Мұхтар Әуезов Жетім



Pdf көрінісі
Дата04.09.2022
өлшемі441 Kb.
#38418


 
 
Мұхтар Әуезов
 
Жетім


Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлы таудың 
бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн 
батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты 
қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт 
тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн 
тыныштығына қарай бойсұнған сияқты. Сондай 
жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт 
атты келе жатыр еді. Бұлардың беті - қалың 
таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. 
Сол алыста күн күркіреп жатты. Анда-санда 
көкжиектің тұсында күн жасқылдап тұр. Бұлт 
қалың, жарқылдағы күшті еді. 
Қара-барқын тартып қараңғылана бастаған 
аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген 
иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер 
алдында бір сөніп, бір жанып өтіп 
жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен найзағай 
жарығымен күңгірт даланы әлденеге 
үміттендіріп тұрған сияқты. Тау бөктеріндегі 
қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, 
салбыраған шерлі күйді қозғағандай болады. 
Табиғат салқын түсте болса да, сұлу тілді 
сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен 
үзіліп-үзіліп соққан желмен бірге жүректі 
ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кезде 
иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара 
жатқан даланы әнші жігіттің зар-мұңлы даусы 
ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. 
Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті 
қызықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске 


түсіргендей. Ән салған жігіттер табиғатпен 
жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баяулап 
қоңырлатқан, кейде шырқыраған сұлу өнмен 
түн құшағына кіріп келе жатты... Бұл мүйнетте 
адамның өні де алыста күркіреген күндей, 
үзіліп соққан бектердің желіндей табиғаттың 
өзінен шыққан бір қуат сияқты еді. Бойды 
табиғат қуатындай болып тоңазытыл, көңілді 
жүз толқытатын қуаты бар еді. Ән кейде батқан 
күн мен бейуаққа қоштастырған үн сияқты. 
Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп 
өтпек болып, тау сыртындағы елді бетіне алып, 
жалғыз аяқ жолмен түн қатып келе жатыр еді. Осы 
кезде осы таудың сыртында жігіттер келе жатқан 
жақты бетіне алып, жалғыз жаяу бала келе жатты. 
Жол үстінде ымырт жабылып, қас қарайған шақта 
жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен мұң, 
қабағында қалың қайғы бар. 
Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан-
жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер 
қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. 
Бетіндегі ақ көде, сары селеуді сүйретіліп, 
сумаңдап соққан түн желі желпи қозғап 
сілкінтірп тұр. Қарауытқан көлеңкелі сайлар 
қара түннің қараңғы сырын бауырына жиып, 
әлденеге сақтап тұрғандай болады. Белгісіз 
тұңғиық жүрегін жаныштады. Әрі салқын, әрі 
қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады. 
Жүрегін қыныш басып, жалғыздық жеп келе 
жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде 
айдап шыққан айдау-кім? Айдаушы сол баланың 
тағдыры еді. Он жасар Қасымның бұдан бір жыл 


бұрын кәрі анасы өліп еді. Одан жарты жыл 
бұрын өзі туған әке-шешесі өлген... Өз әке-
шешесі өлгенде Қасымның болып қалған кәрі 
әжесі бар еді. Қасымның кішкентай әлсіз басы 
тағдырдың бұның басына келерлік барлық 
соққысын түгелімен көріп шыққан. Алдыңғы 
өлімнен кейін жарты жыл өткенде кәрі әжесі де 
өліп еді. Бұрынғы бала - бұрын еркелікпен 
жылайтын Қасым әжесі өлген күні шын 
қайғымен жылап еді. Басына аспан құлағандай 
уайымды сол күні көріп еді. Жақын, жанашыр 
туысқаны жоқ болса да, маңайындағы ел 
әжесінің өлігін үйден алып шығарда,кішкентай 
Қасым үлкейген кексе кісі айтатын зардың бәрін
айтып, шешесінің үстіне жығылып, айрылғысы 
келмей құшақтап: 
- Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала 
кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба? Менің 
шынымен сорлы,шынымен жетім болғаным ба ? - 
деп зарлағанда, елдің сай-сүйегін босатып, кәрі-
жастың жүрегін еріткен болатын. 
Қасымға өзге өліктің бәрінен әжесінің өлігі 
батып Әжесі демі үзілген мүйнетіне шейін қарсы 
алдына, аяқ жағына Қасымды отырғызып қойып, 
содан көзін алмай жатыр үзілген. Кәрі 
кеудесінен жаны шыққанша, Қасымға ендігі 
қайғының қаншалық ауыр болатынын біліп, 
бұның сорлы болған пішінін көруге өзі-көзі 
шыдамай, есіркеп, барлық күшін жиып, езу тып 
күлген сияқтанып жатыр еді. Сонда өмірді тілесе 


- Қасым ержеткенше деп тілеген. "Құлынымның 
бұғанасы қатқанша, рақым ет. Сорлы қылып 
қақсатпа,зарлатпа, көрде мені күңірентпе!" деп 
тілеп еді. Әжесі осы тілектің үстінде өліп еді. 
Қасым сол күнгі жылауынан бастап, үлкен кісідей 
қайғыға, қаралы күйге түсті. Шешесін жоқтап 
жылағанда, елжіреп сүйген атасы, өз әке-шешесі 
түгелімен көз алдына келіп елестеп, кешегі жылы 
ұяны көз алдына әкеп тұрғандай болушы еді. 
Қасым бәрінің де атын атап шақырып, кішкене ақ 
таяққа сүйеніп тұрып, жалғыз өзі оңашаға кетіп, 
зарланып жылаушы еді. 
Қасым ұйықтаса, бақытқа жеткендей болып, 
өзін алдына алып сүйіп уатып, көзін сүртіп 
жүрген әке- шешелерін көруші еді. 
Бәрі де - біз тіріліп келдік, енді өлмейміз... 
Сен қорғансыз емессің, сен жыламайсың, сенің 
көз жасың бізді қайта алып келді... деуші еді. 
Қасым түсінде еркелеп, әжесінің төсін иіскеп, 
"мені неге жылаттың?" деп өкпе айтатын. Ояна 
келсе, көргені түс болса да, Қасымның көңлі 
солардың өлгеніне көпке шейін сенбей жүрді. 
Белгісізден солардан хабар әкелуші бардай, не 
болмаса біреуі келетіндей, көңіл хиялын сол ой 
билейді. 
Бірақ күндер өтті. Қасым жетім болды. 
Жетімдік бұған өзін барлық суық пішінінде емін-
еркін танытты. Қатал тағдыр мықты қолымен 
қатты ұстады. 
Күннен-күн өткен сайын әжесі келмейтін 
болып, алыстай бастады. Оның бейіті Ұлытаудың 
бөктерінде алыста қалды. Ауыл тау асып көшіп 


кетті. Әжесі тірі болған күн Қасымның көңлінен 
сұлу сағымдай, жазғытұрғы мамық түсті бұлттай 
болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. 
Әжесінің мұны уатып айтатын ертегісі, кешкі 
мезгілде алдына алып күпісіне орап отырып, 
тербетіп айтатын сезімді коңыр әні де жоғалды. 
Өшті. Қасымның үмітті жарық күні де батты. 
Әжесі өткен соң "жақынымын" деп, жаны 
ашыған ие болып шығып, Иса деген ағайыны 
Қасымды қолына алды. Қасымның әке-
шешесінен отыз шақты қой, он шақты қара
қалып еді. 
Исаға Қасымның малын берерде жұрт: 
"Жетімнің малына қиянат қылма! Өзін адам 
ғыл, күт, асыра, жылатпа!" деп тапсырған 
болып беріп еді. 
- Мені мұндай сорлы ғылғандай не жазып 
едім?.. Неңді жеп едім?! Жазығым - қуарып 
қалған жетімдігім бе? - деп, жерде жатқан 
үлкен тасты ала салып, төніп келіп қалған 
Исаны тізесінен періп кеп жібесі, далаға қарай 
қаша жөнеліп еді.
Иса аузына келгенін айтып боқтап, аяғы 
мертігіп «бақ» етіп отырып қалды. Қасым сол 
бетімен тас лақтырып қуған балаларға 
жеткізбей, үлкен тауға қарай жөнеліп кеткен. 
Ауылға енді қайта бара алмайтынын біліп, 
зарлап еңіреп, әжесі мен атасының атын атап 
шақырып келе жатқанда, бұрыннан ойлап 
жүрген бір көмескі ниеті есіне түтті, ол ниеті - 
ел жайлаудан қайта оралып, қыстауға таман 
жақындаған соң, сол қыстау маңында зираты 


бар әке-шешелерінің басына бармақшы еді. 
Олардың басына мал сойып апарып, құран 
оқытамын дегенде, алдында Иса мен Қадиша 
ұрсып, қабыл алмай, малды сойғызбай қойған. 
Кәзіргі Қасымның ойы: енді баратын қорған 
жоқ болғандықтан сол қораға барып, сол 
маңайда 
қалған 
жатақтарға 
жетіп, 
тау 
бөктеріндегі әке- шешелерінің қасына барып, 
қабырын құшақтап жылау еді. 
Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан зар 
еңіреген жетім бала Қасымды алып келе жатқан 
хал осы. Қасым жүгіре бастады. Шошынған 
қабақпен ал-артына қарай береді. Жетім көзі 
белгісіз бірдемені күткендей болады. Пайдасыз 
күту.Ішінен қатты қорқып келе жатса да, көзіне 
көрінер тірі жан жоқ. Қап-қараңғы түн болды. 
Қасым тау ішінде келе жатыр. Бұдан кішірек 
күнінде көп естіген қараңғы сырлы әңгімелер
болушы еді. Түнде кездесетін жын-шайтандар, 
қара түндей жалмауыздар... сау адамды қағып 
етін перілер. Бұлардың талай рет түн 
жүргіншілерін шошытқан, жындандырған көзіне 
көрініп елестеген әңгімелері кішкентай 
Қасымның көңліне әбден қонып, онсыз да 
науқасты әлсіз хиялында мықты орын алып 
қалған... 
Бұл уақытқа шейін Қасымды қайғы, 
жазықсыз-ашу жетелеп дедектетіп келіп еді. 
Бұдан бұрын қайта қайту,Исаның пішінін 
көруден де өлімді таңдап алатындай еді. Сол
күй қорқынышты ойлатпай алып кетіп еді. 
Кәзіргі уақытта қараңғы түннің қара желі 
қатайып, түн түсі суи бастаған сайын, 


Қасымның жүрегі қалтырап, шошынып, 
елеңдеп келе жатты. Оның үстіне алыстағы 
бұлт жиі-жиі күркіреп, күн жарқылдайды. Түнгі 
тау, қара жартас алыстан перілер мекеніндей 
болып - жарқ етіп, қайта қараңғылыққа батып 
жоғалады. Түн қараңғылығы жалт еткен 
жарықты тездетіп, жалмауыздан басып қалады. 
Таудың қараңғы сырлы сайлары жартастың 
қалың көлеңке басқан қара күйедей тұңғиық 
қап - қара беттері түндегі таудың қараңғы 
пәлелерін ішіне бүгіп жиып тұрғандай 
көрінеді... Тоғайда да қалың жапырақтың 
араында кара бірдеме жасырынып, әлденені 
күтіп тұрғандай. Әрбір түптің астынан қара 
түннің тұңғиық, суық, терең қара көздері мың 
сан болып қадалып қарап тұрғандай... Биік тау, 
мықты қара жартас, бұралған тоғай мен
майысқан шалғын - барлығы да түн мезгілінде 
Қасымның көзіне жат болып кеткендей көрінеді. 
Тас қабақты, жұлдыз көзді, түндей қара түсті 
қара кемпір тау ішін құйындай құтырып, кезіп 
жүргендей. Қара желімен "әпсін" оқып үшкіріп 
тұрғандай. Дүниені тас қып қатырып, тылсым 
буғандай. Түн тыныштығын ұйқылы қанатын 
жалпылдатып қағып ұшқан жалғыз ғана қарақұс 
бұзады. Сондықтан оның атын жынды құс 
қойған. Осы сияқты ауыр мезгілде Қасымды тау 
ішінде жетімдік қайғысы жан ұшыртып алып 
келе жатты... Бір мезгілде, Қасым қорқып, 
дірілдеген жүрекпен маңайына жалтаңдап, әр 


нәрседен үркіп келе жатқанда, күн жарқ етті. 
Сол уақытта жол жиегіндегі бір кішкене тоғайға 
келіп қалып еді. Оқыста көзін жұмдырып 
шошытып қалған жарықтың ішінде Қасым көз 
алдынан елбеңдеп жөнелген бір нәрсенің түсін 
шалып қалды. Шошынып, өне бойы мұздап
жүрегі лүпілдеп соғып кетті. Бұл кеткен сол 
тоғай ішінен ұшқан жынды құс еді. 
Бірақ Қасымға ол көптен күткен қараңғы 
сырлы күшті қуаттың бірі болып көрінді. Сол 
кезде Қасымды шешесінің қабырына қарай 
тартқан жетім жүрек өзге денесінің, іркілейін 
дегеніне ерік бермей, ілгері дедектетіп алып 
жүріп кетті. Бірақ бұл уақыттағы серігі кім? 
Періште дегені осы ма? Әлде жын ба? Әйтеуір 
енді алдында бұлдырлап, елестеп жүгіргендей 
болып, елбеңдеген бір нәрсе жолын бастап келе
жатқан сияқты. Қасым бір уақыт кісі екен деп ес 
көргендей болып еді, артынан шоши бастады. 
Жүрегі сенімсіздік хаупімен тағы лүпілдеп 
соқты. Ақырын жүріп, кейіндегісі келді... Бір 
мезгілде бетіне құтырып, ысқырып келіп 
ұйтқыған бір құйын соққандай болды. Жасқанып 
көзін Жұмды. Қайта ашса - қараңғы түнде оттай 
жанған алакөз ашумен түксиіп қарап тұр... 
Алдында тісі ақсиған, ұзын бойлы, қолында 
ұзын қара пышағы бар қара кісі тұр екен. 
Даланың жыны осы ғой деп ойлай беріп еді, 
анау Қасымға әмірлі дауыспен ақырып: 
-Артымнан еріп жүр, әлсіз денеңнің шаршап 


талғанына қарама! Аяғыңа кірген тікенге, 
жырған тасқа қарама! Өліп қалсаң да артымнан 
еріп отыр! - деп жүріп кетті. Әлсіз жетім: 

Ағатай, жетіммін... - дей беріп еді, алакөз 
қайта жарқ еткенде, артынан жүгіріп кетті. 
Қасым өкпезі үзілгенше ентігіп жүгіріп 
отырды. Көз ұшына жоғалып кетті. Түн ортасы 
болған кезде, таудың осы мөлшеріне бектерде 
келе жатқан үш жігіт жетті. Бұлар аяңшыл 
аттардың екпінімен тастақ жолды тықырлатып, 
таудың сала-саласын бір - құлап, бір - өрлеп, 
жолды қуалап келе жатыр еді. Ұзақ жол 
жалықтырып, түн ұйқысы жеңе бастаған 
жүргіншілер бірінің артына бірі түсіп, тізіліп 
келе жатқан. Бір уақытта бір тоғайдың тұсына 
келгенде, аттары осқырып, ішін артып, тоғайға 
қадалып жүрмей, үркіп тұрып алды. 
Сол уақытта жаңбыр бұлты тауға таман 
жақындап, жел қатаңдап, күннің күркірегені 
жиілеп тұр еді. Күн әдетінше жарқ етті. Сонда 
үш жолаушы алдарындағы ағашқа сүйеніп 
жықылып, қатып тұрған баланы көрді. Басында 
бұлар шошып, аттары да үркіп атып кетсе де, 
артынан оралып дыбыстан, әлгі жерге қайта 
келді. Бұлардың көп айқайына ешкім дыбыс 
бермеді. Аздан соң аттан түсіп, қасына келіп 
қараса - жыртық киімді, өңі құп-қу болып, 
қаннан айырылып жүдеген он, он бір жасар бала 
екен. Ол - өлік. Бірақ денесі әлі түгел мұздап та 
болған жоқ екен... 
1925.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет