Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет13/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   206
АРКТИКА – 
(гр. аπκτορ — 
солтүстік) Еуразия және Солтүстік 
Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік Мұзды 
мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік 
полюс 
аймағы. 
Ол 
сондай-ақ Атлант 
мұхиты мен Тынық 
мұхиттың іргелес бӛліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км
2
, оның 
15 млн. км
2
-і 
мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей 
Федерациясының Мурманск, Архангельск, Тӛмен облыстары
Красноярск ӛлкесі, Саха Республикасы, Магадан облысының 
солтүстік аудандары,Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, 
Ньюфаундленд аумақтары, АҚШ-тыңАляска түбегінің солтүстігі, 
 Данияның  
Гренландия аралы, НорвегияныңШпицберген 
аралдары бӛліктері енеді. Аралдардың солтүстігін Арктикалық 
шӛлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып 
жатыр. Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан. 
АРТЕЗИАН СУЛАРЫ - Қойнауқаттар арасында жиналған 
арынды жерасты сулары. Артезиан сулары бартау жыныстарын, 
түзілімдерін яғни олардың ңойнауңаттарын үңғьімалармен 
бүрғылап ашқанда сыртңа атқылап, шапшып шығатын суфонтаны. 


АРТЕЗИАН СУЫ — су ӛткізбейтін қабаттардың, немесе 
жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. 
Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да 
жақсы су. Сондықтан сол айғақтағы елді сумен қамтамасыз етудің 
ең қолайлы кӛзі болып саналады. Артезиан Суы – су ӛткізбейтін 
қабаттар арасында кездесетін арыны күшті жер асты суы. 
Қазақстанның кӛптеген аудандарында артезиан суының қоры мол. 
Тау бӛктеріндегі артезиан суы тұщы, минералдығы 1 г/л-ден 
аспайды.
АРХЕЙ (АРХЕОЗОЙ) — прекембрийдің үш 
бӛлімшесінің 
ортаңғысы (осыдан 4-2,5 млрд ж. бұрын). Қазіргі кезде архей ресми 
түрде эон болып табылады. Архей — архей эрасы және архей тобы 
ұғымдарының қысқаша аталуы. Грек тілінде archаіos деген сӛз 
ежелгі деген мағынаны білдіреді. Архей – Жердің геологиялық 
даму тарихындағы ең ежелгі эра болып табылады. Радиометрлік 
зерттеулер Архей эрасына қатысты тау жыныстары осыдан 
шамамен 3,6 – 4 млрд. жыл бұрын қалыптаса бастағандығын 
кӛрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой 
эрасына ауысу уақыты шамамен 2,6 – 2,8 млрд. жыл бұрын ӛткен. 
Архейде қалыптасқан тау жыныстары негізінен метаморфтық 
ӛзгерістерге ұшыраған тау жыныстарынан:  гнейстен,  кристалды 
тақтатастан, сирек жағдайда амфиболиттен, мәрмәрдан  және 
 кварциттен тұрады. Органикалық қалдықтар кездеспейді, бірақ 
олардың құрамында графиттің ұшырасып қалуы архей эрасында да 
тіршілік нышаны болғандығын білдіреді. Архейде түзілген тау 
жыныстары кӛптеген кӛне геологиялық құрылымдардың негізін 
қалайды. Олардың арасында маңызды кендер кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет