Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы Орал,2021 Мазмұны



бет1/9
Дата03.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#24797
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Бастыс Қазақстан университеті

Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдары

Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы

Орал,2021


Мазмұны

Кіріспе………………………………………………….........................................3

I. Мұхит Мерәліұлының шығармашылығы жолы


    1. М.Мерәліұлының шығармашылық жолының бастамасы.......…...............6

    2. Мұхит әндерінің құрылымы....………………………................…..…........7

    3. Мұхит әндерінің шығу тарихтары...............................................................10

II. Мұхит Мерәліұлының өмір жолы

2.1 Мұхит Мерәліұлының өмір тарихы ….........................................................20

2.2 Жүректен шыққан ән асыл.............................................................................21

2.3 Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығы. ............……………..........................23

Қорытынды……………………………...…….....................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер……………...........................................…………....26



Кіріспе

Қазақтың ән өнері  – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.  Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихи бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдыретін жырлап:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деген.

Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі  жан серігі болды. Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін ән айту өнері дейміз. Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге дейін жетті. Түрлі аспаптармен өзі сүйемелдеп, өзі ән айтатын дәстүрлі өнерімізді небір тарлан таланттар үлкен көркемдік деңгейге көтеріп, әлемдік ән айту өнерінің өзіндік ірі саласы ретінде қалыптастырады.  ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші – композиторлар қатарында Біржан салды, Мұхитты, Ақан серіні, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Ғазизді, Жарылғапбердіні, Шәкәрімді, Мәдиді, Нартайды, Майраны ерекше атауға болады.  Халықтық әншілік өнер сан ғасырлық тәжірибе нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік шеберлігін шыңдап,

әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап – талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді. Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, тарихи мен өмірі, тұрмыс – тіршілігі, қоғамдық – әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көркем көрініс тапқан.

3

Қазақ халқының рухани жан – дүниесі ән өнері арқылы шебер бейнеленген. Ұстаздан шәкіртке ауызекі берілетін халықтық ән айту дәстүрі арқылы ән үйренудің жүйеленген үрдісі қалыптасты. Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап – жылдап жүріп, шеберлігімен бірге, оның білім – танымын, тәжірибиесі мен орындау тәсілін үйренетін болған. Елге есімі тарап, түрлі айтыс – тартысқа қатысып үлгірген өнерпаз әнші осылайша жеке өнер жолын айқындаған.



Дәстүрлі ән – терме, толғау, арнау жырларымыз ерте кезден бірден бірге халық жадында сақталып ауызба-ауыз берілген. Ол уақыттарда қазіргі кездегідей композитор шығармасын жаттап алып, радио, теледидардан орындау жоқ болды. Шығарған әнін әнші композиторлар өздері орындап насихаттаған автордың әншілік дарыны жоғары болса ондай жағдайда ән терме шығарған шығармалары тыңдаушыларын қызықтырып тез тарап кететін. Ал жақсы әнді шығарманы қабылдаған әнші тиісті дәрежеде (нашар) орындай алмаса ондай туындылар өзі таралады. Қазақ өнеріне қосқан дәстүрлі әндер, термелер жыр деп – батырлар ерлігін баяндайтын ауыз әдебиеті шығармаларын атайды. Батырлар жырының негізгі мазмұны елмен жерді қорғаудағы батырлар мен жауынгерлердің ерен – ерлігін насихаттау. Көнеден қалған бүкіл қазына байлықтың қасиеттісі де, қымбатты да адамның өмірлік ғибратына жарар насихат, өсиет, нақыл сөздер. Ақыл дария – теңіз хикаяттарды сара пайымдалуынан өткізе отырып, тоқсан ауыз сөздің түйіні деген керемет тұжырымдарға, насихат өлеңдерге әкеп тіреп отырған. Олардың негізгі арналары ең алдымен елдік пен ерлікке, сүттей ұйыған ынтымаққа, адамгершілік пен парасатқа кісілік пен қайырымдылыққа, адамға қажетті ғажайып қасиеттері тұс-тұстан келіп толассыз құйылып жатады. Қазіргі ойы жүйрік тілі көркем, ақпа ақындарымыздың ішінде де насихат сөз қалдырғандары жетерлік. Қызыл тілді

кеңінен пайдаланып, маржан сазды өлеңдер, дастандар жазған ақындардың шығармаларын молынан жаттап, елге жеткізушілер жыршылар, термешілер,

әншілер. Дәстүрлі ән-терме орындалу тазалығын сақтау, кәсіби әндердегі өңірлік

4

орындаушылық стильді сақтау домбыра сүйемеліндегі қағыстармен қабілетті көрсете білу әнші үшін қиында жауапты іс. Бұлардың бәрін шебер орындаушы асқан көркемдікпен көрсетеді. Таңды күнге ұластырып ұзақ жырлайтын кез-келген айтқыш жыршы «әу» деп топқа түскенде тамағы қызып, шекесі тершігенше бірден ашыла қоймайды. Ұзақ айтатындар бірте-бірте бара-бара қалыпқа түсіп, содан соң салалы жолға төселе бермек. Оның жадында жыр-термелер де бірден ойына оралмай, ұмытыла беретіні сол. Мұндай жағдайда ол бір шығарманың басын, келесісінің ортасын енді бірінің аяғынан шалып аттап-аттап өте бермек. Сөз жоқ бұл жағдай жыршының дегбірін қашырып, көңіл- күйін бұзып, берісі сөзден шатасуына, әр ісі жолдан шығып, дауысын қарлықтырып алуына да әкеліп соғатын кездер болады. Кей кездерде орындаушы айтып отырған негізгі әуеннен шыға тартып, сондада болса жағымды құбылтып, қыза келе махамдағы бұрынғы өрнектерді қайталамай, тыңнан тербеп, тосында әдемі иірімдер жасап отырады. Оның жырлау машығына тән шеберліктің бір үлгісі екі махамның ара жігінде тұрып құбылтуы. Әрине, жыршы жырлап отырған сәтте, ерекше шабыт үстінде махам-саздарда болатын осы өзгерістерді ертеңіне сұрасаң не болмаса сол қалпында айтып беруін өтінсең ешқандай жыршының дәл сол қалпында қайталай алмасы анық. Бұл бүгінгі фольклортану ғылымындағы жыршы бір жаттаған мәтінін немесе үйренген әуен-сазын сол қалпында қайталап айтып беруші деген шалағай байламға түбірімен қарсы. Бірақ ол әлгі өрнекті енді екінші қайтара айтпайды деген сөз емес. Әрине, ол үшін арада бір уақыттың өтуі керек, жыршыда дәл сол күн, сол сәттегідей көңіл күйдің қайталануы шарт. Әлгі өрнек жыршының санасында жатып әбден пісіп, жетіліп, құбылып, әшекейленіп, қырланып, барынша көмек тарта бермек.



5



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет