Микркезз алматы



Pdf көрінісі
бет24/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

т а л а н а д ы  
деген есеппен 
ж а ң а  
ет еткізу жүйесін белгілейді.  Алайда,
бүл  негізінен  колхоздарды  күштеп  малдың үстауға тиімсіз түрлерін 
дамытуға  итермелеген  шаралар  болды.  Колхоздардың  еріктілігі
шектелді,  әкімшілік баскару жүйесі  одан  эрі  күш алды.
251

Сонымен,  Кеңес  үкіметінің  ауыл  шаруашылығын  социалистік 
жолмен  кайта  кұру  жолында  жүргізген  шаралары  тиімді  нәтиже 
бермеді.  Керісінше, бүл реформалар шаруалардың еңбекке деген ын- 
тасын  жойды.  Соған  карамай  большевиктер  ауыл  шаруашылығын 
социалистік  жолмен  алға  қарай  дамыту  максатында  ылғи  эртүрлі 
жаңа шаралар жүргізіп отырды.
4.  Қоғамдық-саяси  өмір
Өлкенің  қоғамдық-саяси  еміріне  бағыт-бағдар  берген  бірінші 
бүкілқазақтык  партия  конференциясы  1921  ж.  маусымда  болды. 
Ол  елдегі  экономикалық  жағдаймен  қатар  қоғамдық-саяси  емірдің 
мэселелерін  қарастырып,  ауылда  социалистік  қүрлысты  жүзеге 
асыруды  міндеттеді.  Осы  міндетті  жүзеге  асыру  үшін  ең  алдымен 
кеңестердіқүрумэселесінқолғаалды. 1921 жылы ҚазақстанОрталық 
Атқару  Комитеті  кеңестерге  сайлау  ережесін  бекітті.  Осы  ереже 
бойынша  селолық,  ауылдық  жэне  қалалық  кеңес  депутаттарының 
мерзімі  6  ай  болды.  Губерниялық,  уездік  жэне  болыстық  атқару 
комитеттері 6 айға, ал ҚОАК-ті —   1  жылға сайланды.  Кеңестердегі 
халық екілдерінің  нормаларын  кебейтті.  150 түрғындары  бар ауыл- 
дарда кеңестер қүрылды, яғни 50 түрғынға бір депутат сэйкес келді. 
Бүрын  кеңестер 300 түрғындары  бар ауылдарда қүрылуға тиіс еді.
Республикадағы  Кеңес  үкіметін  қүру  үрдісі  өте  қиын  жағдайда 
жүрді.  Большевиктер  үшін  капиталистік  елдер  қоршауында  түрып 
социализмді  экономикасы  артта  қалған  елде  жүзеге  асыру  өте 
күрделі  болды.  Сонымен  қатар  социализм  идеясы  қазақ  қоғамына 
жат  еді.  Соған  қарамай  Кеңес  үкіметі  түтас  Ресей  аумағындағы 
халықтарды  біріктіруге  күш  салды.  Ресейдегі  халықтарды біріктіру 
мэселесі  партияның Орталық комитетінде талқыланды.  Бүл  мэселе 
бойынша  екі  пікір  болды.  Сталин  «автономизация»  идеясын 
үсынды,  яғни  барлық үлттарды,  барлық  кеңестік  республикаларды 
РКФСР қүрамына автономия қүқында ендіру. Ленин кеңестік респу- 
бликалар  одағын  қүруды  үсынды.  1922  жылы  Орталык  комитеттің 
казан  пленумында  Украина,  Белоруссия,  Закавказ  республикала- 
ры  жэне  РКФСР  арасында  КСРО  қүру  женінде  келісім  жасау  қажет 
деп  қаулы  қабылдады.  1922  жылы  30 желтоқсанда  Мэскеуде  КСРО 
Кеңестерінің  бірінші  съезі  болды.  Съезд  КСРО  қүрылғандығы  ту- 
ралы  декларацияны  жэне  одактық  келісімді  қабылдады.  Съезд  ең 
жоғарғы заң шығарушы орган КСРО ОАК сайлады. Қазақстан  КСРО
252

құрамына  РКФСР  құрамындағы  автономиялық  республика  болып 
енді.
Алайда,  республиканың  қоғамдық-саяси  өміріндегі  толғағы 
жеткен  мэселелерді 
шеше  алатын,  жергілікті  халыққа  түсінікті 
жэне де жақын  кеңестік  мемлекеттік аппарат құру өте қиын  болды. 
Жаңа  кеңестік  экімшілік  аппаратына  жұмысқа  тартуға  жарайтын, 
жергілікті  халық  арасынан  шыққан,  даярлығы  бар  адамдар  өте  аз 
болды. Әкімшілік орындарындағы еуропалықұлт екілдерінің көбісі 
шовинистік  пиғылдағы  қызметкерлер  болды.  Олар  жаңа  биліктің 
жергілікті  халықтың  талап-тілегіне,  мұң-мұқтажына  сай  жұмыс 
істеуін қамтамасыз етпеді.
Кеңес  үкіметі  экімшілік  басқару  орындарын  жергіліктендіру  — 
қазақтандыру  саясатын  жүзеге  асыруды  қолға  алды.  Алғашқы  кез- 
де  Кеңес  үкіметі  амалсыздан  Алаш  зиялыларын  өлкедегі  кеңестік 
қызметтерге  пайдалануға  мэжбүр  болды.  Себебі,  казақ  зиялы 
қауымының  басым  бөлігі  алашордалықтар  болды.  Сондықтан  да 
большевиктердің  бұрынғы  партиялылығы  мен  саяси  белсенділігін 
есепке ала отырып, көптеген  зиялыларды  жұмысқа тартуына тура 
келді.
Кеңес үкіметінін алғашқы жылдарында жергіліктендіру шарала- 
ры  кеңес  жэне  партия  аппараттарында  қазактардың  үлесін  көбейту 
түрінде  көрініс берді. Алайда, Қазақстанға Ф. Голощекиннің басшы 
болып  келуіне  байланысты  оның  сипаты  өзгерді.  Ол  жергіліктен- 
діруді  бұрын  едэуір  аукым  алып  келген  казақ  ұлтының  өкілділігі 
туралы  мэселенің  орнына  қазак  бұкарасының  өзін  кеңестендіру 
мэселесіне  айналдырды.  Яғни,  Қазакстанның  жаңа  басшысы 
қазақтандыру  саясатын  ұлттык  мэнінен  біржолата  айырып,  оны 
таптык арнадағы  кеңестендіру  шараларына қосып жіберді.
Қазақ  АКСР-нің  ОАК-ті  казақ  жэне  орыс  тілдерін  пайдалану 
тэртібі  туралы  декрет  кабылдады.  Декретте  кеңес  үкіметінің  заң 
кұжаттарын  екі  тілде  жариялау,  жоғарыдан  төменге дейін  екі  тілде 
қатынас жасау міндеттері белгіленді. Осыған орай Қазақстан өкіметі 
барлық  халық  комиссарлары  мен  ҚОАК-нің  мүшелеріне  қазақ 
тілін  жедел  игеруге  кірісуді  ұсынды.  1923  жылы  22  карашада  “Іс 
қағаздарын  қазак тілінде жүргізу туралы” жаңа декрет қабылданып, 
барлық  облыстар  мен  кейбір  уездерде  1924  жылдың  1  қаңтарынан 
іс-қағаздарын  қазақ тілінде жүргізуді ұсынды.  Бұл  науқан  көптеген 
жерлерде казақтардың орыс тілінен мүлде хабарсыздығынан, ал пар- 
тия жэне кеңес қызметіндегі еуропалық ұлт өкілдерінің қазақтардан 
мүлде  оқшауланып  қалғандығынан,  Кеңес  үкіметінің  амалсыздан
253

жүргізген  шарасы  еді.  ҚОАК-ті  мен  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 
қаулысымен іс  қағаздарын  қазақ тілінде жүргізуге қөшірудің соңғы 
мерзімі  1927 жылдың  1  қазаны болып белгіленді.
Кеңес  үкіметі  өлқеде  сауатсыздықты  жою,  яғни  өлке  түрғын- 
дарының сауатын ашу мэселесін көтерді. Әсіресе, ол үкіметтің  1929
жылы “Сауатсыздықты жою женіндегі жұмыс туралы” қаулысынан 
кейін  кең  өрістеді.  Алайда,  сауатсыздықты  жою  шаралары  қаржы 
тапшылығы,  мұғалімдердің,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының 
жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.
Жастарға  білім  беруді  жақсарту  үшін  мектептер  ашу  ісі  қолға 
алынды.  1928/29  оқу  жылында  4397  бастауыш,  142  жетіжылдық, 
29  екінші  сатыдағы  мектептер  жұмыс  істеді.  Білім  беру  саласын- 
да  ұлттық  мектептер  жүйесі  қалыптаса  бастады.  1927  жылы  қазақ 
мектептерінің  саны  1600  болды.  Алайда  осы  мектептердің  ішінде 
мектеп  үйі  барлар  саны  40-қа  эзер  жетті.  VI  партия  конферен- 
ңиясында  мектептердің  көбі  тек  қағаз  жүзінде  екені,  ауылдағы 
мектептердің  үйі  жоқ,  үйі  болса  орындықтары  жоқ,  орындықтары 
болса  оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мек- 
теп жасындағы  балаларды  оқуға тарту жұмыстары  жүргізілді.  1935 
жылы мектеп жасындағы балалардың  91% оқуға тартылды.  1935/36 
оқу жылында алғаш рет  11  казақ баласы орта мектепті бітірді.
Кеңес үкіметі  Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен 
де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері:  1922 жылы 
Денсаулық халкомының  қасынан  өлкелік химия-бактериологиялық 
лабораториясы,  1924  жылы  —   өлкелік  өсімдікті  қорғау  станциясы,
1925  жылы  —   санитарлық-бактериологиялық  институты  ашыл-
ды.  1932  жылы  Қазақстанда  12  ғылыми-зерттеу  институттары,
15  тәжірибе  станңиялары,  186  лабораториялар  мен  т.б.  ғылыми 
орталықтар  жұмыс  істеді.  Осы  кезде  КСРО  ҒА-ның  қазақстандық 
базасы  кұрылып,  1938  жылы  КСРО  ҒА-ның  филиалына  айналды. 
Геология  және  биология  ғылымдарының  нэтижелері  бүкілодақтық
келемде танымал болды.
20— 30  жылдары  Ж.Аймауытов,  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,
Ш.Құдайбердиев  шығармалары  кең  көлемде  пайдаланылды.  Ақын 
М.Жұмабаевты  замандастары  ете  жоғары  бағалаған.  Оның  поэзия- 
сы өзінің нэзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы 
мен  сұлулығын  терең  меңгергендігімен  ерекшеленді.  М.Жұмабаев 
өзінін шығаомаларында жалпы  адамзаттық құндылықтарды, езінің
жеріне, еліне деген  сүйіспеншілікті  жырлады
254

Кеңес  үкіметі  ұлттық  эдебиеттің  орнына  кеңестік  эдебиет  пен 
өнердін  калыптасуына  жағдай  жасады.  Осы  кезде  социалистік 
эдебиеттің  негізі  каланды.  С.Сеііфуллин,  С.Торайғыров,  Б.Майлин, 
И.Жансүгіров,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов,  Т.Жароков, 
Ғ.Орманов  жэне  т.б.  кеңестік  қазақ  прозасы  мен  поэзиясының
көрнекті екілдері қалыптасты.
1926  жылы  кәсіби  театр  өнерінің  алғашқы  қарлығашы  қазақ
драма  театры  ашылды. 
Оны  Ә.Қашаубаев,  Қ.Қуанышбаев, 
С.Қожамқұлов,  Е.Әмірзақов,  Қ.Жандарбеков  сияқты,  кейін  қазақ 
театр  өнерінің  майталмандары  болғандар  ұйымдастырды.  Әнші 
Ә.Қашаубаев  Париж,  Франкфурт-на-Майне  сияқты  Еуропаның 
ірі  қалаларының  концерт  залдарында  өз  енерін  керсетті.  Соғыс 
қарсаңында  республикада  қазақ  мемлекеттік  академиялық  дра- 
ма  театры,  республикалық  орыс  драма  театры,  қазақ  мемлекеттік 
опера жэне балет театры, ұлт аспаптар  оркестрі,  симфониялық ор- 
кестр, республикалық  қуыршақ театры  жұмыс  істеді.
Алайда,  Кеңес  үкіметі  таптық  мүддені  ұлттық  мүддеден 
жоғары  қойды.  Жалпы  мэдениетті  екіге  белді;  буржуазиялық жэне 
пролетарлық.  Сондыктан да қазақ халқының қалыптасқан дэстүрлі 
мэдени  мұралары,  ескі  феодалдык  құрылыстың  қалцықтары  деп, 
ұлттық санадан  аластатылды.  Сонымен бірге халықтың тарихи  са- 
насын  жоюға  бағытталған  шараның  бірі  20-  жылдардың  аяғында 
ғасырлар  бойы  пайдаланып  келген  араб  алфавитін  латынға  ауы- 
стыру, сосын оны  1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның 
нэтижесінде  бір  ұрпақтың  ғана  ғұмырында  қазақтар  езінің тел  жа- 
зуымен дүниеге келген ұлттық рухани мэдениеттің жетістіктерінен 
айырылды.  Бұл  жүргізілген  шаралардың  бэрі  де 
большевиктік 
тэртіптің күшейгенін,  экімшіл-эміршіл жүйенің толық орныққанын
керсетеді.
Большевиктер  партиясы  демократиялық  мемлекет  құрамыз,  ұлт 
мэселесін  ұлттардың  езін-езі  билеу  принциптерімен  шешеміз  деп 
көлгірсігенімен,  шын  мәнінде,  олар  партияның  ықпалын  артты- 
ра  отырып,  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет  кұрды.  Большевик- 
тер  кұрған  қазақ  автономиясы  дербес  автономиялық  республика 
атанғанымен,  Ресейдің  белінбес  белшегі  болды.  Өлкені  басқару 
мэселесі  жергілікті  ұлт  екілдерінің  қолына толық  берілмеді.  Шын
мэнінде, бұл  Қазақстанды  кеңестік саяси отарлау  еді.
Большевиктердің  ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын
ашық  айыптап,  оның  бет  пердесін  айқындаған  М.  Шоқай  болды. 
Ол  XX  ғасырдағы  қазақ  саяси  эмиграциясының  тарихын  бастау-
255

шы  болды.  Эмиграция  сөзінің мағынасы  экономикалық, саяси  жэне 
діни себептерге байланысты  өз еркімен  немесе  еріксіз басқа мемле- 
кетке қоныс аударуды керсетеді. Түркістан саяси эмиграциясы тари- 
хи  көрініс ретінде  1917  жылғы  Ресейдегі  революциялык сілкіністер 
нэтижесінде  пайда  болды.  Қоқан  автономиясы  қуылған  соң  М.
Шоқай
“Дни”,  “По-
следние  новости“  газеттерінде  Түркістандағы  ішкі  саяси  жағдайға 
талдау  жасаған  мақалаларын  жариялайды.  1929— 39  жылдары  ол 
“Яш Туркестан“ журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның 
беттерінде  кеңестік  Түркістан  мен дүние жүзіндегі  оқиғаларға кең
сыни талдау жасаиды.
Большевиктердің  елде  кеңес  үкіметін  орнату  жолдары  мен  элеу- 
меттік саладағы социал истік қайта кұру саясаты қазақ зиял ы ларының 
карсылығын туғызды. Алайда, осы социалистік қайта құру саясатын 
жүзеге  асыру үшін белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде 
талқылап,  олардың дүрыс-бұрыстығын анықтаудың орнына партия 
басшылары,  ез  кезқарастарын  білдірген  казақ  партия  жэне  кеңес 
қайраткерлерін  айыптады.  Өлкедегі  жалпы  большевиктік  айыптау 
жэне  қуғындау  саясатының  ең  алғашқысы  түрікшілдікті  айып- 
тау  болды.  1920  жылдың  20— 26  қаңтарында  Ташкент  қаласында 
Түркістан  коммунистік  партиясының  конференциясы  өтеді.  Онда 
мүсылмандар бюросының төрағасы  Т.Рысқүлов “¥ л т  мэселесі  жэне 
үлттық  коммунистік  секциялар”  туралы  баяндама  жасады.  Онда 
Түркістан  республикасында  Ресейден  түбірлі  айырмашылығы  бар 
үлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік  саяси үйым күру 
қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқүлов үсынысымен 
жаңа  саяси үйымды  “Түрік халықтарының  коммунистік  партиясы” 
деп  атауға  шешім  қабылдады.  Т.  Рыскүловтың түрікшілдік  идеяны 
жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мүсбюроның төтенше 111 конфе- 
ренциясында  (1920  жылы  25  қаңтар)  “Түркістан  автономиялылығы 
туралы” тезистерін  қабылдау  болды.  Т.  Рысқүловтың  Түрік  респу- 
бликасын  қүру  туралы  идеясы  келешектегі  түрік  мемлекеттерінің 
конфедерациясын  қүруға  апаратын  жол  еді.  1917  жылы  Түркістан 
(Қоқан)  автономиясын  үйымдастырған  Мүстафа  Шоқайдың  арма- 
ны  да  осындай  конфедерациялық  мемлекет  қүру  еді.  Алайда,  боль- 
шевиктер Т.Рысқүловтың “Түрік республикасын  қүру” туралы  иде-
ясына карсы  шығып, ұлтшыл деп аиыптады.
Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау ай- 
дарлары “ұлтшылдықпен” шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байла* 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет