Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет15/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   206
АТЛАНТ МҦХИТЫ – Жер шарындағы аумағы жӛнінен Тынық 
мұхиттан кейінгі 
екінші мұхит. 
Оны 
ежелгі гректер Африканың солтүстік - батысындағы Атлас (Атлант) 
тауына байланысты атаған. Шығысында Еуропа мен Африканың
батысында Солтүстік және Оңтүстік 
Американың, 
оңтүстігінде Антарктиданың аралығында 
орналасқан. 
Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды 
мұхитпен, 
оңтүстік-шығысында 
Африка 
мен 
Антарктида 
аралығында Үнді 
мұхитымен, 
оңтүстік-батысында Дрейк 


бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен 
оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла 
орналасқан. Ені басқа бӛліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 
км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі 
жалпы аумағы 91.6 млн. км
2
, орташа тереңдігі 3597 м, суының 
кӛлемі 329.7 млн. км
3
. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты 
тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) 
мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы 
бӛлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген 
(Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа 
мұхиттармен 
салыстырғанда 
аралдар 
аз. 
Iрі 
аралдары 
(Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен 
Антиль, Кіші 
Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың 
жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бӛлігіндегі аралдар 
(Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар 
жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су 
асты жотасымен бӛлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, 
Тристан-да-Кунья, Кӛкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау 
аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында 
Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, 
батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, 
оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың 
тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал 
доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 
8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, 
қыраттармен, жоталармен бӛлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық 
беткеймен кӛмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бӛлігін әктастан 
тұратын 
органикалық 
шӛгінділер 
жауып 
жатыр. 
Терең 
қазаншұңқырларының 
түбі 
қызыл 
саздан, 
ал 
жанартау 
аралдарының тӛңірегі жанартаулық шӛгінділерден түзілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет