Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет17/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   206
АТМОСФЕРАЛЫҚ ЖАУЫН-ШАШЫН — ауа райы мен климат 
элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не 
оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп 
шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын 
атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: 
қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, 
қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге 
ауадан бӛлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай 
түрлері болады: шың, қырау, қылау, кӛкмұз (ожеледь). Бұлттардан 
бӛлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа 
бӛлінеді: аң жауын, нӛсер, сірікпе. Нӛсер күйінде жауатын 
атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. 
Атмосфералық жауын-шашынның мӛлшері жауған су қабатының 
қалыңдығын кӛрсететін миллиметрмен ӛлшенеді. Атмосфералық 
жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның 
жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын 
географиялық 
орнына, 
теңіздің 
жақындығына 
немесе 
қашықтығына, рельефке (таулар ӛздерінің жел жақ беткейлерінде 
ылғалды кӛбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-


шашын ең кӛп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; 
мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. 
шӛлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер 
болады. Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең кӛп жауатын ӛңірі – Алтай 
тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын 
Арал Қарақұмы мен Балқаш кӛлінің батыс жағалауында байқалады.
АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚЫСЫМ — атмосфераның жер бетіне және 
ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап 
бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен 
(Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе 
миллибармен (мб) ӛлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық 
қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең. 
Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым 
азаяды. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте 
атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 
есе кемиді. Астана қаласының атмосфералық қысымы Алматыға 
қарағанда жоғары. Жер шарын коршап тұрған атмосфера ӛзінің 
салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық 
қысым деп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды 
гектопаскальмен (гПа) кӛрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым 
ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа кӛрсеткіші (1013 гПа) 
алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды 
изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан 
жасалған барометр — анероидпен ӛлшейді. Атмосфералық қысым 
Жер шарының кез келген бӛліктерінде үздіксіз ӛзгеріп отырады. 
Тропиктік белдеуде қысымның тәуліктік ӛзгерістері айқынырақ 
байқалады. Кейде тәулік ішінде қысым айырмашылығы 20—30 
гПа-ға жетуі мүмкін. Атмосфералық қысымның жылдық ӛзгерістері 
материктердің орталық бӛлігінде күштірек байқалады. Мәселен, 
Гоби шӛлінде бұл кӛрсеткіш тіпті 40 гПа-ға жетеді, мұнда қысым 
максимумы қаңтарда, минимумы шілдеде байқалады. Материктер 
шетіндегі муссонды облыстарда және мұхиттардың жоғары 
ендіктерде жатқан бӛліктерінде атмосфералық қысымның жылдық 
ауытқулары едәуір болады. Владивостокта бұл кӛрсеткіш 14 гПа, ал 
Мумбайда (Бомбей) 10 гПа шамасында. Атмосфералық қысым 
биіктікке 
қарай 
да 
ӛзгереді, 
бұл, 
ең 
алдымен, 
ауа 
температурасының биіктікке қарай таралуына байланысты. 
Мәселен, Еуропада қысымның орташа жылдық кӛрсеткіші теңіз 
деңгейінде 1014 гПа болса, 5 км биіктікте — 538 гПа, 10 км 


биіктікте — 262 гПа, ал 20 км биіктікте бар болғаны 56 гПа ғана. 
Жер шарының басқа аудандарында да атмосфералық қысымның 
биіктікке байланысты ӛзгерістері шамамен осындай болады. 
Атмосфералық қысымның географияльщ таралуы ӛте күрделі сипат 
алады. Ӛйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың 
арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық, жағдайға 
байланысты болады. Жалпы Жер шарында географиялық 
ендіктерге байланысты 3 темен қысым белдеуі және 4 жоғары 
қысым басым белдеу ажыратылатынын білесіңдер. Бірақ жеке 
материктер мен мұхиттар бойынша бұл белдеулердің жергілікті 
айырмашылықтары болады. Мәселен, қыс кезінде қоңыржай 
ендіктерде қалыптасатын максимумдардағы қысым Канада жерінде 
1020 гПа болса, ал Азияда 1035 гПа-ға жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет