Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


АУА МАССАЛАРЫНЫҢ КЛИМАТОЛОГИЯСЫ -



Pdf көрінісі
бет22/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   206
АУА МАССАЛАРЫНЫҢ КЛИМАТОЛОГИЯСЫ - ауа райының 
әр түрлі режімдерімен байланысты әр типтегі ауа Иссаларының 
қайталануын сипаттайтын климат, яғни серпінді климатологияның 
қарапайым нұсқасы. 


АУА МАССАЛАРЫНЫҢ ШЫҒЫСТАСЫМАЛДАНУЫ - 1) 
тропиктер- пассаттар немесе полюстік ендіктер - әсіресе 
Антарктида маңындағы мұхит, ауаның шығыстан батысқа қарай 
тасымалдануы; 2) 20 км-ден жоғары бүкіл "жазғы" жарты шарімен 
ӛтетін ауаның шығыстан барайғы жазғы тасымалдануы 
АУА РАЙЫ — атмосфераның жергілікті жердегі белгілі бір 
уақытта немесе уақыт аралығында (тәулік, ай) байқалатын 
құбылмалы жағдайы. Ол кӛбіне атмосф-ның тӛменгі тропосфера 
қабатының күйімен сипаттайды. Себебі, А. р-н ӛзгертетін негізгі 
процестер осы қабатта дамиды. Бірақ, әртүрлі биіктіктегі атмосф. 
процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан жер 
бетіндегі А. р-ның ӛзгеру себептерін білу үшін атмосфераның 
жоғарғы биік қабаттары зерттеледі. А. р. метеорол. ӛлшемдермен 
(температура, қысым, жел, ауа ылғалд., бұлттылық, атмосфералық 
жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, 
найзағай, боран, дауыл т.б.) сипатталады. Жер бетіндегі А. р-ның 
ӛзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды. А. р-ның кӛп 
жылдық режимі климат деп аталады. 
АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ – атмосфера-ның жылулық күйін 
сипаттайтын метеорологиялық ӛлшемдердің бірі. А. т. метеорол. 
ст-ларда жерден 2 м биіктікте, күн сәулесі түспейтін арнаулы 
үйшікте психрометрлік термометрмен, ал экспедициялық жағдайда 
аспирациялық термометрімен ӛлшенеді. А. т. ауа райына 
байланысты үнемі ӛзгеріп отырады. Жер шарында А. т-ның 
таралуы – Күн радиациясының жер бетіне жетуіне және сіңуіне
жер бедерінің сипатына және сәуле шашуына, сондай-ақ жалпы 
атмосфера айналымына байланысты. Жер бетінде байқалған ең тӛм. 
темп-ра Антарктидада («Восток» ст-сында – 89,2°С), және 
Якутияда (Оймякон – 71°С), ал ең жоғ. темп-ра (58°С) әл-Әзизияда 
(Ливия) тіркелген. Тропосфера қабатының жоғ. шекарасында (12 
км) темп-ра – 70°С-қа дейін тӛмендейді. Ал стратосферада (13 – 50 
км) озон қабатының ультракүлгін сәулесін жұтуынан ауа темп-расы 
5°С-қа дейін кӛтеріледі. Одан жоғ. қабаттарда темп-ра тӛмендейді. 
Тропосферада А. т. тік бағытта (әрбір 100 м сайын) шамамен 0,5 – 
0,7°С-қа тӛмендейді. Тәулік бойында А. т-ның ең жоғ. нүктесі сағат 
15-те, ең тӛм. нүктесі күн шыққаннан кейін 45 мин ӛткен кезде 
байқалады. Қазақстанда қаңтардың орташа темп-расы солт-те 
(Петропавл 
қ.) – 19С, оңт-те (Шымкент қ.) – 4°С. 
Республикамыздың шығысында (Марқакӛл кӛлі маңында) қыстың 


кейбір күндері ауаның темп-расы – 55°С-қа тӛмендейді. Шілде 
айының орташа темп-расы Қазақстанның кӛпшілік жерінде ең жоғ. 
темп-ра 32°С-қа, қиыр оңт-те кейбір айларда 47°С-қа жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет