Мәтінді лингвистикалық талдаудың аспектілері Орындаған: Қуатбек Дария



бет1/2
Дата02.03.2022
өлшемі3,76 Mb.
#26810
  1   2

Мәтінді лингвистикалық талдаудың аспектілері

Орындаған: Қуатбек Дария

Мекенбек Аяжан

Қабылдаған: Байгутова А


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәнінің мақсаты – көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мәнін ашып түсіндіру, сол арқылы түпкі нәтижеге-мәтіннің (көркем туындының) көркем бейнелі болмысын түсінуге қол жеткізу. Әрине, бұл бірден жүзеге аспайды, оған 6ipтe-6ipте, сатылап қана жетуге болады.

Лингвистикалық талдау – мәтінді толық, жан-жақты кең түрде түсінуді қамтамасыз ететін жалпы филологиялық талдаудың алғашқы баспалдағы, бірінші сатысы.

Бірінші саты көркем мәтінге тілдік талдау жасау мәтінде жазушы қолданған тілдік құралдардың мәнін ашуға құрылады. Мәтіндегі тілдік тұлғалардың мән-мағынасын әбден білмейінше, олардың неліктен қолданылып тұрғанын, өзіне қандай көркемдік мақсат жүктейтінін, көркем бейне құруға қаншалықты ат салысып тұрғанын ашу былай тұрсын, мәтіннің жай қарапайым мазмұнын түсінудің өзі мүмкін болмайды

Екінші сатысы – келесі сатысы, күрделірек түрі-мәтінге стилистикалық талдау жасау.

Стилистикалық талдауда мәтінде қандай тілдік тұлғалардың қолданылғаны емес,олардың қалай қолданылғаны, не үшін, қандай мақсатпен қолданылғанының сыры ашылады. Мұнда енді олардың қолданысының стилистикалық жағына мән беріледі. Тілдік тұлғалардың мәтіннің көркем бейнелі мазмұнын ұйымдастыруына эстетикалық кызметіне назар аударылады. Мұндағы мақсат-көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың шығарманың идеялық, көркемдік мазмұнын бейнелеуге қатысын талдау.

Төртіншіден, көркем мәтіннің түрлерін ажыратып талдау принципі. Өлең, проза, драма – бұлар бәрі де көркем тіл жүйесіне жатқанмен, олардың түр, жанр жағынан бір емес екендіктеріне орай, тіл қолдану, сөз жұмсау жақтарында да ерекшеліктері болады. Поэзияда тілдік кұралдар, прозаға қарағанда көркемдік қызметі аралық көмекші дәнекерсіз, тікелей атқарып тұрады.

Үшіншіден, көркем мәтінді тілдік талдау жазушының дара стилін анықтау тұрғысынан да жүргізілуі тиіс. Яғни, ол жазушы көркем тіл жүйесіне не қосты, оны қалай байытты? деген сұраққа жауап іздеу керек. Әр жазушының өзінің сүйікті тілдік қолданыстары, тіл жұмсау әдістері болады.

Мәтінді лингвистикалық талдаудың бірнеше аспектілері бар. Олардың негізгілері мыналар:

1. Мәтінді әдеби тілге және оның нормаларына қатысы тұрғысынан алып талдау.

2. Мәтінді мағыналық жағынан талдау. Ол арқылы түсініксіз сөздердің не идеялық-тақырыптық үлкен жүк көтеріп тұрған сөздердің мәні ашылады.

3. Мәтінді көркем бейне жасауға қатысы жағынан алып талдау.

4. Мәтінді жазушының дара стилін айқьндау тұрғысынан талдау.

1.Мәтінді әдеби тілге және оның нормаларына қатысы тұрғысынан алып талдау әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге,құбылыстардың көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.

Мысалы:

М. Жұмабаев шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, троп түрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі  өзгерістерді көрсету үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып табылады.

М. Жұмабаев шығармаларындағы көркемдегіш амалдардың қолданылуы әрқилы.Өлеңдегі эпитетер: жалғыз жан, толқын шаш, қарақат көз, алма қан, қозы көз.

Эпитеттер, біріншіден, кейіпкердің келбетін, портретін, өзіндік ерекшілігін нақты, дәл көрсетуге қызмет етеді; екіншіден, кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі жан сезімін ашады. Эпитеттердің құрылымдық жағына келсек, сын есімнен, кейде зат есімнен жасалынған эпитеттер көп кездеседі

Ақын өленіндегі теңеудің стильдік мәніне көңіл аударсақ, теңеулерді бірде кейіпкердің кескін-келбетін, бет пішінін, сыртқы көрінісін, тұлғасын, портретін беру үшін қолданса, бірде кейіпкердің мінез құлқын, көңіл-күйін, ішкі сезімін ашу үшін таптырмас тәсіл ретінде пайдаланады.

                                                   -Ақ қанатты періште,

                                                   Былдырлаған бұлақтай,

Көрінген жанды күлдірген,

                                                   Жаңа піскен бүлдірген,

                                                   Балауса нәзік құрақтай

(«Мені де, өлім, әлдиле» Шығармалар жинағы., 111 бет)

М. Жұмабаевтың өлеңіндегі теңеулер-эпитетті теңеулер. Мысалы, былдырлаған бұлақтай, нәзік құрақтай, оттай сұлу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет