Миға шабуыл Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады



Дата29.05.2022
өлшемі12,79 Kb.
#35897
түріСабақ

«Үштік» Әдіс Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
«Дауыстап ойлау» Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.
Миға шабуыл Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
Микс жаттығуы Тақтаға түйінді 9-10 тірек сөздер жазылады. 1-ші топ – өлең шығару, 2-ші топ – эссе жазу, 3-ші топ – суреттеу, 4-ші топ – сахналық көрініс, 5-ші топ – бір әннің мелодиясына салып, топпен орындау.
Тепе теңдік дөңгелек әдісі Шеңберде бірнеше бөлік болады. Әрбір идея 0-ден 10-ға дейін балл арқылы анықталып, белгіленеді. Кейін нүктелер қосылып, баланс шыққаны-шықпағаны талданады.
Екі дұрыс бір бұрыс Өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға болады.
Жалғасын тап Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті жаңа сабақты бекітуге немесе үй тапсырмасын сұрауға да пайдалануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет