Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата16.01.2023
өлшемі0.66 Mb.
#61474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
өңірлік дифференциациясының заңдылығы туралы ғылымның қандай болуы 
қажеттігін 
байланыстырушы 
звеноның 
жетіспеушілігі 
туындады. 
Бұл 
ғылымның алғашқы сұлбасы зоналық және бейзоналық заңдылықтар бірлігі 
туралы, бір уақытта зоналық және бейзоналық «тораптық» ландшафт туралы 
және «тарихи және кеңістіктік ландшафтаралық байланыстар негізінде жоғары 
тәртіптік 
аймақтық 
бірлестіктегі 
ландшафттар 
топтамасы» 
ретінде 
аудандастыру жүйесі туралы түсінік белгілі бола бастады. Физико-
географиялық аудандастыруға деген көзқарас тек географиялық қабықтың 
дифференциациясының көрінісі ретінде ғана емес, ландшафттардың интеграция 
процесстерінің зерттелуі, пайда болуы немесе нәтижесі ретінде географиялық 
қабыққа, оның ірі өңірлік бөлімшелеріне және физико-географиялық теорияға 
біріккен 
ландшафттарға 
қатысты 
жекелеген 
физико-географиялық 
тұжырымдамалардың бірлестігі үшін жаңа бағыттар тудырды. Біздің елімізде 
ландшафттық зерттеудің белсенділігіне 1955 жылы Ленинградта Географиялық 
қоғамның ұйымдастыруымен өткен І Бүкілодақтық ландшафттану жөніндегі 
жиын маңызды түрткі болды. Осы уақыттан бері бірнеше жылдар бойында жыл 
сайын (1956ж., 1958 ж., 1959 ж., 1961 ж., 1963 ж.) әртүрлі қалаларда
ландшафттанушылар жиыны өткізілді, ал 1960 жылы ландшафттанушылар 
тақырыбы КСРО-ның Географиялық қоғамының әр 5 жыл сайын өткізілетін 
барлық съездерінің бағдарламасына енді. 1955-1965 жылдар аралығындағы 
онжылдықта ландшафттанудың танымалдылығының және осы саладағы 


кеңестік географтардың жоғары белсенділігінің айтарлықтай өсуі байқалған 
жоқ
. 8 
Географиялық жиындарда, съезддерде және мерзімді басылымдарда 
ландшафттанудың теориялық мәселелері, зерттеу тәсілдері, ландшафт туралы 
ғылымның қолданбалы аспектілері қызу талқыға түсті, алайда ландшафттық 
түсірілім мен ландшафттық карталарды жасау мәселесі басты назарда қалуын 
жалғастыра берді. Көптеген ұжымдармен жердің және жер пайдалануды 
реттейтін шаралардың ауылшаруашылық бағасы үшін қолданбалы мақсатта 
көбінесе ғылыми негіз ретінде детальдық ландшафттық карталар жасалды.1963-
1964 жылдары кешенді атлас жасаудың элементі ретінде жекелеген
республикалар мен облыстардың алғашқы ландшафттық шолу карталары
жасалды. 1961 жылы Ленинград университетінде КСРО-ның 1:4 
000 000 мастабтағы Ландшафттық картасын жасау жұмысы басталып, 1964
жылы осы жұмыстың нәтижесі туралы Географиялық қоғамның ІV cъезінде
және Лонданда өткен ХХ Халықаралық географиялық конгрессте баяндама 
жасалды. 
1961-1962 
жылдары 
Ленинградтық 
және 
Мәскеулік 
университеттерімен ландшафттық түсірілім мен картаграфиялау бойынша 
алғашқы нұсқаулар басылым беттеріне жарияланды, 1965 жылы ландшафттану 
негіздері бойынша алғашқы оқу құралдары жарыққа шықты.
Ландшафттық 
шолу 
карталарының 
жасалуына 
байланысты, 
ландшафттарды классификациялау мәселесі туындады. КСРО-ның бүкіл 
аймағы үшін 1:4 000 000 масштабтағы картаға сәйкес, барынша тиімді 
классификация жасалды. Мәскеу университетімен ландшафттардың барлық 
құрғақ жерлерінің жүйесі бойынша (зоналық және секторлық белгілері 
негізінде) үлкен жұмыс жүргізілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесі «Әлемнің 
физико-географиялық атласы» (1964) картасында өзінің көрінісін тапты. 
Физико-географиялық аудандастыру саласында қаралып отырған кезең 
айтарлықтай қарқынды сипатқа ие болды, әсіресе, бұл ауыл шаруашылығын 
жүйелі 
жоспарлау 
мақсаты 
үшін 
КСРО-ның 
физико-географиялық 
аудандастырылуы жөнінде жоғары оқу орындары арасындағы жұмыстар 
басталған кезде, 1965 жылдан кейін орын алды. 1961 жылы осы жұмыстардың 
нәтижелері КСРО-ның қара топырақты орталығының, қара топырақты емес 
орталығының, Солтүстік-Батыстың және тағы басқа физико-географиялық 
аудандарының детальдық суреттемесі берілген монографиялар түрінде 
жарияланды. 
9
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кейбір шет елдерде ландшафттануға 
деген қызығушылықтың күшейе түскендігі байқалады. 40-жылдардың соңында 
- 50-жылдардың басында ландшафт туралы батысгерманиялық, сондай-ақ 
австриялық және швейцариялық географтар айтарлықтай көп жазды. Бірақ олар
ландшафт туралы ұғымның аясында табиғат ретінде қамтылатын кейбір өзіндік 
бөлінген кеңістіктерді, адам мен оның шаруашылығын және мәдениетін жете 
түсіндіре бермеді. Едәуір қызықты көзқарас К.Трольдің (1899-1975) табиғи 
шекара, табиғи бірлік ретіндегі ландшафт туралы дамушы ұсынысы болды.
Трольландшафттың морфологиясы мен экологиясын ажырата білді (соңғысына 
ол 
ландшафттың 
функционалдық 
талдауын, 
заттардың 
балансын, 


компоненттердің өзара әрекеттестігін жатқызды) және ол ландшафттың 
қарапайым ұяшығы ретінде (фация эквиваленті) экотоп туралы түсінікті енгізді.
«Ландшафттың экологиясы» бойынша зерттеулер ГДР-да 60-жылдары 
дами бастады. Олар ауылшаруашылық және гидромелорация міндеттерімен 
тығыз байланыста болды және әртүрлі экотоптағы топырақтың, өсімдіктің және 
су режимдерінің өзара қарым-қатынасына баса мән берді. ГДР географтарының 
жұмысында ландшафтық бірліктің таксономиясы мәселелері айтарлықтай орын 
алды. 
Үш 
«өлшемділік» 
немесе 
деңгей, 
ландшафттық 
иерархиялар: 
топологиялық (біркелкі бірлік, яғни экотоп), хорологиялық (түрлі рангтағы 
гетерогендік экотоптардың бірлестігі немесе геохорлар) және геосфералық 
(геосфера, яғни географиялық қабық) идеялары Э.Неевке қатысты.
50-жылдардан бастап, ландшафттық зерттеулер Польшада, ал кейінірек 
басқа елдерде дамиды. 
Батыста тірі және тірі емес табиғат компоненттерінің өзара байланыс 
идеясы географиямен емес, экожүйелер туралы ғылым ретінде экологиямен жиі 
байланыстырылады. Алайда экологтар географиялық кешенге емес, тек оның 
биологиялық бөлігіне ғана мән береді. Географияға хорологиялық көзқарас 
үстемдік жасап тұрған тұста экология белгілі мөлшерде ғана ландшафтты- 
географиялық кешеннің дамуына мүмкіндік бере алады.
Осылайша, Батыстағы көптеген елдерде табиғи географиялық кешен 
идеясы географияға сырттан – практикалық тәжірибеден және экологиядан 
енгізілп жатыр.
10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет