МҰҒалімнің КӘсіби біліктілігі білімді ұрпақ ТӘрбиелеу кепілі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#9735
  1   2   3   4

28 қараша 2016 ж | № 02 (02) - www.serpilis.kz  

«Республикалық СЕРПІЛІС газеті» Астана қаласы, Орынбор көшесі 4-үй,

Меншік иесі: «Серпін» әлеуметтік даму ұлттық қоры»   Редактор: И. Б. Нагиев

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ 

БІЛІКТІЛІГІ БІЛІМДІ ҰРПАҚ 

ТӘРБИЕЛЕУ КЕПІЛІ 

 

Елбасы жас ұрпақтың тәрбиесін 

аға буынға былайша аманат етеді: 

«Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік 

тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат 

жолынан адаспай, алға басуына септігін 

тигізеді». Әрбір ұстаз халық педагогика-

сының ғасырлар бойына қалыптасқан 

салт-дәстүрлерін, әдет-ғұраптарын өз 

бойынан көрсете біліп, шын ықыласымен 

қызмет жасап, тәрбие жұмысын 

өскелең өмірмен байланыстыра отырып, 

жастары-мыздың ақыл-парасатын 

тереңдетіп, жалпыадамзаттық 

құндылықтарды, шығармашылық күш 

жігері мен білімін дамыту керек. 

 

 7 - бет   

ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ 

САПАЛЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІ

Бүгінде білім беру жүйесінің ерекшелігі 

– білім алушының құзіреттілігін дамыту, 

арттыр у,  қ а лыптастыр у.  Тиі мді 

жоспарлау  -  мұғалімнің  оқыту  мен  оқу 

тәжірибесін жетілдірудің, оқушыны үнемі 

ойда  ұстау  арқылы  олардың  табысты 

оқуына ықпал етуге мүмкіндік берудің, яғни 

сапалы білім беру негізі.

   

5 - бет

ҮШТІЛДІЛІК 

ЕРЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС

 

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін 

– мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық 

қатынас тілі және ағылшын тілін 

халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге 

ұмтылыс жасауы — замана талабы, 

болашақ ұрпаққа қажеттіліктен 

туындап отыр. 

 

6 - бет  

З Н А Н И Е 

             

Ж АҢА Л ЫҚТА Р 

             

ТӘЖІР И Б Е   

             

«25 ЗВЕЗДНЫХ 

ДНЕЙ» 

В КГУ ОШ № 57

БОЛ А Ш АҚ 

                                        

ӨРЛЕУДЕ ӨТКЕН 

КУРСТЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІГІ

ТӘЖІРИБЕДЕГІ  

РЕФЛЕКСИЯ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» 

ЖАРҚЫН 

БОЛАШАҚ

«Атамекен» 

ҰКП 

Төрағасы-



ның  орынбасары  Мұрат  Әбенов  

Қызылорда  қаласындағы  инду-

стриалды-техникалық  колледжде 

болып,  заманға  сай  жабдықталған 

ғимаратқа жоғары бағасын берді.

Кәсіпкерлер  палатасымен  кол-

леджді корпоративті басқару жоба-

сы тиімді жүзеге асырылуда. 



Жобаның 

артықшылығы: 

мамандарды әзірлеуге бизнес-қоғамдастықты кеңінен тарту, кәсіби-тех-

никалық сала мамандарын дайындауға арналған мемлекеттік тапсыры-

старды  осы  колледждерге  бағыттау,  техникалық  және  кәсіптік  бағдар 

беретін оқу орындарында дуальдық білім беру жүйесінің принциптерін 

енгізу. Кәсіпкерлер палатасы облыстық білім басқармасымен бірге жоба-

ны пилоттық режимде жүзеге асырған болатын. Қызылорда индустри-

алды-техникалық  колледжін  корпоративтік  басқару  үшін  «Best  Servise 

LTD»,  «РАИМ»,  «K-group»  ЖШС-тері  құрылтайшылары  болып  табы-

латын арнайы Сервис пен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер Қа-

уымдастығы  құрылған.  Қауымдастық  құрылтайшысының  бірі,  Өңірлік 

кеңес  төрағасы  Асқар  Махамбетов  оқу  орнының  материалдық-техни-

калық базасын нығайту үшін өз қаржысына жобалық-сметалық құжат-

тарды  әзірлеткізген.  Нәтижесінде  облыстық  бюджеттен  130  млн.теңге 

қаржы бөлініп, колледж толық күрделі жөндеуден өтті.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

22.11.2016

Астана қаласындағы  № 59 мектеп 

-лицейінде      қараша  айының  10-11 

күні 


тәлімгерлердің, 

мұғалім-


дердің,  жасөспірімдер  ұйымдары 

үйлестірушілерінің  біліктілігін  арт-

тыру  бойынша  өңірлік  екі  күндік  

семинар өтті. 

Семинарға    Алматы  қаласы,  Ақтөбе,  Алматы,  Атырау,    Жамбыл, 

Қызылорда,  Маңғыстау  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының  өкіл-

дері  қатысты.  Семинардың  мақсаты  –  тәлімгерлердің,  мұғалімдердің, 

жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін  арттыру. 

Семинар  барысында  Елбасының  2015  жылғы  30  қарашасындағы 

Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндірме дәрісін Мұрат Әбенов  оқыды.

 Семинар соңында  қатысушыларға сертификаттар табысталды.


2

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

«СЕРПІН» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда білікті мамандар 

даярлау  мен  білім  саласын  әлемдік  стандарттарға  сай 

реформалау мәселесіне баса назар аударып келе жатыр. 

Жастарға  арналған  жобалардың  бірі  –  «Серпін» 

әлеуметтік жобасы. Жобаның арқасында қаншама жас білім 

гранттарымен  қамтамасыз  етілді.  Мемлекет  тарапынан 

жасалынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға 

әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. 

Серпін  –  бұл  Қазақстандағы  ең  танымал  жас 

бағдарламаның бірі. Қазақстанның кейбір өңірлерінде кадр 

тапшылығы  өте  өзекті  болып  тұр.  Бүгінгі  таңда  мұндай 

мәселе көптеген облыстарда туындауда. Бала туу деңгейі 

өте төмен, сыртқа көшіп кету миграциясы жоғары деңгейде. 

Сол  өңірлердегі  өндіріс  орындарында  жұмысшылардың 

жетіспеушілігінен өндіріс орындары діттеген мақсаттарын 

толық іске асыра алмауда. Міне, осы мәселелерді шешу үшін 

жоғарғы білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау 

еліміздің болашағына оң әсерін береді деп күтілуде.

Осы жолда адаспас үшін, жастар арасында жұмыссыздықты, 

жастардың  бос  уақытын  тиімді  пайдалануын,  білім  ала 

алмағандардың  мәселесін  шешу  мақсатында  “Серпін 

іскерлер”  қоғамдық  бірлестігі  құрылды.  Бірлестікте  бас 

қосқандардың өзгелерге көмегі зор. Мысалы, өз жобасын 

жүзеге асырғысы келетіндерге, кәсіпкерлікпен айналысып, 

ұйым  құрғысы  келетін  жастарға  бағыт-бағдар  береді. 

Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан бар мүмкіндіктерді 

тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. 



Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық 

мемлекеттік педагогикалық институтының II-курс 

студенті Байденов Жансерік

* * * * * * * 

қанша  аунасаң  да  үстіңді  бір  былғамайтын,  төрт  түлігі 

төсінде өріп жүрген, жазы шыбынсыз, қысы қоңыр салқын, 

жұртының жүзі жарқын, қысы-жазы аузынан ағарғандары 

кетпейтін  Арал  ауданының  өзі  неткен  ғажап  десеңші… 

Төсінде ерке лақтай ойнақтап өскен табиғатымның сұлулығы 

мен  ерекшелігін  айта  берсем  қиялымның  шырқау  шегі 

биіктерге жетелейді. Шілдесі мен тамызы ми қайнатар ыстық 

болса да, мен үшін жер бетінде Қызылордаға жететін жер 

жоқ дейтінмін?! 

Алайда, арман жетегі жетелеп, болашаққа деген ұмтылыс 

мені бұрын соңды көрмеген, теледидар арқылы таныс болған, 

қиялымдағы Шұрайлы Шығысқа ат басын тіретті. «Еңсесін 

енді  көтеріп  келе  жатқан  біздің  еліміз  үшін  дарынды 

ұрпақтың орны бөлек» — деп, Елбасымыз атап кеткендей, 

мемлекетіміздің экономикасын көтеру, ауылшаруашылығын 

дамытуға үлес қосу үшін, жігерлі жастық жалынмен, асқақ 

арманмен — 2015 жылы «Серпін» бағдарламасымен оқуға 

түстім. 


Дана  да,  ұлы  тұлғаларымен  танымал  Шығыс  мекені, 

соның ішінда Ұлан ауданы, Саратовка ауылы мені қонақ 

жайлылығымен,  кең  пейілділігімен  өзіне  бірден  баурап 

алды. Білім нәрімен сусындап, қанаттанып, еңбек жолына 

дайындалып жатқаныма 2 жыл толса да, Шығыс мекеніне 

үйреніп  қалғаным  соншалық,  құдды  бір  осы  жерде 

туғандаймын. 

Алғашында  жылы  жақтан  келген  бізді  Шығыстың 

қытымыр  қысы  қабағын  түйе  қарсы  алғандай  болды. 

Алайда, қысы қатты болғанымен қазақилықтың исі аңқыған, 

жүздерінен жылу шашып жарқыраған Саратовка ауылының 

тұрғындары  өздерінің  мейірімділігімен  қыстың  суығын 

білдірмей жібергендей. «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына 

жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды» 

— дегендей, көп уақыт өтпей-ақ туған жерімізде жүргендей 

сіңісіп кеттім. 

Бүгінгі таңда өзімнің алаңсыз балалық шағым өткен, 

көшесінде жалаң аяқ жүгіріп, асыр-салып ойнаған туған 

жерім Қызылорда болса да, асқақтаған алпамса таулардың 

ортасында  айнадай  жарқыраған,  адам  айтып  жеткізе 

алмайтын сұлу, мөлдір, кәусар бұлағы секілді еркелей ағып 

жатқан Ертіс өзені мен Шығыстың әдемі табиғаты еріксіз 

өзіне баурап, жүрегімнің түкпірінде терең ұялады. 

Мен, ұлы Абай, Шәкәрім, атақты Мұхтар мен Оралхан 

Бөкейдің  туған  жеріне  келіп,  білім  нәрімен  сусындап 

жатқаным шексіз бақыт пен қуанышқа бөлейді. «Ендігі жерде 

біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Ендігі 

жерде бәріміздің де туған жеріміз біреу, ол – қазақ даласы» 

— деп Елбасы айтқандай, Қазақстанның қай жерінде жүрсек 

те туған жерге, елге деген құрмет, сағыныш арта бермек, 

дегенмен, өз елімнің өрге өрлеп келе жатқанын көргенде 

кеудемде мақтаныш сезімі кернейді.

Мен – қазақ баласы, туған елімнің — патриоты! “Батыр 

туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі” – деп 

ата-бабамыз айтып кеткендей, туған жеріме, даңғыл жолда 

үлкен жетістікер мен белестерге жол ашқан, арманның одан 

әрі асқақ шыңына жетелеген менің мақтан тұтар мекендерім 

жұдырықтай ғана кішкентай жүрегімнің түкпірінде ерекше 

орын алатыны сөзсіз!

* * * * * * * 



МЕНІҢ МАҚТАН ТҰТАР МЕКЕНДЕРІМ!

Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық

колледжінің студенті Иманғали Айдана

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы 

жер, оны елімен өткенмен және болашақпен байланыстырады. 

Міне, осылай байланыстырған менің кіндік қаным тамып, 

топырағына аунап өскен мекенім Қызылорда облысы. 

Туған  жерімнің  бір  түйір  тасы,  жаттың  ат  басындай 

алтынынан да қымбат мен үшін. Қызылорда деп айтқанда, 

менің кішкентай жүрегім атойлап, мақтаныш сезім кернеп 

тұрады.  Міне,  менің  мақтанышым,  өлімнің  емін  іздеген 

киелі — Қорқыт бабамның жері! Қорқыттың қобызынан 

сусындаған Сыр елі, жыр елі – менің мекенім! Мақтанышпен 

айтамын, киелі жер екенін. Адамзатты тұңғыш ғарышқа 

жіберген, әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны 

— Байқоңыр да осы қалада орналасқан. 

Қазақстан бойынша тұздылығымен, бекіре балығымен 

белгілі болған Арал теңізі де осында! Арал теңізі жағасында 

орналасқан — әсем гүлге көмкеріліп жатпаса да, қара көк 

бояу бір солмайтын, арнасы оңайлықпен толмайтын, құмына 



3

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

«25 звездных дней» в КГУ ОШ №57

 к празднованию 25-летия Независимости РК

Усенова  Жанар  Сагидуллаевна

Заместитель  директора  по воспитательной  работе

День Независимости Казахстана— главный национальный 

праздник Республики Казахстан, отмечается в Казахстане 

ежегодно16 – 17 декабря. Знаменательность этого дня состоит 

в том, что он усиливает и укрепляет чувство единства народа 

Казахстана.  Накануне празднования Дня независимости РК 

в КГУ ОШ №57 был разработан план мероприятий.

На  сайте  школы  размещена  информация  о  Дне 

Независимости Казахстана. Начиная с ноября 2016 года, в КГУ 

ОШ №57 практически каждый день является «звездным», 

имеет свое определенное название и включает какое-либо 

мероприятие,  соответствующее  данной  тематике.  Зам. 

директора по ВР Усеновой Ж.С. проведена торжественная 

линейка, посвященная 25-летию Независимости РК.

 Библиотекарь школы Зосимова М.В.  оформила книжную 

выставку  «Новый  Казахстан  в  новом  мире».  Вожатая 

Желонкина  Н.В.  в  фойе  школы  организовала  и  провела 

фотовыставку  «Жұлдызы  жанған  Қазақстан».  Лучшие 

работы были отмечены грамотами.

 Учитель ИЗО Анаркулова А.К. организовала выставку 

детских рисунков «Мой край родной» среди учащихся 1-4 

классов. Учителя казахского языка и литературы Тауекелова 

Г.К., Агманова Р.Р., Акжолова С.Т., Калыгулова Б.Т., и учителя 

русского языка и литературы Каренеева Г.К., Мильяченко 

Л.Е., Атаман И.В. провели конкурс сочинений. Учащиеся 

отразили в рисунках, стихах и сочинениях любовь к родному 

краю, гордость за свою Родину, показали в ярких красках 

красоту и величие природы Казахстана.

Учитель истории Родионов А.А. провел круглый стол с 

учащимися 9а класса на тему «Достижения нашей страны 

с Лидером нации, Президентом РК Назарбаевым Н.А.» с 

применением ИКТ.  В 4 «А» классе проведен урок – викторина 

«Гордость моя – Казахстан!». Мероприятие сопровождалось 

яркой  презентацией,  демонстрировался  видеоролик  о 

Казахстане.  Классным  руководителем  Камаловой  Х.Т.  в 

6а классе проведено открытое внеклассное мероприятие 

«Вершины Независимости». 

Учитель истории Кокидько Е.С. в 7а, 7б классах провела 

интеллектуальную игру «Моя Республика – моя гордость». 

Проведение  этих  мероприятий  расширила  кругозор 

учащихся, обогатила их знания по истории Независимого 

Казахстана. Учитель истории Родионов А.А. в 10 «А» классе 

провел круглый стол «Конституция – основа государства». 

Классные руководители 1-11 классов провели открытые 

классные  часы  о  достижениях  в  годы  независимости 

Казахстана:  «Моя  родина  –  Казахстан!»,  «Казахстан  – 

любимая страна, Казахстан – Республика моя!». Учитель 

начальных классов Матренина О.А. во 2 «Г» классе провела 

открытое внеклассное мероприятие «Тәуелсіз елім тірегім!».  

В 3 «Б» классе классный руководитель Бондаренко Т.Н. 

провела внеклассное мероприятие «Менің елім Қазақстан».

В актовом зале школы проведен конкурс патриотической 

песни «Жан жүрегім Қазақстан!» среди учащихся 1-4 классов. 

Самыми лучшими были выступления 4а, 3б, 3в, 3г классов. 

30 ноября в школе состоялось большое мероприятие, которое 

включало  в  себя  две  части:  литературно-музыкальную 

композицию на тему «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» и 

торжественную  линейку  по  случаю  принятия  лучших 

учащихся  6-7  классов  в  республиканскую  ЕДЮО  «Жас 

Ұлан». Готовили мероприятие ученики 5в и 9б классов, 

классные  руководители  Акжолова  С.Т.,  Касенова  В.С. 

Мероприятие велось на казахском и русском языках.

Мероприятие было начато с исполнения гимна РК. Первая 

часть мероприятия была посвящена принятию в ЕДЮО «Жас 

Ұлан» лучших учащихся 6-7 классов. Созданию атмосферы 

торжественности, эмоциональной возвышенности, чувства 

гордости за свою страну способствовало присутствие на 

всех мероприятиях государственных символов Казахстана, 

звучание государственного Гимна.

Слайдовая презентация и информационное видео придали 

мероприятию  торжественность  и  эмоциональность.  В 

сценарии плавно переплетались лирические и прозаические 

тексты  на  казахском  и  русском  языках,  раскрывающие 

основные этапы развития Казахстана на пути к независимости. 

Мероприятие украсили песни на казахском, русском языках. 

Все выше перечисленные мероприятия способствовали 

воспитанию  патриотизма  у  учащихся,  развитию 

уважительного отношения к государству, формированию 

позитивного  отношения  к  обычаям,  традициям  народа, 

развитию чувства сопричастности к судьбе Отечества.

* * * * * * * 

Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  педагог  

кадрлардың кәсіби  дамуының  «Тәжірибедегі  

рефлексия» білім  беру  бағдарламасы  бойынша  

мектепішілік  курстарды  жүргізудің  маңыздылығы

Тәуекелова   Гулбану  Қонысбайқызы

Алматы  қаласы № 57  жалпы  білім  беретін  

мектебінің  мектеп тренері

Умбетова  Жанат  Кулпыбаевна

Алматы  қаласы  № 2 жалпы  білім  беретін 

мектебінің  мектеп  тренері

 Қазақстан  Республикасында   орта білім беру мазмұнын 

жаңарту  аясында    мұғалімдердің  оқыту  тәжірибесін 

жетілдіру  қажеттілігінің  маңызы  арта    түсуде.  Осыған 

орай    мұғалімдердің    тәжірибесін  арттыру  және  қолдау 

көрсету  мақсатында      Қазақстан  Республикасы  педагог 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттырудың    деңгейлі 

бағдарламалары  бойынша  біліктілігін  арттырған  

мұғалімдер  Алматы  қаласының  «Педагогикалық  шеберлік  

орталығынан» арнайы  «Тәжірибедегі  рефлексия» білім  

беру  бағдарламасы  бойынша мектеп  тренері  курсынан  

өтіп,  2016-2017 оқу  жылының  қараша  айынан бастап  

өз    мектептерінде    деңгейлік    бағдарламаны    игермеген  

мұғалімдерге  мектепішілік  курсттарды  бастап  кетті.  

«Тәжірибедегі  рефлексия»    жалпы  білім  беретін 

мектептердегі  педагогика    кадрларының  кәсіби  даму 

бағдарламасының  мақсаты:    Педагогика  кадрларына 

оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан 

ойлау,  логикалық    ойлау    және  проблемаларды  шешу 

дағдыларын  дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-

тәсілдерді меңгерту.

Бағдарламаның  негізгі  міндеттері:

1) мұғалімдердің  бойында төмендегідей  дағдылардың  

қалыптасуын қамтамасыз ету: • оқыту  үдерісін  жоспарлау;• 



4

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

оқушыларды    оқу    үдерісіне    тарту;  •  АКТ  құралдарын  

тиімді  қолдану; • оқушылардың  сын  тұрғысынан ойлау  

дағдыларын дамыту; • оқушыларды  тиімді  түрде жүйелі 

бағалау; • өзінің  оқыту  үдерісі  туралы рефлексия;

2) мұғалімдерді  үздіксіз  кәсіби  дамуға  дайындау.

Оқудан  күтілетін  нәтижелер:

1)  мұғалімдердің    бойында  төмендегідей    дағдылар 

қалыптасады:

• оқыту  үдерісін  жоспарлау; • оқушыларды  оқу  үдерісіне  

тарту; • АКТ  құралдарын тиімді  қолдану; • оқушылардың  

сын  тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; • оқушыларды  

тиімді  түрде  жүйелі  бағалау; • өзінің  оқыту  үдерісі  туралы  

рефлексия.

2)   Мұғалімдердің  үздіксіз  кәсіби  дамуға  дайындығы.

Бағдарлама  құрылымы бойынша  осы   бағдарламаның  

«Оқу моделі» атты моделінде төмендегі мәселелер қамтылды: 

мектеп  мұғалімдері  бағдарлама  материалдарымен таныс 

ып, әріптестерімен талқылау жүргізіп, жұмыс барысында 

үйренгендерін    тәжірибе    жүзінде    іске    асыру    және 

рефлексия  жүргізуден    бағыт-бағдар  алуда.  Бағдарлама  

материалдарымен танысу барысында мұғалімдер кәсіби даму 

бағдарламасына негіз болған әдіс-тәсілдерді қарастырып, 

әріптестерімен  ынтымақтаса  отырып, оларды  талқылайды.

Тәжірибе  жүзінде іске асыру және жоспарлау сатысында 

мұғалімдерге өз сабақ жоспарларына бағдарлама барысында 

танысқан  тақырыптарды  кіріктіріп,    оларды    тәжірибе 

жүзінде іске асырып көруге және әріптестері мен мектеп  

тренерлерінен сындарлы  кері байланыс алуға мүмкіндік 

беріледі.  Мұғалімдердің  кәсіби  даму  бағдарламасының 

негіздерін  түсіну  деңгейін    жетілдіруге  бағытталған  өз 

тәжірибесі туралы өзіндік және өзара рефлексия  жасау 

үдерісі  курстың  ажырамас бөлігі болып табылады.

Курс    соңында    мұғалімдер  мектепте  кәсіби  даму 

бағдарламасын іске асыру тәжірибесі  туралы рефлексиялық 

есеп жазып, бағалау үшін мектеп тренерлеріне  өткізеді. 

Бағдарлама  бойынша  оқыған  мұғалімнің  қорытынды 

асттестаттау  шешімін  мектеп  тренері  мен мектеп әкімшілігі  

ұжымдық  түрде  тыңдаушы  портфолиосының  жиынтық  

бағалауы  нәтижесі  негізінде  қабылдайды.Бағдарламаның  

толық  курсын  аяқтаған  және  қорытынды  бағалау  рәсімінен  

табысты  өткен  мұғалімдерге  Қазақстан  Республикасы  

Білім  және  ғылым  министрлігі  бекіткен  үлгі  бойынша  

куәлік  табысталады.

Кәсіби даму бағдарламасы сындарлы оқыту теориясына 

негізделген. Дайын  білім беруге негізделген «дәстүрлі» 

әдіс арқылы алынған білім оқушылардың  жинақтаған өзге 

білімімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті механикалық  

есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Мұндай 

жолмен оқытудан   алған, механикалық түрде есте сақталған 

мәліметтерді емтихан кезінде ұтымды  пайдалануға болады, 

бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жаттап  

алынған  білім  тақырыпты  оқыту  аяқталған  соң  немесе 

емтихан біткен соң керексіз  болып қалады және оқушы оны 

өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың   мақсаты – 

оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін 

сыныптан   тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана 

білуін қамтамасыз ету.

Бағдарлама аясында мұғалімдер төмендегідей негізгі 

мәселелерді қарастырады: диалогтік оқыту; метатану;  оқушы 

уәжі; сын тұрғысынан ойлауға үйрету; оқу үшін бағалау;  

оқыту мен оқуда АКТ қолдану.  

Қазіргі  уақытта  Алматы  қаласының жалпы  білім  беретін  

мектептеріндегі  педагог  кадрлардың кәсіби  дамуының  

«Тәжірибедегі    рефлексия»  білім    беру    бағдарламасы  

бойынша  жүргізіліп  жатқан    мектепішілік    курстарда  

мектеп  мұғалімдері бағдарлама  мазмұнымен  танысып,  

сындарлы    оқытудың    теориясын      меңгеріп,    креативті  

тың  идеяларды  қалыптастырып,  өзара  бір-бірлерімен  

тәжірибе  алмасып  жатыр. Бір  ғана мысал келтіретін болсақ, 

«Эйзенхауэр    матрицасы»  мұғалімдердің      жұмыстарын  

дұрыс  жоспарлауға  көмектессе, «Жұлдыздар  аллеясы», 

«Тимбилдинг»  жаттығуы,  «Ментальді  карта», «Теңгерім  

дөңгелегі», оқудағы  кедергілер мен  оны анықтаудың  тиімді  

жолдарын  мұғалімдермен    бірлесе    отырып    қарастыру 

-  мектепішілік    курсты    жүргізуге    септігін    тигізуде. 

Ұстаздар  қауымы  жаңа  нәрсені  үйренуге  әзір тұратын  

жаңалыққа  жаны  құмар  жандар. Сондықтан  да  жаңашыл 

әдіс-тәсілдерді    меңгеру,    оларды    өз    тәжірибелерінде  

қолдану  мұғалімдердің    қызығушылықтарын  арттырып, 

шығармашылықтарын  шыңдауда. Мектепішілік  курстың  

бір  ерекшелігі- мұғалімдердің  өз  мектептерінде  қолайлы  

ортада жүріп  деңгейлік  бағдарлама  мазмұнын  игеріп  

шығуы.Курс  барысында  білген-түйгендерін ортаға салып,  

өз    әріптестерімен    тәжірибе    алмасуы,    бір-бірлерінің  

сабақтарына  қатысып,  сабақ  барысындағы  кедергілерді  

бірге  анықтауы,  сабақты  қайта  жоспарлауы- ұстаздардың  

кәсіби  біліктіліктерінің  шығармашылық  дамуына  оң  әсерін  

тигізеді  деп  санаймыз.

Дәстүрлі    оқытудан  жаңартылған  мазмұндағы    оқу  

үдерісіне  көшу- заман  талабы. Сондықтан  да  жаңадан  

бастау  алған  «Тәжірибедегі  рефлексия» бағдарламасы  

бойынша  мектепішілік  курсының   маңыздылығы  мен  

беретін  нәтижесі  де  жоғары  болмақ  деген  пікірдеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет