Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет41/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   206
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы 
түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі. Бұлайша
кӛрсетілген 
Географиялық 
Карта 
Жердің 
географилялық 
қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеум.-экон. құбылыстардың 
арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен 
ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы 
тұрғыдан іріктелініп алынғанын кӛрсетеді. Географиялық Карта 
Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі 
ретінде кӛруге болады. Картаны аумақты қамтуына (дүниежүз., 
құрлықтық, жеке елдер, т.б.), мазмұнына (жалпы геогр. және 
тақырыптық, т.б.), масштабына(ірі масштабты — 1:200 000 және 
одан ірі, орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1000 000-ға дейін және 
кіші масштабты — 1:1000 000-нан кіші), т.б. белгілеріне қарай 
бӛледі. Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы 
болады. Оны картогр. проекция деп атайды. Картаның кӛмегімен 
жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мӛлшері және пішіні 
туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді 
картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада 
кӛрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың
яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық 
Картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, 
пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, 
Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми 
принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың 
және оның бӛліктері — құрлықтар мен мұхиттар, олардың 
географиялық 
жағдайы, табиғат байлықтары, 
халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа 
деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып 
табылады: 
 
бірінші, картографиялық проекциялардың кӛмегімен карта жасау 
жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мӛлшері және пішіні 
туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді. 
 
екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде 
пайдалану: 
а) жер бетінің бір бӛлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті 
масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған 
масштабта кішірейтіп кӛрсетуге келмейтін, ал ӛзінің маңызы 
жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді кӛрсетуге 
жағдай жасайды; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет