Микркезз алматы


  Қазақстан  аумағындағы  қола дәуірі



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2.  Қазақстан  аумағындағы  қола дәуірі
Қазақстандағы  қола  дэуірінің  зерттелуі  Кеңес  екім етінің 
кезінде 
ғылыми 
жағынан 
жүйелі 
жолға 
қойылады. 
1933 
жылы  КСРО  Ғылым  академиясы  О рталы қ  Қазақстанды  зерт- 
теу  үшін  үйы м дасты рған  «Н үра  экспедициясының»  кернекті 
мүшелері  П.С.Рыков,  М.И.Артамонов,  М.П.Грязнов,  К.Арзютов,
12

И.В.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай.
Қола  дэуірін  зерттеуде  бұлардың  ашқан  басты  жаңалықтарының
бірі  Шерубай-Нұра  өзенінің  аңғарыңан  қола  дэуірінің  атақты
Дэндібай  ескертқіштерін  табуы.  Қазақстанның  батыс  бөлігінде
қола  дэуірін  зерттеуде  ғалым  О.А.Кривцова-Грекованың  еңбегі
зор.  Әсіресе,  Тарих,  археология  жэне  этнография  институтының
жанынан  ұйымдастырылған  Орталық  Қазақстан  археологиялық
экспедициясының  меңгерушісі  Ә.  Марғұлаңның  жүргізген  жұ-
мыстары  орасан  зор.  Ғалым  Атасу,  Бұғылы,  Беғазы,  Ақсу-Аюлы,
Дэндібай сияқты ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізді.  Зерт-
теу  жұмыстарының  нэтижесінде  Ә.Марғұланның  қола  дэуірі  тура-
лы  екі  үлкен  монографиясы,  көптеген  ғылыми  мақалалары  жарық
көрген. Шығыс Қазақстанның жерінде қола дэуірінің ескерткіштерін
зерттеуде  жемісті  жұмыс  жүргізген  көрнекті  ғалым  С.С.Черников.
XX  ғ.  50-жылдары  қола  дэуірін  зерттеуде  үлкен  еңбек  сіңірген  ар-
хеолог ғалымдар  Қ.А.  Ақышев,  А.М.  Оразбаев,  А.Р.  Максимовалар 
болды.
Қола  дэуірі  б.з.  дейінгі  2  мыңжылдық  пен  1  мыңжылдықтың
басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Еуразия дала-
сында қола алу тэсілі  шығып,  өндіргіш  күштер  қатарында төңкеріс
жасалды.  Ежелгі  адамдар  мысқа  қалайыны  қосу  арқылы  металл
бұйымдардың  беріктігін  қүшейтті.  Қоладан  тіршілікке  қажетті
құралдар  мен  қарулар жасалды.  Қазақстан  жеріндегі  қола дэуірінің
кезіндегі  өмір  сүрген  адамдардың  негізгі  мэдениеті  —   ғылымда
Андронов  мәдениеті  деп  аталады.  Бұл  дэуірде  Қазақстан  даласын,
Оңтүстік  Сібірді  жэне  Орал  аймағын  шығу  тегі  жағынан  ұқсас,
өзіндік мэдениеті бар тайпалар мекеңдеді. Бұл мэдениеттің алғашқы
ескерткіші  табылған  Оңтүстік  Сібірдегі  Ачинск  қаласы  маңындағы
Аңдроново  селосына  байланысты  бұл  кезең —  андронов  мэдениеті
деген  атау  алды.  Сол  жердегі  қазба  жұмыстарың  1913  жылы  Б.В.
Андрианов  жүргізген.  1927  жылы  археолог  М.П.  Грязнов  осындай
қорымды  Батыс  Қазақстаннан  да  тауып,  андронов  мэдениетінің
ескерткіштері  шығыста  Минусинскіден  бастап  батыста  Оралға
дейінгі  орасан  зор  аумаққа  тарағанын  анықтады.  Зерттеушілердін
кепшілігі  андронов  мэдениетінің  өмір  сүрген  уақытын  3  кезеңге 
бөледі;
1.  Ерте қола кезеңі  (Федоров кезеңі) —  б.з.б.  XVIII—XVI  ғғ.;
2.  Орта қола кезеңі  (Алакөл  кезеңі) —  б.з.б.  XV—XIII  ғғ.;
3.  Кейінгі  қола кезеңі  (Замараев кезеңі) —  б.з.б.  XII—VIII ғғ.
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сэйкес Фе- 
доров, Алакөл, Замараев деп аталды.
13

Қола дэуірінің атап  көрсетерлік ерекшеліктері  мынадай:
Түсті  металдардың  өндірістік  жолмен  игерілуі  (кола  метал-
лургиясы);
Ең алғашқы қоғамдык еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал
шаруашылығының егіншіліктен белініп  шығуы;
Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы;
Андроновтық  таііпалар  алғаш  болып  экономикалық  емірдін
озық түрі —  кешпелі  мал  шаруашылығына қешті;
Рулық  қатынастар  ыдырап,  қуатты  тайпалық  бірлестіктер
құрыла бастады.
Андронов  тайпалары  Қазақстанның  барлық  аймағын  мекенде-
ген. Негізгі қоныстанған ауданы —  Орталық Қазақстан. Бұл еңірден 
кептеген мекендер, қорымдар, кене кен орындары, тастағы суреттер- 
петроглифтер,  30-дан  аса  қоныстар  мен  150-ден  аса  қабір  табылып 
зерттелген.  Ертедегі  Нұра  кезеңінде  жерлеу  салтында  кремация 
(мэйітті  өртеу)  басым  болған.  Келесі  —  Атасу  кезеңінде  жерді  иге- 
ру,  оның  ішінде  шелейт  аудандарды  да  игеру  кеңінен  жүргізіледі. 
Тау-кен  жүмыстарының  келемі  күрт  еседі,  оны  кептеген  тау 
кендерін  еңдеу орындарының болуынан  байқаймыз.  Қорымдар  мен 
қоныстардың үлкен бір тобы Атасу езенінің бойында. Қоныстар мен 
қорымдарды  қазған  кезде  қола  құралдары,  қару-жарақтары,  сэндік 
заттар  шықты.  Мәйіттерді  бір  жамбасына  бүк  түсіріп  жатқызып
жерлеу жиірек ұшырасады.
Қоланың  кейінгі  кезеңі  Орталық  Қазақстанда  жаңа  мэдениет
—   Беғазы-Дэндібай  мэдениетінің  құрылуымен  белгілі.  Орталық 
Қазақстанда  кеп  жылдар  бойы  археологиялық  зерттеу  жұмысын 
жүргізген академик Ә.Х.Марғүлан қола дәуірінің соңғы кезінің езіне 
тэн ерекшеліктерін ескере  отырып,  оны  Беғазы-Дэндібай  мэдениеті 
деп атауға ұйғарды. Бұл мэдениетке ғалым Беғазы, Бұғылы, Саңғыру, 
Айбас дарасы, Дэндібай ескерткіштерін жатқызады. Аталған ескерт- 
кіштерден  алынған  материалдар  қола  дэуірінен  темір  дэуіріне 
өтетін  етпелі  кезін  керсететіндігін  дэлелдейді.  Бұл  мэдениетке  тэн 
бір қасиет, ол бірінші жағынан, андронов дэстүрін сақтайды, екінші 
жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, езіндік 
езгешелігі  бар  жерлеу  салты,  қыш  ыдыс-аяқтардың  жаңа  түрлері 
пайда  болады.  Мэйіттерді  бүктеп  жатқызып  қоюмен  бірге,  оларды 
шалқасынан  жатқызып  қою  да  кездеседі.  Бұл  мэдениетке  сонымен 
қатар  Қарағандының  оңтүстік  бетіндегі  Ақсу-Аюлы  II  қабірі  жа- 
тады.  Осы  кезде  жер  бетіне  тастан  қалап  қабырғалы  тұрғын  үйлер 
салу  рэсімі  кең  жайылады.  Тұрғын  үйлерді  салуға  ағаш  кеңінен 
пайдаланылған.  Металл ендіріп балқыту орасан зор рел атқарған.
14

Солтүстік  жэне  Батыс  Қазақстанда  көптеген  андроновтық 
мэдениет  ескерткіштері  ашылып  зерттелген,  олардын  ішінен 
Алексеев  қонысы  мен  Тастыбұтак  корымы  кеңінен  мэлім  бол- 
ды.  Ертедегі  қола  кезеңіне  мэйітті  өртеп  кему  рэсімі  жатады.  Сол 
кездері  ежелгі  қалалардың  прототиптері  деп  есептелетін  қоныстар 
пайда  болды.  Соның  бірі  —   Арқайым  Челябинск  жэне  Қостанай 
облыстарының  шекарасында  орналасқан.  Кейінгі  қола  дэуірінің 
бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің 
Қима  мэдениетінің,  ал  Батыс  Қазақстан  —   Еділ  бойының  Қима 
мэдениетінің қатты ықпалына түседі.
Шыгыс  Қазақстанда  Андронов  мэдениетінің  дамуы  да  осы 
тектес  жолмен  жүреді.  Ертіс  пен  Бүқтырманың,  Күршімнің 
көкорай  шалгынды  алқаптарынан,  Алтайдың  таулы  аудандары- 
нан,  Тарбагатай  мен  Сауыр  далаларынан  қола  дэуірінің  ондаған 
қоныстары  мен  қорымдары  табылды.  Қанай  қорымы  жэне  онымен 
қатар  орналасқан  қоныс  қабірлерінің  дені  кейінгі  қола  кезеңіне  жа- 
тады.
Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  қола  дэуірінде  халық  тығыз 
коныстанған  аймақ  болды.  Таңбалы  мен  Қаратау  сияқты  тастағы 
суреттердің  аса  үлкен  шоғыры  тек  Жетісу  мен  Қазақстанның 
оңтүстігінен 
ғана  табылды. 
Жетісуға  федоров 
пен 
алакөл 
тайпаларының  мэдениеттері  элемеңттерінің  араласып-қүраласып 
жататыны  тэн  болып  келеді.  Федоров  дэстүрінде  қоршаулары 
тікбүрышты жэне дөңгелек болып келетін қабірлер көбірек кездеседі. 
Жетісудың  орта  қола дэуіріне  Таңбалы,  Қарақүдық  қорымдары  жа- 
тады.  Қазакстанның  оңтүстігінен,  Қаратаудан  Таутары  қорымы 
казылып аршылды. Сырдарияныңтөменгі жағынан, Арал алқабынан 
кола дэуірінің бірегей ескерткіші —  Түгіскен  кесенесі  ашылды.
Андроновшыларшаруашылығы. 
Андроновшылартіршілігінде
мал  әсіру  бэрінен  де  маңызды  рөл  атқарған.  Олардың  негізгі  малы
—   қой,  сиыр,  жылқы  болды.  Андронов  тайпалары  түңғыш  рет 
кысты  күні  малды  қолда  үстау  дэстүрін  енгізді.  Түрғын  үйлерге 
жалғастырыла  мал  қоралары  салынған.  Олар  қос  өркешті-бактриан 
түйелерін өсірген.  Түйе бейнелері жартастарға салынған.
Ерте  жэне  орта  қола  кезеңдерінде,  яғни  б.з.  дейінгі  I 
мыңжылдықтың  басында  андроновшылар  отырықшы  болған. 
Олар  аралас  шаруашылықпен  шүғылданып,  егін  егіп,  мал  өсірген. 
Соңғысы  үй  іргесінің  шаруасы  саналған.  Мал  өсірудің  мүндай 
түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал үстаудың жаңа түрлері 
мен тэсілдері қажет болды. Кейіннен мал өсірудің жайлаулық тэсілі,
15

яғни жартылай көшпелі  мал шаруашылығы өмірге келді. Сөйтіп, үй 
іргесіндегіден  —   жайлауға  көшу,  отарлы,  яғни  жартылай  көшпелі, 
сосын  көшпелі  мал  шаруашылығы  туады.  Бұл  дала  мен  шөл  жай- 
ылымдарын  тиімді  пайдалануға  жэрдемін  тигізді.  Көшпелі  және 
жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығына  өтуге  байланысты  бірте- 
бірте  мал  құрамы да өзгере түседі:  ірі  караның саны  кеміп,  қой  мен 
жылкы  саны  көбейе  түседі.  Андронов  тайпаларының  тіршілігінде 
теселі егіншілік болған.  Олар негізінен  бидай,  қарабидай жэне тары 
өсірді.
Қола  дэуірінде  кен  өндіріп  балқыту  ісі  орасан  зор  көлемде 
жүргізілген.  Мысалы,  Жезқазған  өңірінде  100  мың  тонна  мыс 
корытылған,  ал  Успен  руднигінде  200  мың  тонна  кен  ендірілген. 
Ежелгі  кеншілер  жұмсақ  кенді  қайламен  омыру  арқылы,  қатты, 
тығыз  кенді  отпен  уату  арқылы  жэне  сонымен  қатар  үңгіп  қазу 
арқылы  ендірген.  Отпен  уату  тэсілі  бойынша  —   кен  езегінің 
үстіне  от  жағылып,  эбден  қызған  кезде  су  құйып,  жарықшақтарға 
белген.  Уақталған  рудані-і  қонысқа  экеліп,  арнаулы  пештерге  са- 
лып  балқытқан,  ондай  пештер  қалдықтары  Атасу,  Суықбұлақ 
қоныстарынан, 
Қанай 
ауылының 
қасынан 
табылды. 
Метал 
балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Ни- 
кольское,  Петровка ІІ-де  бар екені  мэлім  болды.  Метал  балқытумен 
бірге  андроновшылар  оны  шыңдау,  шекімелеу  жэне  қыспалау 
эдістерін  білген.  Алтын  фольгамен  оралған  қоладан олар сырғалар, 
алқалар, білезіктер жасаған.
Андроновтық тайпалар үй кэсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. 
Қазақстанның  далалары  мен  таулы  алқаптарында  эрбір  отбасы 
ыдыс-аяқтарын ездері жасаған. Әйелдер саз балшықты эзірлеп, одан 
ыдыс-аяқ  істеп,  оларды  ошақтағы  отқа,  кейде  таспен  қоршалған 
шүңқырға от жағып сонда күйдірген.  Б.з. дейінгі XVII— ^ХҮІ ғғ. аяқ- 
табақтар белгілі бір тоқылған мата қальшқа салынып істелген. Қыш 
ыдыстар  геометриялық  ою-ернектермен  эсемделген.  Бүл  өрнектер 
байлық пен молшылықты, тіл мен кезден сақтау белгісін жэне ыдыс 
ішіндегі затты білдірген.
Андроновтықтардың  баспанасы  жертеле  мен  жартылай  жер 
бетіндегі  үйлер  болған.  Белмелерді  жылыту  үшін  тастан  қаланған 
пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, тезек жаққан. Кейінгі қола 
дэуірінде  Орталық  Қазақстанда  кеп  белмелі  жер  бетіндегі  үйлерді 
ауыр дөңбек тастардан салатын болған.  Мүндай келемі үлкен үйлер 
Бүғылы, Ақбауыр қоныстарын қазған кезде кездесті. Осындай үлкен 
үйлер  қоғамдық  жиьшдар  өткізетін,  діни  ғүрыптарды  атқаратын 
жэне үлкен  отбасы  мекендейтін орын болып есептелген.
16

Қоғамдық  қурылысы. 
Қола  дэуірінде  мал  шаруашылығы 
мен  металлургиянын  жедел  дамуы  ерлердің  еңбегін  көп  қажет 
еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық 
қатынас орнады,аналықру орнынааталыкру келді. Андроновтықтар 
қоғамында барлық істі  халық жиналысы  шешіп  отырды:  ру басшы- 
ларын сайлау, аііыптыларды ел алдында жазалау жэне т.б. Жоғарыда 
айтқанымыздай  андроновшылар  үлкен  үйде  үлкен  отбасылық 
қауым  болып  өмір  сүрген  және  бірге  тұрып,  бэріне  ортақ  шаруаны 
ағайын-туыстардың  бірнеше  буыны  бірлесіп  атқарған.  Қоныстар 
материалына  қарағанда  көзге  түсерліктей  ешбір  елеулі  элеуметтік 
жэне  мүліктік  теңсіздік  байқалмайды,  алайда  корымдарды  зерт- 
теу  ісі  адамның  байлык  дэрежесі  мен  қоғамдағы  мэртебесінің 
айырмашылығын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Ертедегі  қола 
дэу ірінің өзінде кептегең біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда 
қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының қүрылысы да күрделі.
мола  ішше  қоиылған  қүмыралары  мен тағамы  да мол  зират ерекше 
назар  аудартқан.  Мүндай  қабірлерден  сондай-ақ  соғыс  арбасының 
жұрнағы  мен  аттардың  сүйектері,  мэйіт  басынан  қола  қанжарлар, 
жебелер табылған. Орта жэне кейінгі қола дэуірлерінде де тап осын- 
дай  жэйттер  кездеседі.  Қорымдардағы  қарапайым  қабірлер  арасы- 
нан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса үлкен 
оба  не  мазарлар  көзге  түседі.  Обалар  салып,  қабірлер  қазу  ісімен,
онда  қоиылатын  заттар  арасындағы  елеулі  аиырмашылықтарға 
жүгінсек,  андронов  қоғамы  біртекті  болмаған.  Үлкен  қорымдарда 
сол  кезде  қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер  қойылған. 
Қоғамның  жіктелуі  басталған  —   оның  қатардағы  қалың  мүшелері 
арасынан  бөлініп  «патшалар» —  билеушілер, жауынгерлер —  кша- 
трийлер шыққан.  Олардың жақындары да қоғамда жоғары дэрежеге 
ие  болған.  Үнді-иран  шежірелеріне  қарағанда  абыздар  да  жоғары 
бағаланған.  Олар діни жоралғыларды жүргізуші,  ежелгі дэстүр мен 
білімдерді  сақтаушылар  болды.  Олардың  өзгелерден  айрықша  бір 
белгісі —  ағаш табақ  пен ерекше бас  киімі (бөркі).
Қола  дэуірінде  еңбек  қүралдарының  жетілдірілуіне  және 
шаруашылықтың  дамуына  байланысты 
азық-түлік  молайып, 
артық  қор  құрылды.  Қоғамда  біреулер  байып,  басқаның  еңбегін 
пайдалануға  мүмкіндік  алды.  Сондықтан  тұтқындарды  өлтірмей, 
оларды құлға айналдырды. Рулықұжымдық меншіктің орнына жеке 
меншік  орнап,  е ң б | р т т й ^ ^ ^ у ^ Щ р о т д а .   Бұл  мүлік  теңсіздігінің 
шығуына  алып  ке  ДІ-аЙЙІй^ 
рулық  қауым  ыды-
рап,  шағын  отбасі^аваі*ій< 
і,  патриархалдық-рулық
19Я-3
атындағы  ғылыми
КІТАПХАНАСЬ^
17

катынастарды  сақтаған  көршілік  қауым  өркендеді.  Кейінгі  кола 
кезеңіне  қарай  отбасылық  қауымдар  бөлшектеніп,  нәтижесінде
алғашқы кауымдык кұрылыс ыдырай бастады.
Қола  дәуірі  адамдарының  діні  мен  өнері. 
Қола  дэуірінің  тай-
палары  табиғат  куштеріне  табынған.  Жерленғен  адамнын  басы 
батыска  немесе  оңтүстік-батысқа  қаратылып,  қол-аяғы  бүгіп 
жатқызылған.  Бұл жер-ана құшағына барған сэби қалпындағы адам 
түсінігін  берген.  Өлікті  матаушы  ажал  қүдайы  Ямаға  сыйынған. 
Ерте  қола  дэуірінде  жерлеу  салтында  кремация,  яғни  мэйітті 
ертеу  басым  болған.  Бүдан  андроновтықтардың  отқа  табынғанын 
байқаймыз.  Кейінгі  қола  дэуірінде  жерлеудің  кесенемен  бірге 
өртеу түрі  болған.  Үй  қүрылысы да қүрбандық шалудан  басталған. 
Қүрбандыққа  сүт  толы  ыдыстар,  бүқа  не  бағлан  шалынған.  Сүт 
ішіліп,  ет  желініп  болған  соң,  қүмыралар  мен  сүйектер  болашақ 
үйдің  ошағының  басына,  оның  табалдырығының  астына  көмілген. 
Үйдің  ошағы  отбасының  киелі  орны  есебінде  қатты  қүрметтелген. 
От  пен  күлге  байланысіы  жен-жоралғылардың  бэрі  қүдайдың 
рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, қүт-береке 
болса  деген  тілекпен  жасалған.  Мэйітті  кекке  экететін  от  күдайы
—  Агнияға арнап  қүрбандыққа ешкі  сойған.  Қола дэуірінің соңына 
қарай  күнге,  айға  жэне  жүлдыздарға  табынған.  Ата-баба  аруағына
сиыну жэне о дүниеге сену кең тарады.
Қола  дэуірінің  жартастар  бетіне  салынған  суреттерінің  өзіндік 
ерекшеліктері  бар,  ертедегі  адамдар  жартастардың  тегіс  бетіне 
қатты  да  үшкір  тас  сынықтарымен  жануарлар,  Күн  бейнелі  адам- 
дар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бүл —  
адамның  рухани  мэдениеті  жэне  оның  дүниетанымы  жөніндегі  аса 
бағалы  хабарлар  бастауы  болып  табылады.  Қазақстан  —  жартаста- 
ғы  суреттер-петроглифтердің  саны  мен  эралуандығы  жөнінен 
элемдегі  ең  бай  жерлердің  бірі.  Осындай  суреттер  көп  табылған 
Таңбалы,  Ешкіөлмес,  Қаратау,  Маймақ,  Тарбағатай,  Бөкентау 
аймактары  дүниежүзілік  мэдениеттің  қорына  қосылады.  Қола 
дэуірінің  адамдары  ойлаудың  мифологиялық  сатысында  болған. 
Жартастардағы  салынған  суреттер  —   андроновшылардың  өздерін 
коршаған  дүние  жайлы  түсініктерінің  керінісі  еді.  Суреттерде  жиі 
кездесетін  бейне  —   мүйізін  алға  кезеп,  шоқтығы  күдірейіп,  алып 
денесі  шиыршық  атып,  аяқтарымен  жер  тіреп  түрған  турдың  —  
жабайы  бүқаның  суреті.  Әлемді  жарату  женіндегі  мифтерде  дүние 
—•  Күн  қүдайы  Митра  қүрбандыққа  шалған  бүқаның  мүшелерінен 
жасалған  делінеді.  Сонда  Митра  бүқамен  қатар  қойылып,  бірдей
18

саналады.  Ешкіөлмес  тауындағы  суреттердің  бірінде  Митра,  басы 
күн  шұғыласымен  қоршаулы  адам  бейнелес  секілденіп,  бұқа үстін- 
де  түрегеп  тұрған  күйде  бейнеленген.  Бірқатар  киелі  орындарда 
ертедегі  адамдардың  басы  күн  шүғылалы  Митраға тағзым  етіп, та- 
бынып  жатқан  кездегі  керінісі  салынған.  Таңбалы  шатқалында  күн 
басты  бір  кісінің  маңында  айнала  билеп  жүрген  кішкентай  адам- 
дар,  жүптасып  жэне  жеке  езі  билеп  жүрген  адамдар  бейнеленген. 
Бүқа  бейнесі  молшылық,  қүдіреттілік  пен  күшті  білдіреді.  Жартас 
керкем  өнеріндегі  жиі  кездесетін  суреттердің  бірі  —   қос  еркешті 
бактриян түйесінің бейнесі.  Ол ирандыктарда күн  күркіреу қүдайы
—   Веретрагна,  үнділіктерде  —  Индра  бейнесі  болып  есептеледі. 
Қола дэуірі  петроглифтерінің  арасында  соғыс  арбасын  бейнелеу  де 
кеңінен тараған.  Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 
жерде  кездеседі,  олар  Таңбалыда  да,  Ешкіелместе  де  бар.  Олардың 
кепшілігінде  екі  доңғалақты  аншы  жэне  соғыс  арбалары  бейнелен- 
ген.  Ат  пен  арба  жайлы  ирандықтар  арасында  кектегі  күн  күймесі 
женінде  эпсана-аңыз  бар.  Олар  жоғарғы  күдайлардың  бәрі  аспанда 
пырақ жегілген  күймелермен  заулап  жүреді  деп  есептеген.  Тастағы 
суреттердін ішінде жер жырту керіністері де кездесіп қалады, олар- 
да соқаға жегілген бүкалар, аттар мен ешкілер бейнеленеді. Соқа ба- 
сында  адам  болады.  Бүл  керіністер  жаңа  жылды  мейрамдауға,  күн 
мен  түннің теңелуі, табиғаттың  жаңару  мейрамына,  күнарлылыққа 
байланысты  болса  керек.  Бүл  мерекенің  ең  бір  маңызды  белігі  — 
түрен  тарту  болып  табылады.  Бірінші  түрен  тарту  күқы,  яғни 
алғашкы соқа салу қүрметі  патшаға берілген.
Қола дэуірі мәдениетінің гүлденуі Жерорта теңізі жэне Кіші Азия 
мэдениеті  мен экономикалық қатынастың  нэтижесі  болды.
Сонымен, қорыта келгенде,  Қазакстандағы  қола дэуірініц езіндік 
мэдениеті  болғандығын,  олар  ез  ерекшеліктерін  сақтай  отырып, 
Қазақстан  аумағында  таралып,  белгілі  бір  даму  сатыларынап 
еткенін  байқаймыз.  Осы  дэуірде  аридтық  табпги-гсографиялық 
жағдай  көишелі  түрмыс  пен  кеппіелі  мал  шаруашылығына  отуге оз 
эсерін тигізді.

2-тақырып 
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАГЫ  ТАЙПАЛЫҚ 
ОДАҚТАР ЖӘНЕ ЕЖ ЕЛП МЕМЛЕКЕТТІК 
БІРЛЕСТІКТЕР
Ерте темір дәуіріндегі тайпалыц одақтар 
Қазақстан аумагындагы мемлекеттік бірлестіктер
1.  Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар
Ежелгі  Қазақстан  аумағындағы  адамзаттың  даму  тарихында 
өзіндік  орын  алатын  қола  дәуірін  ауыстырып,  үлкен  де  күрделі 
өзгерістер  экелген  кезең  б.з.д.  I  мыңжылдықтың  басы  мен  біздің 
заманымыздың басы болып табылады. Бүл кезең Қазақстан аумағын
мекендсген  адамдардың  ез  ендірісшде  темірді  паидалануы  жэне 
көшпелі  шаруашылықтың дамуымен  ерекшеленеді.
Б.з.д.  I мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия 
жэне  Қазақстанның  оңтүстік  өңірін  қамтитын  кең-байтақ  аумақта 
«сақ»  деген  атпен  белгілі  тайпалар  мекендеген.  Геродот  (б.з.д.  V 
ғ.)  жэне  басқа  ертедегі  тарихшылар  оларды  “азиялық  скифтер”  деп 
атаған.  Сак  бірлестігі  туралы  мэліметтер  кездесетін  негізгі  жазба 
деректер  екі  топтан  түрады:  1)  антик дэуірінің  авторлары  (гректер)
—   Геродот,  Страбон,  Ксенофонт,  Птоломей  жэне  т.б.;  2)  Ахеменид- 
тер эулетінен  (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жа- 
зуы, 
Т .6 .). 
Парсы  жазбалары  «сақ»  атауын  қолданса,  грек  деректері 
бүл тайпаларды  «Азия  скифтері» деп атайды.
Сақ  тайпалары  Солтүстік  Қара  теңіз  жағалауын,  Днепр  өзені 
бойын  мекендеген  скифтердің  жэне  теменгі  Еділ  өзенінің  төменгі 
ағысы  мен  Оңтүстік  Орал  өңіріндегі  савроматтардың,  Кир  мен 
1  Дарий  түсындағы  парсылардың  жэне  Александр  Македонский 
дэуіріндегі  гректердің замандастары  болған.  Олар ежелгі  парсылар- 
мен тығыз қарым-қатынас  орнатып, б.з.д.  VI—
ғасырларда Ахеме- 
нидтер  империясының  қүрамына  да  кірген.  Ахеменидтердің  сына 
жазбаларында сақтар туралы аз  болса да анық деректер келтірілген. 
Оларда  сактардың  үш  тобы:  хаомаварга-сақтары  (хаома  сусынын 
даярлайтын  сақтар),  тиграхауда-сактары  (шошақ  бөрікті  сақтар), 
парадарайа-сақтары  (теңіздің  арғы  жағындағы  сақтар)  туралы  ба-
20

яндалады.  Алғашкы  екі  тобын  Герадот  “амюргия-сақтар”  жэне 
“ортокарибантия-сактар” деп  атаған.
Ғылымда  сақтардың  бұл  топтарының  Орта  Азия  мен  Қазакстан 
аумағында шоғырланғандығы турал ы түрл і болжамдар бар. Олардың 
біреуіне  сэіікес  Шаш  (Ташкент  ауданы),  Солтүстік  Қырғызстан 
аумағында жэне Қазакстаннын оңтүстігінде тиграхауда-сақтары ме- 
кендеген, бұл сақ тайпаларының этникалык аумағы  кеңірек болған, 
оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтай да енген.
Парсы  сына  жазбаларында  хаомаварга-сақтары  ең  ірі  тайпа  не- 
месе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий- 
сақтары  деп  аталды.  Бүл  сақтар  Ежелгі  Бактрия  жэне  Маргиа- 
на  аумағында  (Әмудария  мен  Мүрғаб  өзендерінің  жағалауында) 
орналасқан.  Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді.
Лингвистикалық зерттеулердің  мэліметіне  қарағанда сақтардың 
Орталық  Азияның  көне  иран  түрақтарынан  б.з.д.  I  мыңжылдықта 
бөлектеніп  шықкан  ирандық,  нақтырақ  шығыс  ирандық  тайпалар 
тобына жататындығы байқалады.
Сақ  тайпалар  одағына  массагеттер,  дайлар,  исседондар,  ари- 
маспылар,  қаспилер,  аргипейлер  жэне  т.б.  сияқты  ондаған  тайпа- 
лар  кіреді.  Олар  ежелгі  грек  авторларының  еңбектерінде  аталады. 
Зерттеушілердің  болжамдары  бойынша  олар  Қазакстан  аумағында 
былайша орналасқан делінеді: массагеттер —  Сырдарияның төменгі 
бойы  мен  Арал  теңізінің  оңтүстік  жэне  солтүстік-шығыс  өңірінде, 
дайлар —  Сырдарияның төменгі  жағын,  Арал теңізінің жағалауын, 
исседондар —  Іле  мен  Шу  өзендерінің  бойын,  оның  шығыс  жағын- 
дағы  Тарбағатай  тауына  дейінгі  алқапты,  ал  кейбір  зерттеушілер, 
соның  ішінде,  М.Қ.Қадырбаев  оларды  Орталық  Қазақстан  ке- 
ңістігіне  орналастырады,  аримаспылар  —   Шығыс  Қазақстан 
аумағын, қаспилер —  Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипей- 
лер —  Қазақстанның солтүстік аймағын  мекендеген.
Деректерге  сүйенсек,  сақтар  мал  шаруашылығымен  айналысып, 
жылқы,  ірі  қара,  қой  өсірген.  Мал  шаруашылығының  үш  түрі  бол-
ды:  көшпелі,  жартылаи  көшпелі,  отырықшы  мал  шаруашылығы. 
Сақтарда түйе  есіру  Батыс  жэне  Оңтүстік  Қазақстан  аймақтарында 
өркен  жайды.  Олар  атқа  керемет  мініп,  садақ  атуды  өте  жақсы 
меңгерген.
Б.з.д.  VIII—^ҮІІ  ғасырларда  Қазақстан  мен  Орталық  Азияны 
мекендеген  тайпалардың  Ассирия  жэне  Мидиямен,  ал  б.з.д.  VI 
ғасырдың  ортасынан  бастап  қүрылған  Ахеменидтер  түсында  Пер- 
сиямен  карым-қатынас  жасаған жэне сол  кезеңдегі  көптеген  тарихи 
оқиғаларға араласып отырған.
21

Жазбаша  жэне  археологиялык  деректер  б.з.б.  VIII— VII  ғғ. 
Қазақстан  мен  Орта  Азияны  мекендеген  тайпалар  ежелгі  дүние 
еркениеті  —   Ассириямен  жэне  Мидиямен,  ал  б.з.б.  VI  ғасырдың  ор- 
тасында Ахеменидтер  мемлекеті  кұрылған  уакыттан  бастап  Перси- 
ямен  байланысты  болғанын  көрсетеді.  Сактар  сол  кездегі  көптеген 
тарихи  оқиғаларға  катысты.  Мэселен,  Кир  сактармен  одак  жасап, 
Мидия  патшасы  Крезбен  соғысуы  кезінде 
олардан  көмек  ала- 
ды.  Кейінірек  Кир  сактар  мен  массагеттерді  бағындырмакшы  бо- 
лып  жорыкка  аттанады.  Бірак,  оның  жорығы  катты  карсылыкка 
кездесіп,  соңында  Кир  бастаған  парсылар  сэтсіздікке  ұшырап, 
эскерлері  талкандалып,  өзі  каза табады.  Герадот  мынадай  аңыздык 
мэліметтерді  келтіреді:  парсыларды  жеңгеннен  кейін  сактардың 
патшайымы  Тұмар  (Томирис)  торсыкка  канды  толтыра  кұйғызып, 
«Сен канға кұмартып едің, енді шөлің кансын!» деп оған Кирдің ба- 
сын салдырған.
Кирдің  Орта  Азияға  басқыншылык  жорықтарын  I  Дарий  (б.з.д. 
521— 486)  жалғастырды.  Б.і.б.  518  жылы  I  Дарий  массагет-сақтарға 
карсы  жорық  бастап,  бірақ  ол  да  жеңіліске  ұшырады.  Грек  тарих- 
шысы  Полиэн  массагет-сақтардың  парсыларға  карсы  ерлікпен 
күрескендігі  жайлы  мына бір  оқиғаны  келтіреді.  Шырақ есімді  бір 
сақ жауынгері езінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға ба- 
рып өзін сак көсемдерінен зардап шеккен адам сипатында керсетеді.
Одан  соң  өзінің  тайпаластарынан  кек  қаитарғысы  келетінш 
мэлімдеген  Шырақ  жауларын,  яғни  парсыларды  сусыз  шел  далаға 
апарып  адастырады.  Ал,  ол  жерде  парсылардың  кебі  шелге  шы- 
дамай  кырылады.  Өз  жерін  жат  жерлік  басқыншылардан  қорғау 
мақсатында сақ жауынгері  Шырақ  осындай ерен ерлік жасады.
Дегенмен  I  Дарий  аз  уақыт  болса  да  жекелеген  сақ  тайпаларын, 
соның ішінде хаомаварга-сақтарын жэне басқа да кейбір тайпаларды 
бағындырады.  Бұл  тайпалар  Ахеменидтердің  XV  сатрапиясының 
(салық аймағының)  құрамына  кіріп,  алым-салық телеуге тиіс  бол- 
ды, бірақ ол  03 уакытында теленіп тұрмады жэне кебіне сыйлыктар 
сипатында  болды.  Сақтар  болса  Ахеменидтердің  эскерінде  қызмет 
атқарды.  Тіпті,  олардың  біразы  парсы  патшасының  «өлмейтін  он 
мың» деп аталатын жеке эскери  құрамасының катарына да кірді.
Б.з.б.  VI  ғасырдың  аяғымен  V  ғасырдың  басында  ежелгі 
Шығыста  грек-парсы  соғыстарының  басталуына  байланысты  ірі- 
ірі  саяси  оқиғалардың  болғаны  белгілі.  Сол  тұста  кейбір  сақ  тай- 
палары  бұл  соғыстарға  одақтастар  мен  жалдамалылар  ретінде  пар- 
сылар  жағында  қатысып  отырған.  Мысалы,  Гавгамелы  маңындағы 
шайқасқа сақтардың жеңіл  атты эскері  қатысқан.
22

Грек-парсы  соғыстары  (б.з.б.  500— 449  жылдары)  парсылардың 
жеңілуімен  аяқталды.  Ал,  бұл  кезде  Грекияда  экономикалық  жэне 
саяси дағдарыс шиеленісе түседі, кұл иеленушілер болса, бұдан шы- 
ғудын  жолдары  шығысқа  басқыншылық  жорықтар  ұйымдастыру 
деп түсінеді. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер 
Александр  Македонскийдің  басшылығымен  соңғы  Ахеменидтік  III 
Дарий Кодоманның армиясын талкандап, Орта Азияға басып кіреді. 
Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға қарай бет алады. 
Гректердің  баса-кәктеп  енуіне  Орта  Азия  халықтары  табан  тіресе 
ерлікпен қарсыласты. Александр Македонскийдің эскерлеріне қарсы 
күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеу шілер, 
оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский 
эскерлерімен  Сырдариядан  өтпек  болған  кезінде  сақ  жебесі  тиіп, 
жараланады. Македондық-гректер Сырдария  бойындағы қалаларды 
қоршаған  кезде  олардың тылында  көтеріліс  шығып,  оны  Спитамен 
басқарды. Спитамен массагет-сактардың қолдауына сүйене отырып, 
сол  кезде  жеңілмейтін  деп  саналған  македондық-грек  эскерлерін 
бірнеше  дүркін  талқандаған  болатын.  Үш  жыл  бойғы  кескілескен 
соғыстан  кейін ғана македондық-гректер Орта Азияның кейбір тай- 
палары  мен халықтарын уақытша бағындырды.  Сырдарияның арғы 
жағасындағы  сақ  тайпалары  өздерінің  тэуелсіздігін  сақтап  қалды. 
Александр  Македонский  өлгеннен  кейін  оның  ұлан-байтақ  импе- 
риясы тығыз экономикалық жэне саяси байланыстары жоқ тайпалар 
мен  халықтардан  біріктірілгендіктен  дағдарысқа  ұшырап  ыдыра-
ды.
Б.з.б. I мыңжылдықтаЖетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда- 
сақтарға  кіретін  сак  тайпаларының  үлкен  тобы  коныстанған  Орта 
Азия  мен  Қазақстанның  этно-мэдени  сақ  қауымының  өзіндік 
жарқын  мэдениетінің  ірі  ошағы  болды.  Сак  мэдениеті  —  Орталық 
жэне  Алдыңғы  Азияның  мэдениеті  мен  өнері  жетістіктерінің  бірі 
болды.  Ол  заманға  қатысты  қорымдардың  көп  болуы  ерте  кезден- 
ақ  Қазақстан  аумағының  оңтүстік-шығысы  мен  оңтүстігінің  толык 
игерілгенін  байқатады.  Сырдария,  Іле,  Талас,  Лепсі.  Есік,  Шелек, 
Шарын,  Кеген  өзендері  меи  т.б.  өзендсрдің  аңғарларыпда  кептегсн 
тас жэне топырақ обалар шоғырланган.  Мысалы, Жуантобе қорымы 
(Іле  өзенінің  сол  жақ  жағалауы)  —   300  обадан,  Бсрікқара  қорымы 
(Талас  езенінің  аңғары)  500  обадан,  Кетпен 
Тобе  алқабында 
(Солтүстік  Қырғызстан)  700  обадан  тұратын  қорымдар  табылғаи. 
Оларда  адамдар  эр  түрлі  уақыттарда  жерлеіііп.  жүздегсн  жылдар
бойы  қалыптасқан.
23

Биіктігі  20  метрге  дейін  жететін  «патша»  обалары  саналатын 
обалардың кеп табылуы жағынан  Жетісу  мен Оңтүстік Қазақстанға 
тең  келетін  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  басқа  аудандары  жоқ. 
Осындай  археологиялык ескерткіштердің  мол табылуына  байланы- 
сты А.Н.Бернштам  «патша сақтары  мен  үйсіндер» Жетісуды  мекен- 
деген деп қорытынды жасайды.
Б.з.б.  V  ғасырға  жататын  Бесшатыр  қорымының  тянь-шань 
қарағайлары  бөренелерінен  тұрғызылған  ірі  жерлеу  құрылыстары 
тамаша сақталган  күйінде табылды,  олар Орта Азия  мен  Қазақстан 
аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет енерінің 
бірегей ескерткіштері.
Іле  Алатауының  солтүстік  беткейіндегі  үлкен  қорымға  енетін 
«Есік»  обасындағы  ақсүйек  сақтың  қабірі  жерлеу  ғүрпының 
байлығымен  кайран  қалдырады.  Оның  басынан  аяғына  дейінгі 
киімдері  алтыннан  жасалған  4000-ға  жуық  қаптырма  мен  қалақша 
аркылы  эшекейленген,  олардың  көпшілігі  скиф-сак  кезіндегі  «аң» 
стилінде  жасалған.  Есік  клбірінен  табылған  күміс  тостағанның 
маңызы  ерекше,  оның түбіндегі  26  таңбадан  тұратын  жазу, тегінде, 
эліпбилік жазба болуы  ыктимал.
Б.з.д.  I  мыңжылдықтың басы сак коғамындағы  рулык қауымның 
ыдырап,  элеуметтік  күрылымның  калыптасу  үрдісінің  жаңа  си- 
патымен  ерекшеленеді.  Археологиялық  деректер  жекеменшік,  ал 
кейіннен  отбасылык  меншік  түрінің  шыққанын  айқын  байқатады. 
Сак заманының қоғамдық қүрылымын;  шагын туыс отбасылар тобы 
Оіатронимия)  -  яғни, кешпелі кауым-тайпалар одағы деп атауға бо-
лады. Вүл күрылымныңпатронимиядепаталі аитөменгіүясыөрбіген
үлкен  патриархаттык-рулык элеуеттің  үлкейіп, табиги  бөіппсктснуі 
нэтижесінде  кұрылды.  Ол  беліністер  эулет  басшысының  есімімен 
аталды.  Ал  қо^амның  жіктеліп,  байлар  мен  ксдейлерге  белінуі 
сак  коғамында  мүлік  теңсіздігінің,  яғни,  элеуметтік  теңсіздіктің 
болғанының дэлелі  болып табылады.
Сак  коғамында  халыктың  үш  тобы  болған.  Олар;  жауынгерлер, 
абызлар,  қауымпіыл  сактар.  Осы жіктердің эркайсысының езіне тэн 
дэстүрлі  түсі  болган.  Жауыніерлерге 
кызыл  жэпе  сары-қызыл, 
абыздарға 
ақ, қауымшыл сактарға 
сары  мен  кек түстер тэн еді. 
Сонымен  катар,  абыздардың  белгісі  —  қүрбан  табак  пен  айрықша
бас киім болды. Сак кесемдері мен патшалары жауынгерлср тобынан 
сайланған.  Гіатшалардың  белгісі  жебелі  садак  болды.  Сақ  эйелдері 
коғамдык өмірдің барлық салаларына, тіпті  соғыс  шайқасгарына да 
ерлермен  бірдей  катынасып, ерлік  керсетіп отырған.
24

Б.з.д.  VI—V  гасырлардың  өзінде-ак  сактардыц  коғамдык 
кұрылысыныи  сол  заманғы  прогрестің  неғұрлым  жоғаргы  сатысы- 
на кетерілгендігін, оган экономикалык жэне саяси алгышарттардың 
болғандығын  керсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет