Мұғалімдеріне



бет1/192
Дата20.02.2023
өлшемі2,23 Mb.
#69651
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған



Алматы «Атамұра» 2022


1–6937

ӘОЖ 373 (072)


КБЖ 74.268.1 Қаз
К 81


Авторлары:


Жұмабаева Ә. Е., Оспанбекова М. Н., Сабденова Б. А. (1-бөлім) Жұмабаева Ә. Е., Оспанбекова М. Н., Бесірова А. С. (2-бөлім)




К 81


Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. 1-бөлім, 2-бөлім/Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспан- бекова, Б. А. Сабденова, А. С. Бесірова. – Алматы: Атамұра, 2022. – 472 бет.

ISBN 978-601-10-0153-3




ISBN 978-601-10-0153-3
© Жұмабаева Ә. Е., Оспанбекова М. Н., Сабденова Б. А., Бесірова А. С., 2022
© «Атамұра», 2022

АЛҒЫ СӨЗ


Құрметті ұстаздар, сіздерге «Қазақ тілі» пәні бойынша (2-сынып) орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған әдістемелік құралын ұсынамыз.


Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыруда «Қазақ тілі» пәні оқу-әдістемелік кешенінің (оқулық, жұмыс дәптерлері, оқыту әдістемесі, диктанттар жинағы) алатын орны зор. Оқу-әдістемелік кешеннің тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекшелігі болып табылады.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені бастауыш сынып оқушыларының төмендегідей дағдыларын дамытуды көздейді:

  • білімді функционалдық және шығармашылық тұрғыдан қолдану;

  • сын тұрғысынан ойлау;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану;

  • топпен, жұппен және жеке-дара жұмыс істей алу;

  • мәселелерді шешу және шешім қабылдай алу;

  • алған білімін өмірде қолдана алу.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес оқу-әдістемелік кешеннің, оның ішінде оқулық оқу материалдарының негізіне тілдік білім және сөйлеу алынды. Қазақ тілін оқытуда сөйлеу аспектісіне ерекше мән беріліп, тіл және сөйлеу бірліктері (сөз, сөйлем, мәтін), кез келген грамматикалық категория (сөз құрамы, сөз таптары, сөйлем мүшелері) оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталып сұрыпталды.
Оқулық негізіне төмендегідей авторлық қағидалар басшылыққа алынды:

  • лексикалық тақырыптар аясында қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы теориялық түсініктерін және дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру;

  • сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағ- дыландыру;

  • оқушылардың тілін, ойлау, талдау, талқылау, салыстыру қабілеттерін да- мыту;

  • сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту;

  • туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

  • оқушылардың қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділікте- рін дамыту;

  • алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету.

«Қазақ тілі» пәні 2-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды. «Қазақ тілі» оқулығының 1-бөліміне 64 сағат, 2-бөліміне 72 сағат бөлінген. 1-бөлімдегі 64 сағаттың 52 сағаты, 2-бөлімдегі 72 сағаттың 60 сағаты оқушылардың тіл заңдылықтарын меңгеруіне арналады.
3
Оқушы жетістіктерінің деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрі – бақылау диктанты жүргізіледі. Бақылау диктантына – 8 сағат, оқушылардың алған білімдерін өздігінен тексеруіне арналған нәтиже сабақтарға – 8 сағат, «Біздің жобамызға» 8 сағат бөлінеді. Жыл бойы орындалатын жазба жұмыстарының сандық мөлшері мен нормалары «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында нақты көрсетілетіндіктен, әдістемелік құралда қайта тоқталуды жөн көрмедік.
Оқулықта оқушылардың тілдік және қатысымдық дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары мен материалдары күтілетін нәтижеге бағдарланған оқу мақсаттарына сәйкес түзілді.
Сабақтағы жаңа ұғым, түсінік мынадай жүйеде берілді:

    • проблеманың қойылуы және оны оқушылардың мұғаліммен бірге талдауы;

    • оқушылардың өздіктерінен тілдік құбылыс туралы қорытынды жасауға немесе ереже шығаруға ұмтылуы;

    • оқушылардың шығарған қорытындысын оқулықтан нақтылауы;

    • берілген білімді іс жүзінде бекіту (әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау).

«Қазақ тілі» оқулығымен жұмыста конструктивтік оқуға/оқытуға, яғни әрекеттік парадигмаға мән беріліп, оқушылардың түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттері жүзеге асырылады. Бұл жерде қазақ тілін оқыту үдерісінің ең басты мәселесі мен мақсаты оқушылардың белсенді әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы оқушылар білімді өздігінен меңгереді, үйренеді.
«Қазақ тілі» оқулығы материалдарын оқу/оқыту төмендегі жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады (практикалық түрде):

  1. бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен);

  2. жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары;

  3. жағдаяттық және рөлдік ойындар;

  4. дереккөздермен жұмыс істеу (кітап, ғаламтор, құжаттар, мұражай);

  5. шығармашылық жұмыстар.

Қазақ тілі сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану бастауыш сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ашып, қызығушылықтарын арттырады, бел- сенділіктерін дамытады.
Интербелсенді әдістер арқылы оқушылар сабақ үстінде өздерін еркін ұстап, бір-бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседі және осы арқылы бір-біріне үйретеді. «Интербелсенді» сөзінің өзі (латынша interaction – интеракция, яғни өзара әсер ету) «өзара әсер ету» дегенді біл- діреді. Бастауыш оқыту үдерісінде қолданылатын интербелсенді әдістер оқу- шылардың сабақта белсенді болып, оқу материалын өзара бірлесіп шешуіне мүмкіндік жасайды.
Интербелсенді әдістер арқылы өтілетін сабақтарда оқушылардың белсен- ділігін қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық тұрғыдан арттыру көзделеді. Оны төмендегіше жүйелеп көрсетуге болады:

  1. оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру жолдары: оқушы түсінбеген жерін орнынан тұрып, екінші оқушыдан еркін сұрауы; жақсы оқитын оқушы- ның өз тобындағы нашар оқитын оқушыға үйретуі; оқушылардың өз топтарында

4
тапсырма бойынша бір-бірімен сөйлесіп, ақылдасып отыруы; олардың тапсыр- маны орындап болғаннан кейін бір-бірін тексеруі;

  1. оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру жолдары: олардың өзара оқушы оқушы не мұғалім оқушы, оқушы мұғалім түрінде бір-біріне сұрақтар беруі; сабақта өзара пікірлесіп отыруы; қарсы топ оқушыларының қиын сұрақтарға жауап беру еркіндігінің болуы;

  2. оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары: олардың қарсы топтың пікіріне өзіндік көзқарасын білдіруі; келіспеген жағдайда өзінің көзқарасын дәлелдеуі; өз тобындағы жолдастарының сөзіне қосылатындығы жөнінде өз пікірін білдіруі; өзін-өзі бағалап, өз іс-әрекетіне кері байланыс жасай алуы;

  3. оқушылардың қатысымдық белсенділігін арттыру жолдары: сабақ бары- сында оқушылардың бір-бірімен еркін тілдік қатынаста болуы; жауаптарын бірге жоспарлауы; сөйлейтін сөздерін нақты әрі қысқа айтуы; айтар ойларын әсерлі жеткізуі; сөйлеушінің жаргон, диалект сөздерді қолданбауы.

Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек- бөлек тапсырма беруге болады.
Оқыту тәжірибесінің барысы пікірталасқа, оқушының оқу рефлексиясын дамытуға негізделген және оқыту үдерісінде интербелсенді әдістерді пайда- лану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар, рефлек- сиялық жаттығулар мен тапсырмалар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қол- дануына көмектеседі. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу, өз іс-әрекетіне кері байланыс жасай алу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады. Қазақ тілі» (1, 2-бөлім) оқулығындағы сөйлеу және тілдік материалдармен жұмыста оқушыны оқу- жазуға үйрету мен тәрбиелеуге, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуына, жалпы дамуының қалыптасуына және өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Бұл ретте 8 лексикалық тақырыптың («Өзім туралы»,
«Менің отбасым және достарым», «Менің мектебім», «Менің туған өлкем»,
«Дені саудың – жаны сау», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті», «Қоршаған орта»,
«Саяхат») аясында берілген мәтінмен жұмыс арқылы оқушыларды мұқият тыңдауға, өз ойларын анық айтуға, сауатты жазуға және түсінікті де мәнерлі оқуға үйрету көзделеді. Сонымен бірге оқушылардың қазақ тілі фонетикасы, лексикасы туралы бастапқы теориялық түсініктері және дұрыс жазу дағдылары қалыптастырылады.
Оқулықтағы жаттығулар мен оқу тапсырмалары мынадай шартты белгiлер- мен берiлдi: жаңа сабақ; тыңда; айт; оқы; жаз; жұптық жұмыс, топтық жұмыс, iзден; ойлан (талда, дәлелде, салыстыр); есіңе сақта; орфографиялық сөздік; түсінік берілетін сөздер. Оқулық әдістемелік аппаратының мұндай құрылымдық ерекшелігін оқушыларға танытып, олардың күнделікті сабақта шартты белгі түрлеріне сәйкес iзденуін, ойлануын, өздiктерiнен және жұптасып, топтасып жұмыс iстеуiн ұйымдастыру қажет.
5
Мұғалім оқушылардың топталып, бірігіп жұмыс істеуін үнемі жіті қадағалап отыруы шарт. Ол үшін топпен жұмыс істеудің ерекшеліктерін жете білуі тиіс:

    • сыныптағы әр оқушы тапсырманың барысын анықтауға, мақсатын айқындауға қатыстырылады;

    • әр оқушы бірігіп істейтін әрекеттің өту барысын бақылап, бағалауға қатысады;

    • әр баланың жұмысына тек мұғалім емес, бүкіл сынып баға беретіндей жағдай жасалуы тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының өзара ұжым болып бірігуі олардың өз еріктерімен топтасуы арқылы жүргізіледі. Жұмыстың ұжыммен орындалуы оқушылардың ортақ істе тіл табысып, бір-бірімен санаса отырып, пікір айтуға төселуіне ықпал етеді. Сонымен қатар балалардың сабақта белсенділік көрсетуіне тиімді әсері болады.
Әр топтың ішінен белсенді кіші топ құрылып, эксперт немесе жүргізуші тағайындалып, өздеріне берілген тапсырманы талқылап, ортақ пікірге келу міндеттеледі. Мұндағы мақсат – оқушылардың бір мәселені топ болып бірлесіп шешу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ тілі» оқулығында оқушыларды топтық қарым-қатынасқа түсе алуға машықтандыру оқу тапсырмалары 3 бағытта жүзеге асырылған:

  • ортақ идея ұсыну, ынтымақтаса әрекет ету;

  • қарым-қатынасқа қатысушылардың өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз ету;

  • ақпаратты басқаға беру (бұл көбінесе жұптық тапсырма ретінде берілген). Топтық қарым-қатынасты қалыптастыру мен нығайтуда «Орнын тап» ойынын ойнатуға болады. Әр оқушыға бір сөйлемнен жазылған қима қағаздар таратылады. Олар сөйлемді оқып, оны есте сақтаулары қажет. 1 минуттан кейін мұғалім қима қағаздарды жинап алады. Мұғалім әңгімені мұқият оқып шығады. Оқушылар тапсырманы орындау барысында бірлесіп, яғни әңгіменің бірінші сөйлемі бар оқушы екінші оқушымен, ол екеуі бірлесіп үшінші оқушымен, одан төртіншімен, сөйтіп бесеуге дейін топқа бірігіп, тұтас әңгімені шығарады. Бұл әдісті қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті жетілдіріліп, бір- бірімен тіл табысу, бірлесе жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Мұндай жұмыс түрінде мұғалімнің басшылығы тікелей емес, жанама түрде болады. Өйткені оқушылардың оқу-танымдық қызметтегі бірлесіп әрекет жасау жолдарын және бірін-бірі сыйлау, түсінісу қасиеттерін қалыптастыру мақсат етіп қойылады.

Сондықтан тілдік материалдарды бастауыш сынып оқушыларына таныту үшін тәрбиелік жұмыстарды да осы мақсатқа бұру керектігі – айқын міндет.
Сондай-ақ оқулықта оқушылардың танымдық мотивациясын қалыптастыру үшін түрлі ойындар, әлеуметтік-психологиялық жағдаяттар қарастырылған. Мұндай тапсырмалар балалардың өз жасына лайық жеңіл әлеуметтенуін қамтамасыз етеді. Оқушыны әлеуметтендіру – жаңартпалы оқытудың түпкі мақсаттарының бірі. Мысалы, «И, й әріптерінің жазылуы» тақырыбын өту барысында «Бүгін Дидардың әкесінің туған күні. Сабақтан соң ол дүкенге келді. Сыйлық таңдауға біраз қиналды. Сен Дидардың орнында болсаң, әкеңе не сыйлар едің?». Бұл жағдаяттық тапсырма баланы талдау жасауға, өз әрекетін іштей жоспарлауға, рефлексияға бейімдейді. Оқушы қиындықтан шығудың жолын өздігінен табуға ұмтылады, қорытынды пікір айтуға дағдыланады.
6
Оқушыларға проблемалық жағдаяттарды шештіру – олардың танымдық қабілеттерін тәрбиелеумен бірге, адамгершілік құндылық қасиеттерін тәрбие- леу жолы. «Өзім туралы» лексикалық тақырыбы бойынша берілген оқу материалдарымен жұмыста тілдік жағдаяттар туғызу ұтымды болмақ. Мысалы,
«Тіл және сөйлеу» тақырыбын өту барысында мынадай тапсырмалар орындау ұсынылады: 1. Парталас досыңа өзің туралы әңгімеле. 2. Көшеде сені бір тележурналист тоқтатып: «Есіміңнің шығу төркіні туралы не білесің?» – деп тосын сұрақ қойса, қалай жауап берер едің?
Бұл жағдайда балалар әрі тосын, әрі қызықты күйді басынан кешіреді. Мұндай сауал олардың ойына қозғау салып, белсенділіктерін арттырады. Бір жағынан, бала өз ойын білдіру үшін тиісті сөздерді іріктейді, екінші жағынан, оны жеткізудің жолдарын қарастырады. Сөйлем түрлерінің қайсысын қалай қолдану жайын сараптап, сөзін жүйелейді. Өз сөздерінің қайда, кіммен, не үшін айтылуына қарай өзгешеленетінін бағамдайды.
Демек, мұндай тілдік жағдаяттар оқушыларды тапсырманы шешудің жалпы тәсілдерін өз бетінше таба білуге, өздік шығармашылық жұмыстарды сапалы орындауға, рефлексия мен өзін-өзі басқаруға, логикалық ойлау заңдылықтарын қолдануға, өзгелермен бірлесе жұмыс жасауға, өзінің әрекетін дұрыс бағалап, бақылай алуға тәрбиелейді.
Оқулықта тілдік дағдының диалогтік сөйлеу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, топтық қарым-қатынасқа түсе алу, жазбаша қарым-қатынас түрлері мен мазмұны қарастырылып, бастауыш сынып оқушысының бойына осы тілдік дағдыларды қалыптастыру мақсатындағы тапсырмалар жүйесі берілген. Мысалы, диалогтік сөйлеуге үйрету үшін этикалық сипаттағы (сәлемдесу, өзін-өзі, басқаны таныс- тыруы; қоштасу; құттықтау, тілек айту, оған жауап беру; әңгімені бастау, аяқтау, жалғастыру; алғыс білдіру, оған жауап қайтару; қуанышымен, ренішімен бөлісу), сұрақ-жауап түріндегі (мақсатты түрде өзіне қажетті ақпарат туралы жан-жақты сұрау; сұрақ пен хабарды араластыра қолдану) диалог түрлері мен диалогке тарту (өтініш жасау; көмек ұсыну; ақыл, кеңес, ұсыныс айту; бірлескен әрекетке шақыру т.б.), пікір алмасу (келісу, келіспеу; мақұлдау, сенімсіздік білдіру; дәлелдеу) мазмұнындағы оқу материалдарын оқулықтан жиі кездестіру- ге болады. «Диалог. Монолог» тақырыбы бойынша 12-жаттығуда берілген
«– Амансыз ба, әже! – Аманбыз, балам! – Халіңіз қалай, әже? – Жақсымын, балам» мазмұнындағы сәлемдесу диалогін көшіріп жазады, парталасымен ата мен бала рөлінде амандасу жағдаятын құрастырады. Мұндай тапсырмаларды орындату тілдік материалды ғана емес, оқушылардың аксиологиялық қасиеттерді меңгеріп, сол құндылықтарды өз бойында дамытуында да зор рөл атқарады.
Оқулықтың ғылымилығы технология мен ғылымдағы жетістіктер және зерт- теу әдістерінің көрініс табуынан байқалады. «Қазақ тілі» оқулығының мазмұны оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық әлеуетін, дүниетанымын да- мытатын мәтіндер мен солардың аясында танытылатын грамматикалық жатты- ғулардан және зерттеушілікке бағыттайтын, болжам жасауға, дәлелді пікір айту- ға, белгілі тақырыпқа пікірталасқа түсуге және ізденіске жетелейтін тапсырма- лар жүйесінен тұрады.
Оқушылардың қарым-қатынас қабілетін арттыру мақсатын көздейтін пікір- талас сабақтары белгілі бір тақырып төңірегінде өзара сынға арналады. Бұл
7
тапсырманың сабақ тақырыбынан алшақ кетпеуі арқылы ондағы тілдік объектінің болуын қадағалау керек, ал екінші жағынан, сын айтудың негізінде әділдік, мәдениеттілік, достық ниет жататынына, сондықтан оны дұрыс қабылдай білудің өзінде де ұлттық үрдістегі сөзге тоқтау, жеңілгенін дер кезінде мойындай алу секілді жағымды қасиеттердің қалыптасатынына көз жеткізуге болады. Баланың көзқарасына ортасы арқылы әсер ету басты нысанаға алынады. Мұнда балалардың тілге тиек ететін фактілерін өз ортасынан, сыныбынан алу қажеттігі олардың әңгімесіндегі өзара сынға, пікір таласына арқау болады. Бұл жерде тек кемшіліктерді сынау емес, үлгі етуге лайық балалардың қасиеттерін бағалауға, өз көзқарастарын талдап, таратып айтуға мүмкіндік беріледі. Ал балалардың әңгімеге қатысу белсенділігімен бірге олардың сөз саптауына, өзін ұстауына, тақырыпты дұрыс аша білуіне назар аударылатынын алдын ала ескерту әңгіменің жүйелі өтуіне әсер етеді. Әрі білімді бекітетін, әрі танымды кеңейтетін мұндай жұмыстар оқу әрекеті мотивтерін жандандыруға зор көмек береді. Осы айтылғандарды кез келген лексикалық және тілдік тақырыптар бойынша жүзеге асыруда байқауға болады. Мысалы, «Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Кім келіспейді?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың берілген сөздер мен сөйлемді салыстыру арқылы қай қатарда сөздер, қай қатарда сөйлем берілгенін табу тапсырылады. Салыстыруға шыққан баланың пікіріне «Кім келіспейді?» сұрағы қойылып, келіспегендер өз пікірлерін дәлелдейді. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, дұрыс талдаған оқушы ойын бастаушы болады.
«Қазақ тілі» оқулығында жазбаша қарым-қатынасқа үйрету оқу тапсырма- лары қатарын сұхбат алу; құттықтау және шақыру қағаздарын, нұсқаулық, хабарландыру жазу; мәтіннің тірек сөздерін табу; тірек сөз бойынша мәтін құрастыру; ұсынылған көрнекілік бойынша мәтін мазмұнын баяндау құрайды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалып- тасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар болып табылады. Сол себепті «Қазақ тілі» оқулығында «Біздің жобамыз», «Шығармашылық үзіліс» айдарларымен зерттеу жұмыстарына бейімдейтін тапсырмалар, өмірлік тәжірибеге үйрететін жағдаяттық тапсырмалар және т.б. беріліп отыр. Мәселен,
«Тіл және сөйлеу» тақырыбы бойынша оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру мақсатында шығармашылық тапсырма мазмұны төмендегіше берілген: «Тәжірибе жаса. Басыңды партаға қойып, көзіңді жұм. Өзіңді аспан әлемінде ұшып жүрмін деп елестет. Көзіңді ашып, не көргеніңді парталасыңа айтып бер. Тәжірибе барысында ойыңды сөйлеу арқылы жеткізгеніңді түсіндің». 2-бөлімде «Түбір және қосымша» тақырыбы бойынша берілген «Тәжірибе жаса. Орманшы сөзінің негізгі бөлігін қағазбен жауып, жабылмаған бөлігін оқып көр. Қалай ойлайсың, бұл бөліктің жеке тұрғанда мағынасы бола ма? Зерттеу барысында сөздің түбірі болатынына, ол сөздің мағынасын сақтап тұратынына көзіңді жеткіздің. Қосымшаның жеке тұрғанда мағына бермейтінін анықтадың» тапсырмасы зерттеу жұмысына жаттықтырады.
«Біздің жобамыз» айдары бойынша 1, 2-бөлімдерде берілген 8 сағаттық материалдар арқылы оқушылар өздігінен ізденіп, дереккөздермен жұмыс істеуге үйренеді. «Ауызша сөйлеу кезіндегі қимыл мен ым-ишара» бірінші жоба жұмысы бойынша оқушылар өз нұсқаларын ойластырып, қуанған немесе ренжіген бала жағдаятын құрастырады. Жұмысының нәтижесін сыныптастарының алдында
8
қорғайды. Екінші жобада шежіре ағашын жасау үшін «Әкеңнің аты-жөні кім? Атаңның ше? Арғы ата, түп ата, тек аталарыңды білесің бе?» сұрақтарына жауап береді. Білмеген жағдайда үлкендерден сұхбат алады. Ол үшін төмендегідей сұрақтар қояды: «Менің арғы атам кім? Түп атам ше? Тек атам ше?». «Бала, әке, ата, баба, арғы ата, түп ата, тек ата» тізбегін пайдаланып, өз әулетінің шежіре ағашын жасайды. Үшінші жобада сипаттау мәтінінің белгілерімен танысып, сипаттауға құрылған жұмбақтардан үлгідегідей жұмыс жасайды. Жұмысының нәтижесін сыныптастарының алдында қорғап, бір-бірін бағалайды. Төртінші жобаны орындауда табиғат, табиғат құбылыстары туралы мақал- мәтелдер мен жұмбақтар жинастырады. «Табиғатты қорғайық» тақырыбында нұсқаулық құрастырады. «Денсаулық – зор байлық» деген бесінші жоба жұмысы бойынша денсаулық туралы мақал-мәтелдер мен өлең шумақтарын жинайды. Өзіне ұнайтын спорт түрлерінің тізімін жасайды. Жұмысының нәтижесін сыныптастарының алдында қорғайды. Алтыншы жобада білім, еңбек, достық жайлы мақал-мәтелдер жинастырып, «Досы көпті жау алмайды» деген мақалмен аяқталатын ертегі құрастыру жүзеге асырылады. Жетінші жобада сын есімдердің жұмбақ құрастыруда қолданылатынын біледі. Берілген үлгіге ұқсас тапсырма орындайды. Жұмысының нәтижесін сыныптастарының алдында қорғап, бір-бірін бағалайды. Сегізінші жобаны орындауда халық ұғымындағы киелі сандар туралы ақпарат және құрамында сан есімдері бар мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жинақтайды. Жинаған ақпараттарын пайдаланып, «Сандар сыры» тақырыбына әңгіме құрастырады.
Әр бөлім бойынша берілген басқы беттерде іс-әрекеттік аспект бойынша күтілетін нәтиже берілген. Соған сәйкес оқулықта оқушылардың түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді әрекеттерін дамытатын тапсырмалар жүйесі құрастырылған. «Сөйлемді аяқтап жаз», «Екі мәтінді салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?», «Сөздердің қатесін тауып, түзеп жаз», «Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құрастырып жаз», «Оқығандарыңның мәтін екенін дәлелдеңдер»,
«Осы мақал мәтіннің аты болатындай шағын мәтін құрастыр», «Парталасыңа баянда. Оның құрастырған мәтініне өз пікіріңді білдір» т.б. осы сияқты оқу тапсырмалары оқушылардың белсенді әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталып құрастырылғандықтан, оқушылар білімді өздігінен меңгереді, үйренеді.
Әрбір бөлім оқушының өзін-өзі тексеруіне мүмкіндік беретін нәтиже са- бақтармен аяқталған. Бұл «Қазақ тілі» оқулығында тек ақпараттық емес, жинақтау (трансформациялық), өзін-өзі бақылау және бағалау оқу материал- дарының бар екендігін көрсетеді.
Оқушының әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (сауатты жазу, көркем жазу, шығармашылық тапсырманы орындау) кері байланыс жасауы және өзін-өзі бағалауы үшін «Жұмыс дәптерінде» рефлексиялық тапсырмалар берілген. Ол екі дөңгелек шартты белгі арқылы жүзеге асады: оқушының сауатты жазуын бағалау үшін берілген 1-дөңгелек шартты белгі; көркем жазуын бағалау үшін берілген 2-дөңгелек шартты белгі. Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес (жасыл түс – «Бәрекелді!», көк түс – «Жарайсың!», қызыл түс – «Ойлан!») оқушы сауатты және көркем жазуын, орындаған шығармашылық жұмысының дұрыстығын екі түрлі қарындашпен бояп, бағалайды.
Оқулықтың 2 бөліміндегі QR-кодта 18 тыңдау материалы бар.
9


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет