Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



жүктеу 13.65 Mb.
Pdf просмотр
бет14/17
Дата30.12.2016
өлшемі13.65 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
85 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
оларды шешудің практикалық маңыздылығы болуы 
шарт.  
Мысалы,  шексіз  геометриялық  прогрессияны 
қарастырмас  бұрын  сабақты  «Торт  тілімдерінің 
шексіз  мөлшерін  жей  аласыз  ба?»  сұрағымен  бас-
тауға  болады.  Осы  сауал  төңірегіндегі  пікірталас 
теориямен  танысқаннан  кейін  ғана  толастауы 
мүмкін. 
Сонымен,  сабаққа  қызығушылық  қамтамасыз 
етілді. Ең алдымен теорияны, сонан соң оны прак-
тикада  колдану  жолдарын  қарастырмастан  бұрын 
оқушыларға  осы  теорияны  пайдаланатын  түрлі 
аспаптар  мен  қондырғылардың  жұмыс  істеу  прин-
ципін негіздеу бойынша түрлі тапсырмаларды ұсы-
нуға болады. Мысалы, түзу мен жазықтықтың пер-
пендикулярлығы белгісін өтер алдында оқушылар-
дан бағанды орнатпастан бұрын неліктен оның вер-
тикалдығы  бағанның  негізі  екеуі  бір  жазықтықта 
жатпайтын  екі  түрлі  нүктеден  тексерілетінін 
түсіндіруді  өтіну  керек.  Тек  нәтижені  ғана  емес,  
кез-келген идеяны мадақтау керек. 
Мысалы,  оқушылардың  «Мен  тапсырманы 
дұрыс  орындай  бастадым  ба?»  деген  сауалына 
«Мен  басқаша  орындадым,  мүмкін  сенің  ойың  со-
ны  шешімге  жеткізер»  деп  жауап  қайтару  керек. 
Соңынан әртүрлі шешімдерді қарастырып, олардың 
әрқайсының  жетістігі  мен  кемшілігін  талқылау 
қажет.  Оқушылардың  кез-келген  стандартты  емес 
шарты  оны  шешу  жолына  бағдарланбаған,  ал  жи-
нақталған  тәжірибеде  оны  шешудің  даяр  үлгісі 
жоқ,  тапсырманы  өздігінен  шешуі  оларға  зертте-
ушілік қызмет еркіндігін береді. 
Оқушыларға эстетикалық әсер ету көп жағдайда 
пәнді  оқыту  сапасына  байланысты.  Нақтырақ  айт-
сақ:  ойластырылған  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
жүйесін  ұсына  отырып,  сабақта  оларды  шешудің 
тиімді  жолдарын  іздестіруді  ұйымдастыру  оқыла-
тын  материал  мазмұнының  мүлтіксіз,  дәл  және 
анық  түсіндірілу  білігіне  байланысты.  Сонымен 
қатар,  оқушылардан  кез-келген  жұмысты  мұқият 
орындауын талап ету керек: дәптер толтыру, орфо-
граммаларды,  сөйлем  мүшелерін  тауып  сызу,  гра-
фик  сызу  және  т.б.  бұл  ұқыптылықты,  ішкі  жи-
нақылықты, 
іждағаттылықты, 
бастаған 
істі 
мүлтіксіз  орындауға  жеткізуге  үйретеді.  Педагог 
балаларды әсемдікті көруге ғана емес, оны жасауға 
үйретуі  тиіс.  Эстетикалық  талғам  оқушылардың 
жалпы  мәдениетін  арттырады.  Геометриялық  тап-
сырмаларды орындау эстетикалық талғам қалыпта-
суына ықпал етеді. Бұл орайда: 
– тапсырманың шарты қызықты, сызбасы әдемі 
болуы тиіс; 
–  тапсырма  қызық,  кей  кезде  тосын  дерек 
келтіруі мүмкін; 
–  мұндай  тапсырмаға  өзара  ұқсастықтың  үлкен 
деңгейі тән; 
– тапсырманың шешіміне көрнекі, әрі өте қара-
пайым сипат беретіндей өзіндік қасиет жасырылуы 
қажет.  Мүмкіндігінше,  тапсырма  бірнеше  шешу 
тәсілін көздегені дұрыс. 
Сабақтардағы  ынтымақтастық  элементтерін 
асыра  бағалау  қиын.  Мысалы,  жаңа  материалды 
бекітуде және қайталауда оқыту және бақылау си-
патындағы  топтық  жұмыстарды  қолдану  қажет. 
Оқушылардың қарым-қатынасы,  достастығы,  бәсе-
келестігі,  ынтымақтастығы,  қатысуы  айқын  байқа-
лады.  Жаңа  типті  тапсырмаларды  шешуде  оқушы-
лар  орындарында  өздігімен  жұмыс  жасайды,  тап-
сырманы  дұрыс  орындаған  балалар  дәптерлеріне 
«+»  алады  да,  орындарынан  тұрып  өзге  балаларға 
көмектеседі. Жұмыстың мұндай түрі оқушылардың 
еңбексүйгіштігін, шыдамдылығын қалыптастыруға, 
өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етеді. 
Математика сабағын есеп шығартып, ереже жат-
татумен шектелген мұғалім еш уақытта оқушының 
пәнге  қызығушылығын  оята  алмасы  анық.  Түсіне 
білген  адамға  математика  –  қызық  пән.  Мұғалім 
сабақта ұлттық ойындарды ойнатуда, жұмбақ есеп-
тер  шығартуда  және  қызықты  тапсырмаларды 
орындатуда  тәрбиенің  келесі  міндеттерін  шешеді: 
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамы-
тады,  тез  ойлауға,  шапшаң  есептеуге  үйретеді, 
ұжымдыққа,  ептілікке  баулиды;  қазақ  және  өзге 
халықтардың  ұлттық  ойындарын  ойнату  арқылы 
балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелейді. 
Бала  ойынмен  өсетінін  жақсы  түсінген  ата-
бабамыз  бала  тәрбиесінде  ұлттық  ойынның  небір 
түрін қолданған: құралайдың көзінен тигізетін мер-
ген  болсын  деген  мақсатпен  балаларға  асық  ату 
ойынын,  епті  де  күшті  болсын  деген  ниетпен 
сақина  алу,  көкпар  тарту  сияқты  тағы  басқа  
ойындарды ойнатқан. 
Қолданылған әдебиеттер 
1. «Қазақстан жолы – 2015: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жыл 
2. Мектептің оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту: Әдіст. құрал. - Астана: 2013 ж 

86 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
А. Сарынова, 
«Балбұлақ» өнер 
мектебінің оқу ісі 
жөніндегі меңгерушісі, 
Өскемен қаласы 
Қ 
азақтың  ежелден  келе  жатқан 
қасиетті  де  қастерлі  музыкалық 
аспаптарының  бірі  қобыз.  Ғасырмен 
үндескен  қобыз  аспабы  халқымызға 
рухани  азық  болып,  атадан  балаға, 
ұрпаққа  мирас  болып  біздің  зама-
нымызға  жеткен.  Бастауыш  сыныпта 
болашақ  дарынды  музыкант  тәрбие-
леу  барысында  қиыншылықтар  да  аз 
емес. Шығармалардың реті оқушының 
сыныбына, орындаушылық деңгейіне, 
техникалық  өсуіне  қарай 
жеңіл  шығармадан  күрделі 
шығармаға  қарай  біртіндеп 
жүйеленіп берілуі тиіс. 
Қобыз  үйренудің  алғы-
шарттары  
Сабақ беру әдістемесі пе-
дагогикалық  тәсіл-амал  жү-
йесінен  тұрады.  Соның  кө-
мегімен  ұстаз  оқушыға  өзі-
нің  білімін  жеткізеді.  Бұл 
тәсілдер  –  ұстаздардың  көп-
теген  ұрпақ  тегі  тәжірибесі 
негізінде  дүниеге  келген. 
Осындай тәжірибелердің  не-
гізінде қобызда ойнаудың да 
қиындығы  –  сол  мен  оң 
қолдың  бір  мезгіл  әртүрлі 
қимыл-әрекеттер  жасауы  ке-
ректігінде, дыбыс әдемі шы-
ғуы,  тырнақ  көбесін  дұрыс 
қолдана  білуге  байланысты 
екендігі  анықталады.  Жүргі-
зілген  сан  қилы  тәжіриби-
лердің  нәтижесі  –  сол  және 
оң  қолды  біршама  уақыт 
бөлек  қоюды  оқыту  керек-
тігін  түсіндіреді.  Оң  қолды 
бөлек  қою  әуелі  қарандаш-
пен,  кейін  қыл  ысқышпен 
жаттықтырылады. 
 
Музыкалық  қабілетіне  қарамай-ақ 
оқушыға  да  алғашқы  табиғи  қалпын 
сақтай  отырып,  еркін  ойнау  үшін  қо-
лын  дұрыс  қоя  білуді  үйретуге  бола-
ды.  Істің  мәнісі  алғашқы  үйрету  әді-
сінде.  Алғашқы  үйрену  қиынға  соға-
тын  оқушылар  үшін  оңайланатын 
амал-әдістер  жасалуы  керек.  Тұтас 
жинақталған амал-әдістерді үйреткен-
нен  ғөрі,  жеке-жеке  тәсілдермен 
үйреткен  жеңілдеу  тиеді.  Жекелеген 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
87 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
амал-әдістерді 
әрқайсысын 
бөлек 
үйреніп 
болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине, 
жақсы нәтиже берері сөзсіз. 
Бала  тәрбиесіндегі  қоршаған  ортаның  шешуші 
роль  атқаратыны  анық.  Әрине  бірінші  орында 
отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның 
ата-аналарымен  жақсы  қатынаста  болуы  оған 
баланың  үй  және  тұрмыс  жағдайын  жақсы  білуге 
көмектеседі.  Мұндай  өзара  байланыс  шәкіртінің 
мінез-құлқын  қалыптастыруға  ықпал  етуіне, 
көзқарасы  мен  талғамын  ұштауға,  білім  мен  ой-
өрісін  кеңейтуге,  тіпті  жан-жақты  жетілуіне 
музыка  құдыретімен  әсер  беруге  көмектеседі.  Ал 
мұндай  жағдайға  жету  үшін  шәкіртінің  алдында 
ұстаздың  беделі  жоғары,  бала  қызығатын  өмірлік 
әлеуметтік  мәселелеріне  қанық  болуы  керек.  Тіпті 
дауыс  қою,  отырып-тұру,  мимика  бет-әлбет 
қимылы  сияқты  ұсақ-түйектердің  өзі  ұстаздың 
беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі 
тізесі  аралығына  қойып  үйретіп,  содан  кейін 
барып,  баланың  бос  қолын  қажетті  бағытпен 
сүйемелдеп  қобызға  жеткізіп,  оны  дұрыс  ұстауды 
үйретеді, бірте-бірте дағыландырады. 
Қызығушылығын арттыру 
Бәрімізге  белгілі,  қобызда  ойнауды  үйренудің 
алғашқы  кезеңі,  негізінен  алғанда,  шәкірт  үшін 
қызығы  аз,  зеріктіретін  процесс.  Сондықтан  ал-
ғашқы  сабақтардан  бастап  қобызға  баланың 
қолдарын  дұрыс  қоюдан  басқа,  музыка  саласын-
дағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек. 
Мысалы ән айту, салатын әндерін іріктіру, ноталық 
сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің 
ынтасын оятып қызықтырып отырады. Бір мезгілде 
екі  шәкіртті  үйрету  де  жақсы  нәтиже  береді.  Бір 
шәкіртке  қандай  да  бір  жаңа  тәсілді  көрсете 
отырып, екіншісіне зер салуды, зейін салуды, зейін 
қоя  тыңдауды  тапсырады.  Кезектесіп  көрсетіп 
қайталауды,  ойнап  беруді  талап  етеді.  Осылайша 
екеуінің  арасында  шығармашылық  сайыс  көрініс 
табады.  Екеуі  де  бірін-бірі  қамшылай  отырып, 
тапсырманы  тез  де,  жеке-жеке  меңгеруге  құл-
шынады.  Ұстаз  өзінің  қатысуымен  біріне  екінші-
сінің  қобызды  дұрыс  не  бұрыс  ұстағанын  тексе-
руді, ал байқалған олқылықты түзетуге тапсырады. 
Келесі  сабақта  олар  өздерінің  міндеттерін  
ауыстырады. 
Ұстазды  оқушымен  алғаш  кездесуі  және 
оның мәні 
Ұстаз  бірінші  кездесуге  мұқият  дайындалады. 
Өйткені,  бұл  оқушы  үшін  елеулі  оқиға.  Шәкірт 
музыка  мектебіне  алғашқы  сабаққа  келгенде 
қызықты  да  ғажайып  құбылыспен  жүздесетіндей 
жұмбақ көңілімен табалдырықты аттайды. 
Бірінші  сабақтың  әсері  баланың  жанында 
ұмытылмастай терең із қалдырады, тағылымы есте 
берік  сақталады.  Ол  заңды  құбылыс.  Қабылдау 
мүмкіндігіне  қарай  баланың  ойында  өзінің 
ұстазына  және  оның  алғашқы  сабағына  деген  оң 
немесе  теріс  пікірі  қалуы  сөзсіз.  Сондықтан  ұстаз 
алғашқы  кездесуде  балаға  жақсы  әсер  қалдыруға 
ұмтылады. Ол шәкірттің тек қана игі әсер алуыңа, 
сыныпта  оның  өзін  еркін  ұстауына,  сабақта 
белсенді де ынталы отыруына, берілген музыкалық 
тақырыпты  жете  игреуіне  көмектесуге  міндетті. 
Балалар жаңа жағдайда бір-біріне тез үйренеді. Бір 
мезгілде  сабақты  екі-үш  рет  оқушымен  жүргізуге 
болады, музыка әуенімен салтанатты жүру, музыка 
суйемелдеуімен  ән  салу,  сонан  соң  әр  баланың  ол 
әуенді  күйсандықта  теруі.  Сол  сияқты,  есту 
қабілетін 
дамыту 
және 
нота 
бойынша 
сауаттандыру-жетілдіру жағы да ұмыт қалмайды.  
Қол қойылымы 
Ұстаз  назары  қолдың  сыртқы  сипатына  емес, 
бұлшық  еттердің  еркін  қимылына  көңіл  бөлуі 
керек. Бүкіл дене бұлшық еттерін еркін қозғалысы 
шәкірттің  ешбір  қиындық  көрмей  қолдарының 
дұрыс  қойылуы  үшін  де,  сондай-ақ  ойын  ырғағы 
үшін де тиімді табиғи қалып табуына көмектеседі. 
Аспапта  ойнаған  тұста  балаға  ең  алдымен 
қолдарының,  сондай-ақ  тұлғасы  және  аяқтарының 
дұрыс  бағыты  аса  қажет.  Отырғанда  тұлғасын 
дұрыс  ұстау  физиологиялық  тұрғыдан  да  дұрыс 
екені  түсінікті  ғой.  Ойнау  барысында  қолдар 
үздіксіз  өзгеріс  үстінде  болады.  Шәкірт  аспапта 
ойнау  шеберлігін  меңгерген  сайын  өзінің  қол 
қойылымын,  отырысын  өз  ыңғайына  қарай  жетіл-
діре береді. Ұзақ уақыт бойына қобызда шаршамай 
ойнау  үшін  музыкант  өзін  еркін  ұстаумен  қатар, 
денесін  жинақы  сақтауы,  орындықтың  жарты  бө-
лігіне немесе үштің біріне жайғасып отыруы тиіс. 
Оң қолдың қойылымы 
Оң  қол  бос,  бірақ  белсенділік  жағдайында 
болуы  керек.  Сұқ  саусақ  таяқшаның  сыртқы 
жағынан сүйемелдей жанасады. Ортаңғы және аты 
жоқ саусақ өз еріктерінше бос жатуы керек. Негізгі 
төрт  саусақтың  орта  буындары  шамамен  бір 
деңгейде  болуы  тиіс.  Барлық  саусақтың  да 
формасы – кейпі сәл дөңгеленген бейнеде беріледі. 
Бас  бармақ  та  дөңгеленіп  шеңбер  сипатта  таяқша 
(ысқыш)  тұтқасында  шамамен  ортаңғы  саусаққа 
қарсы,  бірақ  түйіспей  орналасады.  Балаға  қолды 
дұрыс  қоюды  жеңілдету  үшін  саусақтардың 

88 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
орналасуын  әуелі  қарандашқа  қойып  көрсеткен 
жөн.  Қарындашты  өз  салмағында  күш-жігер 
жұмсап, әуреленіп жатпай-ақ түрлі жағдайда ұстап 
көруге жаттығуға болады. Ал саусақтардың дұрыс 
қойылуы  дағдыға  айналған  кезде  шәкірттің 
саусақтарына  қарындашты  ұстатып,  қолдың 
қарындашта дұрыс тұрғанын тексеріп көрген жөн. 
Қыл  ыспаны  төмен  жүргізгенде  оң  қолдың 
буыны  сәл  иіледі,  ал  жоғары  жүргізгенде  буыны 
иіледі  де  салбыраңқы  кейіп  алады.  Оқушы  қыл 
ыспаны  «ре»  ішегімен  дұрыс  жүргізгеннен  кейін, 
«ля» ішегін де қатар меңгеруі керек. 
Шәкіртке  қыл  ыспаны  жүргізудің  практикалық 
дағдысын  қалыптастыруды  дамытуға  кіріскенде, 
алдымен  баланың  қолының  талмауына  септесетін, 
негұрлым  жеңіл  жаттығуды  іріктеп,  істі  содан 
бастауды ескерген жөн. Алғашқы жаттығулар үшін 
қыл  ыспаның  орта  сонан  соң  жоғары  бөлігін 
пайдаланған  дұрыс.  Оқушы  қыл  ыспаның  әрбір 
бөлігінде  ойнап  үйренгеннен  кейін,  ысқыштың 
түгел  бойымен  орындалатын  жаттығұларға  ешбір 
қиындықсыз  көше  алады.  Ұстаз  оқушының  қолын 
дұрыс  қойылуы  мен  еркін  болуын  және  қобызда 
дыбыстың  құлаққа  жағымды,  таза  шығуын  үнеме 
бақылау керек. 
Сол  қолдың  қойылымы.  Сол  қолды  шынтақ-
тан ішек деңгейіне дейін иіп көтеру қажет. Барлық 
саусақтар дөңес кейіпте болып тұрды. Бас бармақ, 
сұқ  саусаққа  қарсы  орналасады.  Басқа  саусақтар 
ішектің үстіне дөңес кейіпте қалады. Алақан қобыз 
мойнына жабыспай орналасады. Оқушы қобыздың 
төмен  сырғып  кетпеуі  үшін,  оны  екі  тізесімен 
қысып  ұстайды.  Қобызды  өз  бетімен  жақсы 
ұстауды  меңгерген  соң,  ішек  басуды  және  дыбыс 
шығаруды үйренуге кіріседі. Алдымен саусақтарды 
ішекке  дұрыс  қою  үйретіледі.  Мұнан  кейін  әр 
саусақты түсіріп  –  көтеріп үйреніп, шәкірт шебер-
лігін, қозғалыс дәлдігін танытады. 
Жалпы ереже: 
1.  Қобызда  ойнаған  кезде  саусақтар  ішек 
аралығына  қойылуы  қажет,  ішекке  тырнақтарды 
тік тигізіп, немесе босағасына қарай аздап қисайта 
ұстау керек; 
2.  Бір  ішекке  ойнағанда  барлық  саусақтар 
ішекке  бәрі  бірге  емес,  біртіндеп  кезекпен  дөңес-
тене орналасады; 
3.  Қолдың  анағұрлым  еркін  қозғалысын  сақтау 
үшін,  басқа  бас  бармақ  мойынға  жеңіл  ғана  тиіп 
тұруы  тиіс.  Саусақтардың  барлық  төрт  ішек 
бойында  ауысуы  ыңғайлы  болуы  үшін  бас  бармақ 
қобыз  мойнына  емін-еркін  орналасады  да,  қобыз 
мойнын  қыспай,  шамамен  орта  «ре»  және  «ля» 
ішегіне қарама-қарсы орналасады; 
4.  Саусақтардың  аталған  міндеттерді  орын-
дауын жеңілдету үшін, қолды асылған қалыпта ұс-
тау  қажет.  Қолдың  жоғары  не  жоғарлау  ұсталуы 
бір  жағынан  ойналатын  ішекке  де,  позиция  – 
ұстаным  тұғырына  байланысты.  Ішекке  саусақ-
тардың  еркін  жүруі  үшін  қолды  алғашқы  пози-
цияда  біршама  «орта»  биіктікте  ұстаған  жөн.  
Сол  қолдың  дұрыс  жолға  қоюдың  қарапайым 
тәсілдері осы. 
Қолданылған әдебиеттер 
1. Қобыз үйрену мектебі.—«Өнер», 1980, 6 - бет. 
2. Есжанова Г. Музыка сабақтарының тәрбиелік маңызы // Бастауыш мектеп №3, 2000. 
3. Қазақстанның музыкалық мұрасы - Музыкальное наследие Казахстана.— Алматы, 2000. 
4.  Молдакәрімова  Ғ.  Қобыз  үйрену  мектебі:  Музыка  оқу  орындарының  оқытушылары  мен  студент-
теріне арналған оқу құралы.—Алматы, 2004.  

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
89 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
А. Капжапаров, 
№3 мектеп-гимназияның 
технология пәні мұғалімі, 
Өскемен қаласы 
О 
қушылардың 
құзыреттілігін 
арттыру  үдерісінде  технология  пәні 
мұғалімінің  орны  ерекше.  Шығарма-
шылық  құзыреттілігін  дамыту  мақ-
сатында,  мен  өз  тәжірибемде  оқушы-
лардың қызығушылығын арттыру жо-
лында  үйірме  сабақтарында  қазақтын 
ұлттық  бұйымдарын  жасауды  қолға 
алдым.  Технология  пәнін  оқытуда  – 
еңбек  етудің  алғы  шарттарын  үйрету 
арқылы  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде 
тәрбиелеу  мақсаты  көзделеді.  Мұға-
лім  алдына  оқушыларға  берілетін 
тәлім-тәрбие  үрдісін  жетілдіру,  жұ-
мыс  мәдениетін,  адамдар  арасындағы 
адамгершілік 
қарым-қатынастарды 
жаңарту,  еңбек  біліктілігін  қалыптас-
тыру міндеті қойылады. 
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан 
халқына  жолдауында:  «Негізгі  мақса-
тымыз  –  Қазақстанның  әлемнің  елу 
дамыған  елдерінің  қатарына  енуі» 
делінген.  Адамға  ең  бірінші  өмірлік 
қажеті  –  еңбек  екенін  уақыт  дәлел-
деуде.  Адам  өмірі  үшін  аса  қажетті, 
әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін 
пән  «Еңбекке  баулу»  -  бүгінгі  техно-
логия  оқу  пәні  үнемі  жетілдіруде. 
Біздің елімізде баланы еңбекке үйрету 
ұлы педагог Ы.Алтынсарин 1887-1888 
жылдары  орыс-қазақ  мектебін  алғаш 
ашқанда басталған.  Қазіргі кезде оқу-
шыларды  қазіргі  заман  талабына  сай 
кәсіпкерлікке  бейімдеу  басшылыққа 
алынуда. 
Жұмыс  жобасының  бірнеше  нұс-
қасы  болуы  мүмкін.  Айта  кету  керек, 
өте  күрделі  жобаны  оқушының  өзі 
ғана орындауы шарт емес. Сондықтан 
жобаның  кейбір  бөлігі  дайын  күйде 
берілсе,  кейбір  бөлімін  оқушы  мұға-
лімнің,  ата-ананың  көмегімен  орын-
дай  алады.  Егер  бір  күрделі  жобаны  
 
бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр 
оқушының  үлесі  алдын  ала  анық-
талуы  қажет.  Ол  оқу  жылының  со-
ңында  озінің  орындаған  шығармашы-
лық  жобасын  оқушылардың  және 
мұғалімнің  алдында  қорғайды.  Жоба-
ны  қорғау  барысында  қолданатын 
бұйымның  ішінен  қандай  затты 
таңдап  алу,  ол  бұйым  қоғамға,  өзіне, 
достарына  және  ата-анасына  кандай 
пайда келтіретіні ескертіледі. 
Жобаның түрлері: 
Шығармашылық жоба. 
Ақпараттық жоба. 
Рөлдік жоба. 
Тәжірибелі бағдарланған жоба. 
Зерттеу жобасы. 
Жобаның негізгі бөліктері: 
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы: 
а) берілген бұйым кімге арналғаны; 
б) арналған бұйымның қажеттілігі. 
2.  Бұйымды  дайындауға  кіріспес 
бұрын оның жобасын жасау: 
а) нені міндетті түрде жобалау керек; 
б) кімге арналган киім жобалау керек. 
3.  Бұйымның  дайындалуы.  Кез-кел-
ген жағдайда жұмыстың мақсат, міндет-
тері  оның  басты  бағытымен  анық-
талады. 
4. Бұйымды байқау және бағалау. 
Жобаның орындалу бірізділігі: 
- іздену кезеңі; 
-  жобаның  тақырыбын  таңдау  және 
жаңашылдыққа бет бұру; 
-  жоба  тақырыбы  туралы  ақпарат 
жинау; 
-  жоба  идеясы  мен  тақырыбы  тура-
лы  сыныптастарымен  және  мұғалім-
дерімен бірге талқылау. 
-  жобаның  тақырыбы  мен  идеясын 
бекіту. 
Шығармашылық жоба - әр оқушы-
ның жыл сайын мұгалімнің көмегімен 

90 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№1 (57) 2015 
орындайтын  өзіндік  жұмысы, 
басқаша айтқанда, технология 
пәні  бойынша  жүргізілген 
шығармашылық  жұмыс.  Шы-
ғармашылық  жобаның  техно-
логия  пәнінде  алатын  орны 
өте  зор.  Шығармашылық  жо-
ба арқылы оқушының ұлттық 
дүниетанымы, 
эстетикалық 
талғамы  дамиды.  Оқушылар 
санасында жас кезінен бастап 
еңбек  етуінің  қажеттілігін, 
маңыздылығын  сіңіру,  пайда-
лы іс жасауға, қандай іс болса 
да,  шын  ниетпен  және  ұқып-
ты 
орындауға 
дағдылан-
дырады. 
Оқытудың  осындай  идея-
ларын  ұстанған  сабақтарда  оқушылар  өз  ойларын 
еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер 
пайда  болады.  Олардың  қандай  да  болмасын 
мүмкін  қате  немесе  шала  ойларын  шыдамдылық-
пен  тыңдап,  оқушыларды  сенімділікке  бастау 
мүғалімнің басты міндеті. 
Қолданбалы экономика мақсаттары: 
-  мамандықты  сонымен  қатар  жеке  экономика 
мәселелерін  таңдауда  оқушылардың  өз  мүмкін-
діктерін ұсынады. Олар: 
- оқу, хат және базалық білім; 
- графиктер мен таблицаларды түсіну; 
- алынған мәліметтерді зерттеу және талдау
-  кішігірім  топтарға  жұмыс  істеу  және  оларды 
басқару және т.б. 
Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында 
әр  кезеңде  мақсатқа  қол  жеткізудегі  ұмтылыс 
нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру 
барысында қол жеткен жетістіктер: 
* Ата-аналардың өз балаларының іс-ірекеттерін 
ұйымдастыруға 
қатысуға 
қызығушылығының 
артуы. 
*  Баланы  шығармашылық  жұмыс  істеуге 
дағдыландыруға  бағытталған  әр  іс-шараның  тәр-
биелік мақсаттарға жетуі. 
Қала  көлемінде  оқушылардың  шығармашылық 
жұмыстарын көрмелерге шығарылып, қазіргі кезде 
мұғалімнің он үш оқушыдан тұратын үйірме тобы 
бар.  Мұнда  оқушылар  қазақтың  ұлттық  бұйым-
дарын,  оның  ішінде  -  қамшы  өруге,  әшекей  сый-
сандықтар, 
бесіктер, 
ер-тұрманның 
теріден 
жасалатын  бұйымдарын  жасауға  икемділігі  бар 
сонымен  қатар  қазіргі  нарықтағы  тапсырыстар 
бойынша жиһаз мүліктерін жасауда. 
Қолданылған әдебиеттер 
1. «Қазақстан мектебіндегі технология» журналы, №4/2014. Алматы 
2. «Мектептегі технология пәні» журналы №12/2014. Алматы 
3. «Бейнелеу өнері, еңбекке баулу және сызу» журналы, №1/2014. Алматы 

Педагогика 
Каталог: images -> files
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Название теста: Мемелекет және құқық теориясы
files -> Рабочая программа по литературе в 7 классе (Образовательная система «Школа 2100») Статус документа
files -> Уроков русского языка в 9-м классе (70 часов 2 часа в неделю) Дата № п/п Тема урока
files -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Программа по русскому языку для 6 класса Гильмутдиновой Саджиды Сулеймановны, учителя I квалификационной категории
files -> Программа по русскому языку для 6 класса составлена в соответствии с
files -> Программа разработана
files -> Урока Тема урока Тип урока Планируемые результаты Дата


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет