Метафора тілдің лексикалық Қабатын дамытушы қҰрал



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.09.2022
өлшемі167,9 Kb.
#39891
  1   2   3


И.Н. Касимова
шет тілдер магистрі,
М. Ӛтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы 
МЕТАФОРА - ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТЫН 
ДАМЫТУШЫ ҚҰРАЛ
(қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің мысалдары негізінде) 
 
Метафора – ӛмірдегі күрделі де маңызды құбылыстардың бірі. 
Метафора мәселесі ойшылдарды сонау ықылым заманнан бері 
мазалап келе жатыр. Бірақ XX ғасырдың орта шеніне дейін метафора 
жай ғана стилистикалық құрал немесе кӛркем шығарманы 
әсірелеуші, кӛркемдеуші әдіс ретінде қарастырылып келді. Тек соңғы 
онжылдықтарда 
тілтанушы 
ғалымдар 
метафораның 
кӛп- 
қырлылығына кӛңіл аударып, жан-жақты зерттеуді қолға алды. 
Мұндай ғалымдар қатарына метафора жайлы құнды еңбектер жазған 
Н.Д.Арутюнова, В.Н.Телия, Б.Блэк, Дж.Лакофф, М.Джонсон сияқты 
авторларды жатқызуға болады.
Метафора – грек тілінің сӛзі, «ауысу» дегенді білдіретін термин. 
Тіл – тілде сӛз мағынасының ауысуының бірнеше тәсілдері бар. 
Солардың ішінде ӛте жиі кездесетіні және ең бастысы метафора 
тәсілі. Белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сӛз мағынасының 
ауысып қолданылуы метафора деп аталады. Сӛз метафоралармен 
түрленіп, ӛңделіп отырады. Метафора құбылысының сӛздің 
мағынасынан орын тепкені соншалық, метафораның негізінде туған 
қосымша мағынаның кӛп жағдайда ауыспалы мағына екені бірден 
аңғарыла бермейді. Сӛз мағыналарының метафоралық ауысуы тілдік 
семантиканы дамытудағы аса маңызды тәсіл ретінде танылады. 
Адамдардың ӛз ара түсінісу, қатынас құралы тіл болса, оның 
лексикалық құрамының негізгі арқауы – сӛз. Ол – қоғам мен табиғат 
құбылыстарының, адамның рухани ӛмірінің айнасы. Сӛздердің мәнін, 
қолданылу сырын ашу, мағыналарына түсініктеме беру – қазақ
лингвистикасының алдында тұрған елеулі міндеттерінің бірі. Осы 
ретте тілімізде сӛздердің метафоралы қолданылуы – ерекше назар 
аударуды талап ететін тақырып. Ӛйткені сӛз семантикасы, сӛздің 
қолданылу тәсілі, экспрессия қасиеті қазақ тіл білімінде әлі де болса 
басы ашық мәселе емес. 
Тілшілеріміз де, әдебиетшілеріміз де метафора мәселесін ӛз 
алдына нысанаға алып, әңгімесіне арнайы арқау еткен емес. Бірақ 
мүлдем ауызға аларлықтай еңбектер жоқ деп айтуға да болмайды. 


Ӛткен ғасырдың 60-шы жылдары жазылған Рахым Барлыбаевтың 
«Қазақ тілінде сӛз мағынасының кеңеюі мен тарылуы» (Алматы,1963)
атты кандидаттық диссертациясы, Бақытжан Хасановтың «Қазақ 
тілінде сӛздердің метафоралы қолданылуы»(Алматы,1966) кітабы сол 
кездегі қазақ тілінің метафоралары жайлы зор мағлұмат беретін, әлі 
күнге құндылығын жоймаған іргелі еңбектер. Дегенмен, бұл 
еңбектердің жарық кӛргеніне жарты ғасырдай уақыт ӛтті. Елу жылда 
ел жаңа. Уақыт ӛткен сайын тіл дамуда, күрделенуде. Тілдің даму 
барысында сӛздің лексикалық мағынасында әртүрлі ӛзгерістер болып 
жатады. Тілмен бірге метафора да үнемі ӛсу, күрделену үстінде. 
Қазіргі уақытта қазақ тіл білімінде метафораның табиғатын, тілдегі 
қызметін, түрлерін жаңаша зерделеп, саралайтын ғылыми зерттеулер 
аса қажет-ақ. Соңғы онжылдықта жазылған бірлі-жарым диссертация 
тақырыптарын тізуге болады. Бірақ бұл метафора тәрізді күрделі, 
кӛпқырлы құбылысты зерттеуде теңіздегі тамшыдай ғана үлес деуге 
келеді. 
Тілдік және әдеби тұрғыдан статикалық қалпында бӛліп 
қарағандықтан, метафораның тіл байытып, дамытудағы ролі еленбей 
келеді [1,19]. Сондықтан осы тақырыпқа аз-кем сӛз қозғауды жӛн 
кӛрдік. Метафора барлық тілде де кӛп мӛлшерде кездеседі. Қай тілде 
де ол лексикалық қабатты яғни сӛздік құрамды дамытуға елеулі үлес 
қосатынына біршама дәлелдер келтірсек дейміз. 
«Тілдік метафораны зерттеудің жаңа бағыттары» деген 
мақаласында А.Сыбанбаева метафораның бірнеше қызметін атап 
кӛрседі. Метафора жаңа мағына тудырады, бейнелі образ жасайды, 
кӛркем сӛз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсіл ретінде 
қолданылады, 
сӛзге 
эмоционалды-экспрессивті 
баға 
береді. 
Метафораның 
қызметі 
арқылы 
тілдің 
лексикалық 
және 
фразеологиялық қабаты, жалпы сӛздік құрылымы толыға түседі, 
белгілі бір ұғым аясы кеңи түседі [2,33]. Метафора - кӛптеген тіл 
қабаттарының шығу кӛзі. Мәселен, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, 
қанатты сӛздер метафораға негізделіп жасалады. Адам ӛмір сүрген 
ортадағы факторлардың ӛзгерістеріне қарай еркін сӛз тіркестерінен 
жасалған фразеологияның компоненттеріндегі тура мағынадағы 
сӛздер ауыс мағына алуы ондаған, жүздеген жылдардың ішінде 
болатын құбылыс. Ал кейбір реттерде идиома болған сӛздер 
метафоралы қолданыстың негізінде бірден ауыс мағына алуы мүмкін. 
Осыған орай профессор Б.А.Лариннің сӛзін келтірсек: «Самым 
существенным и решающим условием преобразования простого 
речения в идиоматиматическое было семантическое обогащение 


называемое метафоризацией сущность которого в расширении и 
обобщении значения в сторону образной типичности» [3,220]. Демек, 
фразеологизмдер сӛзді метафоралы қолданудан пайда болады. 
Мысалы, сӛз кӛтере алмау, ала кӛз болу, жылы сӛйлеу. Ағылшын 
тілінің фразеологимдерінен келтірсек: to kill time (убить время), to 
have one`s heart in one`s boots (душа в пятки ушла), to be in step with 
the times (шагать в ногу со временем), with an open heart (с 
открытой душой). Қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де метафоралық 
ойға негізделген мақалдарды кӛптеп кездестіруге болады: піл 
кӛтермегенді тіл кӛтереді; тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады; 
ашу - ақылдың дұшпаны; actions speak louder than words (поступки 
красноречивее чем слова); don`t teach a fish to swim (не учи плавать 
щуку, щука знает свою науку); love laughs at lockmiths (любовь на 
замок не закроешь). 
Бір кӛңіл аударатын жайт, бір сӛз әр тілде әр түрлі метафоралық 
мағына беруі мүмкін. Бәріміз білетініміздей, «ит – адамның досы». 
Бұған ешкімнің дауы жоқ. Бірақ біреуді «Нағыз ит екенсің!» деп 
атаса, сол адам туралы ӛзгелерде жағымсыз әсер қалады, яғни «ит» 
сӛзі адамға қатысты қолданылса сӛзге негативті бағалауыштық реңк 
береді. Орыс тілінде де осындай жағдай (мысалға «Вот, собака!»). 
«Жылан» сӛзі де қазақ-орыс тілдерінде адамның жағымсыздығын 
кӛрсету үшін қолданылады. Кӛбінесе кейбір нәзік жандыларға 
қатысты айтылады: «Ол – сұр жыланның ӛзі!», «Змея подколодная!». 
Ал ағылшын тілінде, бір қызығы, dog, serpent сӛздері адамға қатысты 
теріс әсер беруші сӛздер ретінде қолданылмайды.
Тілдерде метафоралық қолданыстағы бірдей сӛздердің әр түрлі 
мағына беруі, біздің ойымызша, халықтың тарихымен, ӛмірлік 
тәжірбиесімен, таным-түсінігімен байланысты. Жалпы хайуанаттар 
әлемінің (зоосемия) метафоризация процесіне ұшырауы ӛте ертеден 
келе жатқан құбылыс. Жануарлар аттарының ауыспалы мағынада 
қолданылуы барлық тілде де кездеседі. Бірақ, кей жағдайларда 
жануарлар аттарының етістікті формаға ауысып, абсолютті 
метафоралық етістіктер тобын құрайтынын айта кету керек: қораз – 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет