Методика определения объемов


Экологиялық көрсеткіштерді қалыптастыру



бет2/10
Дата07.01.2022
өлшемі81.73 Kb.
#20627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Экологиялық көрсеткіштерді қалыптастыру
1-параграф. Атмосфералық ауа
7. Адамның шаруашылық қызметінің атмосфералық ауаға антропогендік ықпалы, атмосфераны ластаушы зиянды заттардың пайда болуы, стационарлық көздердің оларды тұтуы (залалсыздандыруы), кәдеге жарату мен шығару бойынша ақпаратты жинау, жалпылау және жариялау атмосфералық ауаның жай-күйі мен ластануы статистикасының негізгі міндеті болып табылады.

Атмосфералық ауаның ластануын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

1) атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары;

2) қалалық елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы;

3) озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну болып табылады.

8. Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары көрсеткіші қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларының болуы және күтілетін антропогендік ықпалының дәрежесін айғақтайды және нысаны мәндерге қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда атмосфералық ауаға антропогендік жүктеме дәрежесі айқындалады, стационарлық және жылжымалы көздердің, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері (атап айтқанда: энергетика, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қалдықтармен айналысу бойынша қызмет пен басқа да көрсеткіштер) бойынша, сондай-ақ үй шаруашылықтарының қоршаған ортаға әсері бағаланады.

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі стационарлық және жылжымалы ластау көздерінен шығарындылардың сомасы ретінде қалыптастырылады және анықталады.

Шығарындылардың стационарлық көздері үшін күкірт диоксиді (SO2), азот оксиді NOx (азот диоксидіне қайта есептегенде), аммиак (NH3), қатты бөлшектер (ҚБ10, ҚБ2,5 және қатты бөлшектердің (ҚБ) жиыны), көміртегі оксиді (СО), метанды емес ұшпалы органикалық қосылыстар (МЕҰОҚ), төзімді органикалық қосылыстар (ТОҚ, полихлорбифенилдерді қоса (ПХБ), диоксиндер/фурандар және полициклді хош иісті көмірсутектер (ПХК)) және ауыр металдар (ең алдымен кадмий (Сd), қорғасын (Pb), және сынап (Hg)), сондай-ақ ерекше ластаушы заттар (хлор, фенол, бензол және олардың қосылыстары) шығарындылары бойынша деректер қадағаланады.

Жылжымалы көздер үшін көміртегі оксиді (СО), азот оксидтері NОx (азот диоксидіне қайта есептегенде), көмірсутектер (СН), күйе, күкірт диоксиді (SO2), қорғасын қосылыстары, тұтастай және көлік құралдарының түрлері (автомобиль, теміржол, әуе, су, жол-құрылыс көлігі) бойынша формальдегид және бенз(а)пирен шығарындылары қадағаланады.

Аталған көрсеткіш тоннамен (үтірден кейін екі ондық таңбамен) өлшенеді.

Көрсеткішті тұтастай және «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша қадағалайды.

Мемлекетаралық салыстырулар үшін көрсеткішті халықтың жан басына шаққанда мемлекет аумағының шаршы километріне және жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) бірлігіне шығарындылар саны ретінде қалыптастырады. ЖІӨ тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ АҚШ долларында сатып алу қабілеттілігі паритетінде (бұдан әрі – СҚП) көрсетіледі.

Осы көрсеткішті толық талдауды жүзеге асыру үшін тұтылған және залалсыздандырылған, соның ішінде кәдеге жаратылған ластаушы заттардың көлемдері туралы деректер қадағаланады. Бұл ретте, шығарындылардың ағымдағы көлемдерін белгіленген жол берілетін шекті мәндермен салыстыру жүргізу қажет.

9. Стационарлық көздерден атмосфераға ластайтын заттар шығарындыларының көрсеткішін қалыптастыру үшін атмосфералық ауаны қорғау бойынша жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

Кәсіпорында ұйымдастырылған алғашқы есепке алу, ластаудың стационарлық көздері мен олардың сипаттамаларын есепке алу журналдары, газдан тазарту және шаң тұту қондырғыларын жұмысын есепке алу журналдары, сондай-ақ қондырғы паспортының деректері көрсеткішті қалыптастыруға негіз болады.

Өнім өндірудің технологиялық процестерінде шикізат немесе жартылай фабрикат түрінде пайдаланылатын газдармен бөлінетін заттардың мөлшері туралы деректер атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлеміне кірмейді. Атап айтқанда, техникалық көміртегі зауыттарында күйені өндіруде реакторлардан бөлінетін газдарды тазарту, фосфор зауыттарында сары фосфор өндіруде кен-термиялық пештерден бөлінетін газдарды тазарту, химия зауыттарда күкірт қышқылын өндіруде «қайнайтын қабат» пештерінен бөлінетін газдарды тазарту барысында пайда болатын және кәдеге жаратылатын заттар есепке алынбайды. Технологиялық отын ретінде пайдаланылатын домналық газдың құрамында болатын көміртегі тотығы қара металлургия кәсіпорындарында есепке алынбайды. «Қос адсорбция» және қос байланысу қондырғыларымен және жүйелерімен тұтылған түсті және қара металлургия, химия, мұнай-химия және басқа салалар зауыттарынан бөлінетін газдардан өнім алу үшін пайдаланылатын заттар есепке алынбайды. Толық тұтылмаған және технологиялық жабдықтардың герметикалық болмауынан газдың жайылып кетуі нәтижесінде атмосфераға түсетін ластаушы заттар ғана есепке алынуы тиіс.

Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын есептеуді көлік түрлері, олардың шығарылған жылы, жүрген жолы, пайдаланылатын отынның мөлшері мен сапасы бойынша көлік құралдарының санына байланысты іске асыру қажет.

10. Қалалық елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының көрсеткіші қоршаған ортаның жай-күйін атмосфералық ауаның сапасы мен ластаушы заттардың жоғары концентрациясының халыққа жағымсыз әсері тұрғысынан сипаттайды.

Атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жоғары концентрациясы адам денсаулығына, өсімдіктерге және материалдарға жан-жақты жағымсыз әсер етеді. Атмосфераның жерге жақын қабатындағы ҚБ10 және ҚБ2,5 концентрациясы сияқты өлшенетін қатты бөлшектердің, сондай-ақ болатын ауыр металдар қатарының әсері және тұрақты органикалық қосылыстар атмосфералық ауаның ластануынан адам денсаулығы үшін қауіп-қатердің (бұдан әрі – ТОҚ) бірі болып табылады. Аз уақыт ішінде ҚБ10 және ҚБ2,5 жоғары концентрациясы бар ауамен тыныс алу астмалық аурулардың және тыныс алу жолдарының аурулары белгілерін, өкпенің өміршеңдік сыйымдылығының қысқаруын және қатерлі аурулардың қауіптілігін ұлғайтуға әкеп соғады. Атмосфералық ауада болатын көміртегі оксидінің (СО), күкірт диоксидінің (SO2), азот оксидінің (NOх) және озонның адамға теріс ықпалы туралы көптеген деректер бар.

Осы көрсеткіш бірнеше құрамдастармен айқындалады. Қалалық елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы, ең алдымен, тұрақты түрде байқаулар жүргізген кезде қалалық елді мекендерде атмосфералық ауаның ластану деңгейі – ЖШК (ең жоғары бір реттік/орташа тәуліктік) белгіленген мәндерінен асып түскен жылдағы күндер саны бойынша айқындалады. Бұл ретте, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар концентрациясының абсолюттік мәндерін, атмосфералық ауаның бекітілген сапа нормативтерінен асатын ластайтын заттардың жерге жақын концентрациясы әсер ететін елдегі қала халқының пайызын анықтау қажет.

Қалалардағы атмосфералық ауа сапасы мониторингінің желісі мониторингтің стационарлық және (немесе) мобильдік станцияларынан тұрады. Станциялардың орналасу жерін таңдаған кезде (өнеркәсіптік аймақтар мен автомагистральдар) ластанудың жоғары деңгейі туралы халықты тікелей алдын ала сақтандыру мақсатында шығарындылар көздерінің шоғырлануы ең жоғары аумақтарға, сондай-ақ қала халқына атмосфералық ауаның ластануы әсерінің жалпы көрінісін алу үшін селитебті аймақтардағы мониторинг станцияларына көбірек мән беріледі.

Ауаның ластану ахуалы стационарлық посттарда іріктеп алынған ауа сынамаларын талдау және өңдеу нәтижелері бойынша бағаланады. Елді мекендердегі ауаны ластаушы заттардың ЖШК мәндері сапаның негізгі өлшем шарттары болып табылады. Қалаларда зиянды заттармен атмосфераны ластау деңгейі ең үлкен мәндері бар бес зат бойынша есептелетін атмосфераны ластаудың кешендік индексінің (АЛИ5) шамасы бойынша мына формуламен бағаланады:
АЛИ5 = (qорт.i/ЖШКi) Сi ,
мұнда,


q орт.i

-

і затының орташа концентрациясы;

ЖШКi

-

і затының орташа тәуліктік жол берілетін шекті концентрациясы;

Сi

-

ластаушы қоспа қауіптілігінің 1, 2, 3 және 4 сыныптары үшін тиісінше 1,7; 1,3; 0,1 және 0,9 теңестіріліп алынатын і затының қауіптілік класына байланысты коэффициент.

Ластаушы заттар концентрациясы абсолюттік мәндерінің өлшем бірлігі ретінде ауаның текше метріндегі (м3) ластаушы заттардың микрограмм (мкг) санын қолдану қажет.

Бағалау әдістеріне сәйкес ластану деңгейіне байланысты ауа сапасының төрт санаты бар:

1) АЛИ ≤ 5 – төмен;

2) 5 ˂ АЛИ ˂ 7 болғанда – көтеріңкі;

3) 7 ≤ АЛИ ˂ 14 болғанда – жоғары;

4) АЛИ ≥ 14 болғанда – өте жоғары.

11. Озон қабатын бұзатын заттарды (бұдан әрі – ОБЗ) тұтыну көрсеткіші ОБЗ-ның қоршаған ортаға әсерінің дәрежесін сипаттайды.

Стратосферадағы озон қабаты Жер атмосферасының маңызды компоненті болып табылады. Ол адамды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қысқа толқынды ультракүлгін (бұдан әрі – УК) сәулелердің әсерінен қорғайды. Озон УК сәулелердің әсерінен кейбір ОБЗ-мен реакциялар нәтижесінде бұзылады. Озон қабатын қатты бұзатын қосылыстарға хлорфторкөміртектер (ХФК), көміртегі тетрахлориді, метилхлороформ, галондар, гидрохлорфторкөміртектер (ГХФК), гидробромфторкөміртектер (ГБФУ) және метилбромид жатады. Олар өрт сөндіргіштерде (галондар) және ауыл шаруашылығы пестицидтерінде (метилбромид) еріткіштер, хладагенттер, көбіктендіру және майсыздандыру заттары, аэрозольдер үшін ығыстырғыштар ретінде пайдаланылады. ОБЗ озон қабатына әсер ету дәрежесі олардың химиялық сипаттамаларына байланысты. Бұдан басқа, кейбір ОБЗ сонымен бірге ықтимал «парниктік» газдар да болып табылады.

Жиналатын деректер Монреаль хаттамасына А-С және Е қосымшаларына енгізілген дербес немесе қоспаларда болатын барлық заттар туралы мәліметтерді қамтиды. Олар сондай-ақ тиісті қосымшада көрсетілген заттарды қоспағанда ОБЗ әрбір изомерін қамтиды, бірақ осындай затты тасымалдау немесе сақтау үшін пайдаланылатын ыдыстардан басқа, дайындалған өнім құрамына кіретін реттелетін ОБЗ немесе қоспаларға қолданылмайды.

ОБЗ тұтыну оның экспортын шегергендегі өндіріс және импорт сомасы ретінде есептеледі. Әрбір ОБЗ-ның ұлттық өндірісін озон бұзу қабілеттілігінің (бұдан әрі – ОБҚ) сәйкес көрсеткіштеріне көбейтілген жылдық сомасы


ОБЗ-ның жалпы көлемін білдіреді. ОБҚ заттың озонды диссоциациялауды тудыру қабілеттілігінің салыстырмалы көрсеткішін білдіреді. Көрсеткіш ОБЗ тоннасымен өлшенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет