Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет28/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   206
БАТИПЕЛЕГИАЛЬ - 200–3000 м терендіктер аралығын қамтитын 
мұхит (теңіз) сулары қабатының жалпылама атауы. Бұл 
деңгейлерде 
батиальды 
организмдер, 
мәселен, радиоляриялар мен фораминиферлер деп 
аталатын жынысқұрушы 
микроорганизмдер (су 
жәндіктері) 
тіршілік етеді. Синонимі – батиальды облыс(аймақ) 
БАТПАҚ — ылғал шамадан тыс жиналып, шымтезек түзілу 
процесі 
жүріп 
жатқан 
жерлер. 
Батпақ 
жер 
беті 
сулары ойыстарда, шұңқырларда, сондай-ақ, жер бетіне жақын 
орналасқан су ӛткізбейтін қабаттарда іркіліпжиналғанда немесе 


жер асты сулары жер бетіне жақын жатқанда, беткі топырақ қабаты 
толық ылғалдыққа дейін қаныққанда және осы жерлерде ылғал 
сүйгіш ӛсімдіктер ӛскенде 
пайда 
болады. Қазақстан жерінде 
ауқымды Батпақтар жоқ, ӛйткені республика жері, негізінен, құрғақ 
— сулану аз да, булану мол. Дегенмен, жергілікті табиғи-
климаттық жағдайларға, тіпті кей алқаптарда адамның тікелей 
әрекетіне 
байланысты 
Қазақстанда 
Батпақтың 
ӛзен-кӛл 
жағалауындағы Батпақ, сор Батпақ,  тақырлық  Батпақ, саздық 
Батпақ,техногендік Батпақ, т.б. түрлері 
кездеседі. Ӛзен-кӛл 
жағалауларындағы Батпақ тұщы су әрі күн сәулесі жеткілікті 
аймақтарда орын алатындықтан, мұндай жерлерде қамыс, қоға 
қалың 
ӛседі. 
Сор 
Батпақ 
— 
республиканың 
оңтүстігіндегі шӛл және шӛлейтбелдемдердің ойпаң жерлерінде
кӛлдердің жағалауларында, ал кейбір жылдары, тіпті, сол кӛлдердің 
табандарында да кездеседі. Мұнда кейбір сораң шӛптерден басқа 
ӛсімдік ӛспейді. Тақырлық Батпақ — шӛлді аймақтардың ойпаттау 
жерлеріндегі тақырда кездеседі. Саздық Батпақ — Қазақстанның 
оңтүстік мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтар етегіндегі 
бұлақтар тӛңірегінде түзіледі. Техногендік Батпақ — кең ауқымды 
су құрылыстары жүргізілген аймақтарда (бӛген салу, канал қазу, 
күріш 
суару 
алқаптары, 
т.б.) 
пайда 
болады. 
Мысалы, Қапшағай бӛгені 
салынғаннан 
кейін, 
оның 
жағалауындағы жер асты суының деңгейі кӛтеріліп, 200 мыңга жер 
батпаққа айналды, сӛйтіп ауыл шаруашылығы айналымынан 
шығып 
қалды. 
Олардың 
беткі 
қабаттарында 
құрағанӛсімдіктердің толық 
ыдырамаған, 
кейін 
шымтезекке 
айналатын қалдықтары жиналады. Б. үстінде мол ылғал мен 
ағыссыз жағдайға бейімделғен ӛсімдіктер ғана ӛседі. Қалындығы 
0,3 м-ден кем болмайтын, минералды таужыныстардың бетіне 
шӛккен, ылғалға қанық органикалық материалдардан (шымтезек) 
тұрады. Ылғал шымтезек қабаттың калындығы 30 см болса — 
батпақ, ал 30 смден аз болса — батпактанған жер деп аталады. 
Қоректену 
сипатына, жер 
бедеріне байланысты, 
орналасу 
жағдайына және негізгі ӛсімдік кұрамына карай Б. басты-басты үш 
экологиялык түрге бӛлінеді: эвтрофты (ойпаңдық), олиготрофты 
(беткейлік) және мезотрофты (ӛтпелі). Б. негізінен кӛлдердің 
шарасын ӛсімдік басу немесе құрлықтың батпақтануы (орман, 
шабындық ӛртендері) жолымен қалыптасады. Ӛсімдіктердің 
басымдылығына қарай — орманды, бұталы, шӛптесін, мүкті Б.; 


микробедерге байланысты — тӛбешікті, жайпақ, шығыңқы 
(дӛңбек) және т.б. Б.; макробедеріне қарай — аңғарлық, 
жайылмалық, беткейлік, суайрыктык Б. болып жіктеледі. 
Қазақстанда батпактар кӛбінесе солтүстікте, Батыс Сібір ойпатында 
кеңінен тараған. Әлемдегі батпақтардың жалпы кӛлемі 2682 мың 
шаршы км, яғни құрлық аумағының 2,1%-ын алып жатыр. 
БЕДЕР- кӛрінісі, мӛлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы 
жағынан 
әр 
түрлі 
жер 
беті 
пішіндерінің 
жиынтығы. Қыраттарды түзетін оң пішіндерді және ойпандардан 
тұратын теріс пішіндерді құрайды. Масштабына карай мынадай 
топтарға бӛледі: планеталық (материктер мен мұхит шарасы), 
мегапішіндер (таулы жүйелер, жазық ӛңірлер), макропішіндер (тау 
жоталары, тауаралық ойпаңдар), мезопішіндер (тӛбелер, ӛзен 
аңғарлары, сайлар), микропішіндер (эрозиялық жырмалар, карст 
шұңқырлары), нанопішіндер (шалғындық томарлар, кеміргіштердің 
індері, жел иірімдері). Жер бетінде эндогендік және экзогендік 
процестер бірге әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Эндогендік 
процестердің (тектоникалық, жанартаулық және тағы да басқалары) 
жетекші рӛлінің басым болуына сәйкес кӛбінесе ірі бедер пішіндері 
— 
заңғар 
тау 
жоталары, 
тауаралық 
жазықтар, 
мұхит 
қазаншұңқырлары (морфоқұрылымдар) қалыптасады. Олардың 
қалыптасуы сыртқы ғарыштық күштермен, яғни Жердің 
айналуымен, Күннің және Айдың тарту күштерімен және тағы да 
басқалары 
байланысты 
болады. Күн 
сәулесінің энергиясына 
байланысты экзогендік процестер (ағын сулар, теңіздік соқпа 
толқындар, жел және мұздықтар әрекеті) жер бетінде кішірек 
пішіндерді (морфомүсіндерді) құрады. Қандай да бір экзогендік 
факторлардың басым болуына байланысты флювийлік, мұздықтық, 
тоңдық, эолдык, карстык және тағы да басқалары түрлерін 
ажыратады. Бедердің мынадай түрлері бар: альпілік, жанартаулық, 
биіктаулы, қазынды, денудациялық, карстық, мореналық, аласа 
таулы, кӛмілген, су асты, мүсіндік, тӛрткіл, құрылымдық, сатылы, 
контрастық. 
БЕНТОС (гр. benthos – тереңдік) — су қоймаларының түбіндегі 
организмдер жиынтығы. Ӛсімдіктер бентосы (фитобентос) тайыз 
жағалау зонада орналасады; жануарлар бентосы (зообентос) барлық 
тереңдікте 
болады. 
Бентос — 
кӛптеген балықтардың жемі. 
Мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтағы суқоймасының түбіндегі 


саз-топырақ бетінде және арасында тіршілік ететін организмдер 
жиынтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет