен Айша», С.Елубайдың «Ақ боз үй» Б.Мұқай «Өмірзая», 
және т.б шығармалар туралы аса құнды пікірлерін аса құнды 
пікірлерін алға тартты. Жаңа дүниеге келген ешбір проза, 
поэзия, драмалық туындылар сыншының көзінен таса бол-
май, барлығын оқып үлгеріп, бәріне де оқырман талғамына 
қалай  жауап  беретіндігін,  көркемдігін,  тарихилығын, 
қазіргі  заман  тақырыбына  жазылғандардың  аяқ  алы-
сынан  байқағандарына  ғылыми  тұжырымдар  жасаған. 
Жаңа  ғасырда  туған  Қ.Мұхаметқалиұлының  «Тар  кезең», 
М.Мағауиннің  «Жармақ»,  Т.Зәкиұлының  «Мәңгітас», 
К.Жиенбайдың «Жер үстінде жұмақ бар», Т.Тілеухановтың 
«Ең  ғажайып  хикая»,  Е.Әкімханұлының  «Қалдаяқов  –  ән 
патшасы»,  А.Аширидің  «Идиқұт»  деген  романдарына 
берілген сыни мақалалары бұған толық дәлел.
Ш.Рүстемұлы қазақ әдебиетін дүние жүзі оқырмандарына 
насихаттаушы екендігін айтқан болатынбыз. Қазақ әдебиеті 
туралы тұңғыш мағлұмат беріп, әдебиетіміздің жетістіктерін 
әлемге  паш  еткен  ғалымдардың  қатарында  Шериаздан 

16
  Әдебиеттану
Рүстемұлын айтар едім. Ғалым тек қазақ әдебиетімен шек-
телген жоқ. Туысқан қырғыз әдебиетінің классикасы тура-
лы  да  ғылыми  толғамдары  жеткілікті.  Ең  алдымен,  қазақ 
және қырғыз әдебиетінің бір-бірімен байланысына қомақты 
тоқталып екі ел әдебиетінің біте қайнасып келе жатқаны ауыз 
әдебиетінен басталып, жырауларымызбен жалғасын тапса, 
кеңес дәуірінен бастап М.Әуезов пен Ш.Айтматовтың ұстаз 
бен  шәкірт  ретіндегі  қарым-қатынастарымен  ілгері  дамы-
ды дей келе, қырғыз әдебиеті туралы үлкен шолу мақаласы 
«Новейшая зарубежная литература» атты үлкен жинақтың 
бір тарауы болып енді. Ол «Қырғызстанның жаңа әдебиеті» 
деп аталады. Көлемі зор  бұл материал шетел әдебиетінің 
оқырмандарына  қырғыз  халқының  қазіргі  әдебиеті  тура-
лы мол мағлұмат берумен бірге, бұл әдебиеттің дүние жүзі 
халықтарының  үздік  әдеби  шығармаларының  қатарынан 
ойып орын алатынын айтқан.
Ш.Рүстемұлы – ұлағатты ұстаз. Ғалымдық жұмыстарын 
атқара  жүріп,  жоғары  оқу  орындарында  кездесулер  жа-
сап  немесе  әдейі  дәріс  оқып,  студенттердің  әдебиеттің 
көкейтесті мәселелері бойынша берілген сұрақтарына жау-
ап беріп, қазіргі дүние жүзі әдебиеті, қазақ әдебиеті хақында 
толғанысты пікірлерін ортаға салады. 
Ш.Рүстемұлының 
шығармашылығымен 
республи-
ка  халқы  жақсы  таныс.  Республиканың  батысындағы 
Х.Досмұхамедов 
атындағы 
Атырау 
мемлекеттік 
университетінің филология, қазақ тілі мен әдебиеті, журна-
листика  мамандықтары  ғалымның  шығармашылығы  бой-
ынша  курстық,  дипломдық  жұмыстар  жазуда.  Ғалымның 
биылғы мерейтойы кезінде бұл тақырып қазір күн тәртібінде.
Ұстаз  Шәкең өзінің бай кітапханасынан өз қаламынан 
туған 50-ге тарта кітабын осы университетке табыс еткені 
– үлкен кітапхана сөресін толықтырып,  қорын байытқанын 
айтуды жөн көремін.

17
Әдебиеттану  
Ғұлама  ғалымның,  парасатты  ұстаздың,  салихалы 
сыншының,  әдебиеттер  байланысындағы  зор  еңбегінің 
нәтижесінде Шәкеңді қазақ әдебиет тануындағы орны бөлек 
үлкен тұлғаға айналдырғанын мақтаныш етеміз. 
Атырау қаласы, қазан - 2014 ж.
                                                  Н.Ақыш        


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет