Мұхтар Мағауин Қазақ Ордасының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы



Pdf көрінісі
Дата13.09.2022
өлшемі284,97 Kb.
#38989


Қазақ тарихының Әліппесі 
 
Мұхтар Мағауин 
Қазақ Ордасының тарихи таңбалы оқиғалар жылнамасы: 
1456-жыл. Қазақ Ордасы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен 
Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.
1456-1470 жыл шамасы. Керей хан билік құрды. Орда орнықты.
1460- жыл. Керей мен Жәнібек Моғолстан ханы Есен-бұғамен 
одақтаса отырып, Қалмақ (Ойрат) шабуылының бетін қайырды.
1465- жыл. Керей ханның Туы астындағы жұрттың саны екі жүз 
мыңға жетті.
1470- жыл . Керей мен Жәнібек Сыр бойына қайтып оралды. 
Түркістан ӛңірінің біраз аймағы Қазақ Ордасының құрамына 
қосылды.
1471-1480 - жыл шамасы. Жәнібек хан билік құрды. Орда іргеленді. 
Сыр бойындағы кенттер үшін күрес басталды.
1480-1510 жыл. Бұрындық хан билік құрды. Орда нығайды. 
Сырдария алқабы, Түркістан ӛңірі үшін қан тӛгіс майдан ашылды.
1486- жыл. Қазақтар Шайбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, 
Хорезмге тықсырды.
1491- жыл. Қазақтар екі үлкен ұрыста Моғолдарды жеңді.
1510- жыл. Қасым сұлтан қысқы соғыста Шайбани ханды біржола 
талқандап, Ұлыс шегынен асыра қуды. Түркістанға қарасты 
қалалардың кӛпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді.
1511-1520- жыл. Қасым хан билік құрды. Ежелгі Кӛк Орда жерінің 
басым бӛлігі және Жетісу Қазақ Ордасының иелігіне айналды, 


халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға 
жетті.
1511- жыл шамасы. Қасым хан Қазақ Ордасының «Қасқа жол» 
аталатын ең алғашқы заң жүиесін қабылдады.
1512- жыл. Қасым хан Сайрам қамалын алды, Ташкентке жорық 
жасады.
1521-1522 жыл. Момыш хан билік құрды.
1523-1533 жыл. Тайыр хан билік құрды.
1525-жыл шамасы. Екі жүз жылдық Ойрат-Қазақ соғысы басталды.
1533-1537 жыл. Тоғым хан билік құрды.
1537- жыл. 27-шілде. Сан-Таштағы тӛрт халықтың соғысында 
Қазақ-қырғыз әскері түгелімен қырылды, Тоғым хан тоғыз ұлы 
және әскербасы отыз жеті сұлтанмен бірге шәйіт болды.
1537-1559 жыл. Бұйдаш хан билік құрды. Орда оңалды. Ойратпен 
арадағы соғыс созылмалы, қатаң сыйпат алды.
1556-жыл. Бұйдаш хан Ноғай ордасының шығыс бӛлігін Қазақ 
ордасына қосып алды.
1558-жыл. Қазақ Ордасы Бұқар хандығын тықсыра бастады.
1559-жыл. Бұйдаш хан шәйіт болды.
1560-1580 жыл. Хақназар хан билік құрды. Қазақ Ордасы ежелгі 
қуатын қалпына келтірды.
1569- жыл. Хақназар хан Ноғай Ордасын қиратып жеңді.
1570- жыл. Қазақ Ордасы Ойраттардың бір бӛлігін бодандыққа 
түсірді.


1579- жыл. Хақназар хан Түркістан мен Сауранды, оңтүстік 
ӛңірдегі тағы біраз қонысты қайтарып алды.
1580-жыл. 23-кӛкек. Хақназар хан шәйіт болды.
1580-1582 жыл. Шығай хан билік құрды.
1582-жыл, маусым. Тәуекел сұлтан Түркістан түбінде Ташкент 
уалаятының әміршісі Баба-сұлтанды талқандады.
1583-1598 жыл. Тәуекел хан билік құрды. Қазақ Ордасы ӛзінің 
әскери, саяси қуатының шарықтау шегіне жетті.
1586-жыл. Тәуекел ханның 
Мауреннахрға қарсы алғашқы 
шапқыны.
1594-1595 жыл. Тәуекел хан Русияға елші аттандырды; жауап 
елшілік.
1598-жыл, ақпан. Тәуекел хан Ташкент түбінде Абдолла ханның 
негізгі күштерін талқандады.
1598- жыл, жаз. Тәуекел ханның Орта Азияға жеңісті жорығы.
1598- жыл, күз. Тәуекел хан шәйіт болды.
1598-1643жыл. Еңсегей бойлы ер – Есім хан билік құрды. Қазақ 
тарихының қаһармандық кезеңі.
1598-жыл, күз. Бұқар-қазақ бітімі нәтижесінде бүкіл оңтүстік 
Қазақстан жане Ташкент уалаяты Қазақ Ордасының құрамына 
қайта қосылды.
1599-жыл шамасы. Есім хан «Ескі жол» аталатын жаңа Заң жүиесін 
орнықтырды. Қазақ Ордасының астанасын Түркістанға кӛшірді.
1603-жыл. Екінші Қазақ-Бұқар соғысы басталды. Айғыр-Жар 
ұрысында қазақтар жеңіске жетті.


1604-жыл. Есім хан Ойраттарды күйретіп жеңді.
1613-жыл. Есім хан Самарқан түбінде Бұқар-Ауған әскерін 
талқандады.
1619-1624 жыл. Есім хан Шығыс Түркістан үшін күрес жүргізді.
1620-жыл. Есім хан Ойраттарды кезекті жеңіліске ұшыратты.
1624-жыл. Есім хан Ферғанадағы майданда жеңіске жетіп, екінші 
Қазақ-Бұқар соғысын аяқтады.
1627-жыл. Есім хан бүкіл Алаш жұрты кӛтерілген ұлы жорықта 
Ойрат одағын қиратып, босқынға ұшыратты.
1627-жыл. Ташкент уалаятының әміршісі опасыз Тұрсын хан Қазақ 
Ордасындағы азамат соғысына жол ашты, Түркістанды шапты.
1627-жыл. Сайрам түбінде Тұрсын хан бастаған екі сан Қатаған 
қазақтар мен Есім хан бастаған үш сан Алаш қазақтар арасында 
қантӛгіс ұрыс болды, Есім хан басым түсті, Тұрсын хан әскерінен 
айырылып, Ташкентке келіп тығылды.
1627-жыл. Есім хан Ташкентті алды, Тұрсын ханның басын шапты, 
Қатаған руы жазаға тартылып, қырылғаннан қалғаны басқа рулар 
ішіне таратылды. Есім хан жазылмас дертке ұшырады.
1635-жыл, жаз. Жәңгір сұлтан Торғауыт Хорлык Тайшының 
Ұлысын шапты, Жемнен ӛткеріп, батысқа қарай тықсырды.
1643-жыл. Есім хан дүние салды.
1643-1652жыл. Салқам Жәңгір хан билік құрды.
1643-жыл, желтоқсан. Қоңтажы батыр Ойрат, Халха, Торғауыт - 
бүкіл моңғол жұртынан құралған қалың әскермен Қазақ Ордасы 
құрамындағы қырғыз жерыне басып кірді.
1644-жыл, қаңтар-мамыр. Кең кӛлемді Қазақ-Моңғол соғысы.


1644-жыл, маусым-шілде. Салқам Жәңгір хан екі үлкен ұрыста 
біріккен Ойрат-Халха әскерін қиратып жеңді, соңғы шайқаста 
Қазақ әскеріндегі жаңа шерік-мылтықпен қаруланған алты жүз 
мерген айрықша кӛзге түсті.
1644-жыл, күз. Салқам Жәңгір хан Ұлы Моғол Империясы мен 
Бұқар хандығы арасындыға соғысқа араласты, Ауғанстандағы 
майданға жүз мың әскер жіберді; Қазақ аламандары Балых 
қаласының түбіндегі елу күн бойғы қырғын шайқастан соң соғысты 
Ӛзбек-Бұқар хандығының пайдасына шешіп берді.
1652-жыл, қаңтар-ақпан. Хошауыттар қырғыз жеріне тұтқиыл 
шабуыл жасады. Салқам Жәңгір хан шәйіт болды.
1676-1680 жыл. Қазақтар Бұқар хандығындағы тақ таласына 
араласты.
1680-1715 жыл. әз-Тәуке хан билік құрды.
1681-1684 жыл. Сайрам соғысы; Дүрбін-Ойрат Қазақ Ордасын ауыр 
жеңіліске ұшыратты.
1690-жыл шамасы. әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жол», Есім 
ханның «Ескі жол» Заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті Жарғы» 
аталатын жаңа Заң жүиесін еңгізді. Тӛрелерді іркіп, Ел басқару ісін 
билерге жүктеді.
1698-жыл. Дүрбін-Ойрат Шу, Талас бойына басып кіріп, Қазақ 
Ордасын шайқалтып кетті.
1710-1711жыл. Ойраттардың жаңа жорығы.
1712-жыл. Қазақтардың Ойрат шапқыншылығын тоқтату әрекеті.
1714-жыл. Қазақ Ордасының Дүрбін-Ойраттан кезекті ауыр 
жеңілісі.
1715-жыл. әз-Тәуке хан дүние салды.


1715-1718-жыл. Қайып хан билік құрды.
1717-жыл, жаз. Қайып хан мен Әбілқайыр сұлтан бастаған Қазақ 
әскері Аягӛз ұрысында Ойраттардан қирап жеңілді.
1718-жыл. Ойраттар Қазақ жасақтарын Арыс, Бӛген, Шаян 
ӛзендерының бойында бет қаратпай жеңіп, бүкіл оңтүстікті 
шапқындап кетті.
1718-1729 жыл. Болат хан билік құрды.
1723-1725 жыл. Ойраттардан түбегейлі жеңіліс, Түркістан, Сауран, 
Ташкенттен, бүкіл оңтүстіктен айырылу, Ақтабан-шұбырынды.
1728-жыл. Буланты ұрысы, Ойраттар Сары-Арқадан кері қайрылды.
1730-жыл. Аңырақай ұрысы, Ойрат шабуылы тойтарылды, 
Қазақтар ес жинай бастады.
1730-жыл. Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға бӛлінді; Ру, Жүз ішінде 
билердің ӛкімі күшейді. 
1731-жыл. Кіші Жүздің бір бӛлігі мен Орта Жүздің біраз Руларын 
билеп отырған Әбілқайыр хан Ресей ӛкіметімен бодандық 
негізіндегі әскери және саяси қамқорлық туралы келіссӛзге жол 
ашты.
1733-жыл. Әбілмамбет хан бастаған Қазақ әскері Ойраттарды ауыр 
жеңіліске ұшыратты; жиырма жасар Абылай сұлтан атаққа шықты.
1740-жыл, 
қыркүйек-желтоқсан. 
Ойраттардың 
Сары-Арқаға 
жорығы.
1741-жыл, қаңтар-наурыз. Ойраттардың кезекті жорығы қысқа 
соғысқа ұласып, одан әрі жазға жетті.


1741-жыл, кӛктем-жаз. Абылай хан Ойрат шабуылын тойтарды, 
ӛрісін ұзартып, Жоңғардың ішкі аймақтарына жортуылдар 
ұйымдастырды.
1752-жыл, қазан. Екі жүз жылдық Ойрат-Қазақ соғысындағы 
бетбұрыс кезең: Абылай хан Аягӛз-Нарын ұрысында Ойраттардың 
негізгі күшін талқандады.
1753-жыл. Қабанбай, Жанатай, Мүйізді Ӛтеген, Ер-Жәнібек, 
Бӛгенбай батырлар бастаған Қазақ қосындарының Жоңғарға қарсы 
түйдек-түйдек, жеңісті жорықтары.
1754-жыл, күз. Абылай хан Дүрбін-Ойратты біржола талқандап, екі 
жүз жылдық соғыста түпкілікті жеңіске жетті.
1755-жыл, кӛктем. Абылай ханның Жоңғарды жуасыту жорығы.
1756-1757жыл. Шүршіт-Қазақ соғысы.
1756-жыл. Абылай хан Қалмақ-Толағай, Аягӛз ұрыстарында 
Шүршіт-Чиң әскерлеріне ауыр соққылар беріп, жазғы майданда, 
тактикалық және стратегиялық үлкен жеңіске жетті.
1757-жыл. Чиң Патшалығының Қазақ Ордасына қарсы жаңа 
жорығы; ауыр шығынға ұшыраған Абылай хан әскердің негізгі 
күштерін сақтай отырып, кері шегінді.
1757-жыл, 15-мамыр. Абылай ханның сенімді ӛкілі Әбілпейіз 
сұлтан мен Манжу-Чиң қолбасшысы Фу Дие арасындағы уақытша 
бітім туралы Айдын-Су мәмілесі.
1757-жыл, 7-маусым. Чиң Патшалығы ӛкілдері мен Абылай хан 
арасындағы Аягӛз бітімі.
1757-жыл, 
қыркүйек-қазан. Абылай хан Бейжіңге елшілік 
аттандырды. Тәуелсіз сыйластық туралы келісім.
1760-жыл. Қазақтар бейбіт жолмен Ата-жұрт Шығыс Түркістанға 
қайтадан қоныстана бастады.


1765-жыл, қазан-қараша. Абылай ханның қырғызға қарсы жеңісті 
жорығы.
1766-1768 жыл. Абылай хан Қоқан хандығына қарсы соғыс ашты
Ташкентті бағындырды. 
1770-жыл. Абылай хан Қырғыз ұлысын талқандап, қазақ-қырғыз 
шекарасын айқындады.
1771-жыл. Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында Торғауыт 
қалмақтарды біржола тоздырды.
1771-жыл. Абылай хан Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы 
ретінде Ақ киізге кӛтерілді.
1781-жыл, мамырдың басы. Абылай хан дүниеден кӛшті.
1781-жылдан соң. Батыс және Орталық Қазақстанда Ресей ықпалы 
күшейе түсті, біртұтас Қазақ Ордасы жеке Ұлыстарға бӛлшектенді. 
Ресей Патшалығы Орталық жане Батыс Қазақстанды біржола 
отарлау ісін жүзеге асыра бастады.
1801-жыл. Бӛкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссӛздер 
жүргізу арқылы Еділ мен Жайық арасындағы Ата-Жұртты 
қайтарып алды, бұл ӛңірде Бӛкей Ордасы құрылды.
1801-1822 жыл. Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының теліміне 
түсті.
1822-жыл. Ресей Патшасының жарлығымен Орта Жүзде хандық 
билік жойылды деп жарияланды.
1838-1847 жыл. Абылай ханның немересі Кенесары ханның Қазақ 
Ордасын сақтап қалу жолындағы күресі.
1841-жыл. Кенесары Үш Алаштың ханы ретінде Ақ киізге 
кӛтерілді.


1847-жыл. Кенесары хан шәйіт болды. Қазақ Ордасы құлады. 
Қазақ тарихындағы жүз қырық тӛрт жылға созылған отарлық заман 
басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет