Методика определения объемов


-параграф. Климаттың өзгеруі



бет3/10
Дата07.01.2022
өлшемі81.73 Kb.
#20627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2-параграф. Климаттың өзгеруі
12. Климаттың өзгеруге бейімделуі бойынша уақтылы және дұрыс шараларды әзірлеу мен қабылдау үшін сапалы статистикалық деректер қажет.

Қоғамды климаттың өзгеруі туралы ақпараттандыру үшін келесі негізгі көрсеткіштер зерттеледі:

1) ауаның температурасы;

2) атмосфералық жауын-шашын;

3) парниктік газдардың шығарындылары.

Ауаның температурасы Жердің климаттық жүйесінің ахуалына тікелей байланысты. Көрсеткіш орташа жылдық температураның ауытқу үрдісін сипаттайды және табиғи климаттық өзгерістердің кезеңділігіне де, жаһандық жылынуға антропогендік әсеріне де байланысты өзгерулер дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Жаһандық температураның орташа жылдық мәндерімен қатар температуралық өзгерулердің дәрежесі мен кеңістікте бөлінуі табиғи эко жүйелердің климаттың өзгеруіне бейімделу мүмкіндігін анықтау үшін қажет. Көрсеткіш Цельсий градустарында өлшенеді.

Ауа температурасын байқауды гидрометеорологиялық станциялар желілерінің көмегімен уақыттың ұзақ кезеңі аралығында жүргізу қажет. Ауа температурасының өзгеруі байқау жүйесінің барлық пункттерінде тәулігіне сегіз рет бір уақытта 0,2 оС дәлдікпен жүргізіледі. Алынған деректер материалдың сапасы мен біртектілігін тексеру үшін, сондай-ақ әр түрлі сипаттамаларды (он күндіктер, айлар мен орташа жылдық және көпжылдық мәндер, дисперсиялар бойынша орташа температураларды) анықтау үшін гидрометеорологиялық қызметте өңдеуден өтеді. Белгілі бір уақыт кезеңіндегі температураның көпжылдық нормаларға қатынасы нормадан қатынас ретінде анықталады және базалық орташа мәннен байқалатын шаманың айырмасы ретінде есептеледі.

13. Атмосфералық жауын-шашын көрсеткіші климаттық жүйенің ахуалын, сондай-ақ өзен ағынының және жерасты суларының көлеміне, топыраққа, жануарлар және өсімдік әлеміне әсерді сипаттайды. Атмосфералық жауын-шашын, ауа температурасы және ауаның ылғалдылығы сияқты негізгі климаттық сипаттамаларға жүргізілетін көпжылдық байқауларды талдау белгілі бір аумақтағы жауын-шашын құрылымының өзгеруін сараптауға ғана емес, сонымен қатар болашақта жауын-шашын көлемінің өзгеру серпінін, сондай-ақ оған байланысты климаттың өзгеруін бағалауға мүмкіндік береді.

Атмосфералық жауын-шашын (нақты уақыт кезеңіне аумақтың белгілі бір алаңына түскен судың жалпы көлемі) жер бетіне, әр түрлі заттарға немесе өсімдіктерге бұлттан түскен немесе ауадан шөккен судың сұйық немесе қатты күйін білдіреді. Атмосфералық жауын-шашын жаңбыр, сіркіреме, қар, қар аралас жаңбыр, мұз немесе қар қиыршығы, бұршақ немесе сулы қар түрінде болады.

Атмосфералық жауын-шашын ең маңызды климаттық сипаттамалардың бірі болып табылады. Атмосфералық жауын-шашын ең бастысы тұщы судың (өзен ағыны және жер асты су көлемінің) жаңғыртылмалы ресурстарын қалыптастырады, бұл өз кезегінде қоршаған ортаның (топырақтың, орманның, флора мен фаунаның) барлық компоненттерінің жағдайына әсер етеді. Бұл ретте жауын-шашын мөлшері атмосфералық ауаның күйіне оның ылғалдылығын реттей отырып әсер етеді, бұл атмосфераның жерге жақын қабатында қатты заттар концентрацияларының таралуына бөгет болады. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері, сапасы, таралуы, маусымдық және жылдық қозғалысы ауыл және орман шаруашылықтары үшін айтарлықтай маңызға ие. Көрсеткіш түскен су қабатының қалыңдығы бойынша миллиметрмен (мм) анықталады.

Қазақстан Республикасы Климаттың өзгеруі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының негіздемелік конвенциясын (бұдан әрі – БҰҰ КӨНК) ратификациялаған ел ретінде атмосфералық жауын-шашын түсуінің өзгеруін жүйелі байқауды жүргізеді және деректер базасын жасауды қамтамасыз етеді.

Жауын-шашынның түскен мөлшері туралы деректерді жинау метеорологиялық станциялар желілері арқылы жүргізіледі. Деректер сапасы және біртектілігін тексеру мәніне, сондай-ақ орташа айлық және жылдық мәндерді есептеу үшін гидрометеорологиялық қызметте өңдеуден өтеді. Жауын-шашын мөлшері тәулікке, айға және жылға анықталады. Белгілі бір уақыт кезеңінде түскен жауын-шашын мөлшерінің осы кезеңдегі көпжылдық нормаларға қатынасы пайыздық арақатынас әдісімен есептеледі.

14. Парниктік газдардың шығарындылары көрсеткіші қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларының бар және күтілетін әсерінің дәрежесін анықтауға ғана емес, сонымен қатар мақсатты көрсеткіштермен салыстырғандағы парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға бағытталған жүргізілетін ұлттық саясаттың тиімділігін және нақты мақсаттарға жету жолындағы елдің алға басу деңгейін айғақтайды.

Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемін жалпы экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Осы көрсеткішті жарияланымдарда халықтың жан басына және тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында және СҚП-да АҚШ долларында көрсетілетін ЖІӨ бірлігіне есептеп көрсету қажет.

Парниктік газдардың әрбіреуі олардың атмосферада болу уақытына және жылуды жұту қабілеттілігіне байланысты жаһандық жылыну процесіне өз ықпалын тигізеді. Үш парниктік газдың, яғни СО2, СН4, N2O үлесіне климаттың өзгеруіне себеп болатын экологиялық жүктеме көлемінің 98%-ға жуығы сәйкес келеді. Агрегатталған эмиссияларды есептеу және климаттың өзгеру мәселесін суреттейтін жалпы графикті қалыптастыру үшін әртүрлі парниктік газдардың шығарындылары туралы деректер жаһандық жылыну қағидатына (бұдан әрі – ЖЖҚ) негізделген СО2-баламасында көрсетіледі. ЖЖҚ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде (әдетте 100 жыл) парниктік газдардың Жер бетінен шығып жаһандық жылынуға септігін тигізетін инфрақызыл сәулелерді (жылу радиациясын) жұту қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Мысалы, метанның (СН4) ЖЖҚ мәні


21-ді құрайды, азоттың шала тотығының (N2O) мәні 310-ды құрайды. Бұл 1 кг метанның жаһандық жылу процесіне 1 кг көміртегі диоксидінен 21 есе, ал 1 кг N2O 1 кг СО2 -ден 310 есе күшті әсер ететінін білдіреді.

Парниктік газдар эмиссияларын есептеуді (парниктік газдардың көздері мен жұтылуын ескере отырып) атмосферадағы парниктік газдар концентрацияларының өзгеруіне әкеліп соғатын қызмет түрлері бойынша мемлекеттік органдардың статистикалық деректеріне негіздеу керек. Ішек ферментациясына байланысты ауыл шаруашылығындағы метанның эмиссиялары туралы жыл сайынғы деректер әртүрлі жануарлар түрлерінің саны жөніндегі деректер негізінде есептеледі. Эмиссияның аудару коэффициенттері шығарындылардың көлемін антропогендік қызмет туралы статистикалық деректермен байланыстырады. Парниктік газдар шығарындылары көлемін есептеудің жеңілдетілген әдісін келесідей көрсетуге болады:




Парниктік

газдардың

шығарындылары


һ=

антропогендік қызмет туралы деректер

**

эмиссия коэффициенті



Есептеу үшін БҰҰ АӨНК шеңберінде әзірленген эмиссиялардың халықаралық деңгейде қабылданған коэффициенттерімен қатар, эмиссияның ұлттық коэффициенттері қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет