«МҰҒалімнің жаңашылдық Қызметі және оны қалыптастыру жолдары»



Дата19.05.2022
өлшемі16,55 Mb.
#35022

«МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ»
ОРЫНДАҒАНДАР:БАҚТЫГЕРЕЙ АЙКӨРКЕМ,БЕКТ?БАЕВА ЖАННҰР,ЖЕТКЕРГЕН АЙҚЫН,ЗИНУЛЛАЕВА МАДИНА,КӘРІ?БАЙ БИБ?ІФАТИМА
«Инновация» деген сөз − латынның «novus» жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.
RIMBERIO CO
Мұғалім қызметінің негізгі мәні — оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МҰҒАЛІМДІК ҚЫЗМЕТ – ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАСАҚТАУ МЕН ІСКЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ, ОНДА МЫНАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ: БАЛАНЫ ТҮСІНУГЕ, ОНЫ ОҚЫТУҒА, ТӘРБИЕЛЕУГЕ, ДАМЫТУҒА ЖАҢА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАР, БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА КОНЦЕПТУАЛЬДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ, БАЛАНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ӨМІРІ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАЛАРЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР, ПЕДАГОГТАР, ЖҰМЫСЫ, БАСҚАРУ, ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ, МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАМЕН БАЙЛАНЫСЫ.
Инновациялық мұғалімдік қызметтің негізгі функциялары педагогикалық үрдіске және оның компоненттеріне прогрессивтік өзгерістер енгізу болып табылады: а) мақсатты өзгерту; б) білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу; в) оқытудың жаңа құралдарын енгізу; г) оқытудың жаңа моделі; д) оқытудың жаңа тәсілдері; е) оқушыларды дамытуға байланысты жаңа идеялар беру (В.В.Давыдов, Л.В.Занков).
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ:
1. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің әдіснамасын, оқыту үдерісін ұйымдастыру технологияларын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудыруда. Инновациялық бағдарлылық білім беру жүйесінің жаңарту құралы болып табылады.
2. Білім беруді ізгілендіруді нығайту, білім жүйесіндегі түрлі өзгерістер үнемі жаңа ұйымдастыру формаларын, оқыту технологияларын қажет етеді.
3. Мұғалімнің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі және қолдану факторының өзіне қарым-қатынастарының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнының қатаң регламентіне тек педагогикалық әрекетте дәстүрлі әдіс-тәсілдерді пйдалануға ғана мүмкіндік береді.
ЕГЕР БҰРЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ЖОҒАРЫДАН ҰСЫНЫЛҒАН БОЛСА, ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РЕТТЕУ КЕЛЕСІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛАДЫ:
· ақпараттық логикалық құрылымы (ақпараттық технологиялар, міндеттер, проблемалар және т.б.);
· ақпарат көлемі және оқытудың дидактикалық бірліктерінің ақпараттық көлемі;
· таным үдерісінің өнімді деңгейі;
· оқыту интенцивтілігі;
· білім беру және дамытушылық тиімділігі;
· технология бейімділігі;
«Технология – қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы». (Түсіндірмелі сөздік);
· Педагогикалық технология – оқу үрдісінде ұйымдасқан, мақсатқа бағытталған, арнайы педагогикалық әсер ету (Б.Т.Лихачев).
· Педагогикалық технология – оқу үрдісін іске асырудың мазмұнды техникасы (В.П.Беспалько) .
RIMBERIO CO
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МҰҒАЛІМДІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІН ҒАЛЫМДАР НАҚТЫ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРАДЫ. ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГТАР В.А.СЛАСТЕНИН, Л.С.ПОДЫМОВАНЫҢ ОСЫ МӘСЕЛЕНІ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ КЕЛЕСІ БАҒДАРЛАР БОЙЫНША ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ: АКСИОЛОГИЯЛЫҚ, РЕФЛЕКСИВТІ-ҚЫЗМЕТТІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ.
Инновациялық қызметті аксиологиялық түсінуі ғалымдардың мұғалімнің бүкіл болмысының құндылық бағдарын қарастырғанда нақтылайды. Жаңалықты енгізу үдерісінде мұғалім педагогикалық құндылықтарды меңгереді. Жеке тұлғаның инновациялық құндылықтарды меңгеру дәрежесі оның педагогикалық сана-сезімінің жағдайына байланысты, себебі белгілі бір педагогикалық идеяның құндылығын анықтау оны жеке тұлғаның баға беруі үдерісінде өтеді. Субъективті қабылдау және жалпыадамзаттық мәдени-педагогикалық құндылықтарға иелену мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктеріне, өзіндік сана-сезімімен анықталады және мұғалімнің ішкі жан-дүниесін көрсетеді
Рефлексивті-қызметтік бағдарды ғалымдар инновациялық қызметтің табиғатын түсінуге, инновацияның әртүрлі даму сатыларындағы рефлексияға талдау кезінде пайдаланылады.
Әлеуметтік-психологиялық бағдар инновациялық қызметті жеке тұлғалар арасындағы байланыс нәтижесі ретінде қарастыруда қолданады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар В.А.Сластенин, Л.С.Подымова инновациялық қызмет құрылымына мұғалімнің әлеуметтік қарым-қатынасқа түсу қабілетін де енгізді.
Жеке-шығармашылық бағдар ретінде мұғалімнің жалпы және мамандығына сәйкес өзін-өзі дамыту механизмдерін, мұғалімнің өз қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесін қарастырады.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МҰҒАЛІМДІК ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КОМПОНЕНТТЕРІНЕ: СЫРТҚЫ ЫНТАЛАНДЫРУ, ӨЗІН-ӨЗІ БЕКІТУДІҢ СЫРТҚЫ МОТИВТЕРІ, МАМАНДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ МОТИВ ЖАТАДЫ.
СОНЫМЕН, ҚОРЫТА КЕЛГЕНДЕ МҰҒАЛІМ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН КӨПТЕГЕН ШАРТТЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ТАНЫП БІЛУІ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ.
Инновациялық мұғалімдік қызмет – жаңа инновациялық білім бағдарламасын жасақтау мен іске асыруға бағытталған іс-әрекет, онда мыналар іске асырылады: баланы түсінуге, оны оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға жаңа философиялық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық бағыттар, білім беру мазмұны мен әдістерін құрудың жаңа концептуальды педагогикалық идеялары, баланың мектептегі өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа формалары, сонымен қатар, педагогтар, жұмысы, басқару, өзін-өзі басқару, мектептің ата-аналар мен әлеуметтік ортамен байланысы болып табылады.
RIMBERIO CO
THANK YOU

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет