Мәтін және жазба әдебиеті: ерекшелік қырлары



бет1/9
Дата14.02.2022
өлшемі312,31 Kb.
#25521
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

25. Мәтін және жазба әдебиеті: ерекшелік қырлары

Жазба әдебиетінің жалпы әдеби-тарихи үдеріске айрықша әрі қарқынды ықпалы мыналардан көрінеді. Біріншіден, жазба әдебиет өзімен бірге жаңа жанрларды қалыптастырды; Екіншіден,ауызша шығарылған шығармаға қарағанда жазба әдебиетінің туындысы әдеби тілдің нормаларына сай лексика-стилистикалық қабатты түзе бастады; Үшіншіден, жазба әдебиеттің қалыптаса бастаған алғашқы 40-50 жылында әдебиет халық өмірінің алуан жақтарын бейнелеп, үлкен жаңа белестерге көтерілді. Жазба әдебиет ауызша әдебиетке қарағанда қай жағынан болса да жедел дамуға түсті. Аз жылдың ішінде жазба әдебиеті таза әдеби-көркемдік жағынан болсын, тақырыптық-идеялық жағынан болсын қарқынды дамыды деуге болады; Төртіншіден, туындыларын ауызша шығарған авторларға қарағанда жазба әдебиет өкілдері мейлінше таза шығармашылық иелері бола бастады. Яғни, әдебиет ситуативті шығармашылықтан ұзап, мақсатты, кең өрісті көркем танымға айнала бастады. Осының аясында оның қоғамдық ой ретіндегі мазмұны күшейіп, көркемдік қабылдауы, яғни, эстетикалық мазмұны тереңдеді. Бесіншіден, жазба әдебиет жаңа типтегі шығармашылық иелерін тудырды. Олар өмір шындығын қамту және оны көркем бейнелеуге келгенде алдыңғы әдебиет өкілдерінен ілгері кетті. Олардың дарынды өкілдерінің дара шығармашылық әлемі қалыптасты. Яғни, дербес авторлық олардың идеялық мұраттарды қалай бейнелеуінен байқалып, жеке автордың стиль мәселесі орныға бастады. Абайдың біз білетін кемеңгерлік биікке көтерілуі – оның жазба әдебиетінің өкілі болуында. Алтыншыдан, жазба әдебиетінің қалыптасуы бұрындары қазақ жерінің әр өлкесінде «бірі ескілікті жақтап, бірі орыс ұлығын жамандап, бірі қазақты жамандап, түпкі дертті таба алмай» /2,82/ жүрген ақындар ендігі жерде бір-бірін біле бастады. Жетіншіден, әдебиет бұрын халықтық, бытыраңқылық сипатта болса, ендігі жерде жазба әдебиетінің аясында жалпыұлттық әдеби үдеріс қалыптаса бастады.

Қазақ әдебиетiнiң ежелгi бастаулары б.з.б. 3 — 1 ғ-лар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр.
26. Мәтін және суреткер әдісі: ортақ мұраттар мен сипаты

Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады. Ойдан шығару-образға апаратын жол; суреткердің өмірде көрген білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі.  Көркем әдебиеттің оқыған адамды баурап алар, оның жан дүниесіне әсер етер құдіретті күші оның образдылығына байланысты. М: Күлімсіреп аспан тұр, Жерге ойнатып әр нені. Суреткердің шеберлігінің арқасында жансыз табиғатқа жат бітіп тұрғандай! Жазушы іс жүзінде кейіпкер мінезін әр түрлі тәсілмен жасайды: тура мінездеу, жанама мінездеу. 

27. «Қазақ әдебиетінің тарихы» (он том): мәтін және жанр жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет