Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата22.12.2016
өлшемі4,21 Mb.
#112
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
53 
Практикалық жағдаятты талдау немесе жасау барысында бірқатар міндетті 
талаптарды есепке алу маңызды: 

жағдаят  мазмұны  шынайы  оқиғалар  мен  фактілерді  көрсетуі, 
қарастырылып  отырған  тақырыпқа,  мұғалімдердің  кәсіби  қажеттіліктеріне 
сәйкес келуі тиіс; 

ұсынылған  жағдаятта  проблеманы  шешу  педагогтердің  қолынан  келуі, 
оны жеңу тілегін оятуы және табыс сезімін бастан кешіруі тиіс. 
Жоғарыда берілген белсенді оқыту әдістері шынайы өмірден алынған және 
ойдан  шығарылған  жағдайларды  қолдана  отырып  оқушыларды  ойланып, 
күрделі  мәселелерді  шешуге  жетелейді.  Белсенді  оқу  білім,  дағды  және 
көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласын қамтып, оны оқу процесінің 
мақсаты деп санауға болады. 
Үй  тапсырмасын  мұғалім  күрделі  түрде,  жаттығуларды,  сұрақтар  мен 
тапсырмаларды оқушы орындай алатындай, анықталған мөлшерде бере алады. 
Мысалы, мұғалім оқушыға ол орындай алатын он тапсырма береді.  
Күрделі тапсырма:  
1)  баланың  өз  келісушілігі  болады,  ол  бір  көргеннен  тапсырманың 
қиындығын бағалайды; 
2)  балалар  әртүрлі  тапсырмаларды  орындайды,  олардың  өзара 
тапсырмалар алмасуына қосымша мүмкіндік туады; 
3) өз тапсырмаларын таңдай отырып, оқушы басқаларын оқиды, оның ой-
өрісі дамиды, өзіне ұсынылған тапсырмалардан да көп біледі. 
Сонымен,  шынайы  педагогикалық  процесте  оқытудың  белсенді, 
дамытушы әдістерін тиімді пайдаланған жөн. 
Жұптық  жұмыс:  «Иә,  бірақ…».Бұл  жұптық  жұмыс  оқушының  айтылым 
дағдысын  жетілдіруге  негізделген.  Әрбір  айтылған  ойды  «Иә,  бірақ…»  деп 
жоққа  шығарып  отыру  оқушыдан  сыни  тұрғыда  ойлай  алуды  және  танымдық 
қабілеттің  жоғарылығын  талап  етеді.  Дәлелді  жоққа  шығару  үшін  нақты 
дәйектеме  айту  қажеттілігі  оқушыны  ойландыра  түседі,  өз  пікіріне  сендіруге 
үйретеді. 
Оқушы телебағдарламаға өзі қоятын бірнеше талаптарды жазады. Қойған 
талабының  бірін  таңдап,  жұбымен  талқыға  салады.  Мысалы:«Бағдарлама 
қызықты  болу  керек»  дейді,  жұбы  «Иә,  бірақ…»  деп  оның  ойын  жоққа 
шығарып отырады. Қатысушылар орын ауыстырады. 
«Өзгерісті  тап»  ой  сергегінің  орындалу  жолдарын  қолдану.  Оқушыларды 
етіс түрлеріне қарай топқа бөлу.Оқушылар топқа бөліну ретімен орналастыру. 
1-
топ: өздік 
2-
топ:өзгелік 
3-
топ: ырықсыз 
4-
топ: ортақ 
Мысалы:тыңдалым тапсырмасы .«Сауда» тақырыбындағы мәтінді тыңдап, 
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді  
«Төрт сөйлем» тәсілі  
1. Пікір.  

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
54
 
Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.  
2. Дәлел.  
Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.  
3. Мысал.  
Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.  
4. Қорытынды 
Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.  
Ойлаудың алты қалпағы 
«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді. 
«Сары қалпақ»киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады. 
«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды. 
«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды. 
«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар 
айтады. 
«Көк  қалпақ»  киген  оқушы  тақырыпқа  сараптама  жасайды.  Айтылым 
тапсырмасы «Екі жақты сауда қатынастары» мәтіні негізінде «Ойлаудың алты 
қалпағы»  әдісі  арқылы  өз  ойларыңызды  айтыңыздар,  өзгенің  пікірін 
бағалаңыздар. 
«ПОПС» формуласы 
1. Бірінші сөйлем«Менің ойымша, ... » 
2. Екінші сөйлем«Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » 
3.  Үшінші  сөйлем«Оны  мен  мына  фактілермен,  мысалдармен 
дәлелдейаламын … » 
4. Соңғы сөйлем«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім 
...». 
Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, сауда туралы өз ойларыңызды жүйелі 
жеткізіп, пікір айтып, бағалаңыздар. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыздар. 
Оқушылардың  оқу  белсендігін  арттырып,  әрі  сабақта  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін бағалауда тиімді әдістердің бірі Блум таксономиясын қолдану. 
Бенджамин  Блум  –  америкалық  оқыту  әдістемесінің  психологі,  Блум 
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 
жылы  Пенсильван  университетін  бакалавр  және  магистр  деңгейлерімен 
бітірген,  1942  жылы  Чикаго  университетінде  докторлық  деңгейін  қорғады. 
«Блум  таксономиясы»  атты  кітабында  өз  теориясын  дамытқан:  адами 
мінездеменің  өзгеруі  мен  бірқалыптылығы  және  білім  беру  мақсаттарын 
жүйелеу.
 
Таксономия– белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар бойынша объектіні 
жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
 
Блум  таксономиясы  бойынша  ұйымдастыру  оқушылардың  дайын 
ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына 
және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен 
жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық 
процесінің  қарапайымнан  бастап  күрделіге  біртіндеп  өту  барысында  белсенді 
әрекетке  жетелейтін  6  деңгейге  сәйкес  тапсырмаларды  құруды  қажет  етеді. 
Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістерінің мәні – оқушыларды кәсіби 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
55 
іс-әрекетті  меңгеруге  бағытталады.  Сабақ  жоспарын  Блум  таксономиясына 
салып,  бағдарламада  белгіленген  жеті  модульді  ықпалдастырудың  арқасында 
оқушылардың  не  білетінін  және  нені  жасай  алатынын,  сондай-ақ 
қызығушылықтарын  түсініп,  оқытудың  жаңа  тәсілдерін  тиімді  және  орынды 
пайдаланып,  оқушы  бойында  ішкі  уәж  тудырып,  өз  қабілеттеріне  сенім 
арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді 
деп күтілді [12]. 
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
 
1) Білім;
 
2) Түсіну;
 
3) Қолдану;
 
4) Талдау;
 
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
 
6) Бағалау.
 
І. Білу.
 
Таным  мен  ойлау  деңгейі  –  төмен  деңгей.  Бұл  категория  мәлiметтердi 
қайталау  немесе  тану  арқылы  есте  қалай  сақталғанын  тексеруге  бағытталады, 
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
 
ІІ Түсіну.
 
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
 
Оқу  материалын  түсінгендіктің  ретінде  келесідей  әрекеттерді  атқаруды 
атауға болады:
 
Трансляция  –  оқу  материалын  бір  «тілден»  екінші  «тілге»  ауыстыру 
(мысалы,  математикалық  формуланы  сөзбен  айтып  беру;  сөзбен  келтірілген 
мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
 
Интерпретация  –  оқу  материалын  «өз  сөзімен»  түсіндіру,  қысқаша 
баяндау;
 
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы 
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
 
ІІІ Қолдану.
 
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
 
Бұл  категория  оқу  материалын  нақты  жағдайда  және  мүлдем  жаңа 
жағдаятта  қолданады.  Мұнда  ережелерді,  әдістерді,  ұғымдарды,  заңдарды, 
қағидаларды,  теорияларды,  практикалық  тұрғыдан  қолдану  кіреді.  Оқу 
нәтижелері материалды тереңірек игеруді талап етеді.
 
IV Талдау
 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
 
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге 
бөлу:  бүтіннің  бөліктерін  ажырату;  бүтіннің  бөліктерінің  арасындағы  өзара 
байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл 
категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын 
қалайша құралатындығын көрсетеді.
 
V Синтез (жинақтау, жүйелеу).
 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
56
 
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) 
құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін 
хабарлама  (баяндама,  сөз),  жұмыс  жоспары,  схемаларды  атауға  болады. 
Мұндай  оқу  нәтижелері  жаңа  мазмұн  мен  жаңа  құрылымдарды  жасап 
шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
 
VI Бағалау
 
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей
 
Оқу  материалының  маңызын  анықтау,  ол  туралы  өзіндік  пікір  келтіру, 
ойын  білдіру.  Бұл  деңгей  алдыңғы  категориялардың  оқу  нәтижелелеріне  қол 
жеткізуді меңзейді [12]. 
«Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы».  Бұл  технология  Кеңес  өкіметі 
кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен 
жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау,  яғни,  RWCT  жобасы  29  мемлекетте 
қолданылады.Технологияның  негізін  қалаушылар  американдық  ғалымдар 
Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан 
ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – 
әлемнің  түпкір-түпкірінен  жинақталған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі. 
Кезінде  жоба  ретінде  ұсынылып,  көпшіліктің  қолдауын  тапқан  бұл 
технологияда Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың және басқа 
да  ғалымдардың  еңбектерінің  ең  құнды  жерлері  көрініс  тауып,  идеялар 
тоғысып, біріктірілген іспетті. 
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан 
қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға 
сабақтарда  үйрету.  Біздің  елімізде  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты, 
«Сорос-Қазақстан»  қоры  арқылы  келген  бұл  технология  орыс  және  қазақ 
тілдерінде мектеп тәжірибелеріне енгізілген. 
Бұл  ұғым  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып,  оның  неге  қатысты 
екенін  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра 
алу,  сол  идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап  зерттеу,  оларға 
сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. 
Сыни  деңгейіндегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға,  жоғары  сынып 
оқушыларына  ғана  тән  деп  ойлау  аса  дұрыс  түсінік  емес.  Жас  балалардың  да 
бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы 
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 
Технология 
жобасының 
әдіс-тәсілдері 
оқушыларды 
тынымсыз 
ізденімпаздыққа  баулиды.  Баланың  еркін  де  терең  ойлауына,  үздіксіз  жұмыс 
жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім 
беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда 
нәтижесі жақсы болды. 
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны 
мұғаліммен,  сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір  таластыруға,  бір-бірінің 
ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып, 
қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. 
Оны үйрету үшін төмендегі іс-шаралар орындалуы шарт: 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
57 
1) уақыт керек; 
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 
5)  кейбір  оқушылар  түсіп  қалған  қолайсыз  жағдайларды  әжуаға 
айналдырмау; 
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті 
болуын талап ету; 
7) бағалау. 
Ал оқушылардан осыған байланысты: 
-
 
сенімділікпен жұмыс жасау; 
-
 
бар ынтасымен оқуға берілу
-
 
пікірлерді тыңдау, құрметтеу; 
-
 
өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. 
Тек сонда ғана олар: 
-
 
мен осы мәселе туралы не ойлаймын? 
-
 
 
осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетіні 
сәйкес пе? 
-
 
 
осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? 
-
 
 
маған  бұл  жаңа  ойлар,  идеялар  қаншалықты  әсер  етті?  деген  сауалдар 
төңірегінде ойлауға үйренеді.  
Сыни ойлау деген не? 
Сыни  ойлау–  өзіндік  ойлау.  Сыни  ойлау  –  сұрақ  қоюдан  және  шешімін 
талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, 
шешімін  өзі  айқындайды.  Сыни  ойлау–  әлеуметтік  ойлау,  бірлесе  оқыту 
идеясы.  Мақсаты:  Барлық  жастағы  оқушыларға  кез-келген  мазмұнға  сын 
тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға,  саналы  шешім 
қабылдауға  сабақтарға  үйрету.  Бұл  бағдарлама  оқулықтардың  талаптарын 
жүзеге  асыруда,  оқушылардың  білім  деңгейін  көтеруде,  балаларды 
шығармашылыққа  баулуға,  ойларын  еркін  айтуға,  тез  арада  дұрыс  шешім 
қабылдауға  көмектесетін  бірден  –  бір  тиімді  технология.  Сын  тұрғысынан 
ойлау  (бұдан  әрі  –  СТО)  технологиясын  пайдаланатын  әр  ұстаз  өзінің 
педагогикалық  қызметінде,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынасқа 
деген де көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. 
Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады: 
I
.  Қызығушылығын  ояту(«көпір  жасау»,  ой  қозғау).  Эвокация  –  қызу  оқу 
жұмысымен  шұғылдануға  қызығушылықтың  оянуы.  Бұл  кезеңде  мұғалім 
бұрынғы  білетін  білімдерін  жаңа  материалмен  ұштастыруға  жағдай  жасайды. 
Сабақтың  мазмұнына  сай  алынған  стратегиялар  арқылы  оқушылардың  ойы 
шыңдалып,  ашылады.  Сабаққа  белсенділігі,  ынта-жігері  артады.  Бұл  кезеңде 
мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға негіз 
болады.  Таңдап  алынған  стратегияларға  байланысты  өз  бетімен  білім  алуға 
көмектеседі. 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
58
 
II.  Мағынаны  таныту  (мағынаны  ажырату).  Реализация  –  оқып  жатқан 
тақырыптардың қажетін түсіну.. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан 
оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.  
III.  Ой-толғаныс  (рефлексия,  жаңа  білім  құрастырылады).  Рефлексия 
тұжырымға  келу,  қорытындылау,  жаңа  білімді  бекіту.  Бұл  бағдарламаның 
қорытынды  үшінші  кезеңінде  үйренгенін  саралап,  салмақтап  ой  елегінен 
өткізеді,  білімді  бекітеді.  Оқушылар  осы  кезеңде  өз  шығармашылықтарын 
көрсете  алады.  Өзіне  және  сыныптастарына  сын  көзбен  қарайды.  Өздерін 
бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды. 
Келесі  құрылымы:  ER  (  ERR)  R.  Бұдан  шығатын  тұжырым:  сабақ  кезеңі 
тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты 
оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға 
құштарлықтарын  дамыту  болып  табылады.  СТО  –  дамыту  сабақтарының 
мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар: 
мазмұнға  байланысты,  технологияны  дамытуға  байланысты,  топпен  жұмысқа 
байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын 
стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған (7-
кесте).  Сол  себептен,  орынымен  пайдаланған  ұтымдырақ  болады.  Сабақ 
кезеңдері байланысты қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейік:  
 
7-
кесте – Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары  
 
Cабақ кезеңдері 
Қолданылатын стратегиялар 
Қызығушылығын ояту 
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т 
кестесі, 
Бір 
айналым 
күнделік, 
Блум 
таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру 
Мағынаны тану кезеңі 
Т кестесі, Пікір – талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, 
ДЖИК  СО,  Куббизм,  Геометриялық  фигуралар, 
Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, 
Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру 
Ой толғаныс кезеңі 
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т 
кестесі,  Sinkuein  немесе  бес  жолды  өлең,  RAFT, 
Түйін  сөз,  Семантикалық  карта,  Концептуалды 
таблица, Бір айналым сұхбат. 
 
Дереккөзі:Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы 
 
СТО технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде 
өтуінің  алғы  шарты  оның  қағидаларында,  яғни,  стратегияларында.  Стратегия 
дегеніміз  –  философия,  әдістемелік  ұстаным.  Мұғалім  мен  оқушы  кез  келген 
стратегияның  әдіс-тәсілін,  қыр-сырын  жетік  түсіне  білуі  қажет.  Сонда  ғана 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
59 
жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет 
етуге,  ізденімпаздыққа  баулиды,  еркін,  терең,  жан-жақты  ойлауына,  үздіксіз 
жұмыс  жасауына  жол  ашады,  стратегияның  80-нен  аса  түрі  бар.  Жұмыстың 
ыңғайына  қарай  стратегияларды  өзгертіп  те  жіберуге  болады.  Технологияны 
пайдалана  отырып,  сабақ  құрылымын  жоспарлауға  шығармашылықпен  қарау, 
әдістемелік зертхананы жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. 
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни 
тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін  арттыру  мақсатында  қолданып  жүрген 
стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайық: 
РАФТ.Бұл  стратегияны  «кейіпкерге  хат»  деп  алса  да  болады.  Формасын 
түрлендіруге  мүмкіндік  бар:  хат,  хабарландыру,  жеделхат,  өтініш,  бұйрық, 
жарнама.  Оқушы  жұмысқа  кіріспес  бұрын  мәтіннің  мазмұнын  жетік  түсінуге 
тырысады,  ол  үшін  оны  бірнеше  қайтара  оқып,  ой  елегінен  өткізеді.  РАФТ 
оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру 
арқылы  эссе  жазуға  жетелейді,  ресми  іс  қағаздары  жөнінде  түсініктері 
қалыптаса түседі. 
Жуан-жіңішке  сұрақтар:  оқушылар  мәтінмен  жұмыс  істей  отырып,  мәтін 
мазмұны  бойынша  өздері  тың  сұрақтар  құрастырады.  Бұл  дегеніміз,  оқудың 
барлық  әдістерін  меңгеру  болып  табылады.  Өйткені,  оқушы  алдымен  қатесіз, 
түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа 
оқушылардың  сұрақтарын  мұқият  тыңдап,  сұрақ  құрастырудың  қиын  жұмыс 
екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. 
Қосжазба  күнделігі:  мәтінде  берілген  оқиғаларға  өзінің  пікір  жазады, 
ендеше,  оның  сөздік  қоры  молаяды,  кейіпкердің  жан  дүниесін  түсінуге 
тырысады. 
Осындай  жұмыстар  арқылы  ең  әуелі  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін 
сөйлеу,  өз  ойларын  жеткізе  білу  дағдылары  қалыптасады,  оқулықпен  жұмыс 
істеуге,  бір-біріне  жүйелі  сұрақ  қоя  білуге  дағдыланады.  Бұл  кестедегі 
көрсеткіштер  арқылы  технологияның  мүмкіндіктері  негізінде  оқушының 
субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады. 
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін 
іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін 
еркін  тыңдау  арқылы  шешу.  Миға  шабуыл  стратегиясының  өзіндік  ережесін 
сақтап,  дұрыс  пайдаланса  оқушының  стандарты  емес  шығармашыл  ойлауын 
жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін 
табуды өтінеді (айтады). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім 
оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс тәжірибеден 
байқағанда  бірнеше  минут  ішінде  көптеген  пікірлер  яғни  шешімдер  табуға 
болады.  Бұл  жерде  пікірдің  көптігі  мақсат  емес,  ол  тек  нақты  саналы  шешім 
қабылдауға негіз болады. Қағидасы: 
-
 
ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды; 
-
 
жұмыс  пікірдің  сапасына  емес  санына  бағытталған  (неғұрлым  пікір  көп 
болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады); 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
60
 
-
 
барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы; 
-
 
белгіленген уақыт сақталуы тиіс. 
ДЖИК  СО  стратегиясы  –  ұжымдық  оқыту  әдісі.  Мақсаты:  жалпы 
мәселені  алдымен  жұпта  сосын  ұжымда  талқылау.  Қолданылуы:  Алдымен 
сынып  4  топқа  бөлініп  отырады  –  бұл  жұмыс  немесе  бастапқы  топтар  деп 
аталады.  Бірдей  мәтін  бөлігін  алған  оқушылар  енді  сарапшы  немесе  жанұя 
топтарын  құрады,  яғни  сарапшы  топтар  басқа  топ  құрады,  мәтіннің  бірдей 
бөліктерін  талдайды.  Төрт  логикалық  бөлікке  бөлінген  мәтіннің  1-бөлігін 
бірлер,  2-бөлігін  екілер,  3-бөлігін  үшіншілер,  4,5-бөліктерін  бесінші  және 
төртінші  топқа  бөлінетін  оқушылар  алады.  Келесі  кезекте  бастапқы  топтар 
қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. 
INSERT  немесе  түртіп  алу  стратегиясы  –  түртіп  алу  әдісі.  Қолдарына 
қарындаш  алып,  «v»-  білемін,  «+»  -  білмеймін,  «-»  -  мен  үшін  жаңа  білім 
(ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің 
мазмұнын  түсінеді.  Бұл  әдіс  оқығанын  саналы  түсінуге,  өз  ойын  басшылыққа 
алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, 
білмейтіндерін  сұрауға  әзірленеді.  Бұл  әрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін 
бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. 
Куббизм  стратегиясы  –  ойын  арқылы  оқыту.  Кубиктің  алты  жағына 
жазылған  сөздер  бойынша  жұмыс  жасайды.  Қандайда  бір  затты  жан-жақты 
талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. 
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.  
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма 
бойынша өлең құрастырады.  
Кім?- Ана 
Қандай? -Мейірімді, ақылды 
Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді. 
Түйін -Ағайын — алтау, ана –біреу. 
Синоним- Адам 
Геометриялық  фигуралар  стратегиясы  –  бұл  стратегияның  құралдары 
геометриялық  пішіндер.  Мақсаты:  оқушының  сөздік  қорын,  әдеби,  мәдени 
сөйлеу  тілін,  күрделі  ойлау  қабілетін  дамыту.  Себебі  бала  оқылып  отырған 
мәтіннің  кейіпкерлерінің  мінез-құлқына,  сипаттама  бере  отырып  қорытынды 
жасайды.  Кейіпкерлерді  түрлі  фигуралардың  сипатына  қарай  ұқсастығын 
табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. 
Белгілі  тақырыптағы  ойды  сын  тұрғысынан  қарай  отырып,  ой-толғау, 
суреттей  алу,  еске  түсіру,  болжау  оқушыны  да,  жаңа  бір  әлемнің  жаңалығын 
ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы 
қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы 
ғана  болса,  қазіргі  сын  тұрғысынан  шыңдалған  ойлаудың  арқасында  оқушы 
білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан 
сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі маңызды құбылыс [13]. 
Командалық  оқыту  «Team  teaching»  –  бұл  оқушылардың  оқуын 
жетілдірудегі  ортақ  мақсатқа  жету  үшін  екі  оқытушының  бірлесе  жұмыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет