Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


Ландшафтану компоненттері және оны түзуші факторлар



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата16.01.2023
өлшемі0.66 Mb.
#61474
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
2.3 Ландшафтану компоненттері және оны түзуші факторлар
Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген 
факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды.Қалыпты жағдайда ландшафт 
құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, 
ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен – бірі үйлесім тауып, 
динамикалық тепе – теңдік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа 
ылғалдылығы, температуралық режимі, жауын – шашынның жылдық мөлшері, 


топырақ құнары, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, 
ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. 
Ландшафйтың түзілуі әр уақытта геологиялық – геоморфологиялық 
факторларджың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып 
келеді. Геологиялық – геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық 
жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, 
құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, 
еңістігі т.б. жатады. 
Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шаралары бөлінуі 
ландшафтыны бөліктерге бөлінетін заңдылықтың негізгі факторы болып 
саналады. 
Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген 
кең, сом тұлғалары арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауыл рөлін 
атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген 
ауа ағымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафтының 
қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде 
аридті ландшафтысы қалыптасады
.16 
Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер 
асты суы, күн энергиясы мен жауын – шашын жатады. Алғашқы екеуі азоналы, 
соңғылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз ағыстары – 
жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер 
асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордың – жауын – шашынның 
туындысы 
болып 
сманалады. 
Бірақ 
олар 
ландшафтының 
түзілуінде 
интразоналы фактордың рөлін атқарады. өзен, көл маңы және жер асты суының 
жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болғандықтан, шөл, 
шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы қалыптасады. 
Оазистер саялы көк – жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады. 
Күннен келетін жылу энергиясы – жердегі барлық экзогенді 
геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері жер шары 
бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиттық шаралар мен құрлықтарға 
бөлінуіне, құрлық беті жыныстарының литогенді құрамына, өсімдік 
жамылғысына, жер бедері пішініне қарай әр жерде әр түрлі мөлшердегі жылу 
баланысы түзіледі. Дегенмен, ол экватордан полюстерге қарай кеми береді. 
Осыған орай жер беті ландшафтысы географмялық белдеу, географиялық 
зона және оның бөліктері жалпы географиялық зоналық заңдылықпен 
түсіндірілетін процестердің нәтежиесінде пайда болған
.17
Антропогенді фактордың әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың 
орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен өндіріс қатынастарына , т.б. 
әлеутеттік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер 
шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бөлуге болады: 
1.Адам аяғы баспаған табиғи ландшафты. Мұндай ландшафтыға Арктика, 
Антарктика және таулы белдеудегі адам қоныстандаған жерлер жатады. Бұл 
жерлердегі ландшафтының құрамдас бөлігі де, морфологиялық түзіліс 
құрылымы да тьабиғи фактордың әрекетіне ғана байланысты дамиды. 


2.Адам әрекетінен көп өзгерсмеген ландшафты. Ландшафтының бұл 
тобына тундра, тайга және шөлді аймақтарды жатқызуға болады. Бұл жерлерге 
халыұтар сирек қоныстанған, әзірше табиғат байлықтарын сарқа пайдаланудың 
қажеттілігі жоқ. Сондықтан ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе – 
теңдігі бұзылмаған. 
3.Адам әрекетінен бұзылған ландшафты. Ландшафтының құрамдас 
бөліктер байланыстары жан – жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа 
пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқты дүлей құбылыстардын жер 
жыраланып, топырақ тұзданады, шабындықты арамшөп басады, жолдар мен 
жер азады.
4.Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафты. Ландшафтының 
құрамдас бөлікм арқылы немесе құрылымдық түзілу байланыстары жан – 
жаөты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы 
айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде 
жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын, 
түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар баланысын тепе – 
теңестіруге, жерді аздыратын жел, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарлды 
болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени 
ландшафттар түзіледі. 
Жас айырмасына қарап антропогенді ландшафтысы үш топқа жіктеледі. 
1.Ұзақ сақталып, өзін - өзі реттеуші ландшафты. Бұлар халық 
шаруашылығы айналымына қатысы жоқ әрекеттерге байланысты түзіледі. 
2.Көпжылдық, жарым – жартылай реттелуші ландшафт. Ландшафтының 
бұл тобына екпе орман алқабын, канал, бөген сияқты жасанды су жүйелерін, 
жол тораптарын, шабындық пен жайылымдық жерлерді жатқызуға болады. 
Оларды халық шаруашылығы айналымынан шығарып алмау үшін мезгіл – 
мезгіл жаңғыртып отыру керек. 
3.Қысқа мерзімді, ұдвайы реттеп отыруды қажет ететін ландшафт. 
Бұларға егінжай, елді қоныс, кен орыны, саялы жер жатады. Олардың шығу тегі 
мыңдаған жылдармен есептеледі, бірақ қай – қайсысы болсын жыл сайын өңдеп 
күтуді қажет етеді.Мысалы, егістік жер жыл сайын агротехникалық өңдеуден 
өткенде ғана тұрақты өнім береді.
18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет