МҰҒалімнің КӘсіби біліктілігі білімді ұрпақ ТӘрбиелеу кепілі


ӨРЛЕУДЕ ӨТКЕН КУРСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата15.03.2017
өлшемі0,62 Mb.
#9735
1   2   3   4

ӨРЛЕУДЕ ӨТКЕН КУРСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚБА 

институтында тарихшылардың біліктіліктерін арттыру курсы 

болып өтті. Қарағанды біліктілікті арттыру институтының 

аты ғана емес, мазмұныда өзгерген екен. Атқарылып жатқан 

әрбір іс-әрекеттін жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылып 

жатқанын көруге болады. Оған дәлел біз өткен курс жаңа 

талаптар бойынша жүргізілді деп айтуға болады. Курста 

жаңартылған оқу бағдарламасына сай оқытуда интербелсенді 

әдістерді тиімді қолдануға назар аударылды. Оқушыларды 

белсенді жұмысқа тарту үшін сабақта қолдануға болатын 

тиімді әдістермен танысып, тәжірибеде қолдануға үйрендік. 



Бізді ерекше қызықтырған бағалау әдістері. 

Жалпы бағалаудың өзі үлкен ғылым. Оның алты мақсаты 

бар екен. Осы тренингте бағалаудың тек уәж деген мақсатын 

жүзеге асырып жүргенімізді түсіндік. Сонымен қатар, тарих 

сабағында диалогтік оқытуды қолдану, оқушыларды сын 

тұрғысынан ойлауға жетелеуде нақты тәжірибеге қажетті 

әдістермен  жұмыс  жасауға  үйрендік.  Курс  барысында 

“Жәрмеңке” стратегиясы аясында өзара тәжірибе алмасуға 

мүмкіндік берілді. Осыны пайдаланып Балқаш қаласының 

№8 мектеп мұғалімі Жакупова Зауреш өз тәжірибесінен 

“Айналайын”  стратегиясымен  бөлісті.  Бұл  стратегияны 

үлкен тақырыпты талдауда қолданған өте тиімді екен. Ал, 

Қарағанды қаласынан №4 мектеп мұғалімі Еркебаев Аскар 

онлайн тест құрастыру әдістерімен бөлісті. Бұл жұмыстарды 

біздің  қажеттілігімізді  ескере  отырып  ұйымдастырған 


5

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

тренеріміз  Тусупкалиева  Гульмира  Куантайевнаның 

шеберлігі деп білеміз. Курсқа келген тыңдаушы-мұғалімдерге 

өзінің шеберлігімен қатар жүрек жылуын сезіндіре білді. 

Әрбір өткізген сабақты сүйішпеншілікпен жүргізді.  

Рефлексия  барысында  мұғалімдер  курстан  алған 

білімдерін өз қызметтерін талдау үшін және жоспарлауда 

жедел ақпарат алуына көмегін тигізіп, ең бастысы білім беріп 

оқытуда сапаның жоғарлауына ықпал ететіндігін атап айтты. 

Педагогтер өздерінің алған білімдерінің жоғары деңгейлерін 

көрсетіп,  алған  білімдерін  практикада  қолдануға  дайын 

екендерін көрсете білді.



Курс тыңдаушылары

* * * * * * * 



«МӘҢГІЛІК ЕЛ» 

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Бухарбаева Алуа Нурбаевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы 

бойынша ПҚ БАИ Кітапхана басшысы

Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды 

шегендеген сәттен бастап ұлттық идея мәселесі белсенді 

қолға алынды. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік 

мұраттарына  қол  жеткізді.  Халқымыз  Тәуелсіздіктің 

мызғымас тұғырын бекітіп, «Мәңгілік Ел» болуға бекінді.

Осы  мақсатта  тәуелсіздігіміздің  тірегі  ретінде    мәңгілік 

елордамыз тұрғызылды.                              

Ең  бастысы  –  еліміздің  рухын  көтеретін,  ұлы 

мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болып 

жарияланды. Бұл  идея – елімізді өз мақсатына талай дәуір 

сынынан  сүріндірмей  жеткізетін  тұғырлы  идея  болып 

табылады. Бұл дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа 

серпін беретіні сөзсіз. Осыған байланысты, Елбасымыз  «Нұр 

Отан» партиясының кезекті XVI съезі барысында: «Мәңгілік 

Ел»  идеясы  оқу  бағдарламасына  енуі  керектігін  айтқан 

болатын. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда, алдымен,  

идеяны зерттеп, зерделеуде, насихаттауда һәм оқу үдерісіне 

енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл орайда көзі 

ашық, көкірегі ояу әрбір отандасымыз үлес қосқаны абзал.

  Ұлттық  идеямызды  жүзеге  асыру  мақсатында, 

балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап 

оқушыларға,  білімгерлерге  жете  жеткізу  үшін  қажырлы 

жұмыс істеуіміз керек. Өскелең ұрпақтың санасына, өмір 

салтына,  құндылық  пен  сенімді    орнатудың  қозғаушы 

күші  «Мәңгілік  ел»  идеясы  болары  анық.    Қазақи  рухы 

биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, 

әлеуметтік тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық 

құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі 

және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. 

Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан 

бас тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың 

дәстүрлі  құндылықтарын  жаңғырта  отырып,  ұлттық 

қорға сүйену. Біздің қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, 

гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық 

сыйластық  пен  ашықтықты  ұстанымдарын  алға  қояды. 

Бұл  құндылықтар  Қазақстандағы  барлық  ұлттар  мен 

этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады. Ал 

оны мектеп бағдарламасына енгізіп, жас ұрпақтың санасы 

сіңірудің маңызы зор екені бесенеден белгілі. 2016 жылдың 9 

қарашасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік 

қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өрлеу» 

дамуының 25 инновациясы» жобасының аясында «Мәңгілік 

ел»  атты  кабинет  ашылды.  Сонымен  қатар,  «Артына  із 

қалдырған ұлы іс» атты облыс педагогтарының кездесуі өтті. 

Лентаны кесу мәртебесі институттың құрметті қызметкерлері 

мен ардагерлеріне ұсынылды. 

«Мәңгілік  ел»  кабинетінде  институттың  тарихы  мен 

жетістіктері келтірілген стендтер орнатылған. Институттың 

мықты  білім  орталығы  ретінде  қалыптасқан  кезеңдерін 

көруге болады. Кабинеттік жүйеден кафедралық жүйеге 

ауысуы,  білім  мазмұнын  үздіксіз  жаңарту  курстары, 

жаңашылдықтарға  бастау  болған  оқиғалар  және 

инновациялары, институттың қалыптасуына және дамуына 

үлкен үлес қосқан тұлғалардың портреттері осы стендтерде 

орналасқан. Институттың алдағы даму бағдары мемлекет 

саясатымен қабысып жатқандығының бір көрінісі – осы 

«Мәңгілік ел» кабинет болып табылмақ. Бұл  кабинетке 

орнатылған стендтердің әрбірі – «Өрлеу» ұлттық орталығы 

Елбасының салиқалы саясатын және «Мәңгілік ел» идеясын 

жүзеге асыру құралы іспеттес екенін дәлелдейді.

Президент  алға  қойған  зияткерлік  реформасы  – 

болашақтың біртұтас ұлты – Қазақстанды одан әрі дамытудың 

ұлы негізі, қоғамды Мәңгілік Ел ұлттық идеясы төңірегінде 

топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық 

теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, 

әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер – бұл 

құндылықтардың бәрі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен 

өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз.

* * * * * * * 



ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ – САПАЛЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІ

Тойымбекова Ж.Б.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы 

бойынша ПҚ БАИ, ДБО тренері

Бүгінгі күні сындарлы оқыту мұғалімнің ой-пайымы мен 

ұстанымына ерекше маңыз беруде. «Егер де сен кеме жасағың 

келсе  –  адамдарды  шақырып,  жұмысты  жоспарлаудың, 

бөліп берудің, құрал-саймандарды тауып берудің қажеті 

жоқ.  Адамдардың  шексіз  теңізге  деген  ынта-ықыласын 

асқындыра ояту керек. Сонда олар өздері-ақ кеме жасап 

алады...» (Антуан де Сент-Экзюпери). Расында да тиімді 

оқытуда жас жеткіншектердің оқуға деген қабілеттеріне және 

ынтасына әсер ету, сыныптағы жағдай мен қарым-қытынас 

(когнитивті,  эмоциялық  және  әлеуметтік)  арасындағы 

байланысты түсіну тек мұғалімдердің демеуі мен қолдауы 

арқасында  жүзеге  асатыны  белгілі.  «Өрлеу»  біліктілікті 

арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамның филиалы 

Қарағанды  облысы  бойынша  педагог  қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институтының Деңгейлік бағдарламалар 

орталығы  тренерлері  курстан  кейінгі  қолдау  аясында 

мұғалімдердің сабақтарын бақылау барысында табысты қол 

жеткізіп жатқан және әлі де ойлану мен жетілдіруді қажет 

ететін тұстарды анықтады. Атап айтқанда, оқу мақсаты және 

күтілетін нәтижені саралауды, белсенді оқыту әдістері мен 

тапсырмаларды оқу мақсатына жетуге бағыттауды, жұптық 

және топтық әңгіменің сапасын арттыруды, кері байланысты 

тиімді қолдануды; оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету 

мақсатында  өзара  бағалауды  және  түсіну  дәрежесін 

бағалау  үшін  қалыптастырушы  бағалауды.  Сол  себепті 



6

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

бұл жетілдіру тұстарды дамыту мақсатында мұғалімдерге 

сабақты жоспарлауды қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. 

Демек, мұғалім сабақтың толыққанды жоспарын жазуда, ең 

алдымен, сабақтың тақырыбын, одан кейін  оқу мақсатын 

айқындап алғаны жөн. Мақсат, көбінесе, мұғалім жалпы 

неге қол жеткізгісі келетіндігін сипаттау үшін қолданылады. 

Дұрысы – мақсатты оқушылардың бір сабақ ішінде нені 

үйреніп  шығуына  қарай  бағыттап  қою  керек.  Егер  оқу 

мақсаты  оқушыға  түсінікті  болса,  онда  оның  сабақтағы 

іс-әрекеті аса белсенді, саналы және нақты нәтижеге қол 

жеткізуге  бағытталған  болады.  Оқушылардың  оқуға 

деген ынта-ықыласын олардың сабаққа мақсат қою сәтіне 

қатыстыру арқылы арттыруға болады. Тәжірибе бойынша 

оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже Блум таксономиясының  

танымдық мақсаттарына негізделіп құрастырылуда.

Жоспарлау тиімді болу үшін мұғалімдерге аса маңызды 

мән беруді қажет ететін ол – тілдік мақсаттар. Әр пәннің 

өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» 

деп  атауға  болады.  Тілдік  мақсаттар  мұғалімдер  мен 

оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге 

және  қолдауға  көмектеседі.  Оқушылар  сабақта  ауызша 

дәлелдеу, талқылау және басқаларды иландыру қабілеттерін 

дамыту үшін ұсынылған тақырыпты қарастырады. Сабақ 

кезеңдері құрылымына қарай төмендегідей төртке бөлінеді: 

сабақтың кіріспе, тұсаукесер бөлімдерінде оқушылардың 

зейінін шоғырландыруға, белсенділігін арттыруға, тақырып 

бойынша  қызығушылығын  оятуға,  топтарға  біріктіруге, 

тақырып бойынша бастапқы білімдерін бағалауға бағытталған 

тапсырмалар қарастырылса, негізгі бөлімде жаңа білімді 

игеру мен қолдану, түсінуін тексеру, яғни пайымдау кезеңі. 

Жаңа білімді игеру мен қолдануда – оқылатын фактілер, 

негізгі мақсаттар, ережелер туралы нақты көріністер беру; 

жаңа білімді қабылдауға және бастапқы қорытындыларға әрі 

жүйелеуге жеткізу тапсырмалары болса, түсінуін тексеруде 

-– оқушы тақырып мазмұнын игерді ме немесе жоқ па екенін 

және  жаңа  түсінігімен  байланысын  белгілеу,  табылған 

проблемаларды  жою  тапсырмалары;  жаңа  материалды 

бекітуде -–- материалдар бойынша өзіндік жұмыстар үшін 

қажетті  білімді  бекіту  тапсырмалары  орындатылады. 

Оқу мақсаты мен табыс критерийлерін айқындап болған 

мұғалім келесі кезекте оқу мақсатына жетуге бағытталған 

жаттығуларды  айқындағаны  дұрыс.  Жаттығулар  сол 

тапсырманы орындау стратегияларына негізделеді. Сабақта 

қолданылатын барлық тәсілдердің өзіндік мақсаты болуы 

керек. Алайда сабақты түрлі формалар және әдістермен 

тым толтырып жіберу оқыту мақсатына жеткізуге әкеле 

бермейтінін ескергеніміз де жөн. 

Қазір  тиімді  оқыту  идеясы  мен  жаңартылған  білім 

беру  мазмұнының  оқыту  үдерісіне  енуіне  байланысты 

рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта 

түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып 

отыр. Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, әрине, 

әр тақырыптың соңында, сабақ кезеңдерінің аралығында, 

тарау  аяқталғанда.  Ол  бірте-бірте  білім  алушының  ішкі 

рефлексиясына ұласады. 

Бүгінде білім беру жүйесінің ерекшелігі – білім алушының 

қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, 

қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын 

бағалаудан  оның  құзыреттілік  қасиетінің  қалыптасуын 

бағалауымыз керек, қазір оқушылардың білімділігі ғана 

басты рөлде емес, басты орында оқушының құзыреттілігін, 

оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен 

дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін 

көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен оқытуға 

деген көзқарас өзгергендіктен, оқыту нәтижесін бағалау да 

жаңа бағытқа ие болуда. 

Қорыта келе, тиімді жоспарлау - мұғалімнің оқыту мен 

оқу тәжірибесін жетілдірудің, оқушыны үнемі ойда ұстау 

арқылы олардың табысты оқуына ықпал етуге мүмкіндік 

берудің, яғни сапалы білім беру негізі.

* * * * * * * 



Үштілділік - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру 

құралы ретінде  стратегиялық мәні ерекше құбылыс

Байтурганова Меруерт Сериковна

“Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

ИДӘҚЕ бөлімінің  бас маманы

Заманауи  уақыт  ағымына  сай  білім  мен  ғылымның, 

экономиканың, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап 

дамып отырған  жаһандану кезеңінде қоғамымызға кәсіби 

білімі  жетік  құзіретті  мамандар  мен  шығармашыл  да 

бастамашыл тұлғалардың қажет екені сөзсіз. Соған орай 

соңғы жылдары өскелең ұрпақтың білім сапасын халықаралық 

деңгейге жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда, 

еліміз жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Білім беру 

мазмұнын жаңарту жағдайында, әсіресе, үштілділікті енгізу 

мәселесі аса маңызды болып табылады. Үштілді білім беру 

мәселесі Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 

атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тілдердің 

үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды 

қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш 

тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. 

Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық 

қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға 

ойдағыдай кіру тілі»,- деген салиқалы үндеуінен бастау 

алған болатын.  Заманауи білім беру жағдайында мектепке 

дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап ЖОО педагогтерінің 

үштілді көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудағы кәсіби 

шеберліктерін жетілдіру мәселесі бүгінде аса өзекті болып 

табылады. Көшбасшымыз ақпараттық технология дамыған 

қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүниежүзі 

халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы 

батыл  еніп  келе  жатқанына  баса  назар  аудара  отырып, 

ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауды талап етіп отыр. 

Бұл үдерістен ешбір білім ордасы, еш педагог тыс қалмауы 

керек. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және адами капиталды 

дамыту  үшін  Қазақстан  Республикасында  білім  берудің 

барлық деңгейлерінде үштілділік оқытуды кезең-кезеңмен 

енгізуді қамтамасыз ету мақсаты алға қойылып отыр. Осыған 

орай «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ 

филиалы    Қарағанды  облысы  бойынша  педагогикалық 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты    облыс 

педагогтерінің көптілділік кәсіби құзыреттілігін дамыту    

бойынша үздіксіз іс-әрекет етуде.  Бүгінгі күні «Өрлеу» 

біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығының  алға  қойып 

отырған  басты  талабы  да    педагогтердің  көптілділік 

кәсіби құзыреттілігімен,  көшбасшылығымен, зияткерлік 

алғырлығымен  ерекшеленеді.  «Кез  келген  ортанқол 

мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып 

үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз 



7

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

міндет»,- деп  Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше атап көрсеткендей, 

осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында облысымыздың  

білім ордалары үштілділікті тиімді енгізудің тың жолдарынан 

ізденіс  жасауда.  Мұндай  ізденістер  елімізде  білім  беру 

мазмұнын жаңарту бағдарламасын енгізу бойынша жүргізіліп 

жатқан  біліктілік арттыру курстарында ғана емес,  БАИ 

Қарағанды филиалының профессорлық-оқутышылық құрамы 

мен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізіліп тұратын 

курсаралық әдістемелік іс-шараларында,  корпоративтік және 

ұжымдық оқытуларда жүйелі түрде қарастырылып отырады.   

Мектеп  қабырғаларында    оқытудың  үштілділігі 

көпмәдениетті  тұлғаны  қалыптастыру  құралы  ретінде 

алғашқы  жұмыстар  бастауын  алып  та  кетті.    Биылғы 

оқу жылы  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге 

асыра отырып, жалпы білім беру мектептеріне «Назарбаев 

зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымдары 

тәжірибесін  жүйелі-бейімдеп  тарату  және  білім  беру 

мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс атқару үдерістері 

басталып отыр. Бұл үдерістердің аясында жүзеге асырылатын 

үштілділік білім берудің басты ерекшелігі,   ең алдымен,  

бағдарлама  бойынша  пәндер  түрлі  тілдерде  жүргізіледі. 

Мәселен, жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика, 

биология, химия, ақпараттық-коммуникативтік технология 

пәндерін ағылшын тілінде оқыту, сабақтан тыс шараларда 

тілдердің  кіріктірілуі,  мектеп  кітапханасының  үштілді 

ресурстармен  қамтамасыз  етілуі  сияқты  талаптар  «100 

нақты қадам» Ұлт жоспарының 89-қадамына сәйкес қазіргі 

уақытта «2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді 

дамытудың жол картасы» жобасымен қарастырылып отыр. 

Көріп отырғанымыздай, тілді пән ретінде оқытудан басқа, 

өзге де пәндерді  орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы 

тілдердің үштұғырлығына қол жеткізу көзделген. Сонымен 

қатар  мектеп  кітапханасының  үштілді  ресурстармен 

қамтамасыз етілуі оқушыларға  шығарманы түпнұсқадан 

оқуға  жағдай  жасайды.  Сабақтан  тыс  шараларда, 

факультативтерде, үйірмелерде үш тілді бірдей қолдану, 

іс-қағаздарды үш тілде  жүргізу де тілді білуді әрі қолдануды 

қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына 

жағдай жасайды және осы жұмыстарды барлық мектептерге 

енгізу –“Тілдердің үш тұғырлығы”  бағдарламасын бірден-

бір іске асырудың жолы ғана емес, қазақ тілін орыс және 

ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін 

арттыру болып табылады.  Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ 

тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі 

және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге 

ұмтылыс  жасауы  —  замана  талабы,  болашақ  ұрпаққа 

қажеттіліктен туындап отыр.    Еліміздің шет елдермен қарым-

қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың 

шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық 

белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті 

болып отыр. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі 

– уақыт талабы. Дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру 

үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.   Қазақстанның болашағы 

білімді де білікті ұрпақтардың қолында.

* * * * * * * 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ 

БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ КЕПІЛІ 

Какенова Дидар Бериковна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы 

бойынша ПҚ БАИ. Деңгейлік бағдарламалар 

орталығының тренері

Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды 

шегендеген сәттен бастап, ұлттық идея мәселесі белсенді 

қолға алынды. Міне осы сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты Жолдауын жариялады. Президент өз сөзінде: «Мен 

қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» 

деген сауалдың жиі талқыға түсетінін естіп жүрмін, біліп 

жүрмін.  Мәңгілік  Ел  идеясы.  Тәуелсіздігімізбен  бірге 

халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің 

жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  мәңгілік  елордамызды 

тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік 

болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік 

қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ елінің ұлттық идеясы 

– «Мәңгілік Ел», – деді. Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді 

көздің  қарашығындай  сақтау  арқылы  Мәңгілік  Ел  бола 

алатынымызды атап өтті. Шын мәнісінде, ұлттық идея – 

ұлттың сол тарихи кезеңде өзін өзі тануынан көрініс табатын 

ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар.

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 

2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы 

басты мақсаттардың бірі – мектеп оқушыларының бойында 

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-

адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты 

мәдениетін қалыптастыру [2].

Осы  орайда  оқыту  сапасын  арттыруда  білім  беру 

үдерісінің  барлық  қатысушыларының  ең  үздік  білім 

ресурстары  мен  технологияларына  тең  қолжетімділікті 

қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін 

әлемде  табысқа  жеткізетіндігінен  қанағаттану;  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының 

зияткерлік,  дене  бітімі  және  рухани  дамыған  азаматын 

қалыптастыру қажет. Елбасы өз баяндамасында: «...Жаңа 

Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет 

құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр», - деп негізгі 

құндылықтарға тоқталып өтті. Ол әр заматтың ойы, сөзі және 

ісі үйлесімде, бір болуын қамтамасыз ететін – «Өзін-өзі тану» 

рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы жүзеге 

асырылады. Ол үшін білім беру үдерісінде бала тұлғасының 

дене бітімі және зияткерлік аспектілерін ғана емес, баланың 

жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу қажет.

Рухани-адамгершілік  білім  беретін  «Өзін-өзі  тану» 

бағдарламасын  басқа  білім  салаларымен,  тұтас  тәрбие 

үдерісімен,  қосымша  білім  берумен  тереңдете  кіріктіру 

идеясы білім беру үдерісін ерекше формада құруды талап 

етеді,  ол  білім  беру  ұйымдарының  жалпыадамзаттық 

құндылықтарға  негізделген  баланың  жеке  тұлғасын 

тәрбиелеуде біртұтас рухани-адамгершілік кеңістік құруды 

керек  етеді.  «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім 

беру бағдарламасын жүзеге асыруда мұғалім жетекші рөл 

атқарады. Мектепті емес, мұғалімнің рухани жан дүниесін 

реформалау  маңызды.  Рухани-адамгершілік  білім  беру 

үрдісі мұғалімнің ойы, сөзі және ісі үйлесімді болғанда ғана 

нәтиже береді. Себебі, жақсы мінезді ұрпақ тәрбиелеуде 



8

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

баланың жанындағы адамдардың ізгілікті болуы маңызды. 

Бала  бойына  сіңірген  нәрселердің  барлығы  үлкендердің 

үлгісі арқылы келеді. Аптасына бір рет қана оқытылатын 

өзін-өзі  тану  сабағының  баланы  рухани-адамгершілік 

тұрғыда байытуға шамасы жеткіліксіз. Оны бүгінгі күнгі 

адамдардың  іс-әрекеті  мен  тұрмыс-тіршілігі  айқындап 

тұр. Сондықтан, мектептегі оқытылатын басқа пәндердің 

мазмұнындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа 

шығару қажеттілігі туындап отыр. Ол – осы пәндерді, оқудан 

тыс  іс-шараларды  өзін-өзі  тану  пәнімен  интеграциялау 

негізінде  пәндердің  құндылықтық  әлеуеттерін  арттыру 

арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлама педагог іс-әрекетінің 

кәсіби саласын ғана дамытып, байытуға ғана арналмаған, 

ең алдымен, педагогтің өзін рухани-адамгершілік тұрғыда 

дамыту арқылы жас ұрпақтың бойындағы жалпыадамзаттық 

құндылықтарды  жарыққа  шығару,  балаға  бар  мейірімін 

төге отырып, оның бойындағы барлық асыл қасиеттерінің 

оның ісінен көрініс беруіне дайындай білетін ізгі педагог 

дайындауға  бағытталған.  Осы  ойды  тәжік  классикалық 

әдебиетінің негізін салушы, философ, заманында “Ақындар 

атасы” атанған - Әбул-Хасан Рудакидің: «Өмір –теңіз, жүзем 

онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», - деген керемет 

сөзі толықтырады.

Бағдарламаның ғылыми-теориялық негізі адамзаттың 

Ұлы ойшылдарының ілімдерінен және өмірбаяндарынан 

тұратын өркениеттің рухани тәжірибесіне сүйенеді. Тариха-

философиялық  негіздерін  әзірлеу  үшін  Сократ,  Платон, 

Аристотель, Конфуций, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, М.Х. 

Дулати, Р. Декарт, М. Монтень, И. Кант, Л. Толстой, М. Ганди 

т.б. сияқты рухани-адамгершілік білімді тек еңбектерінде 

ғана емес, өмірінде дәріптей білген ұстаздардың еңбектері 

зор маңызға ие болды. Рухани-адамгершілік идеялардан 

және  балаларға  деген  сүйіспеншіліктен  тұратын  ізгілік 

педагогикасының  бай  мұрасы  Я.А.  Коменский,  И.Г. 

Песталоции, К.Д. Ушинский, Я. Корчак, А.С. Макаренко, 

В.А.  Сухомлинский  және  т.б.  бағдарламаның  ғылыми-

педагогикалық негізін құрады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ миссиясы мен іс-әрекетінің басты 

қағидаларын негізге ала отырып, педагог қызметкерлердің 

біліктілігін  арттырудың  жаңа  жүйесін  құруда  «Өрлеу» 

БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтында 

жоспарланған  «Өзін-өзі  тану»  педагогтеріне  арналған 

біліктілікті арттыру курстары «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның 

үйлесімді  даму  институтының  Ғылыми-әдістемелік 

Кеңесінің  бекіткен  бағдарламасы  бойынша  жүзеге 

асырылады. Бағдарламаның мақсаты – Білім берудің барлық 

деңгейінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру 

бағдарламасы бойынша сабақтың жаңа құрылымы, мазмұны 

және  оқыту  әдісін  игеруде  педагогтің  кәсіби-тұлғалық 

құзыреттілігін дамыту.

Сонымен  қатар,  қысқа  мерзімді  біліктілікті  арттыру 

курстарына барлық категория бойынша келген педагогтерге 

4 сағат көлемінде Үздіксіз білім жүйесіндегі педагогикалық 

үдерісте «Өзін-өзі тану» пәнінің жүйе түзуші әлеуетін жүзеге 

асыру мүмкіндіктері тақырыбында дәріс оқылады. Мақсаты: 

Сабақтардың құндылықтық әлеуеттері арқылы оқушының 

рухани-адамгершілік қасиеттерін ашуға мүмкіндік беретін 

«Өзін-өзі тану» және басқа оқу пәндерінің мазмұны мен 

әдістерін ықпалдастыру мүмкіндіктерін айқындау.

Бұл бағдарламаның мазмұны жоғарыда аталған мақсат-

міндеттерге қол жеткізуде мек мұғалімнің кәсіби біліктілігін 

арттыру ғана емес, осы үдерісті жүзеге асыруға тұлғалық 

даярлығын да қамтамасыз етеді. «Өзін-өзі тану» рухани 

– адамгершілік білім берудің мазмұнын рухани тұрғыда 

тереңдету  және  толықтыру  арқылы  пәннің  мазмұнының 

тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етуін қамтамасыз ете 

аламыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет