«Менталды карта» әдісі



Дата07.11.2022
өлшемі23,68 Kb.
#47990

«Менталды карта» әдісі
Біздің жұмысымызға, оқуымызға, қызығатын ісімізге, сондай-ақ жалпы тұрмыс-тіршілігімізге және басқа да барлық мүмкін мақсаттарымызға жетуге қажетті ақпаратқа толы қазіргі заманда үлкен көлемде мәліметтерді есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан қандай да бір әрекетпен күнделікті жиналып жатқан мәліметтерді бірыңғайлап, белгілі бір жоспар құру үшін және ойдағы “аласапыран” дүниені бір ретке келтіру үшін ментальді карталарды қолдану бірден бір тиімді әдіс болып табылады.
“Ментальді карта” терминін ағылшын психологы Тони Бьюзен енгізген болатын және де ағылшын тілінен тікелей аудармасы “ақыл-ой картасы” деген мағынаны білдіреді.
Ментальді карталар (майндмэппинг, mindmapping) – бұл ойлау қабілетін қалыптастырудың ерекше әдісі емес, ол нағыз қарапайым әдіс, ақпараттың үлкен көлемін есте сақтауға мүмкіндік беретін ойлау қабілетін дамытудың және баламалы жазбаның ыңғайлы әрі тиімді техникасы.
Ментальді карталар тек идеяны тудыру, визуализациялау, құрылымдау, саралау үшін ғана емес, сондай-ақ қандай да бір мақала жазуда тапсырмаларды орындауды, ұйымдастыруды үйрену, шешімдерді қабылдау құралы ретінде де қолданылады.
Тіпті біздің эрамыздың үшінші ғасырының ойшылдары Аристотельдің тұжырымдамаларын суреттеу үшін ақпараттарды жазудың осындай тәсілдерін қолданған. Кейбір европалық елдерде ментальді карталар бастауыш сынып оқушыларын оқыту үшін де пайдаланылады.
Тармақшалары және түсініктемелері бар ұзыннан ұзақ жазбалар, тақырыптары, кестелері және де сызбалары бар тексттер біздің ойымызды жинақтауға және тиянақтап зейін қоюымызға мүмкіндік бермейді, себебі бұл жағдайда біз тек сол жақ жартышарымызға ғана жұмыс істетеміз.
Ал ментальді картаның қолдана, біз сондай-ақ суреттер мен бейнеге жауап беретін оң жақ жартышарымызды да жұмыс істетеміз.
Ментальді карталар ортасы және де одан тараған кілт сөздер мен суреттер бейнеленген тармақтары бар сызба ретінде салынады. Бұл мүмкін болатын ассоциациялардың шексіз алуан түрлілігін, демек соған сәйкес мидың мүмкіндігінің де сарқылмайтындығын көрсетеді.
Осылайша, ментальді карталар мен адамдардың миының құрылысы арқылы ойлау қабілетін қалыптастыруды теңдестіріп қарауымызға болады:
- нейронның өзі де тармақшалары бар ядроға ұқсайды (мини-майндмэп);
- табиғи деңгейдегі ой биохимиялық импульстердің “ағашы” ретінде кескінделеді.
Енді ментальді карталарды құрастырудың алгоритмін қарастырайық 
Ментальді карталарды құрудың жалпы ережелері





Ережелер

Ескертулер

1

Бүкіл мәселенің сұлбасын (тапсырманың, білім саласының) ортаға орналастыру керек.

Бұл дегеніміз,біздің зейін қойып отырған басты тақырып парақшаның ортасында, яғни нағыз назар аударатын жерде орналастырылады деген сөз.

2



Орталықтан жазбалары бар негізгі тармақтар таралады – олар картаның негізгі бөлімдерін көрсетеді. Негізгі тармақтардың өзі тармақшаларға бөлінеді.

Сөздерді әр түрлі мүмкін болатын дөңгелекшелер мен параллелепипедтерде емес, тармақтардың тұсында орналастырған маңызды.

3

Барлық тармақтар белгілі бір ұғымды еске түсіретін кілт сөздермен жазылған. Айқындылық және ашықтық үшін үлкен баспа әріптермен жазған дұрыс. Сызықтың ұзындығы сөз ұзындығына пара пар болу керек. Бұл үнемді және ұқыпты.

Барлығын бірдей жаза бермеу керек, тек кілт сөздерді жазу жеткілікті. Кілт сөздер ретінде ерекше, айқын, есте қалатын, “сөйлеп тұрған” сөздер таңдалады. Әрбір сөз мүмкін болатын мың ассоциацияларды қамтиды, сондықтан сөздерді бір-біріне желімдеу ойлау қабілетінің еркіндігін шектейді. Ал сөздердің бөлек жазылуы жаңа идеяларды тудыруы әбден мүмкін.

4

Негізгі тармақтарға міндетті түрде әр түрлі түстер қолданыңыз. Бұл біртұтастай және құрылымдап түсінуге мүмкіндік береді.

Суреттер мен таңбаларды жиі қолданыңыз (ортадағы тақырыпқа міндетті түрде қажет). Жалпы алғанда ментальді карта бірыңғай суреттерден құралса да болады.

5

Кеңістік қалыптастыра біліңіз, бос орын қалдырмаңыз және де тармақтарды да тығыз орналастырмаңыз. Кішкене ментальді картаға А4 парақшасын, ал ауқымды тақырыпқа А3 парағын қолданыңыз.

Тармақталған тармақшаларды көршілес бұталармен араласып кетпеуі үшін белгілі бір пішіндерге орналастыруға болады. Парақты көлденең қойыңыз. Мүндай карта оқуға ыңғайлы. Әр түрлі пішіндермен, түстермен, көлеммен, шрифтпен, нұсқарлармен, белгілермен сәндеп көріңіз.

Ментальді карталарды жасау – бұл кез келген жұмысқа іскерлікпен қарау, оны ойға қонымды етіп атқару. Жекелеп айтқанда, өзімнің мұғалімдік қызметімде мен оларды тек лекцияларымның конспектісі ретінде ғана қолданбаймын, сондай-ақ білім алушылардың ментальді карталар арқылы лекциялық материалдарды өз бетінше конспектілеуіне де мүмкіндік беремін. Мұндағы ең негізгі мотивация біріншіден, білім алушылардың практикалық сабақтарда өз қолымен жасаған ментальді карталар бойынша жауап береді, екіншіден, ментальді картаның сәнделуіне қосымша балл қосылады. Онымен қоса, білім алушылар өздерінің презентацияларын баннерге ментальді карта істеулері арқылы өткізеді, ал бұл өз кезегінде баяндаманың негізгі құрылымын түсінуге және ең басты мәселелерді аңғаруға мүмкіндік береді.
Ментальді картаның пайдаланылу ауқымын одан да нақтырақ ашып айтатын болсақ:
- Оқу үдерісін ұйымдастыру;
- Уақытты дұрыс үйлестіру;
- Тілдерді үйрену;
- Жұмыстарға шектеу қою;
- Шешім қабылдау;
- Идеяны тиянақтау және де басқа да көптеген нәрселер үшін қажет.
Ментальді картаны құру «Өсімдік» тақырыбына жасалған мысал төмендегі суретте көрсетілген.


Қорыта айтқанда, ментальді карталарды ойды жүйелеу, жоба жасауға жаңа идея тудыру, шешім қабылдау, ой шабуылын ұйымдастыру үшін пайдаланады


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет