Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



жүктеу 13.65 Mb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата30.12.2016
өлшемі13.65 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

72 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
А. Иксанова,  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н. Аскарбекова, 
Қазақстан-Ресей  
гимназиясының 
қазақ тілі мен  
әдебиеті пәні 
мұғалімдері, 
Өскемен қаласы 
О 
қушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңі - бейімделу 
кезеңі.  Бейімделу  -  тұлғаның  немесе  әлеуметтік  топтың  қоғамдық  ортаға 
икемделу үрдісі. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға 
бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып табылады. Бесінші сыныпта оқу шарттары 
түбегейлі  өзгереді.  Осыған  байланысты  оқушыларда  төмендегідей  қиын 
жағдайлар туындайды: 
-  оқу  жағдайының  өзгеруі:  оқушылар  үйренген  бір  мұғалімінен  кетіп, 
«сынып жетекші – пән мұғалімдері» жүйесіне көшеді;  
-  жаңа  сынып  жетекшісі,  пән  мұғалімдері  баланың  ерекшеліктері  мен 
мүмкіншіліктерінен беймәлім;  
-  бірнеше  мұғалімдермен  байланысқа  түсу  (барлығын  есте  сақтап,  олардың 
талаптарына үйрену: дәптер ұстау талаптары, сұрау, бағалау ерекшеліктері, т.б.); 
- білімін бір емес, бірнеше мұғалімдердің бағалауы; 
- үйреншіксіз жаңа сабақ кестесі, апталық оқу жүктемесінің өзгеруі; 
- көптеген жаңа кабинеттер, олардың әртүрлі жерде орналасқаны; 
- жоғары сынып оқушыларымен тіл табыса алмауы (асханада, үзілісте); 
- 5-сынып бағдарламасының күрделенуі, үй тапсырмасы көлемінің көбеюі; 
Оқушыларға  бейімделу  кезеңіндегі  қиыншылықтардан  сәтті  өтуіне  қолдау 
көрсету үшін, мынадай  мәселелерге көңіл бөлу қажет деген ойдамыз:    
-  соматикалық  мәселелер  –  баланың  денсаулығындағы  ауытқулар,  10-12 
жастағы  бала  ағзасының  физиологиялық  және  психологиялық  өзгерістерге 
ұшырауы;  
- эмоционалдық қиыншылықтар - қобалжу, мектептегі проблемалар туралы 
уайымдау  (өзін-өзі  көрсетуден,  білім  тексеруден,  күтілген  нәтижеден,  мұға-
ліммен қарым-қатынас орнатудан қорқу); стресті қабылдап, қапалануы, стреске 
қарсы  тұра  алмауы;  интеллектуалдық  мәселелер  –  үлгерімінің  төмендеуі,  өз 
сыныптастарынан  даму  жағынан  қалып  қоюы;  тәртіптілік-моральдық  және 
құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін іс-әрекеттерін жасау, т.б. 
Бейімделу  кезеңінің  дұрыс  өтпеуі  дезадаптацияға  әкеледі  (бала  тәртіпсіз, 
жауапкершілігі  төмен  болады,  зейіні  төмендейді,  оқуы  нашарлайды,  тез 
шаршайды,  әлсізденеді,  мектепке  мүлдем  барғысы  келмейді),  яғни  бала  өз 
еркімен  қиыншылықтарға төзе  алмайды.  Осы  кезеңде  оқушыларға  мұғалімдер, 
ата-аналар, психолог тарапынан көмек көрсеткен жөн.  Сондықтан, біз де қазақ 
тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген мәселелерді алдын алуда төмендегідей 
көмек көрсетеміз: 
-  сәтті  бейімделу  үшін  5-сынып  оқушыларының  жеке  және  жас  ерекше-
ліктерін ескереміз; 
-  мектеп  психологының  көмегімен  әр  оқушының  психо-физиологиялық 
ерекшеліктерімен  танысып,  үнемі  сабақтарда  ескеріп,  танымдық  және  мотива-
циялық белсенділігін арттырамыз; 
- ата-аналармен қарым-қатынас жасаймыз; 
- оқушыларға сенім білдіріп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырамыз;  
- оқушыларға жылы лебізбен ықылас пен көмек көрсетеміз.  

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
73 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Бастауыш сыныптан орта буынға ауысу баланың өміріндегі күрделі кезең. Сондықтан, бастауыш сы-
нып мұғалімі 5-ші сынып жетекшісін, пән мұғалімдерін әр баланың ерекшеліктерімен таныстыруы қажет. 
Пәндік  бейімделу  кезеңінде  дайындықты  4-сыныптан  бастау  жөн.  Себебі,  оқушылардың  бастауыш 
сыныптан  орта  буынға  өту  кезінде  негізгі  пәндер  бойынша  кейбір  оқушылардың  меңгерілмеген 
тақырыптар, бекімеген білім, білік, икем дағдылары болады. Сонымен қатар, 4-сыныптан 5-сыныпқа көшу 
кезінде жиі кездесетін жағдай - қазақ тілі мұғалімінің ауысуы. Бұл жағдай оқушыларды жаңа мұғаліммен 
тіл табысуына, оның талаптарына, оқыту әдісіне үйренуді қажет етеді.  
5-ші  сыныпта  жұмыс  істейтін  ұстаз  шәкірттердің  бастауыш  мектептің  бағдарламасы  бойынша  
білімдерінің қалыптасқан деңгейінен, оқушы орта буында оқуына қаншалықты дайын екенінен беймәлім 
болып  қалады.  Сол  себепті,  бастауыш  сыныбында  қазақ  тілі  пәнін  оқытқан  мұғалім  орта  буында  да 
жұмысын жалғастырғаны дұрыс деп ойлаймыз.  
Оқушылардың бастауыш буында алған білім, білік, икем дағдыларының деңгейін анықтау мақсатымен 
жаңа оқу жылының басында әр пәннен кіріс бақылау жұмыстары алынады. Қазақ тілі сабағында 4-сынып 
бағдарламасының  ең  негізгі  грамматикалық  және  лексикалық  тақырыптары  бойынша  кіріс  бақылау 
жұмысына дайындалу мақсатымен қайталау сабақтарын өткіземіз.    
Сонымен, біздің мақсатымыз – бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін 
жағымды жағдай жасау. Ең бастысы – орта мектепке бейімделу кезінде баланы қолдап көмектесу.  
Орта  буынға  бейімделу  кезеңіндегі  қазақ  тілі  пәнінен  кіріс  бақылау  жұмысына  дайындық 
бойынша қайталау сабағы 
Мақсаты:  оқушылардың  бастапқы  А

  игерімінің  қалыптасуы  бойынша    білім,  білік,  икем 
дағдыларының деңгейін анықтау. 
Міндеттері:  
1.  Білімділік:  оқушылардың  негізгі  лексикалық  тақырыптар  бойынша  («Менің  Отаным»,  «Жыл 
мезгілдері», «Мектеп», «Отбасы», «Мамандық», «Достық») сөздік қорының қалыптасуын; грамматикалық 
тақырыптарды меңгеруін (үндестік заңы, буын түрлері, дыбыстардың жіктелуі, жалғау түрлері, етістіктің 
шақтары, жіктеу есімдіктері) тексеру; 
2. Дамытушылық: оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін, сөйлесім әрекеттерін  (айтылым, 
тілдесім, жазылым, оқылым, тыңдалым) дамыту; 
3. Тәрбиелік: мемлекеттік тілге деген қызығу-шылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту. 
Сабақтың түрі: қайталау сабағы 
Сабақтың типі: меңгерген білімді тексеру 
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік әдісі, ой шақыру  
Сабақтың тәсілдері: ұжымдық, жұппен, жекелей 
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, дидактикалық материалдар, бағалау парағы 
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, өмірмен байланыс 
Қолданылатын технологиялар: АКТ, RWST технологиясы  
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
- сәлемдесу; 
- оқушыларды түгелдеу; 
- оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру; 
- психологиялық тренинг «Менің көңіл-күйім»  
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
- 7-бет, 2-тапсырма (өзің туралы мәліметті толықтыру); 
- «Отбасым», «Ермегі» сөздеріне фонетикалық талдау жасау. 
ІІІ. Үйге тапсырма беру 
9-бет,  1-тапсырма  («Фонетика»  саласы  бойынша,  өтілген  лексикалық  тақырыптар  бойынша  ауызша 
сұрақтарға жауап беру. 
IY.  Білімді  жан-жақты  тексеру  (тапсырмалар  слайдтар  мен  дидактикалық  материалдар  арқылы 
орындалады).  
1-тақырып  –  «Менің Отаным». Тапсырмалар: «Ассоциациялық картаны» толтырып, «кластер» құру, 
берілген сөйлемдерді толықтыру (ауызша), берілген сөздердің септіктерін анықтау. 

74 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
 
 
                
 Отан             Қазақстан             Астана             Әнұран             бай 
                      
         
Елбасы              Ту                                                                         тәуелсіз           Елтаңба                   
 
               мемлекет                                                                                          тұрамын                        
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы – үлкен  __________________.  Астанасы - _____________. қаласы. Елбасы - 
________________.    Ту,  Елтаңба,  Әнұран  -  __________  __________.    Қазақстанда    ______    облыс  бар. 
Үлкен  қалалары  -  ________,  _________  ,  _________,  __________.  Іле  Алатауы,  Алтай,  Тарбағатай  – 
Қазақстанның ____________.  Каспий және  Арал  -  Қазақстанның ____________.   Іле,  Ертіс,  Үлбі,  Есіл, 
Сырдария, Шу - Қазақстанның ____________.  
2-тақырып    –    «Жыл  мезгілдері».  Тапсырмалар:  Әр  жыл  мезгілі  туралы  сызба  бойынша  сөйлемдер 
құрастыру (ауызша). «Синквейн» (қар, күн, жапырақ) 
 
Қай жыл мезгілі? 
Айларын білесің бе? 
Ауа райы қандай болады? 
Табиғат қалай өзгереді? 
Адамдар не істейді? 
 
 
«Синквейн» әдісі 
1. Жапырақ 
2. Сары, күзгі 
3. Өседі, сарғаяды, ұшады
 
4. Олар күзде жерге түседі
 
5. Ағаш
 
 
 
 
 
3-тақырып    –    «Отбасы»,  «Мамандық».  Тапсырмалар:  сұрақ-жауап  арқылы  сұхбаттасу  (ауызша), 
перфокарталарда етістіктің шақтары мен жіктік жалғаулары бойынша тапсырма орындау (жазбаша).  
 
Мамандық түрін атап, жікте                                     Берілген етістікті өткен шақта жікте 
 
                  
 
 
 
 
 
 
 
 
І. 
Мен 
 
ІІ. 
Сен 
ІІ. 
Сіз 
ІІІ. 
Ол 
І. 
Мен   көмектес 
 
ІІ. 
Сен  көмектес 
 
ІІ. 
Сіз  көмектес 
 
ІІІ. 
Ол    көмектес 
 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
75 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
4-тақырып  – «Мектеп». Тапсырмалар:  берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру (ауызша),  
суреттегі сөздердің атауын көптік жалғауларын қосып жазу. 
 
 
 
1. Бұл қай сабақ?           2.  .  .  .  сабағында не істейсің?       3.  .  .  .  пәнінің мұғалімі кім?
 
 
5-тақырып  –  «Достық».  Тапсырмалар:  берілген  сызбаны  пайдалана  отырып,  тақырып  бойынша 
әңгімелеу (ауызша), берілген мақал-мәтелдерді  сәйкестендіру   
Мақал-мәтелдер                             
Адал достық –                                    жүз досың болсын. 
Досы көпті                                          адам досымен мықты. 
Жүз сомың болғанша,                       жау алмайды. 
Ағаш тамырымен мықты,                  алтыннан да қымбат. 
 
 
- Балалар, бүгін сабақта қандай тақырыптарды қайталадық? 
«Менің көңіл-күйім» (рефлексия). 
Оқу құралдарын атап, көптік жалғауларын жалға.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
есімі 
бет әлпеті 
бойы 
мінезі 
ермегі 
МЕНІҢ 
ДОСЫМ
 
Қолданылған әдебиеттер 
1. Асеев В.Г. Возрастная психология – М, 1989  
2. 
 Жайтапова А. Әлеуметтік-педагогикалық бейімделу – Ұлағат. – 2001. - №1. – 12-16 б. 
3. 
 Каган В.Е. Психогенные формы школьной дезадаптации // Вопросы психологии. - 1984. - №4. 
4. Кулагина И.Ю. Возрастная психология (Развитие ребенка от рождения до 17 лет): Учебное пособие.  -  
М.: Изд-во РОУ, 2006 
5. 
Муканов М. Жас ерекшелік педагогикалық психологиясы. -  Алматы, 1996 
6. 
 Мырзатаева Б.П. Кіші мектеп оқушысының психологиясы / Психология мамандығында оқитын 
студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен. – Алматы, 2007. – 91б. 
7. www.vashpsixolog.ru 

76 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Б 
астауыш  сынып  оқушылары-
ның  дарындылығын  дамыту,  оларға 
қолдау  жасау  арқылы  Қазақстан  Рес-
публикасының  интеллектуалды  по-
тенциалын  арттыруға  үлес  қосу  –  бү-
гінгі  күннің  маңызды  мәселелерінің 
бірі. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерде-
лі,  дарынды,  талантты  адамдарының 
дарындылығын дамыту мәселесі мем-
лекетіміздің басты назарында. 
Дарындылықты  дамыту  -  өте  күр-
делі  процесс.  Даму  процесі  сыртқы 
әсерлер  мен  ішкі  күштердің  ықпа-
лымен  жүріп  жатады.  Сыртқы  әсер-
лер:  қоғамның  материалдық  өмірінің 
жағдайлары,  баланы қоршаған табиғи 
және әлеуметтік орта мен оның қоғам 
өміріне  қатынасуы,  арнаулы  мақсат 
көздеген  қызмет.  Ал  ішкі  әсерлер:  
ата-анадан  мұраланған  және  әр 
тұлғаға тән болып келетін дара табиғи 
деректер,  дене  күші  дамуының  ерек-
шеліктері.  Физиология  мен  психоло-
гияның  деректеріне  сәйкес  баланың 
бойындағы  туа  біткен  қабілеттіліктер 
дайын  қабілеттілік  бола  алмайды, 
бұларды,  яғни  нышандарды  дамыту 
үшін  потенциалды  мүмкіндіктер  ғана 
болады.  Дамытуды  қажет  ететін  ма-
ңызды 
қабілеттіліктерді 
атақты 
педагог-психолог  Л.Холлингзуорт  үш 
топқа бөліп көрсетеді. Олар: 
1. Танымдық қабілеттер: 
- хабар ауқымдылығы; 
- сөздік қоры, тіл байлығы; 
- қорытынды жасау шеберлігі; 
-  күрделі  мәселелерді  шешуге  қа-
тысуы; 
- күрделі идеяларды түсінуі; 
-  қарама-қарсы  пікірге  сезімтал-
дығы; 
- нәтижені алдын ала байқауы; 
- талдау шеберлігі; 
- қорытынды жасауы; 
 
- идеяны іс жүзінде қолдануы; 
- ойлау шегі. 
2. Шығармашылық қабілеттер: 
- тәуекел ету қабілеті; 
- ой ұщқырлығы; 
- жаңаны ойлап табуы; 
- қиял байлығы, 
- дивергенттік ойлауы; 
-  ойлау  мен  іс-әрекет  үйлесім- 
ділігі; 
-  жоғары  эстетикалық  құндылық-
тары; 
- дамыған интуициясы. 
3. Мінез-құлықтағы ерекшеліктер: 
- «Мен» концепциясы; 
- басқаларды сыйлауы; 
-  өзге  адамдардың  ерекшеліктерін 
түсінуі; 
- сынды дұрыс қабылдауы; 
- идеясымен бөлісу дайындығы; 
-  тапсырманы  орындау  табан- 
дылығы; 
- өз ісіне, күшіне сенімділігі; 
- ішкі түрткілер, 
-  идеяларымен,  заттарымен  бөлі-
суге дайын тұруы; 

ойлау 
және 
мінез-құлық  
еркіндігі. 
Жас  өркеннің  бойындағы  табиғат 
берген  ерекше  қасиетті,  оның  дарын-
дылығын дамыта білу – ұстаз парызы 
болса,  бала  бойындағы  туа  біткен 
қасиеттерді  дамытатын  –  оқыту  мен 
тәрбие.  «Неғұрлым  баланың  қабілеті 
мен талантын дамытуға ертерек көңіл 
бөлінсе,  соғұрлым  оны  толық  ашуға 
және дамытуға мүмкіндік туады. Бала 
бойындағы  ерекше  қасиеттерді  оған 
жақын  жасы  үлкендер  дұрыс  баға-
ламаса, оның «өзгелер сияқты» болып 
қалып  қоюы  мүмкін»,  -  дейді  амери-
кандық педагог-психологтар. Сондық-
тан,  дарындылықтың  дамуына  түрткі 
бола білу керек. 
Г. Тлеукенова, 
№9 орта мектебінің  
бастауыш сынып 
мұғалімі, Зырян қаласы 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
77 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Дарындылықты  дамыту  әдіс-тәсілдерінің,  жол-
дарының мазмұны мен түрлері нақты жағдайларға 
(жас  ерекшеліктері,  дара  қасиеттері,  отбасы  жағ-
дайы, т.б.) байланысты құрылуы және жүйелі жүр-
гізілуі  тиіс.  Бала  араласатын  орталар:  мұғалімдер 
қауымы,  мектеп,  ата-ана,  жора-жолдастары,  жұрт-
шылық, ақпарат көздері. Осылардың ішінде дарын-
дылықты  дамыту  жұмыстарын  ұйымдастырудың 
басым  салмағы  мектептің  үлесінде.  Осы  заманғы 
бала  мектепке  үлкен  потенциалдық  мүмкіндік-
термен  келеді.  Оны  дамытатын,  жетілдіретін 
педагогикалық  процесс  арқылы  баланың  таным 
әрекетінің  ең  жоғарғы  түрі  –  ойлау  қалыптасады. 
Ойлау арқылы оқушы көзге көрінбейтін заттар мен 
құбылыстардың  арасындағы  күрделі  себептік 
байланыстарды,  заңдылықтарды  ұғады.  Баланың 
ойлауын  дамыту  туралы  М. Жұмабаев  былай 
деген: «Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі.  
Жас  балаға  ойлау  тым  ауыр.  Сондықтан,  тәр-
биеші  бала  ойлауын  өркендеткенде  сақтықпен 
басқыштап  іс  істеу  керек.  Өркендету  жолдары 
мыналар: 
1.  Баланың жанында дұрыс әсерленулер, ашық 
суреттеулер көп болу керек. Қанша дегенмен, адам 
суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан, балаға 
бір  затты  ұқтырмақшы  болсақ,  жалаңаш  айтуға 
қасиет  жоқ.  Бала  пікірді  суреттеудің  өзінен 
шығарып алсын. 
2.  Бала  заттарды,  көріністерді  ұқсас  сындары 
бойынша  топ-топқа  бөліп  үйренсін.  Үйренгенде 
жеңілден ауырға көшуді естен шығармауға керек. 
3.  Көріністің,  ойлардың араларындағы  байлам-
ды  олардың  қатынасының  себеп  екенін  тауып 
үйренсін.  Бұл  мысалдардан  ереже,  заң  шығарт-
қызып үйрету сықылды істермен болады». 
Біз өз балаларымыздың, оқушыларымыздың та- 
ланттарын,  шығармашылықтарын  көрсетуін,  оны 
жетілдіруді  меңгеруін  қалаймыз.  Оқушының  шы-
ғармашылығын  шыңдайтын,  оны  ойы  оқшау 
азамат  етуге  ықпалы  мол  әдістер  жүйесін  ұтымды 
қолдану  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігіне  де 
байланысты.  Оқушылар  дарындылығын  дамыту 
жолдары:  сабақ  кезінде  қосымша  тапсырманы  өз 
білімін  таныс  емес  жағдайда  қолдануға  бағыттап 
беру,  пәндік  олимпиадаларға,  конкурстарға,  жа-
рыстар  мен  турнирлерге,  ақыл-ой  шығармашылық 
ойындарына,  әртүрлі  үйірмелерге  қатыстыру,  алға 
ілгерілейтіндей,  ізденгіштік  бағыттағы  (өзін 
қызықтыратын  тақырып  төңірегіндегі)  тапсыр-
маларды  жүйелеп  беру.  Осылардың  барлығын 
тиімді  құрып,  уақытында  пайдалану  жұмыс 
нәтижесін жемісті етері сөзсіз. 
Оқушы  дарындылығын  дамытуда  оқыту  бағ-
дарламаларының мынадай негізгі бағыттары бар: 
*  Танымдық  бағыт  (дивергенттік  және  конвер-
генттік  тапсырмалар  басымдылығы,  практикалық 
маңызы, қызығушылықты арттыру, дамыту т.б.). 
*  Шығармашылық  бағыт  (оқушының  интел-
лектуалдық  деңгейін  көрсететін  жаңа  бастамалар, 
өздігінен зерттеу жүргізуі, ізденушілігі, логикасы). 
* Аффективтік бағыт (тақырыпты терең зерттеп 
меңгеру, өз бетімен жұмыс, алға ұмтылушылық). 
Жалпы,  танымдық  іс-әрекетті  дамытуда  ең 
негізгі функцияны түрткілік (мотивация) атқарады. 
Ол – адамның ми қыртысының белсенді жұмыс іс-
теуі  арқылы  болатын,  өзінің  қажеттіліктерін  қана-
ғаттандыру  үшін  жасалатын  іс-әрекет.  Психо-
логтардың  түсіндіруінше,  мотивация  –  оқыту  әре-
кеті  мен  оқушы  мінез-құлқындағы  ерекшеліктерді 
біріктіретін  факторлар  жүйесі.  Осыдан  барып, 
дарынды  оқушымен  қандай  деңгейде  жұмыстар 
ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Дарын иесінің 
арнайы білімге мұқтаж болуы табиғи нәрсе. 
Қоғамның  аз  ғана  бөлігін  құрайтын  дарын 
иелеріне  қолдау  педагогикалық  әрекеттің  үш 
ұстанымына негізделеді: балаларды сүю, олар өмір 
сүретін  ортаны  адамшылыққа  келтіру,  баланың 
өзінде  балалықты  өмір  сүргізу.  Қуаттау,  қолдау 
технологиясы  гуманистік  технология  бойынша, 
әсіресе  К.Роджерстің  еңбектерінде  көрініс  тапқан. 
Ол  педагогтың  негізгі  міндеті  –  оқушының  дара-
лық өсуіне көмектесу деп есептейді. 
Қорыта  айтқанда,  оқушы  дарындылығын 
дамытудың  жолдары  оның  шығармашылық  рухын 
жетілдіретіндей,  интеллектуалды  дамуына  ықпал 
ететіндей дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. 
Қолданылған әдебиеттер 
1.«Үздіксіз  көпдеңгейлі  білім  беру  жүйесіндегі  дарындылық»:  І  Халықаралык  ғылыми  тәжірибелік 
конференция материалдары. - Өскемен: ШҚМУ баспасы. 2002. 
2. Одаренные дети. - Москва: «Прогресс» баспасы. 1997. 
3. «Дауыс пен көрініс» // Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журналдар. 
4. Профессиональное развитие. - Алматы: ИздатМаркет. 2004. 

78 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
Қ 
азіргі  білім  саласының  алдын-
да қойылатын талап – оқушыға сапалы 
білім беру. Мұны қазіргі шыққан жаңа 
оқулықтардан  да  көруімізге  болады. 
Оқу  бағдарламасы  бойынша    берілген 
тапсырмалармен  қатар,  ақыл-ойды 
шыңдауға  арналған,  ойын  түріндегі 
логикалық  және  шығармашылық  тап-
сырмалар  кеңінен  беріледі.  Мұғалім-
нің алдында үлкен жауапкершілік тұр. 
Яғни,  оқушыны  шаршатпай,  енжар-
лыққа  салдырмай  терең  білім  беру. 
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  оқыту 
үрдісінде  ойын  әдісін    қолдану  –  бұл 
мәселені  шешудің  бірден-бір  жолы. 
Ойын – күрделі философиялық психо-
логиялық, педагогикалық ұғым. 
Ойын  -  балалардың  негізгі  іс-әре-
кеттерінің  бір  түрі.  Бала  өмірі  ойынға 
байланысты.  Бала  ойынсыз  өсіп-өр-
кендей  алмайды.  Бұл  өмірдің  заңды-
лығы. 
Оқу-тәрбие  жұмысының  негізгі  са-
ласы  –  сабақ.  Бастауыш  сынып  оқу-
шыларының мектепке келгенге дейінгі 
негізгі  әрекеті  –  ойын  болса,  оқу-тәр-
бие үрдісінде олар біртіндеп ойын әре-
кетінен оқу әрекетін орындауға бейім-
делуі  тиіс.  Сабақ  үстінде  оқушылар-
дың  біліктілігі,  іскерлігі,  дағдысы, 
дүниетанымы  дамиды.  Негізгі  бет-
бұрыс оқушы білімінің сапасын артты-
ру,  ол  дегеніміз  түпкі  нәтижені  көре 
білу, яғни окушыға берген біліміміздің 
қайтарымын  көру.  Ол  үшін  сабаққа 
сыныптағы  оқушының  барлығын  қы-
зықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес 
саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының 
сабаққа  қызығушылығы,  дүниетаны-
мы,  даму  ерекшеліктері  әртүрлі.  Сон-
дықтан  оқушылардың  осы  топтарына 
әртүрлі  деңгейде  талап  қоюға  тура 
келеді.  Ал  ойын  элементтері  кез  кел-
ген 
оқушының 
қызығушылығын  
 
тудырады.  Тіпті  нашар  оқитын  оқу-
шының  өзі  ойын  арқылы  берілген 
тапсырмаларды  асқан  қызығушы-
лықпен, белсенділікпен орындайды. 
Оқушылардың қызығушылықтарын 
туғызатын  ойындардың  бірі  —  ди-
Каталог: images -> files
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Название теста: Мемелекет және құқық теориясы
files -> Рабочая программа по литературе в 7 классе (Образовательная система «Школа 2100») Статус документа
files -> Уроков русского языка в 9-м классе (70 часов 2 часа в неделю) Дата № п/п Тема урока
files -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Программа по русскому языку для 6 класса Гильмутдиновой Саджиды Сулеймановны, учителя I квалификационной категории
files -> Программа по русскому языку для 6 класса составлена в соответствии с
files -> Программа разработана
files -> Урока Тема урока Тип урока Планируемые результаты Дата


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет