Микркезз алматы


 ¥лы  жүз қазақтарының қоқандықтарға қарсы күресі



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

2. ¥лы  жүз қазақтарының қоқандықтарға қарсы күресі. 
Қаратай, Арынғазы, Жоламан  Тіленшіүлы 
бастаған  көтерілістер
XVIII 
ғ.  аяғы  мен  XIX  ғ.  басында  Қазақстанның  оңтүстігіндегі 
саяси  жағдай  күрделі  болды.  М үнда Орта  Азиялық үш  мемлекет —  
Хиуа,  Бүхара  жэне  Қоқанның  мүдделері  қақтығысқа  түсті.  XIX  ғ. 
басына қарай күшейген Қоқан хандығы, енді  Оңтүстік Қазақстанды 
жаулап  алуды  көздейді.  Оның  негізгі  себебі;  өзінің  қазынасын 
толықтыру,  мал  шаруашылығын  дамыту,  сонымен  қатар,  Ресей 
мен  Қытайды  байланыстыратын  Орта  Азиядағы  керуен  жолдарына 
бақылау  орнату жэне  мүсылман  халықтары  түратын  аумақты  иеле-
ну еді.
1810  жылы  Оңтүстік  Қазақстанды  жаулап  алған  уақыттан  ба- 
стап  1865  жылы  Ресей  империясының  қол  астына  еткенге  дейін 
қоқандықтар  ¥ л ы   жүз  аумағында  экімшілік  қадағалау  жүргізіп 
Ақмешіт,  Жаңа-Қорған,  Күміс-Қорған,  Шым-Қорған,  Шолақ,  Созақ 
жэне  т.б.  бекіністерді  салды.  Бүл  кезеңде  Хиуа  мен  Бүхара  Қоқанға 
қарағанда элсіздеу болды да онымен тайталасқа түсе алмады.
Қоқан  хандығының  қол  астына  ¥ л ы   жүздің  кеп  рулары: 
Бестамғалы (35 мың үй), Сыйқым (5 мың үй), Ш ымыр (9 мың үй), Жа- 
ныс  (7  мың үй)  қарады.  Жоғарғы  экімшілік билік Ташкент экімінде
142

(наместник)  болды.  Оның  екі  көмекшісі;  1)  Саркар  (мырзабасшы) 
салык  жинаумен  жэне  азаматтық істермен;  2)  батыр  басшы  (эскери 
басшы) эскери іс жэне көшпенділер мэселесімен айналысты. Билерге 
артыкшылыктар беріліп салыктан босатылды, олардың кейбіреулері 
“датка”  лауазымын  алды.  Бұқара  халыктың  негізгі  белігі  “зекет” 
салығын (шариғат бойынша мүліктің  1/4 бөлігі) төлеп тұрды.  Қокан 
бекіністерінің  төңірегінде  тұратын  қазактар  бекіністердің  жөндеу 
жэне  кеңейту  жұмыстарына  тартылып,  эскерді  азық-түлікпен 
қамтамасыз  етуге  тиіс  болды.  Сонымен  қатар,  казақтар  эскери 
міндеткерліктер  атқарып,  олар  қарсылық  көрсеткендерді  тыныш- 
тандыру жорықтарына да қатыстырылып отырды.
Қокандықтардың  қазақтарға  түрлі  салықтар  салуы  қарапайым 
адамдарға  үлкен  ауыртпалық  түсіріп,  ішкі  элеуметтік  қайшылық- 
тарды  тереңдетіп,  халық  ішінде  кедейлердің  көбеюіне  экеліп  соқ- 
ты.  Қокандықтар  билік  жүргізген  түстағы  ауыр  жағдайлар  елдің 
есінде  қатты  сақталып  қалды.  Ол туралы  Ш.Уэлиханов:  “Қазақтар- 
дың  арасында  «эзірейіл  барда  жаным  бар  деме,  коқандықтар  барда 
малым бар деме»— деген мэтел пайда болды”,— деп керсетеді. Қазақ 
халкы  қокан  билігіне  қарсы  наразылықтар  керсетіп  отырды.  1810 
ж.  Ташкент  еңірінде  түратын  қазақтар  салық  телеуден  бас  тартты. 
Қоқан  ханы  Әлім  бек  қарсылық  керсеткендерді  тыныштандыруға 
жэне Сайрам,  Ташкент,  Түркістанды  бағындыру үшін  12  мың эскер 
жіберді.  Қоқандықтардың  қолына  түскен  теңіректегі  қазақтар 
тонаушылыққа  ұшырады.  Қоқандықтар  Түркістанды  басып  алуы 
кезінде  оның  билеушісі  Тоқай  Тере  Бүхараға  қашуға  мәжбүр  бол- 
ды.  Бүхараның  эмірі  Тоқай  Тереге  Бүхарадағы  соғысқа  жарай- 
тын  қазақтардан  жасак  жинап  алуға  рүқсат  берді.  Жасақ  жинап 
жарақтанған  Тоқай  Тере  алдымен  Созаққа  бекініп,  одан  кейін 
Түркістанды  коршауға  алды.  Оған  қарсы  қокандықтар  Ташкенттен 
300  жауынгермен  Базар  бахадүрді  аттандырды.  Олар  жолда  Токай 
Төреге кемек керсеткен  1000 отбасынан түратын  қазақ ауылына ша- 
буыл жасап, ауылды тонап, кеп пайда түсіріп, адамдарын түтқындап 
алып  кетті.  Түнде  Токай  Тере  Созакты  тастап  кашуға  мәжбүр  бол- 
ды. Одан кейін  қазақтардың карсылығы біраз уақыт басылды. Тоқай 
Тере  уакытша  Бүхараны  паналады,  ал  кейін  ол  Бүхара  эмірінің  ба-
лалары  билікке таласкан түста елтірілді.
1821 
ж. Тентектереніңбастауымен казактардың Қокан үстсмдіг іне 
қарсы  кетеріліс  болды.  Кетерілісшілерлің  саны  12  000-ға  дейін 
жетті. Олар Сайрам,  ИІымкент, Әулис-Ата қалаларын алып, бірпеше 
бекіністі қоршады. КотеріліскеТүркістан, 111ымкснт,Сайрам,Әулис-
143

Ата  төңірегін  мекендеген 
қазақтар  катысты.  Көтерілісшілерге 
карсы  Абул-Қалым-Аталық  басқарған  эскер  жіберілді.  Тентек  төре 
эскерін  екіге  бөлді.  Бір  бөлігі  Тентек  төренің  басшылығымен  Сай- 
рамда, ал  екіншісі  Ш ымкентте  бекінді.  ¥ заққа созылған  қоршаудан 
кейін  кетерілісшілер  қаруын  тастауға  мэжбүр  болды.  Тентек  төре 
жеңілісті  мойындап,  қоқандықтарға  “баж”  немесе  “жол”  салығын, 
“зекет”  төлеуге  жэне  Қоканға  баласын  сыйлықтармен  жіберуге 
келісім берді.
¥ л ы   жүз  қазактарының  1810— 1820  жылдардағы  қоқандықтарға 
қарсы  күресте  жеңілуінің  негізгі  себептері:  кокандықтардың 
эскери  басымдығы,  кетерілісшілердің  арасында  ауызбірліктің 
болмауы,  Бүхара  эмірінің  кемегіне  арқа  сүйеген  кетеріліс  жетек- 
шілерінің  беделінің  темен  болуында  еді.  Дегенмен  де,  бүл  ¥ л ы  
жүз  казақтарының  оз  еркіндігі  мен  тэуелсіздігі  жолында  қоқан 
үстемдігіне қарсы  шыққан ұлт-азаттық күресі  болатын.
1822— 1842  жж.  Қоқаи  хандығының  тағына  Омар  ханның  кіші 
баласы  Мадалы  хан  (Мүхамед  Әли)  отырды,  оның  түсында  жеке- 
ленген  облыстар  мен  Ташкентті  ез  алдына  билеген  Күшбегілердің 
релі күшейді. ¥ л ы  жүздің басып алынған аумағының бір белігі жэне 
Сырдария  бойындағы  қазақтар 
Ташкент  Күшбегіне  жылына  20 
мың алтын  ақша телеп түруға міндетті  болды.  Салық телеушілерді 
қанау  бүрынғыдан  да  күшейе  түсті.  Одан  кейінгі  жылдары  қоқан 
билеушілерінің  езара  қырқыстары  ¥ л ы   жүз  қазақтарының  одан  әрі 
зардап  шегіп,  кедейлене  түсуіне  экеліп  соқты.  Қүдияр  хан  (1845—  
1875 жж.) түсында қазақтар ғана емес, Қоқан хандығының жергілікті 
диқандары да қанауға түсті.
1797  жылғы  Есім  ханның  елімінен  кейін  Кіші  жүздің  бір  топ 
сүлтанының  Қаратай  сүлтанды  хан  сайлау  жөніндегі  үсынысына 
карамастан  жэне  оның  ел  арасындағы  беделінен  сескенген  пат- 
ша  экімшілігі  Айшуақты  хан  тағына  отырғызады.  Бүл  шешімге 
келіспеген  Қаратай  халық  арасында  ханды  сайлау  туралы  үгіт 
жүргізе  бастайды.  1805  жылы  Жантөрені  хан  сайлағанға дейін  пат- 
ша экімшілігімен  бейбіт қатынас үстады.
1806  жылы  Қобда  езенінің  жағасында  болған  съезд  Ресей 
экімшілігінің  шешіміне  қарамастан  Қаратай  сүлтанды  хан  сайлай- 
ды.  Осылайша Қаратайдың Жантөреге қарсы  күресі біртіндеп Ресей 
үкіметіне қарай  бағытталады.  Күрес барысында Қаратай транзиттік 
сауда жолдарының бэрін езіне  қаратып Ресейдің Орта Азиямен  сау- 
дасын шектейді. Герңенберг пен Бородиннің жазалау экспедициясы- 
на  қарамастан  Қаратайдың  жанына  топтасқан  Кіші  жүз  жасактары
144

төменгі  Орал  шептеріне  жорықтар  жасаііды.  Қаратай  1809  жылы 
Жантөре  ханды  өлтіргеннен  кейін  1812  жылға  дейін  Хиуада 
жасырынуға мэжбүр  болады.
Жантөренің  өлімінен  кейін  Ресей  Айшуақтың  ұлы  Шерғазыны 
хандыққа  бекітеді.  Ресей  экімшілігінің  ондай  шешіміне  риза 
болмаған  Қаратай  өзінің  қарулы  қарсылығын  1816  жылы  Орданың 
Батыс 
бөлігіне 
басқарушы-сұлтан 
болып 
тағайындалғанға 
дейін  жалғастырады.  Транзиттік  сауда  мэселесі  алаңдатқан  Ре- 
сей  Қаратаймен  осындай  келісімге  барған  еді.  Сейтіп,  1816— 17 
ж.  келіссездер  нэтижесінде  Қаратай  сұлтан  езінің  қарсылығын 
тоқтатты.
1816  жылдан  1821  жылға дейін  Арынғазы  Хиуаға қарсы  азаттық 
күресін  жүргізді.  1815  жылы  Арынғазының  экесі  Әбілғазы  хан 
өлгенде  ол  30  жаска  толады.  Оған  дейін  Кіші  жүздің  иеліктерінде 
кайраткерлік  танытқан  Арынғазы  ел  арасында  біршама  бедел 
жинаған  болатын.  1816  жылы  ел  ішінде  тэртіп  орнату  мақсатында 
старшындардың  билігін  шектеп,  сүлтандардың  ез  білгендіктерін 
істеуін тоқтатқан еді. Сондай-ақ, ол билер соты мен молдалардың да 
екілеттілігін  шектеді.  Арынғазының  ел  арасында  беделінің  есуіне 
байланысты  старшындардың  кепшілігі  оны  Қіші  жүзге  хандыққа 
бекітуді  сүрап  патша  экімшілігіне  етініш  білдіреді.  Арынғазы 
болса,  хиуалықтардын  үстемдігін  біржола  жойып,  сонымен  қатар 
бір  хандық  қүруды  жоспарлайды.  Бір  хандық  қана  қүру  Ресейдің 
келісімінсіз  мүмкін  емес-ті.  Сондықтан,  Ресеймен  жақындасуды 
ойлаған  Арынғазы  Орынбор  генерал-губернаторы  Эссен  мен 
Шекаралық комиссия терағасы  А.Веселицкийдің қолдауына сүйене 
отырып,  патшадан  қолдау  көрсетуді  сүрау  үшін  1821  жылы  Санкт- 
Петербургке  аттанады.  Бірақ,  оның  үміті  ақталмайды.  Бүхар  мен 
Хиуа  хандықтарының  өкілдерімен  кездссу  үйымдастырамыз  деген 
желеумен  патша  экімшілігі  оны  шақырып,  түтқындап,  Калугаға 
жер аударады.  Ол  1833  жылы  сонда  қайтыс болады.
XIX ғасырдың 20— 30 жылдары патшалық Ресейге қарсы Саржан 
Қасымүлы  мен  Жоламан  Тленшіүлы  бастаған  кетерілістер  болды.
XIX  ғасырдың  20  жылдары  патшалық  Ресей  жаңа  бекіністер  салу 
үшін  қазақтарды  тағы  да  ез  жерлерінен  ығыстыра  бастады.  Кіші 
жүздің табын руы мекендеген суы мол, жайылымдык жері кең Жаңа- 
Елек ауданын орыс шенеуніктері тартып алды. Оған  қарсы Жоламан 
Тіленшіүлы  Табын  руын бастап  котеріліске шықты.
Жаңа-Елек  шебі  29  бекіністен  түрды.  Орал,  Елек,  Бсрденкі  жэме 
Қүрат езенінің бойындағы  аудапдардың ең жақсы дегсн 7  мың деся-
145
198-10

тина жеріне Ресей  үкіметі  Орынбор  жэне  Орал  орыс-казактары  мен
Жоламан
мэселесін  бейбіт  түрде  шешуге  тырысты.  Ол  Орынбордың  эскери 
губернаторы  Эссенге  1822  ж.  6  тамызда  жэне  1823  ж.  3  қыркүйекте 
хат жазып, онда  1810  жылға дейін  қазақтар  бұл жерлерді  ешқандай 
кедергісіз еркін пайдаланғанын, Ресей Елек өзенінін бойын алғаннан 
кейін  форпостар  салып  жэне  Кіші  жүз  қазақтарына  бүл  жерлерді
паидалануға тыиым салғаннан соң жағдаидың қиындаи түскендігш 
ескертеді.  Сонымен  қатар,  губернатордан  эскери  бекіністерді 
алып  тастауын,  «Санк-Петербургтегі  біздің  елшілерді  қайтарып», 
Сібірге жер аударылып Орынбор түрмесінде жатқан қазақ Түленбай 
Құндықовты  03  түтқынында  жатқан  есаул  Падуровқа  айырба- 
стап,  босатуды  талап  етеді.  Бұл  хаттар  жауапсыз  қалды,  ал  Орын- 
бор  Шекаралық  комиссиясы  Жоламанға  келесі  келісімдерді  Шер- 
ғазы  хан  арқылы  жүргізуі  керектігін  айтады.  Бұл  жағдай  Жо- 
ламан  Тіленшіүлын  қанағаттандырмады,  сондықтан  ол  қарулы 
көтеріліске шықты.  Жоламанның отряды шекара заставаларына, аға 
сүлтандардың  қыстаулары  мен  эскери  бекіністерге  шабуылдар  жа- 
сады.  Ж азалаушы  отрядтардың  батыр  мен  оның  жауынгерлерінің 
соңына  түсуі  сэтсіз  болды.  Жоламан  батырға  патша  экімшілігінің 
колдауына  сүйеніп  жазалаушы  отрядтың  барлық  операцияларына 
бірге  қатысып,  белсенділік  керсеткен  Шерғазы  ханның  жасағына 
да қарсы  күрес жүргізуіне тура келді.
1835 
ж.  Жаңа-Елек  шебінің  Ор  жэне  Троицк  аралығындағы  бар- 
лык  жеолеоінен  айоылған  Жағалбайлы.  Жаппас,  Алшын,  Арғын,
Қыпшақ  руларының  қазақтары  қатысқан  тұста  кетеріліс  кең  қанат 
жайды.  Өз  жерлерінен  айырылған  қазақтар  шекаралық  аймақтарда 
көшіп-қонуына тура келді  және ол үшін салық телеуге  мэжбүр бол- 
ды.  Қазақтардың қарсылықтары  аға  сұлтандардың  ауылдарына,  ке- 
руен  жолдарына,  бекіністерге  жиі  шабуылдар  түрінде  көрініс  тап-
ты.
1838 ж. ортасында Елек қалашығынан Ор жэне Троицк бекінісіне 
дейінгі  шекаралық  шеп  маңында  көшіп-қонып  жүрген  қазақтар 
көтеріліске  тартылып,  көпшілігі  Торғай  мен  Ырғыз  езендерінің 
бойындағы  аудандарға  көше  бастады.  Кетерілісті  басуға  жэне 
кешіп  кеткендерді  қайтаруға  патша  үкіметі  Ордан  полковник 
Мансуровтың,  Орынбордан  полковник  Падуров,  Елек  жақтан  пол- 
ковник  Гекке басқарған үш отряд жіберді.  Бірақ бұл үш отрядтың да 
эрекеті  сэттіз аяқталды.
Жоламан  батыр  Орал  казак  эскерінің  генерал-майоры  Боро- 
динге;  “Мен  сұраған  жерлерді  қайтарып  берсеңдер  дос  боламыз,
146

пат-
егер  берілмесе  жау  боламыз”,—   деп  хат  жазды.  Осылайша,  Жола- 
ман  батыр  XIX  ғасырдың  20— 30  жылдары  патша үкіметі  тартып 
алған  Кіші  жүз  казақтарының  жерлерін  қайтаруға  бағытталғаң 
көтеріліске  жетекшілік  жасады  жэне Кенесары  Қасымүлы  бастаған 
кетеріліс шыкқан тұста  Кіші  жүз қазақтарын  Кенесарыға  қосылып 
өз тэуелсіздігі  мен еркіндігі жолында күреске шығуға шақырды.
1822 
ж.  «Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғының»  енуі,  одан  кейін 
ол заңды түсіндіру үшін жүргізілген  үгіт,  1824  ж.  Қарқаралы  уезіне 
полковник  Броневскийдің  экспедиңиясының  келуі  —   сүлтан  Сар- 
жан  Қасымұлы  бастаған  кетерілістің  шығуына  түрткі  болды.  1824 
ж.  8  акпанда  сұлтандар  мен  билердің  белсенді  қатысуымен  бірінші 
Қарқаралы  приказы,  одан  соң  Кекшетау  приказы  құрылды.  1824—
1836  жылдары  Қарқаралы  жэне  Көкшетау  уездерінің  көтеріліске 
шыққан  елін  Кенесары  Қасымүлының  ағасы  Саржан  сүлтан 
басқарды. Саржан Қасымүлы приказдарды жоюды, қазақ жерлерінен 
эскерді  экетуді,  қазақтарға  бұрынғы  еркіндігін  қайтаруды  талап 
етті. Саржан Қасымұлы бастаған кетерілістің негізгі мақсаты — 
ша  үкіметі  тартып  алған  жерлерді  қайтару,  Қазақ  хандығын  қайта 
жаңғыртуға  ұмтылыс  болды.  1825— 1826  жылдары  оған  Қаракесек, 
Жағалбайлы, Шора болыстарының Қожан, Тал, Айдабол, Байдэулет
руларының қазақтары  косылды.
1826 ж. тамызда Саржан Қасымұлы ез отрядымен Қарқаралы при-
казына  жорык  жасады.  Бірак  жүзбасы  Карбышевтің  басқаруымен 
дер  кезінде  келген  отряд  приказдың  талқандалуына  жол  бермеді. 
Нашар  қаруланған  кетерілісшілердің  шегінуіне  тура  келді.  Саржан 
Қасымұлының біраз эріптестері қолғатүсті.  1832 жылдың басында ол 
Ресейге  сенімді  қызмет  етіп  отырған  Қарқаралы  уезіндегі  билсрдің 
ауылына  бауырлары  Есенгелді  жэне  Ержанмен  бірге  шабуыл  жа- 
сады.  Саржанды  ұстауға  жүзбасы  Потаниннің  отряды  жіберілді. 
Сұлукел сайының  маңында  шайкас  болып,  Потаниннің отрядының 
тегеурініне  шыдамаған  Саржанның  отряды  шегінді.  Бұл  сэтсіздік 
Саржанды  осы  1832  ж.  патша  үкіметіне  карсы  бірге  күресу  үшш 
Ташкент  күшбегіне  одақ  кұруга  итсрмеледі.  Батыс-Сібір  генерал- 
губернаторы  Вельяминов  бірнеше  отряд  жіберіп,  бұл  қарсылыкты 
басып  тастады.  Бірақ  Саржан  күресті  тоқтатпады.  1833  ж.  інағын 
отрядымен  Ресей  билігіне  қарасты  билер  мсн  сұлтандардың  ауыл- 
дарына,  сауда  керуендерінс,  бскеттсрге  інабуыл  жасап  тұрды.  Үлы 
жұз қазақтарынын бытыраған  күштеріи  жэне Сырдария  бойындагы 
Ташкент  күшбегіне  бағыныпіты  қазактарды  оз  жатыпа  тартып  Рс- 
сейге  қарсы  күреске  біріктіруге  тырысты.  1836  ж.  Тапікент  күпібсгі
147

бұл  туралы  біліп  қойып  өзімен  келіссөз  жүргізуге  келген  Саржан, 
Есенгелді,  Ержан  Қасымұлдарын  жэне  20  сарбазымен  қоса  елтірді. 
Ресей  патшалығының  Саржан  Қасымұлының  өлімінен  кейін 
даладағы толқулар  басылады деген үміті ақталмады.
3.  И,  Тайманұлы  мен  М.  Өтемісұлы  бастаған  көтеріліс
1756  ж.  патша  жарлығы  бойынша  қазақтарға  қысқы  уақытта 
Ж айықтың  оң  жағалауына  мал  жаюға  тыйым  салынған  бола- 
тын.  Патшаның  бұл  жарлығы  Ж айық  орыс-казактарының  мүддесі 
тұрғысынан  қабылданғаңды.  “Игельстром  реформасының”  жүргі- 
зілуі  барысында  қазақтар  Еділ  мен  Ж айық  арасындағы  жерлер-
ге  көшш-қонуға  патша  үкіметшен  рұқсат  алған  соң,  кеишірек, 
1801  жылы  ол  қосезен  аралығында  Нұралы  ханның  баласы  Бекей 
сұлтанның  басқаруымен  жеке  иелік  құрылды.  Бокей  сұлтан  тек 
1812  ж.  ғана  патша  үкіметінен  “хан”  атағын  алып,  ол  басқарған 
иелік  Бөкей  ордасы  немесе  Ішкі  Орда  деп  атала  бастайды.  Бөкей 
Ордасы  Ресей  империясының  шекаралық  өңірінің  “Ішкі”  жағында 
орналасқандықтан  “қуыршақ  мемлекет”  рөлін  атқарды.  Бөкей 
хандығының құрылуы сол кездегі Кіші жүздегі саяси-экономикалық 
жағдайдың нэтижесі.  Бекей  Ордасы  құрылғаннан  кейін  Ж айықтың 
оң  жағалауына  5  мыңға  ж уы қ  үй  кешіп-қонса,  кейін  Орынбор 
шекаралық  комиссиясының  есебі  бойынша  Бекей  хандығының 
саны  10  235  үйге  жеткен.  Бекей  хандығының  шекарасы  бірте- 
бірте  анықталған  соң,  оның  келемі  шығыстан  батысқа  қарай  350 
шақырым,  солтүстіктен  оңтүстікке қарай  200  шақырым  жерді  алып 
жатты.  Бірақ бұл жерге қоныстанған қазақтарға патшалық Ресейдің 
отаршылдық  саясаты  езіндік  зиянын  тигізді.  Оларға  Орал  казак- 
орыс әскерлері  жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды,  біртіндеп 
эскери  бекіністер  салына  бастады.  1813— 1815  жылдары  Плинин, 
Фокеев, Сламихин бекіністері салынды.  Қараезен  мен Сарыезеннің 
бойы шекаралық аймаққа айналды.  Ж айық езенінің бойы біртіндеп 
Орал  казак-орыс  эскерлерінің  меншігіне  қарады.  Соның  салдары- 
нан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары 
күйзеліске  ұшырады.  Сонымен  қатар,  Орал  казак-орыстары  қазақ- 
тардың  ауылдарына  шабуыл  жасап,  адамдарын  елтіріп,  мал- 
мүліктерін  тонап  кетіп  отырды.  Патша  екіметінің  жергілікті  экім- 
шілігі  мұндай  озбырлықтарға  қарсы  шара қолданбай,  керісінше  кеп
жағдаида мэселеден жалтарып  кетш отырды.
148

1815  ж.  Бөкей  қайтыс  болған  соң  оның  орнын  басар  Жэңгір, 
Әділгерей, Меңдігерей атты үш ұлы қалады.  Хан тағының мұрагері 
Жэңгір  оңсолын  танып,  ел  басқаруға  араласқанша  Ішкі  Орданы 
Бөкейдің  інісі  Шығай  биледі.  1824  ж.  Жэңгір  арнайы  жарлықпен 
хан  тағына  отырған  соң  Ішкі  Ордадағы  қоғамдық  тұрмыс  пен 
әлеуметтік-саяси  құрылымдарға,  жер  қатынасына,  салық  саясаты- 
на езіндік  өзгерістер  енгізбек  болды.  Бірақ  кешпелі  жэне  жартылай 
көшпелі халық ханның бұл  “жаңалықтарына” дайын  болмады.
Жер  қатынасында  эділетсіздіктер  орын  алды.  Жэңгірдің  ағасы 
Меңдігерей  Бөкейханов  ханның  төңірегінде  жүрген  сұлтандар 
Мұсағали,  Шыңғали  Ормановтар,  Балқы  Құдайбергенов  т.б.  шұ- 
райлы  жерлерді  иеленді.  Сонымен  қатар  Ішкі  орданың  халқы  Орал 
казак-орыстарынан  да  қатты  қысым  көрді.  Жайық  езенінің  жаға- 
лауына  адам  жолатпады.  Қазақтарға  Жайықтан  балық  аулау  түгілі
су ішуге, мал суғаруға рұқсат етпеи, өзенге он шақырым жақындауға 
тыйым  салынып,  ол  жаққа  жайылып  бара  қалған  малдарды  айдап 
алып, иеленіп  кетіп отырды.
Ішкі  Орданың  қазақтары  1846  жылға  дейін  патша  үкіметінің 
алдында  міндеткерліктер  жүктеп,  ешқандай  салық  телемеді. 
Ордадағы  салықтың  түрлерін  негізінен  ханның  езі  белгілеп  отыр- 
ды.  Олардың  ішінде  ханның  пайдасына  алынатын  “зекет”,  “соғым” 
сияқты  салықтар  болды.  1825  ж.  “зекет”  салығынан  115  мың  сом 
пайда  түскен.  “Соғым”  салығынан  жылына  6000  сом  пайда  тауып 
отырған, бұл салык кейде 800— 1000 бас мал түрінде алынып тұрды.
1836  ж.  Ішкі  Орда  халқы  ханның  “зекет”  салығына  18000  қой,  800 
өгіз,  1000  жылқы,  700  түйе,  одан  басқа да салықтар  жинағанын  ай- 
тып Орынбор комиссиясына шағымданады.
Жәңгір хан  1833  ж.  езінің қайын  атасы  Қарауылқожа  Бабажанов- 
ты  Каспий  теңізінің  жағалауында  көшіп-қонып  жүрген  рулардың 
басқарушысы  етіп  тағайындайды.  Жаңа тағайындалған  басқарушы 
қарапайым  халықты  қатты  қанауға ұшыратты.  Ол  қазақтарға  жерді 
жалға”  беру  дегенді  шығарып,  қазақ  шаруалары  жер  үшін  ауыр 
салық  телеуге  мэжбүр  болды.  Оған  қоса  Қарауылқожаның  отбасы 
үшін эр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге 
міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты эбден 
күйзелтті.  1835  ж.  Исатай  ханға  арызданбақ болғанда,  сұлтан  Шеке 
Нұралиев  ханмен  сейлесемін  деп  Беріш  руына  қарасты  елден  264 
түйе,  127 жылқы,  19222  сом ақша жинап алып, халықтың  шағымын 
аяқсыз  қалдырады.  Қ.Бабажановты  тағайындау  қарсаңында  жэне 
одан  кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді.
149
V

Мінеки,  осындай  жер  қатынасындағы  эділетсіздіктер,  Орал 
казак-орыстарының  көрсеткен  озбырлығы,  түрлі  салықтардан 
түскен  ауыртпалыктар  Орда  халқының  наразылығын  тудырды. 
Бұл  жағдайлар  1836— 38  жылдары  халықтың  көтеріліске  шы- 
ғуына  экеліп  соқты.  Көтеріліске  Исатай  Тайманұлы  мен  Махам- 
бет  Өтемісүлы  жетекшілік  жасады.  Көтеріліс  алғаш  эр  жерде 
үйымдаспаған  наразылықтар  түрінде  байқалса,  кейіннен  біріккен 
күшке  айналып,  ашық  қарсылыққа  үласты.  Көтерілістің  негізгі 
ьт>'ггя\/піі.і  к-л/ііті  Рі^к-япя  үяпык'  болпы.  Бөкей  хан  1812  жылы  Ж айық
Жабал
орнына
Исатайдың  жақын  серігі  М.  Өтемісүлын  тағайындайды.  Махамбет 
жасынан  ақын  ретінде  қалыптасып,  эрі  татар  жэне  орыс  тілдерін 
үйренеді. Ол Жэңгір ханның баласы Зүлқарнаймен бірге  Орынбор- 
да да түрады.  Жэңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырыса- 
ды,  бірақ  арадағы  қарым-қатынас  өзгеруіне  байланысты  Махамбет 
1828— 1829 жылдары өз ауылына кетіп қалады. Одан соң шекаралық 
үкімет  тарапынан  “Еділ  арқылы  қүпия  өткені  үшін”  деген  айып- 
пен  қамауға  алынып,  екі  жылдай  қалмақ  қамалында  болады.  1831 
ж.  онда  тырысқақ  (холера)  эпидемиясы  басталғанда  қашы.п  кетеді. 
1834 ж. Жэңгір хан Махамбетті старшындыққа тағайындайды, бірақ 
бүл тағайындауды Ш екаралық  комиссия  бекітпейді.
1835  ж.  Исатай  бастаған  көтерілісшілер  халық  арасында 
үгіт-насихат  жүмыстарын  жүргізіп,  орын  алған  эділетсіздікпен 
озбырлықты  эшкерелеп,  хан  билігіне  бағынбауға  шақырады.  Иса- 
тай мен  Махамбеттің  бүл  эрекеттерін  Қарауылқожа “елді  бүлдіріп” 
жатыр  деп  Жэңгір  ханға  бірш
Жәңгір
басталады.  Жэңгір  хан  енді  Исатайды  алдап  Жасқүстағы  ордасы- 
на  шақырады,  бірақ  Исатай  бүл  шақырудан  бас  тартып,  ханның 
шақыруын  алып  келген  шабармандарды  соққыға  жығып  қайтарып 
жібереді.  1836  ж.  наурызда  хан  Қарауылқожаға  қол  жинап  Исатай 
мен  Махамбетті  жэне  оларды  қолдаған  көтерілісшілердің  белсенді 
мүшелерін  түтқындауға  бүйрық  береді.  Қарауылқожа  адай,  беріш, 
табын  т.б.  рулардан  522  жігіт  жинап,  Исатайдың  ауылына  аттана- 
ды.  Мүны  естіген  Исатай  200  жігітпен  Қарауылқожамен  соғысуға 
эзірленеді.  4-сэуір  күні  Қарауылқожа  жасағымен  Исатайдың 
ауылының  маңындағы  Қиялы  моласының  жанына  келеді  де, 
Исатайға Сағыр  Баршығаев  пен  Қабық  молданы  елшілікке жіберіп, 
хан  мен  императорға бағынуды  талап етеді.  Осыдан  соң Исатай  200 
жігітімен қолдарына ту алып, Қарауылқожаның жасағымен кездесіп,
150

Исатай Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа Иса- 
тай  батырдың  айбынынан  сескеніп,  хан  бұйрығын  орындаудан  бас 
тартып, жинаған жасағын ауылдарына қайтарады. Қарауылқожаның 
Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың 
беделі  одан  эрі  өсе  түседі.  Осы  жағдайдан  соң  Жэңгір  хан  ашула- 
нып,  қайткенде  Исатайдан  кек  қайтару  жағын  ойластырып,  Орын- 
бор  экімшілігіне  Исатай  мен  Махамбет  Күшік  Жапаров  деген 
адамды  өлтірді  деп  жала  жауып,  сотқа  шақыртады.  Бірақ  сотта 
екеуі  де  өздерінің  кінэсіз  екенін  дэлелдеп  шығады.  Халық  толқуы 
шекаралық комиссия  мен  ханды  қатты алаңдатқан  болатын.  Исатай 
батыр  ел  ішінде  беделді  бір  топ  адаммен  Қарауылкожаның  үстінен 
ханға  шағымданып,  жағдайды  тексеруді  сүрайды.  Қарауылқожа  да 
көтерілісшілердің үстінен  ханға арызданады.
1836— 37  жж.  көтерілісшілер  ханға ездерінің талаптарын  айтып, 
өкілдерін  жіберумен  болады.  Сонымен  қатар  Исатай  ел  ішіндегі 
түрлі  мэселелерді  шешіп,  халық  казактар  мен  байлардың  жерлерін 
бөліске  салып,  Жайықтың  арғы  бетіне  өтуге  шақырып  отырады.
1837  ж.  наурызында  Шекаралық  комиссия  Исатай  мен  Махамбетті 
сотқа  шақыртады,  бірақ  олар  сотқа  барудан  бас  тартады.  Орын- 
бор  генерал-губернаторы  Перовский  жіберген  атаман  Покатилов 
бастаған  Жайык  казак  эскерінің  отряды  да  оларды  тұтқындай  ал- 
майды.  Бүл түста  көтерілісшілердің  саны  3  мың  адамға  жеткен  еді.
1837  ж. кыркүйегінде Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер 
Қарауылқожаның ауылы мен басқа да би-сүлтандардың ауылдарына 
шабуыл  жасайды.  Одан  кейін  хан  ордасын  шабуылдауды  ойласты- 
рып, казан айының басында  ордаға  12 шақырымдай жерге келіп ор- 
наласады.  Исатай хан ордасына жақындаған түста қол астында 2000 
жігіт болады.  Алдымен ханға өз талаптарын айтып хат жазып, оның 
орындалуын  күтеді.  Жэңгір  хан  болса  Исатаймен  келіссөз  жүргізу 
арқылы  уақыт  үтады  да,  Орынбор  генерал-губернаторлығына  жа- 
сырын  хат  жазып,  көмек  сүрайды.  Бүл  жағдайды  білген  Исатай  да
Орынборға хат жолдап, жауап  күтеді.
Орынбор  генерал-губернаторы  Перовский  қазан  айының  17- 
сінде  подполковник  Геккені  Жэңгір  ханға  көмекке  жіберіп,  күшпен 
тэртіп  орнатып,  Исатай  мен  Махамбетті  түтқындауды  тапсырады. 
Қазан  айының  30-да  Гекке  хан  ордасына  жетеді.  Оған  жолда  ата- 
ман  Покатиловтың 400 казак отряды қосылады.  Гекке  хан  ордасына 
келген  соң  қосымша  күш  жинау  үшін,  уақыт  үту  мақсатында  Иса- 
таймен  келіссөздер  жүргізеді,  бірақ  одан  нэтиже  шықпайды.  Бүдан 
кейін  Гекке  губернаторға  хат  жазып,  өздерінің  көтерілісшілермен
151

соғысуға  даяр  еместігін  жэне  полковник  Меркульевтің  отрядына 
Теректікұмдағы  Исатайдын  ауылына  шабуыл  жасау  керектігш  аи- 
тады.  Қараша  айының  7-де  Меркульевтің  отряды  Исатайдың  ауы- 
лына шабуыл жасап, батырдың отбасын тұткындайды.  Бұл суыт ха- 
барды  естіген Исатай дереу  ауылына көмекке аттанады.  8  қарашада 
Исатайдың  жігіттері  Меркульевтің  отрядын  қоршап  алады  да  ауыл 
адамдарын  босатуды  талап  етеді.  Меркульев  соғысуға  күштің  тең 
еместігін  байқап,  ауыл  адамдарын  босатуға  мэжбүр  болады.  Осы 
жағдайдан  кейін  Исатай  мен  Махамбет  бастаған  көтерілістщ  мэні 
езгеріп,  ол  тек  ханға  қарсылык  емес,  енді  ханға  қолдау  көрсеткен
Орынбор экімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды.
Меркульевтің  отряды  Геккенің  отрядымен  Бекетай  ауылының 
маңында  қосылып,  Тастөбеге  қарай  бағыт  алады.  Тастебеге 
шакырымдай  қалғанда  500-ге  жуық  көтерілісшілер  тобымен 
кездеседі.  Исатай  батыр  Меркульевтщ  отрядынан  құтқарып  алған 
елді  қорғау  үшін  жан-жақтан  жігіттерін  жинауға  тырысады.  Бірақ 
Гекке  бастаған  2000  жазалаушы  солдат  кетерілісшілердщ  бір- 
біріне  қосылмауына  күш  салады.  Ж азалаушы  отряд  саны  жағьщан 
басымдылық  танытса  да  көтерілісшілер  бірщші  болып  шабуыл 
бастайды.  Алдымен  мергендер  тобы  мылтық  атады,  Геккенщ  от- 
ряды  оларды  зенбіректен  атқылайды.  Зеңбіректен  дұрьіс  м т и ж е  
болмаған  соң  Геккенің  солдаттары  шабуылға  көшеді.  Оларға 
кетерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретш 
тастайды.  Мұны  байқаған  Гекке  кетерілісшілерге  жақындап  келш 
зеңбіректен  қайта  ок  атуды  бұйырады,  онысы  нысанаға  дэл  тиш , 
кетерілісшілерден  кеп  адам  шығынға ұшырайды.  Сол уақытта  сол- 
даттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан 
жараланады  да,  баласы  Жакия  50— 60  адаммен  бірге  қаза  табады. 
Тастебе  маңындағы  шайқаста  көтерілісшілер  Геккенің  отрядынан 
жеңіледі.  Жеңілістен  кейін  Исатайдың жігіттері  Ішкі  Ордаға шағын
топтармен  тарай бастады. 
. . .  
гг* 

Исатай  қатары  сиреген  көтерілісшілерді  қайта  біріктіруге
эрекеттенеді.  Ал бұл уақытта подполковник  Геккенің басшылығын-
да  700-дей  казак-орыс  эскері,  2  зеңбірек  жэне 400  адамнан  тұратьш
хан  жасағы  болды.  Жазалаушы  отряд  енді  Исатай  батырдың  өзш
ұстауға  тырысады.  Осы  мақсатпен  полковник  Меркульев  300  казак
отрядына  ханның  600  жасағын  қосып  алып  бірталай  жерді  шольш
қайтады.  Перовский  Исатай  батырды  ұстаған  адамға  500  сом  күміс
ақшамен сыйлықтағайындайды. Есаул Трафимовқа 75  казак отряды
жэне  ханның  100  жасағымен  қоса  Тастөбенің төңірегш  аңду тапсы-
152

рылады.  1837  жылы  15  қараша  күні  таңсэріде  Тастөбенің  жанында 
көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас 
болады.  Бірак  та  жазалаушылар  көтерісшілердің  кеп  шоғырланған 
тұсына  зеңбіректен  ок  атып,  көтерісшілерді  шегінуге  мэжбүрлеп 
біршама  жерге  дейін  куғындайды.  Бірак  даланы  канша  кезсе  де 
Исатайды  ұстай  алмады.  Исатайдың  жанында  сенімді  серіктері 
Махамбет,  Тінэлі,  Иса,  Сарт  Қабыланбай,  Төлеген,  Есенгелді  от- 
басыларымен,  Тэни,  Үбі,  Мэстек  Ахметүлы  көтерісшілер  қалып, 
олар  басшыларын  барынша  қорғауға  тырысады.  Жазалаушы  отряд 
желтоқсан  айында  Исатайды  Самар  даласынан  іздейді,  ал  Исатай 
болса Жайықтың бойында отырып, қолайлы сэтті күтеді.
Губернатор  Перовский  болса  Жайықтың  арғы  бетіндегі  кіші 
жүздің  батыс  белімін  билеуші  сүлтан  Баймағамбет  Айшуақов- 
қа  Исатайдың  Жайықтан  өтіп  кетпеуін  алдын-ала  тапсырады. 
Губернатордың  бүйрығымен  Жайықтың  бойын  бақылау  күшей- 
тіледі.  Баймағанбет  сүлтан  өз  қарауындағы  елдің  билері  мен 
сүлтандарына  Исатай  келсе тез  арада үстап  беруді  тапсырады.  1837 
жылы  13 желтоксан күні таңсэріде Қүраң Маябасовтың бастауымен 
Исатайдың  тобы  Жайыктан  жасырын  өтпек  болғанда,  жағалауды 
бақылап  жүрген  Хорунжий  Жигиннің  отряды  байқап  қояды. 
Бүл  кезде  Исатайдың  жігіттерінің  кепшілігі  еткелден  етіп,  тек 
бірнеше  адам  бері  жақта  қалады  да,  олар  Жигиннің  жендеттерімен 
қақтығысқа  түседі.  Казак-орыстар  Сарайшықта  жасақтарымен  дай- 
ын  түрған  Баймағамбет,  Мүхамедқали  Таукинге  хабар  береді.  Бүл 
жасаққа  жүзбасылар  Попов  пен  Понамаревтің  жазалаушы  отряды 
қосылады.  14  желтоқсанда  жазалаушылардың  қолына  Исатайдың 
эйелі  Несібелі,  балдызы  Бағлан,  Еділ  Сартүлының  балалары  Ерше 
мен  Нүрша  түседі.  Ал  Исатай  біраз  сенімді  жігіттерімен  жазалау-
шыларды адастырып  кетеді.
Тастебе  маңындағы  шайқастан  кейін  кетерілістің  бірінші  жэне 
екінші  кезеңі  жеңіліспен  аяқталады.  Исатай  мен  Махамбет  Кіші 
жүзге  етіп,  2000  жігіт  жинап,  Хиуа  ханының  қолдауымен  патша 
екіметіне  жэне  оның  қолшоқпары  Баймағамбет  Айшуақовқа  қарсы 
күреседі.  Кіші  жүз даласындағы халық  қозғалысы  енді  орта жүзден 
Торғай  еңіріне 
келген  Кенесары  Қасымов  бастаған  үлт-азаттық 
қозғалысымен  жалғасады.  Сондай-ақ,  осы  түста  Кіші  жүздегі  Жо- 
ламан  Тіленшіүлы  бастаған  көтеріліс  те  ерши  түсіп,  ол  Кенесарыға
қосылуга бағыт алады.
Бүл  уақытта  жазалаушы  эскер  мен  Баймағамбсттің жасағы  Иса- 
тайларды  тынымсыз  іздеуде  болатын.  Исатайдың  қанда  жүргенінс
153
198-11

катты мазасызданған Жэңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын 
жіберіп,  бақылауды  күшейтеді.  Ал  Орынбор  губернаторы  Перов- 
ский болса Кіші жүздегі  көтерілісті  басуға косымша әскер жібереді. 
Полковник  Гекке  мен  Баймағамбеттің  отрядтары  Ақбұлактын 
жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл езенінің карсы 
жағалауындағы биік қырға  келіп тоқтайды.  Көп  кешікпей екі  арада 
шайқас  басталады.  Жазалаушы  эскер  көтерілісшілерді  үш  жақтан 
шабуылдап,  зеңбіректен  оқ  атады.  Шайқаста  көтерілісшілердің  70-
80  адамы
Жазалаушы
көтерілісшілердің  соңына  түседі,  көтерілісшілер  болса  шегіне  оты- 
рып,  біршама  шайқасады.  Кезекті  қақтығыста  Исатайдың  атына  оқ 
тиеді  де,  оған  көмекке  Махамбет  пен  Үбі  келіп,  аттарын  ұсынады, 
бірақ  батыр  атқа  мінбей  жаяу  үрыс  салады.  Осы  шайқаста  Исатай 
қолға түседі,  Баймағамбеттің үш  нөкері оның қолын  артына қайыра 
байлайды  да,  біреуі  батырдың  кеудесіне  мылтық  тақап  тұрып  ата- 
ды.  Оған  қоса  Иван  Богатырев  деген  урядник  батырдың  басын 
қылышымен  шауып  түсіреді.  Осылайша  елі  үшін  еңіреген  есіл  ер 
қанішерлердің колынан қаза табады.  Басшысы өлген көтерілісшілер 
Ойыл  өзенінің  жағасындағы  қалған  топқа  қосылады.  Кіші  жүзді 
қаптаған  патшаның  жазалаушы  эскерлері  көтерілісшілердің  бірі- 
гіп,  ары  қарай  эрекет  жасауына  мүмкіндік  бермеді.  Осыдан  кейін 
Исатайдың  үйымдастыруымен  болған  Кіші  жүздегі  көтеріліс 
жеңіледі.
Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісүлы біраз адамдар- 
мен  Хиуа  хандығына  өтіп  кетеді.  Кейін  Орынбор  экімшілігі  оны 
қолға  түсіріп,  сотқа  тартып,  Атырау  өңіріне  жер  аударып  жібереді. 
Сот үкіміне  риза  болмаған  Баймағамбет  сүлтанның  адамдары  1846
ж.  қыркүйекте Махамбетті  өз үйінде өлтіріп  кетеді.
И.Таймапүлы  мен  М.Өтемісүлы  бастаған  көтерілісті  үш  кезең- 
ге  бөліп  қарастыруға  болады.  Бірінші  кезең  —   1833— 1836  жылдар 
аралығы  қарулы  көтеріліске  даярлық  ретінде  сипатталса,  екінші 
кезең  —   1837  жылдың  басында  көтерілісшілердің  ханға  қарсы  ат- 
тануынан  бастап,  олардың  осы  жылдың  күз  айларына  жеңіліске 
үшырауына  дейінгі  аралық.  Үшінші  кезең  —   1837  жылдың 
желтоқсанында  Исатай  мен  Махамбет  бастаған  көтерілісшілердің 
шағын  тобының  Ж айықтың  сол  жағалауына  өтіп,  күш  жинап 
көтеріліске  қайта  шығуынан  бастап,  1838  жылдың  шілде  айының 
ортасында  Ақбүлақ  өзенінің  маңында  болған  шайқаста  біржола
жеңіліске үшырауына д е и ш п  уақытты  қамтиды.
Исатай  Тайманүлы  мен  Махамбет  Өтемісүлы  бастаған  көтеріліс
—   қоғамдағы  элеуметтік  теңдік  үшін  болған,  қазақ  халқының
154

Ресеи  империясының  отаршылдық  саясатына  қарсы  халықтың 
азаттық  рухын  жігерлендірген  көтеріліс.  Сондықтан  да,  бұл 
көтеріліс  халқымыздың  тарихында  өзіндік  орны  бар,  маңызы  зор 
көтерілістердің бірі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет