Мәтін талдаудың тиімді жолдары



бет1/5
Дата02.11.2022
өлшемі142,73 Kb.
#46977
  1   2   3   4   5

Мәтін талдаудың тиімді жолдары


Оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой- толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. 

Оқу сауаттылығы бойынша мәтін сұрақтарын шешудің 7 тәсілі


Мәтінге байланысты берілген сұрақтардың тапсырмасынан бастау.Алдымен сұрақтың тапсырмасын оқысаңыз, мәтінді оқып жатқанда автоматты түрде адамның миы оны түсінуге, шешуге бейімделіп оқитын болады.Мәтінді оқымас бұран алдымен жауап нұсқаларына көз жүгіртсеңіз, не туралы айтылғанын және сізден не сұрап тұрғанын оп- оңай түсіне аласыз.
Сұрақтың тапсырмасын және сізден нені сұрап тұрғанын жақсылап түсініп алыңыз.Кейде сұрақтың тапсырмасында “айтылмаған”, “берілмеген”, “жатпайды “деген болымсыз тапсырмалар кездеседі. Мұндай сұрақтарға абай болыңыз.
1
2
Барлық жауап нұсқаларын міндетті түрде қарап шығыңыз.Жауабы осы болуы ықтимал деген нұсқаларды алып қалып, қалғандарын ” Х” деп қойыңыз, тағы да мұқият қарап, жауаптың нақтылығына мән беріңіз. Қорытынды: дұрыс жауапты нақтылау.
Сұрақтарды өзіңіздің ыңғайыңызға қарай емес, сұрақта сізден не сұрап тұрғанына қарай тұжырым жасаңыз. Мәтіндегі ойды түсінбеуіңіз мүмкін, бірақ сізден не сұрағаны маңызды. Себебі сұралғандар мәтінде айтылған болып табылады. Қорытынды: сұрақ қоюшының ойымен санаса білу.
3
4
Ұзақ көлемді тапсырмалардан қорықпаңыз. Мәтіннің көлемі мен қиындығы көбіне бірдей емес. Беттің жартысын алатын мәтіндер басқаларға қарағанда әлдеқайда жеңіл болуы мүмкін. Ұзақ мәтіндерде көбінесе оқиға беріледі де, оны көз алдыңызға елестетіп, есте сақтау жеңіл болғаны үшін сұрақты оп-оңай шешесіз.
Мәтіннің негізгі ойы әдетте соңғы сөйлемдерде келеді. Айрықша жағдайларды есептемегенде, негізгі ойды соңғы сөйлемдерден іздеңіз.
5
6
Соңғы және ең маңызды әдіс. Мәтіндегі сұрақтарды барлығы шеше алады, бірақ ең маңыздысы- уақытқа үлгеру. Сол себепті тәжірибе жинап, тез жауап беруге үйрену маңызды. Тәжірибе жинау үшін белгілі бір тәртіппен сұрақ шешіп үйрену қажет. Маңызды ақпараттың астын сызып қойыңыз. Ұсыныс: күн сайын кем дегенде 20-30 мәтін сұрақтарын шешу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет