Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет5/206
Дата16.01.2023
өлшемі4.63 Mb.
#61433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   206
АҒЫНСЫЗ 
КӚЛДЕР 

дала 
мен шӛлейт зоналардың 
(Қазақстанның) 
және 
мәңгі 
тоңды 
аймақтардың 
(Батыс 
Сібір мен Саха Республикасының) ағынсыз атыраптарында тараған 
немесе жер асты суы кӛрші су жиналу атырабына етпейтін кӛлдер.
АЙНАЛЫМ (ЦИРКУЛЯЦИЯ) — ағындардың тұйық контурдағы 
қозғалысы. 
АТМОСФЕРАЛЫҚ 
АЙНАЛЫМ — атмосферадағы  
ауа
массаларының  қозғалысы. 
КҤШТЕУЛІК 
АЙНАЛЫМ — сорғыштар,
сығымдағыштар  
немесе  араластырғыштар арқылы жүргізілетін айналым. 
ТАБИҒИ АЙНАЛЫМ — жылулық тарту. 
Табиғи 
циркуляциясы - 
беткейлердің 
тартылуы 
сұйықта 
немесе газда болатын 
немесе тығыздықтың бір 
қалыпсыз 
таралуынан болатын, газдың немесе сұйықтың айналып жүруі, 
кӛбінесе бір қалыпсыз қыздырудан пайда болады. 
Қуаттың циркуляциясы - тұйық күш айналымы бар болғанда 
туындайтын құбылыс, қосарланған тармақтың біреуінде жетектің 
буыннан жетекші буынға айналма қуат беріледі, ал екінші тармақ 
бойымен жетекші буынға жетектегі буынға айналма қуатпен 
берілетін қуаттың қосындысының таралуы. 
Мәжбүрленген 
циркуляция - 
сораптың компрессордың және 
бұлғауыштың кӛмегімен орындалатын сұйық пен газдың жылжып 
айналып қозғалуы. 
Жылдамдықтың циркуляциясы - газдың немесе сұйық ағынның 
ұйытқуының  кинематикалық елшемі. 
Бірқалыпты циркуляция - бұрылыс кезінде жүзетін кӛлік 
құралының  ауырлық центрін суреттейтін шеңбер. 
АКТИНОМЕТР - жасанды 
жылу 
кӛздерінің немесе күн 
радиациясынын  қарқынды сәулеленуін ӛлшеуге арналған аспап. 
 
АМАЗОН - Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние 
жүзіндегі ең ірі ӛзен. Ӛзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі В.Я. 
Пинсон 
ашқан. 
Ӛзен 
арнасымен 1541 ж. 
алғаш 
рет 
испан конкистадоры Ф. де Орельяк саяхат жасаған. Жергілікті 
тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ ӛзен) және Парана-Туасу (Ұлы 
ӛзен) деп атайды. Алабының ауданы 7,2 млн. м2, ұзындығы Укаяли 


бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонның негізгі 
ағысы экватор мен 5˚ оңт. ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса 
ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мӛлш. 1500 - 
3000 мм) жатыр. Анд тауынан ӛткен соң, ӛзен Амазон ойпатына 
шығып, оң жақтан келген Укаяли ӛз-мен қосылып Ұлы А. ӛз. 
басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы 
ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта 
әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аум. шамамен 100 000 км2). 
Ӛзенге кӛптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұз. 1500 
— 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон ӛз-дері қосылған соң, 
оның арнасының ені 2 км. орта ағысында 5 км, құйылысында 80-
150 км-ге жетеді; суының тереңд. орта ағысын-да 70 м, Обидус қ. 
тұсында 135 м-ге, ал құйылысында 15-45 м-ге дейін барады. 
Амазонның салалары бір-бірінен тек мӛлш. мен сулылығы жӛнінен 
ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Ӛзеннің 
гидрологиялық тәртібі ӛте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі 
жарты шарда орналасқандықтан, жылдың түрлі мезгілдерінде 
жауын-шашынның аз не кӛп жаууына байланысты әр түрлі 
тасқындар болып тұрады. Оңт. салалары сулылығының 
молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында А-
ның ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000 
м3/с, ал орташа жылдық ағындысының кӛлемі 5520 км шама-сында. 
Әлемдегі ӛзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 — 17%-і осы 
ӛзеннің үлесі-не тиеді. Амазонның ӛсімдік және жануарлар әлемі 
ӛте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы 
тұщы су фаунасының 1/3 бӛлігі). Ӛзеннің басты арнасы 
құйылысынан 4300 км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына 
дейін) жүзетін болса, құйылысынан 1690 км қашықтыққа (Манаус 
қ-на) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонның энергет. 
мүмкіндігі ӛте мол (қуаты 280 млн. кВт шамасында бағаланады), 
бірақ ол пайдаланылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   206




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет