Методическое пособие. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. 56 с


–  білім алушы рөлі – ақпаратты құрастырушы (конструктор);  –



жүктеу 2.39 Mb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата22.12.2016
өлшемі2.39 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

– 

білім алушы рөлі – ақпаратты құрастырушы (конструктор); 



– 

негізгі  тұжырымдары  –  адамдар  ақиқат  шындық  жөнінде  жеке  өзінің  түсінігін 

құрастырады,  оны  белсенді  істейді.  Келіп  түсетін  жаңа  ақпарат  бұрынғы  біліммен 

байланысады. Олай болса, әрбір адамның психикалық түсінігі субъективті болып келеді; 

– 

түйінді ұғымдары – таяудағы даму аймағы, хабары көбірек өзге адамдар, проблемаға 



негіздеп оқыту [24].  

Білім беру саласында бар кемшіліктер орта білім беру ұзақтығын көбейту 

фактісінен  гөрі,  оның  мазмұнын  осы  заманғы  білім  парадигмасына  сай 

түпкілікті жаңартудың маңызды екен анық көрсетіп тұр. Бұл ретте «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның тәжірибесін тарату бүгінгі таңда орта білім 

мазмұнын жаңартудың бүтін саясатына айналып отыр.  

Осы  кезге  дейін  қатардағы  директорлар  мен  кәдімгі  мұғалімдерді  оқыту 

мақсаттары  мен  бағалауды  нақты,  тиімді  ету  үшін  қосымша  педагогикалық 

технологияларды  қолдануға  тура  келген  болса,  Қазақстан  Республикасының 

Білім  және  ғылым  министрлігінің  ұйымдастыруымен  бейімделген  ДББҰ 

бағдарламалары 

(жаңарған 

оқу 

бағдарламалары) 



оқыту 

үдерісін 

технологияландыруды ұлттық, жалпымемлекеттік деңгейге шығарады [1]. Оқу 

бағдарламалары қолданыстағы оқу бағдарламаларынан күрт ерекшеленеді, бұл 

оқу-тәрбие  процесінде  сапалы  бетбұрыс  қажеттілігінен  туған  объективті 

қажеттілік. 4-суретте бұл құжаттардың ерекшеліктері көрсетілген.  

28 

 


 

 

4-



сурет – Білім мазмұнын бекітетін құжаттардың  

формасындағы ерекшеліктер [10]  

 

«

Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ» 



стратегиясында  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев:  «орта  білім  жүйесінде  жалпы  білім 

беретін  мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне 

жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. 

Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен 

ақпаратты  терең  талдау  машығын  игеру  болуға  тиіс»,–  деп  атап  өтті  [4].  Бұл 

бағдар  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  13  қаңтардағы  №  9 

бұйрығымен  бекіген  2014–2016  жылдарға  арналған  білім  және  ғылым 

дамуының басым бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі жоспарда көрініс тапқан. 

Бұл  бұйрықта  орта  білім  беру  деңгейінде  білім  беру  мазмұнын  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін ескеріп жаңарту деп белгіленген.  

Аталған  басымдықтарға,  сондай-ақ  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің 

2014 


жылғы  4  шілдедегі  «Бастауыш  (12  жылдық)  білім  берудің  оқу 

бағдарламаларын  апробациядан  өткізу  туралы»  №  263  бұйрығына  сай 

2015 

жылдан бастап еліміздің 30 жалпы білім беретін мектебінде жаңартылған 



бастауыш білім беру бағдарламалары сынақтан өткізіле бастайды.  

Жаңарту  саясаты  білім  мазмұнын  іріктеу  мен  жобалау  саласындағы  көп 

жылғы отандық және шетелдік ізденістердің квинтэссенциясы десе болады [1]. 

Орта білім мазмұнын ДББҰ тәжірибесі негізінде жаңартудың мақсаты – өзінің 

білімі  әрі  мәдени  деңгейін  ұдайы  жоғарылатып,  жеке  басына  және  қоғамға 

пайда келтіре отырып, өзгермелі әлемде сәтті әрекет ете алатын иманы жоғары, 

шығармашыл,  сыни  ойлайтын  тұлғаны  тәрбиелеу,  оқыту  және  дамыту.  Орта 

29 


 

білім  мазмұнын  жаңарту  оқушылардың  өмірдің  өзгермелі  жағдайына  сәтті 

бейімделуін  қамтамасыз  ететін  кең  ауқымды  дағдыларды  дамытуға 

бағытталған, атап айтқанда: 

– 

сыни ойлау; 



– 

білімді шығармашылықпен пайдалану; 

– 

зерттеу жұмыстарын орындау; 



– 

АКТ-ны қолдану; 

– 

коммуникативтік  қарым-қатынас  тәсілдерін,  соның  ішінде  тілдік 



дағдыларды (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) қолдану; 

– 

топта және жеке жұмыс жасай білу [8]. 



Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жалпыға  міндетті  орта  білім  стандарттары 

мен  бағалау  жүйесін,  педагогикалық  кадрларды  дайындау  ісін,  тәрбие 

жұмысындағы көзқарасты, басқару мен көшбасшылықты, оқулықтар, ОӘК-лер 

мен  оқу-материалдық  базаны  жаңалауды  білдіреді.  Бұның  барлығы  қоғаммен 

жұмыс істеуді, жаңару үдерісін ұдайы зерттеп мониторинг өткізуді талап етеді. 

Оқытудағы  жаңа  құрылым,  мазмұн  мен  ыңғай-көзқарас  жалпы  мақсат-

міндеттерге байлаулы болуы керек.  

 

2.2 Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік 

мектептерінің  тәжірибесіне  тарату  жөнінде  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

Ұлттық білім академиясымен ынтымақтастық  

 

Орта  білім  мазмұнын  жаңарту  міндетін  орындау  үшін  «Назарбаев 



Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  және  республика  мектептерінің  қызметін 

ғылыми-әдіснамалық  және  оқу-әдістемелік  тұрғыдан  қолдаумен  айналысып 

келген  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  арасында 

2013 


жылдың  қазан  айында  ынтымақтастық  жөнінде  меморандум  жасалды. 

Осы  меморандум  аясында,  2014–2016  жылдарға  арналған  білім  және  ғылым 

дамуының  басым  бағыттарын  іске  асыру  жөніндегі  жоспарды  орындау 

мақсатында Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының 

(бұдан  әрі  –  Бастауыш  мектеп  МЖБС-ы)  жобасы  әзірленді.  Әзірлеу  жұмысы 

барысында Академия мен ДББҰ-ның Білім беру бағдарламалары орталығының 

қызметкерлері МЖБС жобасын талқылауға арналған бірқатар семинар-кеңестер 

өткізіп, бірлесіп жұмыс жасаудың күнтізбелік жоспарын, МЖБС-тың бірыңғай 

терминологиясын  белгілеп,  стандарт  қағидаларының  заңнамалық  талаптар, 

халықаралық  практика  және  педагогика  ғылымына  сәйкестігі,  оны  жетілдіру 

жолдары қарастырылды.  

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  белгілеген  мерзімге  сай  2014  жылғы 

21 

қарашада  Бастауыш  МЖБС-ы  Мектепке  дейінгі  және  орта  білім 



департаменті тапсырылды.  

МЖБС  қағидаларын  түсіндіру  мақсатында  Министрлік,  ДББҰ  және 

Академия  қызметкерлері  республиканың  барлық  аймақтарында  әртүрлі  фокус 

топтармен  кездесулер  өткізді.  Жоба  Парламент  Мәжілісінің  депутаттарымен, 

мемлекеттік  органдар  қызметкерлерімен,  педагогтер  ортасында,  ата-аналар, 

30 


 

үкіметтік  емес  ұйымдар,  бизнес  құрылымдар,  жұмыс  берушілер  және  БАҚ 

өкілдерімен бірге талқыланды.  

2014–

2016  жылдарға  арналған  білім  және  ғылым  дамуының  басым 



бағыттарын іске асыру жөніндегі жоспар бойынша:  

– 

жаңа  МЖБС-қа  сай  12  жылдық  мектептің  бастауыш  буынының  (1–5-



сынып) барлық пәндеріне;  

– 

ДББҰ  тәжірибесін  ескере  отырып,  11  жылдық  мектептің  (5–11-сынып) 



тілдік  пәндеріне,  «Ақпараттық-коммуникативтік»  пәніне  және  «Жобалық  іс-

әрекет» курсына арналған оқу бағдарламалары мен жоспарлары әзірленді.  

Аталған  жұмыс  алдын  ала  жоспарланған  мерзімде  ДББҰ  Білім  беру 

бағдарламалары  орталығының  базасында  өткізілді  (2013–2014  жж.).  Жұмыс 

тобына  ДББҰ  Білім  беру  бағдарламалары  орталығының,  Ы.  Алтынсарин 

атындағы  ҰБА  қызметкерлері,  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  және 

Астана  қаласының  жалпы  білім  беретін  мектептердің  жетекші  мұғалімдері 

кірді.  


Академия  қызметкерлері  ДББҰ-ның  Педагогикалық  шеберлік  орталығы 

ұйымдастырған  «Орта  білім  мазмұнын  жаңартудағы  әлемдік  үрдістер»  атты 

Білім  және  ғылым  министрлігі  мен  оның  ведомстволық  ұйымдар 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарын  өтіп  (2014  ж.)  [25],  ДББҰ 

ұйымдастыратын  өзге  шараларға,  семинар-тренингтерге,  халықаралық 

конференцияларға, т.б. белсенді қатысады.  

ДББҰ  қызметкерлері  дайындаған  2020  жылға  дейін  Үштілді  білім  беруді 

дамытудың  стратегиялық  жоспарын  және  2020  жылға  дейін  Үштілді  білім 

беруді  зерттеудің  стратегиялық  жоспарын  талқылауға  құрылған  жұмыс 

тобының құрамында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА қызметкерлері сүбелі үлес 

қосуда.  

Қазақстан Республикасының ғалымдары, алдыңғы қатарлы мұғалімдерінің 

қатысында  орыс  тілінде  оқытатын  мектептерде  қазақ  тілін  CEFR  деңгейлеп 

меңгерту жүйесі бойынша оқыту стандартын әзірлеу жұмысы жүргізілуде.  

Академия  қызметкерлері  ДББҰ  Білім  беру  бағдарламалары  орталығымен 

біріге  отырып,  ҚР  Үкіметінің  2012  жылғы  6  наурыздағы  №  290  Қаулысымен 

бекітілген  Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу 

қағидаларына өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныс дайындады.  

Өткізілген кездесулер мен талқылаулар қорытындысы бойынша бастауыш 

МЖБС-ына  мынадай  өзгертулер  енгізілді:  қазақ  тілі  және  әдебиеті 

кіріктірілмей,  бөлек  оқытылады,  сол  сияқты  «Өнер»  пәні  бейнелеу  өнері  мен 

музыка  болып  жеке-дара  оқытылатын  болады,  дене  шынықтыру  пәніне 

қосымша 1 сағат қосылып, аптасына 3 сағатты құрады.  

Бүгінгі  таңда  ДББҰ  және  Ы.  Алтынсарина  атындағы  ҰБА  арасындағы 

ынтымақтастық стратегиялық құжаттарға сай өзінің жалғасын табуда.  

 

 



 

31 


 

2.3. Орта білім мазмұнын жаңарту бағыттары  

 

Қазақстан  Республикасының  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  екі  бағыт 



бойынша жүргізу жоспарланып отыр: 

1)  орта  білім  беру  жүйесінің  мазмұнын  1-сыныптан  2016 жылғы 

қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен жаңарту (толықтай жаңарту); 



2) 11-

жылдық мектептің қолданыстағы бағдарламаларын ішінара ауыстыру 

(ішінара жаңару) [26].  

Орта  білім  берудің  толығымен  жаңартылған  мазмұнын  кезең-кезеңімен 

енгізу  еліміздің  барлық  жалпы  білім  беретін  мектептерінің  2016  жылы  1-

сыныптан  бастап  біртіндеп  білім  берудің  жаңартылған  мазмұнына  көшуі  деп 

түсіну  қажет.  Бұл  көшу  процесі  5-суреттен  көрініп  тұрғандай  2027  жылы 

толығымен аяқталады. Нәтижесінде жалпы білім беретін мектептердің бәрі орта 

білім  берудің  барлық  деңгейлері  бойынша  жаңарған  мазмұнға  көшіп, 

оқушыларының дайындық деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік алады.  

 

 

 



5-

сурет – Орта білім беру жүйесінің мазмұнын  

кезең-кезеңімен толықтай жаңарту кестесі  

 

Білім жүйесінің жаңарған оқу мазмұны өту барысының айтарлықтай ұзақ 



жалғасуына  байланысты  2016  жылы  2–11-сыныптарға  көшкен  оқушылар 

мектепті  бітіргенше  қолданыстағы,  яғни  жаңармаған  бағдарламалармен 

оқуларын  тура  келеді.  Осы  жайтта  ескеріп  мемлекеттік  жаңару  саясатында 

екінші бағыт көзделген.  



Жаңартылған  орта  білім  беру  мазмұнын  11-жылдық  мектепке  ішінара 

енгізу келесідей бағдарламалардың қабылдануын көздейді:  

– 

2016  жылы  10-сыныптан,  2017  жылы  5-ші  және  8-сыныптардан  бастап 

32 

 


сөйлеу  әрекетінің  төрт  түрі  –  оқылым,  жазылым,  айтылым  және  тыңдалым 

дағдыларын  дамытуға  бағытталған  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдері 



пәндерінің жаңартылған бағдарламалары; 

– 

2016  жылы  10-сыныптан,  2017  жылы  5-ші  және  8-сыныптардан  бастап 



Информатика  пәнінің  орнына  «Ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар» 

(АКТ) пәнінің жаңартылған бағдарламалары (6.А-суреті);  

– 

2016  жылы  6–9-сыныптарда  жаратылыстану  циклі  пәндерінен  жобалық 



іс-әрекет түрлерін қарастыру; 

– 

2016  жылы  10-сыныптан  бастап  «Жобалық  іс-әрекет»  таңдамалы 



курсының бағдарламасы (6.Ә-суреті).  

Ішінара  жаңаруға  таңдалған  пәндер,  жұмыс  түрлері  мен  курстар  мектеп 

түлегінің  бойында  қалыптасуы  керек  кең  ауқымды  дағдыларды 

қалыптастырудағы мүмкіндіктері тұрғысынан іріктеп алынды (2.1 параграфын 

қараңыз). 

Сонымен  бірге  11  жылдық  мектептегі  білім  мазмұнының  ішінара 

жаңаруына  2016  жылдан  бастап  барлық  сыныптарда  тәрбиелік  жұмысының 

жаңарған  әдіс-тәсілдері, 11-сыныптан  кейін  жоғары  оқу  орындарының 

базасында  жаңарған  мазмұн  бағдарламаларына  негізделген  дайындық 

курстарын енгізу жатады.  

Тілдік  пәндер  мен  АКТ  пәніне  арнап  әзірленген  оқу  бағдарламаларының 

11 

жылдық  мектептің  білім  мазмұнына  ену  жылдарын,  сыныптар  мен  осы 



бағдарламалар бойынша ұзақтығын 6.А суретіндегі кестеден көрсе болады.  

6.А  суретіндегі  кестені  пайдалана  отырып  тілдік  пәндер  мен  АКТ  пәніне 

арнап  әзірленген  оқу  бағдарламалары  бойынша  оқыту  ерекшелігінің  мынадай 

болатынын айтуға болады: 

– 

2016  жылы  2-ші,  3-ші,  4-сыныптарға  көшкен  оқушылар  жаңарған 



бағдарламалар  бойынша  оқуға  5-сыныпта  кірісіп,  кейінгі  7  жыл  бойы  білім 

алады; 


– 

2016  жылы  5-ші,  6-ші,  7-сыныптарға  көшкен  оқушылар  жаңарған 

бағдарламалар  бойынша  оқуға  8-сыныпта  кірісіп,  кейінгі  4  жыл  бойы  білім 

алады; 


– 

2016  жылы  8-ші,  9-шы,  10-сыныптарға  көшкен  оқушылар  жаңарған 

бағдарламалар  бойынша  оқуға  10-сыныпта  кірісіп,  кейінгі  2  жыл  бойы  білім 

алады; 


– 

2016 жылы 11-сыныпқа көшкен оқушылар болса, оқуын қолданыстағы 11 

жылдық бағдарлама бойынша аяқтайды. 

33 


 

 

 

А



  

 

 



 

Ә

 



 

6-

сурет – 11-жылдық мектептің қолданыстағы  



бағдарламаларын ішінара ауыстыру (жаңарту) кестесі:  

А – Тілдік пәндер мен АКТ пәні; Ә – жаратылыстану циклі пәндерінен  

жобалық іс-әрекет түрлерін қарастыру және «Жобалық іс-әрекет» 

 

таңдамалы



 

курсының бағдарламасы 

 

 

 



34 

 


Осылайша 6-суреттен көріп отырғанымыздай, 2016 жылдың қыркүйегі мен 

2019  жылдың  мамыр  айы  аралығында  республикада  3  стандарт  түрі  қатар 

жүргізілетін болады:  

1) қолданыстағы 11 жылдық мектеп МЖБС-ы; 

2) ішінара жаңарған 11 жылдық мектеп МЖБС-ы; 

3) толықтай жаңарған 12 жылдық мектебінің МЖБС-ы. 

Одан  кейінгі  жылдары  –  2019  жылдың  қыркүйегі  мен  2026  жылдың 

мамыры  аралығында  екі  стандарт  қатар  әрекет  етеді:  1)  ішінара  жаңарған 

11 

жылдық  мектеп  МЖБС-ы;  2)  толықтай  жаңарған  12  жылдық  мектебінің 



МЖБС-ы.  Яғни,  қолданыстағы  11  жылдық  мектеп  МЖБС-ы  айналымнан 

шығады.  Ал  2026  жылдың  қыркүйегінен  бастап  республикалық  барлық 

оқушылары  толықтай  жаңарған  12  жылдық  мектебінің  МЖБС-ымен  оқитын 

болады. 


Сөйтіп,  орта  білім  жүйесінің  мазмұны  кезең-кезеңімен,  атап  айтқанда, 

бастауыш  мектеп  2016  жылғы  қыркүйектен,  негізгі  мектеп  2021  жылғы 

қыркүйектен,  жоғары  мектеп  2026  жылғы  қыркүйектен  бастап  жаңаратын 

болады. 


Орта  білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  оқушылардың  оқып  білудегі 

жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін біртіндеп енгізуді қарастырады. 

Бұл жүйе оқушыларда кең ауқымды дағдылардың дамуына бағытталған.  

Орта  білім  мазмұнын  жаңартудан  күтілетін  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін 

төмендегідей жұмыс түрлері ұйымдастырылады.  

2014 жылы орта білім жүйесін толықтай және ішінара жаңартуға арналған 

бастауыш  мектеп  МЖБС-ы  мен  оқу  бағдарламалары  дайындалды, 

2015 


жылдың  басына  таман  бұл  құжаттар  мектептің  негізгі  және  жоғары 

буындары үшін әзірленіп бітуі керек. 

2014  жылы  наурыз–маусым  айларында  педагогикалық  кадрлардың 

біліктілігін арттырудың 17 курсы бойынша оқу бағдарламалары әзірленді. 

2014–

2016  жылдары  педагогтерді  қайта  даярлаудың  үш  деңгейлі 



курстарынан келесідей мұғалім өтетін болады:  

– 

бірінші (ілгері) деңгейлі курстан – 2014 жылы 3 100, 2015-те 4 100, 2016-



да жылы 4 100 педагог; 

– 

екінші  (негізгі)  деңгейлі  курстан  –  2014-те  6 366, 2015-те  жылы  6 366, 



2016-

да 6 368 педагог; 

– 

үшінші  (базалық)  деңгейлі  курстан  –  2014-те  22  976,  2015-те  21  976, 



2016-

да 21 978 педагог. 

Біліктілікті  арттырудың  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  аясындағы  қысқа 

мерзімді  курстан  2015  жылы  109 446,  2016  жылы  70 023  және  2017-де  38 733 

педагог өтеді деп жоспарлануда. 

2020  жылға  дейін  жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  келесі 

нәтижелерден жетістіктер күтіледі: 

– 

үлгерім сапасы – 100%; 



– 

оқушылардың білім сапасы – 45%; 

– 

қазақ тілін игеру деңгейі (B2 – ортадан жоғары) – 50%; 



35 

 


– 

ағылшын тілін игеру деңгейі (B2 – орта) – 30%; 

– 

АКТ-дағдыларды игеру деңгейі (орта деңгей) – 70%; 



– 

қоғамның  білім  беру  ісімен  қанағаттану  деңгейі  (сауалнама)  –  10%-ға 

артады; 

– 

жұмыс берушілердің білім беру ісімен қанағаттану деңгейі (сауалнама) –



10%-

ға артады [26].  



 

2.4 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламаларын 

тарату жөніндегі әдістемелік нұсқаулар  

 

Адамзат  қызметінің  барлық  саласында,  әсіресе  кең  көлемді  жобалар 

немесе  реформалар  жүргізілгенде  қауіп-қатерлер  көбейеді.  Себебі, 

қабылданатын шешімнің оң нәтиже беруіне әсер ететін себепшарттар әр алуан 

болып  келеді.  Қауіп-қатерлерді  басқару,  олардың  орын  алуын  алдын  ала 

болжап,  болдырмау  шараларын  қолға  алу  қауіп  деңгейін  азайтуға  мүмкіндік 

береді.  

Орта  білім  мазмұнын  жаңарту  барысында  келесідей  қауіп-қатерлер  мен 

оларды азайту жолдарын ескерген жөн (2-кесте).  

 

2-



кесте  –  Орта  білім  мазмұнын  жаңарту  саясатын  жүргізудің  ықтимал  қауіп-

қатерлер және оларды еңсеру жолдары [8]  



№ 

Қауіп-қатер 

Азайту жолдары 



1. 


Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінің маңызын 

қоғамның түсінбеуі (ата-аналардың қарсыласуы, 

жергілікті жерлерде енжарлық танытуы) 

– 

Мамандар тарапынан жүйелі 



түсіндіру жұмысының 

жүргізілуі;  

– 

БАҚ-пен қоян-қолтық қызмет 



ету; 

– 

Өзгерістер туралы БАҚ-ты дер 



кезінде хабардар ету 

2. 


Жаңартылған орта білім беру мазмұнын енгізудің 

сыңаржақ бейнесін, бірлі-жарым сәтсіз 

жағдайларды өзгерістер қателігі ретінде 

бейнелейтін БАҚ-тың субъективті бағасы  

3. 

Педагогикалық қауымдастықтың инновацияларды 

қабылдамауы (аз уақыттан соң әдепкі 

педагогикалық практикасына оралуы) 

– 

Орта білім беру және 



педагогикалық ЖОО-дағы 

педагогикалық кадрлардың 

әлеуетін арттыру  

 

4. 



Білім беру ұйымдарының білім беру мазмұнын 

жаңарту үрдісіне немқұрайлы қатысуы және 



көзқарасы  

5. 


Педагогикалық кадрлардың жеткіліксіз даярлығы  

6. 


Адами фактор (жекелеген қызметкерлер 

айналасында болып жатқан жағдай бұрмалау, алдау, 

қолдан жасау әрекеттерінен туындаса да, оған 

заңды құбылыс деп қарайды, жүйе ерекшелігі деп 

түсіндіреді) 

7. 


Педагогикалық ЖОО мен колледждердің жалпы 

білім беретін мектептерден қол үзгендігі 



 

 

 

36 



 

2-

кестенің жалғасы 



8. 


Білім беру саласына инновациялар енгізу 

барысындағы заңнамалық кедергілер (өзгертуді 

қажет ететін құжаттар, жетіспей тұрған нормативтік 

құқықтық актілерді анықтап, енгізу уақыты 

басталмастан бұрын әзірлеу) 

– 

Нормативті құқықтық базаға 



өзгерістер енгізу  

 



Ауылды жердегі педагогикалық кадрлар 

тапшылығы

Ағымдағы педагогикалық кадрларды 



аттестаттау және мадақтау жүйесінің 

кемшіліктері.  

Ағымдағы мұғалімдер еңбегін сағаттық төлеу 



жүйесі (ставка)  

 

– 



Педагогика қызметкерлерінің 

еңбегін төлеу және мадақтау 

жүйесін жетілдіру;  

– 

педагог еңбегінің төлемін 



педагогикалық өсуіне қарай 

қамтамасыз ету;  

– 

аттестация және еңбек төлемі 



жүйесін жемқорлықтан қорғау  

10 


Аймақтардың білім саласына бөлінетін қаржы 

мөлшерінің әркелкілігі

Оқулық, ОӘК-лердің жетіспеушілігі

Мектептердің материалдық-техникалық 

базасының осалдығы (интернеттің қолжетімсіздігі, 

моральдық жағынан ескірген құрал-жабдық, 

комплектінің бүтін болмауы) 

Мектептегі кітапхана ісін осы заманғы үлгіде 

ұйымдастырудағы кедергілер 

– 

Мектептерді қамтудың 



минималды нормаларының 

жүйесін жетілдіру; 

– 

жергілікті атқарушы 



органдардың мектепте оқытуға 

жағдай туғызу сапасы бойынша 

рейтинг жүргізуді ұйымдастыру 

 

11 



Үштілді білім беруді енгізуге қажетті тілдік 

ортаның болмауы

Критериалды бағалау (ішкі және сыртқы бағалау) 

жүйесін қолданардағы қиындықтар 

Жаңарған орта білім мазмұнын ендірудің алғашқы 

кезеңінде үлгерімнің ықтимал төмендеуі

Мектеп мүмкіндіктерінің әртүрлілігі және мектепке 

оқуға дайындалып жүрген балаларға психологиялық 



көмектің әлсіз көрсетілуі. 

Қосымша білім беру жүйесінің, әсіресе ауылдарда 

дамымағандығы. 

– 

Жаңарған орта білім мазмұнын 



ендіруді мониторингтеуді 

ұйымдастыру;  

– 

мектептерді әдістемелік 



тұрғыда қолдауды ұйымдастыру 

 

Жаңарған  оқу  бағдарламаларын  және  оларға  қоса  тіркелген  оқу 



жоспарларын пайдаланған кезде бұл құжаттар аса тәптіштегендіктен практика 

жүзінде  оқыту  мақсаттарының  тарылуына,  мұғалім  шығармашылығының 

шектелуіне және оқыту дәрежесінің осы құжаттардың сапасына тікелей тәуелді 

болуына  әкелетін  болып  көрінуі  мүмкін.  Шын  мәнінде  мұндай  қауіп  негізсіз 

егер  бұл  құжаттарды  пайдалануда  және  жетілдіруде  төмендегі  кепілдемелер 

сақталатын болса.  



Біріншіден,  қысқа  мерзімді  жоспарларды  құрастырғанда  бағдарламада, 

ұзақ және қысқа мерзімді жоспарларда сипатталған пәнішілік және пәнаралық 

байланысты  мейлінше  қатаң  сақтау  қажет.  Бұл  үшін  әзірлемешілер  әрбір  оқу 

пәнінің мақсаттары мен тарауларының дамуын нақты жоспарлаудың заманауи 

әдістерін қолданған.  

37 


 

Екіншіден,  мұғалім  өзінің  күнделікті  жұмысында  және  қызметінің 

нәтижесін  талдағанда  оқу  пәндері  мазмұнының  кең  ауқымды  дағдыларға 

байланғанын анық түсінуі қажет.  

Әзірлемешілер  осы  заманғы  озық  әдістемелерге  сүйене  отырып,  пән 

мазмұнын оқыту мақсаттарына байлаған, бұл мақсаттарды әмбебап психология-

педагогикалық  заңдылықтар  негізінде  нақтылаған.  Мұндай  көзқарас  сабақтың 

ең  маңызды  бөлігі  –  мақсат  анықтауды  «технологияландыруға»,  яғни 

эмпирикалық деңгейден ғылыми деңгейге көтеруге жол ашады. Сонымен қатар 

бағдарлама  талаптарынан  туындайтын  оқулықтар  мен  негізгі  ОӘК-лерге 

қойылатын  талаптарды  барынша  анық  әрі  түсінікті  тұжырымдауға  мүмкіндік 

туып отыр.  

Үшіншіден, оқу бағдарламалары мен жоспарларды пайдаланатын мұғалімдер 

оқыту  мақсаттарының  тәптішеліп  берілуі  оқушының  белгілі  бір  бағаға  сәйкес 

келетін  жетістіктерінің  саралануын  білдіреді.  Осыған  орай  жаңарған  оқу 

бағдарламаларын, ұзақ және орта мерзімді оқу жоспарлары: 

– 

іріленген  және  тәптіштелген  мақсаттар  түріндегі  күтілетін  нәтижелерді 



ғана қамтып қоймай, 

– 

критериалды бағалаудың оңтайлы әдістемесін сипаттайды,  



– 

сонымен  бірге  тапсырмалар,  жұмыс  түрлерінің  үлгілерін  ұсынып, 

құжаттың әдістемелік рөлі күшейтілген [1].  

Мұнда  педагогикалық  қауымдастықтың  инновацияларды  қабылдамау 

қауіп-қатері  орын  алуы  мүмкін  (2-кесте,  №  3  қауіп-қатер),  себебі  оқу 

бағдарламалары мен жоспарларының көрсетілген ерекшеліктері қолданыстағы 

оқу  бағдарламаларының  тұрпатына  сәйкес  келмейді.  Сондықтан  жаңарған 

құжаттар  педагогтер  тарапынан,  ең  алдымен  осы  жұмыспен  тікелей 

айналысатын  ғалымдар,  практик  мұғалімдер,  оқулық  авторлары  мен  өзге 

мамандар  тарапынан  түсінбеушілік,  тіпті  наразылық  туғызуы  мүмкін.  Мұндай 

қауіп-қатердің  алдын  алған  жөн,  өйткені  жаңарған  оқу  бағдарламаларының 

(оған  қоса  тіркелген  жоспарлардың)  әзірлемешілері  әрекетке  баулитын  егжей-

тегжейлі  және  әдістемелік  басшылық  берген,  онда  жалпы  сипаттағы 

тұжырымдар  барынша  қысқарған,  нақты  оқу  іс-әрекеттері  мен  мұғалімнің 

шығармашылығын  ара-жігі  анықталған,  барлық  көрсеткіштер  тиімді 

диагностика және мониторинг жүргізуге ыңғайлы, анық көрсетілген. 

Орта  білім  мазмұнын  жаңарту  үрдісіне  немқұрайлылық,  педагогикалық 

кадрлардың  жеткіліксіз  даярлығы,  жаңартылған  мазмұны  іске  асыруды,  оның 

жекелеген  аспектілерін  қабылдаудағы  қиындықтарға  қатысты  қауіп-қатерді 

азайту үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін жалпы білім 

беретін  мектептерге  тарату  аясында  мұғалімдерге  жан-жақты  қолдау 

көрсетіледі. Мұндай қолдау келесі ресурстар мен жүйелі іс-шаралардан тұрады: 

– 

жаңарған Бастауыш мектеп МЖБС-ы; 



– 

пәндер бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ұзақ және орта 

мерзімді жоспарлар); 

– 

қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері; 



38 

 


– 

оқу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін кабинетті жабдықтау жөніндегі 

нұсқаулар; 

– 

критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік нұсқаулар; 



– 

жаңарған МЖБС мен бағдарламаларға сай оқулықтар мен ОӘК-лер; 

– 

сандық білім беру ресурстары; 



– 

мұғалімдерді орта білім мазмұнын жаңарту мәселелері бойынша оқыту; 

– 

Зияткерлік  мектептерінің  ресурстық  орталықтары  арқылы  қолдау 



көрсету; 

– 

пән  мұғалімдерінің  кәсіби  қауымдастығына  қатысу  аясында  қолдау 



көрсету; 

– 

орта  білім  мазмұнын  сынақтан  өткізуін  және  одан  арғы  барысын 



мониторингтеу; 

– 

білім беру мазмұнын жаңарту жөніндегі бар ақпаратты біріктіретін және 



«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  барлық  орталықтарының 

сайттарынан  сілтемелерден  тұратын  мұғалімдерге  арналған  бірыңғай  онлайн 

платформаны ұйымдастыру [26]. 


Каталог: files -> sites
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет