Микркезз алматы


  Қазақстан  ауіиағындағы  мемлекеттік бірлестіктер



жүктеу 22.67 Mb.
Pdf просмотр
бет3/24
Дата02.01.2017
өлшемі22.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2.  Қазақстан  ауіиағындағы  мемлекеттік бірлестіктер
Б.з.б.  I  мыңжылдыкта  казіргі  Монголияның  оңтүстігіндегі  Ор-
достан  Каспийге дейінгі  Орталык Азияның ұлан-байтак  кеністігін
шығу  тегі  мен  этникалык  құрамы  жағынан  эртүрлі  таипалардың 
мекендегені  белгілі.  Шаруашылыктың  біртіндеп  даму  барысы, 
тұрмыстың  біршама  ортак  болуы,  этникалык  жакындық  пен  түрлі 
саяси  фактордың  эсері  Орталық  Азияда  ертедегі  ірі  тайпалық 
бірлестіктердің  қүрылуына  негіз  болды.  Олардың уақыты  жағынан 
алғашқылары  саналатыны  хунну  (гүндар)  еді.  Б.з.д.  III  ғасырдың 
аяғында қытай деректерінде кездесетін сюнну немесе хунну (ғүндар) 
эртүрлі  тайпаларды  біріктірген.  Ғүндар  туралы  мэліметтерді 
негізінен  қытай  жазбаларынан  аламыз.  Олар  Тынық  мүхиты  мен 
Солтүстік  Қытай,  Алтай  мен Жетісуға дейінгі  аумақга, ал  кейіннен 
одан  эрі  батысқа  да  таралып  отырған  саяси  қүрылым  болып  табы- 
лады.  Ғүңдар  24 руға бөлінген.  Әрбір рудың  көшіп  жүретін  өз жері 
болды.
Ғүндардың  жоғарғы  билеушілері  қытай  деректерінде  “шаньюй 
деп  аталған.  Б.з.д.  III  ғасырдың  соңына  қарай  ғүндар  бірігіп  эскер 
түзеп,  өздерінің  мемлекетін  қүрды.  Оларды  бір  одаққа  біріктіру 
эйгілі  Мөде  шаньюйдің есімімен  байланысты.  Ғүндар қытайлармен 
көп  соғысты.  Б.з.д.  3  ғасырда  ғүндар  шабуылының  күшейгені 
соншалык,  қытай  императорын  ¥лы   қорғанды  түрғызуға  мэжбүр 
етті.  Б.з.д.  209  жылы  ғүн  тайпаларын  Мөде  шаньюй  басқарып,  ол 
билік  күрған  алғашқы жылдардың езінде-ақ Қытайдың шекаралық 
аудандарына  жорықтар  жасап,  күйрете  соққы  берді.  Кескілескен 
күресте  Мөде  бастаған  ғүндар  өздерінен  эскери-саяси  қуаты  ба- 
сым  Хань  эулетін  ғүндардың  Ордостағы  көшіп-қонатын  жерлеріне 
көз  тігуінен  бас  тартуға  мэжбүр  етті.  Хань  императоры  Гаоцзу 
Мөде  шаньюйдың алдында бас  иіп, онымен “өзара тыныштық жэне 
туыстык туралы шартқа” қол қояды. Бүл шарт бойынша Хань импе- 
раторы шаньюйге өзінің ханшасын эйелдікке беріп жэне жыл сайын 
салык төлеп түруға міндеттеледі.
Мөде бастаған ғүндар кейін шығыстағы  “шығыс ху” тайпаларын 
бағындырады,  ал  оның  қүрамына  Керулен  жэне  Онон  өзенінің  ал-
25

қаптарында  мекендеген  сяньби  жэне  ухуань  тайпалары  кіретін  еді. 
Одан  соң  ғұндар  батыстағы  юечжи  тайпаларына  жорыктар  жасай- 
ды. Бұл кезеңде казіргі Кореядан Тибетке жэне Шыгыс Түркістаннан 
Хуанхэнің  орта  ағысына  дейінгі  кең  аумақ  гұндардың  кол  астына 
етеді,  ал  солтүстікте  гұн  конфедерациясына  кірген  тайпалардың
мекені  Байкалга дейінгі  аумакты алып жатқан  еді.
Ертедегі  деректерге  қараганда  ғұндар  Саян-Алтай  тайпалары- 
на  жорықтар  жасаган.  Б.з.д.  201  жылы  сюннулердің  солтүстік  жэне 
солтүстік-батысқа  қарай  жорықтарын  жалғастырып,  Хуньюй,  Цюй- 
шэ,  Динлин,  Гэкунь  және  Синьли  елдерін  бағындырған.  Олардың 
аумағы  батысында  Кем  (Енисей)  өзенінен  Іле  өзенінің  алқабына
дейінгі жерлерді алып жатты.
Б. 
3
.  д.  201  жылғы  жорықта гұндар  Алтай  өңірін  мекендеген тай-
паларды түгелдей дерлік бағындырды.  Одан  кейінгі жылдарда олар 
батыста да белсенді эрекет жасайды.  Б. з. б.  177 жылы Меде шаньюй 
кершілеріне  қарсы  эрекет  жасамақ  болды  деген  сылтаумен  өзінің 
батыстағы  иеліктерінің  би^іеушілерін  юечжилерге  қарсы  жорыққа 
аттандырады.  Ғұндардың  атты  эскерлері  Чжанье-Ганбчжоу  ауда- 
ны  маңында  юечжилерді  жеңіп,  қалыптасып  жатқан  бірлестігінің 
төңірегіндегі  бірнеше  иелікті  бағындырады.  Бұл  жөнінде  шаньюй 
былай  дейді:  “Аспанның  рахымымен  жауынгерлер  аман,  ал  ат- 
тар  мықты  шықты:  олар  юечжилерді  жойып,  жуасытты;  семсердің 
ұшына  іліп  немесе  бағьшдырып,  өз  билігін  нығайтты.  Лоулань, 
Үйсін,  Хуңзе  жэне  оларға  шектес  36  иелік  (князьдік)  сюннулерге 
каратылды. Олардың бэрі сюннулердің армиясына кіріп, бір эулетке
айналды”.
Ғұндар  бірлестігіне  шығу тегі  эртүрлі  тайпалар  мен  этникалық- 
саяси  құрылымдар  кірген.  Конфедерацияның  қоғамдық-саяси 
еміріне  бір  орталықтандырылған  билікке  бағынғысы  келмейтін 
қүштер  мен  ұланғайыр  аумақта  орналасқан  иеліктер  арасында 
тығыз  саяси  жэне  экономикалық  байланыстардың  болмауы  қатты 
эсер етті.
Б. 
3
.  д.  I  ғасырдың  ортасында  ғұн  қоғамы  езінің  вассалдық 
иеліктерінен  айрылумен  қатар  бұрынғы  бірлестіқ  құрамында 
болған  гұндар  б.з.д.  55  жылы  оңтүстік  жэне  солтүстік  болып  екіге 
белінді.  Оңтүстік белігін Хуханье шаньюй, солтүстік белігін Чжич- 
жи  шаньюй  басқарды.  Оңтүстіктегілер  Ордос  аумағында  мекендеп 
қалды  да,  солтүстіктегілер  ез  тайпаларының  қысымына  шыдамай 
Саян  мен Байкал  еңіріне ығысып, яғни солтүстік пен батысқа қарай 
қоныс  аударды.
26

Б. 
3
.  д.  49  жылы  Чжичжи  Хань  империясының  боданына  айнал- 
ған  оңтүстік  ғұндардың  жерін  басып  алуға,  сол  арқылы  бірлікті 
кайта  орнатуға  эрекет  жасады.  Бірақ  оның  бұл  эрекетінен  нәтиже 
шыкпады.  Өз  күші  жетпеген  соң  үйсін  күнбиінен  көмек  сүрайды, 
бірақ үйсін  күнбиі  оған  көмек  беруден  бас тартады.  Осыдан  кейін 
одактассыз қалған солтүстік ғүндар оңтүстік ғүндардың жерінен ке-
туге мәжбүр болады.
Солтүстік  ғүндардың  билеушісі  Чжичжи  шаньюй  солтүстік-
батыс  Моңғолиядағы  Қырғыз-Нүр  көліне  таяу  жерде  ез  ордасын
орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жа-
сап  түрады.  Сөйтіп,  б.з.д.  I  ғасырдың  екінші  жартысында  Чжичжи
бастаған  ғүндар  Қазакстанның  Жетісу  аймағына  алғаш  рет  көшіп
келе бастады.
Ғүндардың  батысқа  карай  қоныс  аударуының  екінші  толқыны 
б.з.  93  жылы  басталады.  Олар  Сырдария  бойы  мен  Арал  өңіріне, 
Орталық  жэне  Батыс  Қазақстан  аймақтарына  барып  енеді.  Б.з.  IV 
ғасырында  ғүндар  Еуропаға  дейін  жетеді.  Ғүндардың  Батысқа 
жорығы  Халықтардың  үлы  қоныс  аударуының  басталуына  түрткі 
болды.  Олар  Шығыс  Рим империясының жеріне  шапқыншылыктар
жасайды.  Әсіресе,  V  ғ.  басында  Ругила  патшалык  қүрып  түрған
кезде  Рим  мемлекетіне  шабуылы  күшейеді,  Дунай  жағалауындағы 
римнің  иеліктерін  жаулап  алады.  Паннония  (қазіргі  Венгрия 
аумағы) жерінде жаңа мемлекет —  Батыс ғүн империясы қүрылады. 
Ғүндар  Рим  империясына  үлкен  қауіп  туғызады.  433  жылы  Руги- 
ла  қайтыс  болғаннан  кейін  мемлекет  билігі  іс  жүзінде  Аттиланың 
(Еділ  батыр)  қолына  көшеді.  Ол  453  жылы  қайтыс  болғанға  дейін 
Еуропаның  көптеген халықтарын  өзіне бағындырып,  бүкіл  Еуропа- 
ны дүр сілкіндірді. Бірак Аттила өлгеннен кейін Батыс ғүн империя-
сы  ыдырап кетті.
Ғүндардың  өмірінде  көшпелі  мал  шаруашылығы  басты  рөл
атқарады.  Жылқы  өсіріп,  ат  баптауды  жетік  меңгерген.  Ғүндардың
ішінде  отырыкшы  түрмыс  кешіп,  егіншілікпен  шүғылданғандары
да  болған.  Дэнді  дақылдың  ішінде  тарыны  көп  өсірген.  Ғүндар
өмірінде аңш ылықта үлкен орын алған. Қолөнері мен бейнелеу өнері
жоғары  деңгейде  болды.  Зергерлік  өнердегі  полихромдық  стильді
дүниеге  экелген.  Көк  тэңіріне  табынып,  ата-баба  рухына  сиынған.
Өздерінің дэстүрлі  күқық жүйесін  қалыптастырған.
Ғүндар 
қоғамында 
патриархалды-рулық 
қарым-қатынастар
күшті  болған.  Елді  шексіз  билік  иесі  —   шаньюй  басқарган,  оның
жақын туыстары түменбасы лауазымын иеленді. Деректср ғүндарда
27
і

малға  жэне  жерге  де  жекеменшік  болғанын  білдіреді.  Ер  азамат- 
тардың  барлығы  дерлік  катардағы  жауынгер  саналған.  Ғұн  эскері- 
нің  негізін  атты  эскер  құрады.  Олардың  жауынгерлік  құдіретінен 
сескенген кытайлықтар ¥лы  Қытай қорғанын салдырған.  Сонымен, 
қорыта  келгенде,  ғұндар  —   бастапқы  кезде  Орталық  Азияда  пай- 
да  болған  ежелгі  дэуірдегі  тайпалар  одағы,  түркі  халықтарының 
арғы  тегі.  Бұл  тайпалардың  бір  бөлігі  қазақ  халқының  құрамына 
қосылып, қазақ халқын калыптастыруға елеулі үлес қосты.
Үйсін  мемлекеті.  Б.з.д.  II  —   б.з.  VI  ғасырларда  Қазақстан 
аумағында  мекендеп 
мемлекеттік  дэрежеге  кетерілген  кене 
тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Үйсін —  қазак 
халқының  қалыптасуына  негіз  болған  ежелгі  түркі  тайпаларының 
бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. II ғасырдан бастап 
кездеседі.  Жетісу  үйсіндерінің  шығу  тегіне  келетін  болсақ  кейбір 
ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін 
дэлелдеп,  оларды  Тянь-Шань  жэне  Шығыс  Түркістан  тармағы  деп 
бөледі.  Белгілі  антрополог  О.  Смағұлұлының  дэлелдеуінше  үйсін 
антропологиялық  типінің  морфологиялық  құрылыстары  нэсілдік 
жағынан  сақ  дэуірінде  емір  сүрген  тайпаларға  өте  жақын.  Демек, 
үйсіндерді  сақ  тайпаларының  тікелей  ұрпақтары  деп  тұжырымдау 
орынды.
Белгілі  қытайтанушы  тарихшы-ғалым  Н.  Мұқаметқанұлы: 
“Үйсін  мемлекеті  дегеніміз  —   үйсін  тайпалар  одағынан  құрылған 
Қазақстан  аумағында  б.з.д.  II  —   б.з.  VI  ғасырларда  омір  сүрген 
байырғы  мемлекеттердің  бірі.  Байырғы  үйсіндер,  Үйсін  мемлекеті 
бізге  қытай  жылнамаларының  орысша  аудармасы  арқылы  “Усунь” 
деген  атпен  белгілі  болған.  Үйсін  мемлекеті  жөнінде  жазылған  та- 
рихи  деректер  мол,  қазылған  археологиялық  мұралар  кеп,  зерттеу 
еңбектері  де  аз  емес”...  Аталмыш  “Үйсін”  деген  этноним  ең  алғаш 
қытай  тарихшысы  Сы  Мачянь  (Сыма  Цянь)  жазған  “Тарихнама  —
Ши  цзы.  Хұндар тарауында  хатталған  ,—  деп  керсетеді.
Үйсін  мемлекетінің  негізгі  аумағы  қазіргі  Қазақстанның  Жетісу 
елкесі, Шу, Талас еңірі, Ыстықкел аумағы жэне Қытайдың Іле аймағы 
болды.  Шекаралары  батысында  Шу  мен  Талас  өзені,  шығысында 
Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш келіне, 
оңтүстігінде  Ыстыккелге  дейінгі  аумақты  алып  жатты.  Үйсін 
мемлекеті  батысында  қаңлылармен,  шығысында  ғұндармен,  ал 
оңтүстігінде  Ферғанамен  шектесіп  жатты.  Қытай  жазба  деректері 
бойынша  Үйсін  мемлекетінің  астанасы  Чигу-Чэн  (Қызыл  аңғар) 
қаласы болған.  Ол  Ыстық келдің жағасында орналасқан.
28

Ғұндардың  күшеюінен  қорыкқан  қытай  үкіметі  өзіне  одақтас 
іздеп,  батыс  елдеріне  елшілік  жіберді.  Қытай  елшісі  келген  кезде 
үйсіндер  Қытаймен  жэне  ғүндармен  терезесі  тен  куатты  мемлекет 
болды.
Үйсіндер  мен  Үйсін  мемлекеті  жайлы  жазылған  қытай  дерек- 
теріндегі  мәліметтерге  қарағанда  —   үйсіндердің  120  мың  түтіні, 
630 мың адамы,  188 мың 800 эскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы 
билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі кұрылғаннан бастап, 
оның  бүкіл  елді  басқаратын  үкіметтік  үйымы  болды.  Әлеуметтік 
катынастар  заңдар  арқылы  реттелді,  күшті,  ұйымдасқаң  эскері  бо- 
лып, қытайлар үшін «Батыс олкедегі ең күшті мемлекет» саналды.
Үйсін  қоғамы  біртекті  болмаған,  онда  байлары  —   тайпа  мен 
ру  дэулеттілері,  жасауылдар  мен  абыздар  жэне  катардағы  бұқара
—   малшылар  мен  егіншілер  болған.  Үйсіндер  қоғамында  кұлдар 
да  болған,  олар  негізінен  соғыс  тұтқындарынан  құралды  және  үй 
шаруашылығында пайдаланылды.
Үйсін  коғамында  мүліктік  жэне  элеуметтік  теңсіздік,  малға 
жеке  меншік  болды.  Әрбір  отбасы  ездерінің  малын  ажырататын  өз 
таңбаларын  салды.  Жер  иеленуге  де  жеке  меншік  болғанын  жаз- 
ба  деректер  мэлімдейді.  Үйсін  қоғамында  элеуметтік  теңсіздіктің 
болғанына  археологиялық  қазбалар  дэлел.  Жетісудың  көптеген 
қорғандарының көлемі эртүрлі —  үлкен, орташа жэне шағын болып 
келеді.
Үйсіндердің  шаруашылығы  мен  мәдениеті  жайындағы  деректер 
археологиялық қазбалардан  анықталып отыр.  Қытай жазбаларында 
үйсіндерді  көшпелілер  ретінде  сипаттайды.  Б.з.б.  105  жылы  үйсін 
күнбиіне  ұзатылған  Қытай  императорының  қызы  киізбен  қаптаған
дөңгелек үиде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін аитып, өлеңмен 
зарлы  хат  жазған.  Үйсіндердің  негізгі  шаруашылығы  —   мал 
шаруашылығы. Әсіресе, жылкы мен кой өсіру жақсы дамыды. Кейбір 
байлардың  4— 5  мың  жылкысы  болған.  Сонымен  қатар  егіншілік 
те  дамыған,  бау-бакша  өсірілген,  кейбір  қожалықтар  жартылай 
отырықшылық тіршілікке көшті.  Іле,  Шу, Талас өзендері алқабынан 
суландыру  жүйесінің  іздері  анықталды.  Обалардан  табылған  мәде- 
ни  мұралар қолөнер кэсібінің болғандығын да дэлелдейді.
Қарғалы  үңгірінен  табылған  диадема  (бас  киім)  б.з.д.  II— I  ғғ. 
емір  сүрген  үйсіндік  зергер-ұстаның  тамаша  туындысы.  Бұл 
ұзындығы  35  см.,  ені  5  см.  диадемада  аңдар,  жануарлар,  адамдар 
бейнеленген.  Ол  суреттер  үйсіндердің  наным-сенімдерін  білдіреді. 
Мысалы,  ондағы  пырақты  аттар  күннің  символы  болып  табылады.
29

Үйсін  шеберлері  алтын  эшекей  бұйымдарды  зерлеу  тэсілімен  жа- 
сады.  Археологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде  табылған  осын- 
дай  жэне  басқа  да  қолөнер  заттары  мен  бұйымдары  үйсін  онерінің
жоғары даму деңгейін көрсетеді.
Үйсін  мемлекетінің  Үлы  Жібек  жолының  бойында  орналасуы
оның көршілес  елдер, тайпалармен  (қытай, ғұн,  қаңлы, ұйғыр, қыр- 
ғыз және т.б.) саяси, экономикалық жэне мэдени байланыстарды да- 
мытуына  мүмкіндік  жасады.  Бастапқыда  Үйсін  мемлекеті  ғұндар- 
мен  қалыпты  қарым-қатынаста  болды.  Бірак  Хань  патшалығының 
ғұндарды  жеңіп,  батысқа  бет  алу  эрекеті  үйсіндерді  қытайлармен 
тығыз  байланыс  орнатуға  мэжбүр  етті.  Қытайлар  ғұндарға  карсы 
батыста  жатқан  елдерден  одақтастар  іздеуге  кірісті.  Қытай  им- 
ператоры  Уди  б.з.д.  138  жылы  үйсін  еліне  Чжан  Цянь  бастаған 
елшілік  жібереді.  Осыдан  кейін  екі  жақты  карым-катынастар 
етек  алып,  үйсіндер  Қытаймен  кең  дипломатиялық  жэне  туыстык 
қатынаста болған.  Қытайлар үйсіндермен құдаласып, күнбиге Хань 
патшалығының  ханшасын  эйелдікке  береді.  Әрине,  бұл  құдалық 
белгілі  саяси  мақсатты  кездеп,  хань  эулеті  үкіметі  мен  үйсіндер 
арасындағы  одақтастық  байланыстың  негізін  қалады.  Өз  кезегінде 
ғұндар да үйсіндермен  құдаласып,  күнбиге  өздерінің  қыздарын  бе- 
ріп  отырған.  Үйсін  мемлекеті  біртұтас  ел  ретінде  б.з.  VI  ғасыры- 
ның  ортасына  дейін  өмір  сүріп,  одан  соң  Түрік  қағанатының
құрамына енеді.
Қанлылар 
—  қазақ халқының  негізін  құраған  ежелгі  тайпалар- 
дың  бірі.  Олар  туралы  деректерді  негізінен  қытай  жазбаларынан 
аламыз.  Шығыстанушы Н. Аристов «қаңлылар —  ежелгі түркі руы» 
деп  көрсетеді.  В.Востров  олардың  ежелгі  тайпа  жэне  түркі  тілдес 
екенін  нақтылап  берді.  А.М.  Бернштамның  пікірінше  де  қаңлылар
түрік тілді  халық болған.
Қаңлы  мемлекеті  (б.з.д.  II  ғ.—  б.з.  V  ғ.)  —   Оңтүстік  Қазақстанда
құрылған  алғашқы  мемлекеттік  бірлестіктердің  бірі.  Қытай  де- 
ректері  бойынша  астанасы  Битянь  қаласы  болған.  Қаңлының 
билеушісіне  5  иелік  бағынышты  болды.  Кангюй  мемлекеті  мен 
оның  иеліктеріңің  орналасу  мэселелерінің  тарихы  И.Бичуриннен 
басталады,  ол  оның орналасқан  жерін  Сырдария  езенінің солтүстік 
жағындағы  далалар  деп  белгілеген.  «Шицзи»  мэтініне  «Давань  ту- 
ралы  хикаяда»  берген  түсініктемесінде  ол  «Кангюй  иелігі  қазіргі 
қазақтың  Ұлы  жүзі  мен  Орта  жүзі  кешіп  жүрген  Сырдарияның 
солтүстік  жағындағы  далаларды  алып  жатыр»  деп  атап  еткен. 
«Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы былай делінген:  «Кангюй
30

Даваниың  солтүстік-батысында  шамамен  алганда  2()()()  ли  жердс 
жатыр.  Бұл 
эдетте  20  000  зскері  бар  юечжиліктеріе  ұксайтын 
көіппелі  иелік.  Кангюй  Даваньмен  шектес  жэне  күшінін  а<  болуы- 
на  карай  оңтүстікте  юечжилердің  билігін,  шыгысында  гұндардың
билігін  ганиды».
Б.і.д.  II 
I  гғ.  қанлылар батыс  өнірдеп  белді  мемлекеттердің бірі
болды.  Үлкен  Хань эулетінің  келесі  хроникасы  «Цянь  Ханьшудың» 
«жерге  орналасуды  суреттеу»  деген  тарауында  кангюйге  арналган 
белім  бар,  онда  сөзбе-сөз  келтіргенде  былай  делінген:  «Кангюй 
билеушісі  Лоюень  елінде,  Уананнан  12  300  ли  жердегі  Битянь 
каласын  мекендейді.  Ол  наместникке  тәуелді  емес.  Әміршінің  жаз- 
да  болатын  жеріне  Лоюеннен  жеті  күнде  жетуге  болады...  Халкы 
120  000  отбасынан,  600  000  адамнан  тұрады;  эскер  саны  120  000 
адам. Әдет-ғұрпы  үлкен  юечжимен бірдей.  Кангюй  шығыс жағында 
ғұндарға бағынады...». Осы ғасырдың ортасына карай олардың орна- 
ласу  мэселелері  женінде  негізінен  екі  көзқарас:  1.  Кангюйлер  Таш- 
кент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос езен арасындағы  кең-байтак 
жерді  алып  жатты;  2.  Кангюй  иелігі  Сырдария  өзенінің  сағасынан 
Ташкентке  дейінгі  алқапта  шоғырланған,  ал  байырғы  жерлері  Са- 
рысу  езенінің  орта  ағысынан  сол  езен  мен  Шу  өзенінде,  ¥лытауға
дейін орналасқан деген  кезқарастар қалыптасты.
Алайда  кангюйлердің  байырғы  жерлері  Сырдарияның  орта 
ағысы  бойындағы  жерлер  болған.  А.Н.Бернштамның  пікірі  бойын- 
ша,  неғұрлым  ертедегі  тарихи  ескерткіштер  —  Авестада,  Махаб- 
харатада,  Пехлевилердің  бундахишні  мен  эпикалық  Шахнамада 
аңызға  айналдырылған  Кангха  нақ  осында  орналаскан.  Ол  ежелгі 
түріктердің  руналық  ескерткіштерінің  Кенгутарбант  елін  де  осын- 
да  орналасқан  деп  көрсетуді  ұсынған  еді.  Кейіннен  бұл  кезқарасты 
Қазақстан  зерттеушілері  мен  ежелгі  Орта  Азия  тарихының 
саласындағы  басқа  да  мамандар  негізге  алды.  С.Г.  Кляшторный 
мен Л.М.  Левинаның еңбектері  кангюйлердің орналасу  мэселелерін 
зерттеуге  қосылған  елеулі  үлес  болды.  Біріншісі  кангюйлер  тура- 
лы  жазбаша деректердегі  хабарларды  қорытып,  кангюй  жерлерінің 
орналасуы  женіндегі  негізгі  пікірлерге  сын  кезбен  талдау  жасады. 
Л.М.Левина сол кезге қарай жинақталған археологиялык деректерді 
жүйеге  келтіру  мен  корытуда  кеп  еңбек  етті.  Ол  кангюйлер 
заманындағы Сырдария алқабының негізгі үш мэдениетін сипаттап, 
оларды  кезеңдерге  бөлуді  ұсынды.  Жан-жақты  талдау  негізінде  ав- 
тор  езі  қарастырған  жетіасар,  отырар-қаратау,  қауыншы  мәдениеті 
кангюй  мемлекеті  тұрғындары  мэденнетінің  нұсқалары  болып  та- 
былады деген қорытындыға келді.
31

Сонымен,  Кангюйлер  Сырдария  өзенінің  орта  ағысының  сол- 
түстік  жағын  мекендеген  жэне  Кангха  мемлекетінш  ұиткысы  бол-
ған тайпалар одағы деп айтуға болады. 

•  ті
Егер б. 
3
.  б.  II  ғасырдың екінші  жартысында қытаи  елшісі Чжан-
Цянь  Кангюй  жерлерінің  оңтүстігінде  юечжиге,  ал  солтүстігшде 
ғұндарға  тэуелді  екенін  айтса,  біздің  заманымыздағы  I  ғасырда 
мұндағы жағдай езгереді.  Егер Чжан-Цянь юечжи әскерш  1 0 0 - 2 0 0  
мың,  ал  кангюй  эскерін  90  мың  деп  хабарлаған  болса,  Цанб-Хань- 
Шу енді кангюй эскерін  120 мың, юечжи эскерін  100 мың деиді.
Бұл  кезеңде  Орта  Азиядағы  қос  өзен  аралығьшда  юечжилердш 
негізгі  бөлігінің  оңтүстікке,  сол  жағалаудағы  Бактрияға  ығысуы, 
жерге отырықшылык орын алып, жеке-жеке бес  иелікке белш генш , 
мұның  езі  кангюймен  салыстырғанда  олардың  элсіреуше  экеп 
соқпай қоймағаньш, ал кангюйлердің алдынан оңтүстік пен батыска 
баскьшшылык жорық жасау үшін мүмкіндік ашылғаньш атап өткен 
жен.  Сол  кезде  б.  з.  б.  II  ғасырдың  аяғы  —   I  ғасырдың  басы,  сірэ, 
кангюйдің жоғарыда аталған тәуелді бес  иеліп пайда болса керек.
Б.з.д.  I  ғасырдың  екінші  жартысында Чжичжи  шаньюи  бастаған 
ғұндар  Оңтүстік-шығыс  Қазақстан  жеріне  алғаш  рет  кешш  келе 
бастады.  Осындай  жағдайда  Қаңлы  мемлекеті  Чжичжимен  одақ 
құрып, оны үйсіндерге қарсы  пайдаланбақ болды. Қаңлы билеушісі 
Чжичжиді  Талас  алқабына  шақырып,  оған  езінің  атты  эскерше 
қолбасшылық ету кұқьш берді. Бірақ, қаңлылардьщ үміті ақталмады. 
Чжичжи  үйсіндерді  бағьшдыра алмады.  Енді ғұндар  мен  қаңлылар 
арасында қайшылық туды. Чжичжи каңлы билеушісшш қосынынан 
қуылып,  Таластың  жоғарғы  жағына  кетеді,  сол  жақтан  езше  қала 
тұрғызады.  Шаньюй  құрлысқа  қаржыны  Ферғана  мен  Парфия 
билеушілерінен  алым  ретінде  алып  отырды,  сірэ,  ол  құрылысшы-
шеберлерді  де  сол  жақтан  шақырьш  алса  керек.  Екі  жыл  ооиы 
сальшған  қала  мықты  бекітілді,  ол  екі  қорғанмен  қоршалды,  оның
сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар қамкесектен тұрғызылған
дуалдан болатьш.
Чжичжидің күшеюі, үйсіндерге шапқьшшылығы Қытаи импери-
ясьш мазалады. Коп кешікпей қытай эскері жорыққа шықты. Ол ¥лы  
Жібек жолын бойлай  екі бағытта жүрді.  Үш  отряд Қашғар, Ферғана 
арқылы,  Шатқал  жотасьшдағы  Шанаш  жэне  Талас  жотасьшдағы 
Қарабура  асулары  арқылы  оңтүстік  жолмен,  үш  отряд  солтүстік 
жолмен  —   Шығыс  Түркістаннан,  сірэ,  усундердің  Чигучэн  ордасы 
орналасқан  Ыстықкел  қазан  шұңқырындағы  Бедел  асуы  аркылы
Шу
32

Чжичжи  қаласы  қорғанының  жанында  косылды.  Шаньюйдің  өзі 
коршауға  дайындалған  еді,  ол  өз  әскерлерін  кабырғаларды  бой- 
лай  орналастырды,  ал  кала  қакпаларының  екі  жағына  «балық 
қабыршағы»  сияқты  етіп  эдеттен  тыс  сап  түзеген  жаяу  жауын- 
герлер  отрядын  қойды.  Алайда,  қаһармандықпен  корғанғанына 
карамастан,  қытайлар  сыртқа  ағаш  қорғанды  өртеп,  топырақ дуал- 
ды  опырып  жіберді,  коршаудағылардың  қарсылығын  басып,  қалаға 
басып кірді де камалды басып алды. Чжичжи мен оның теңірегіндегі 
жақындары көптеген туыстарымен, балаларымен, эйелдерімен жэне 
атақты  князьдарымен  бірге  1518  адам  тұтқынға  алынды.  Олардың 
бэрінің  басы  шабылды.  Бір  мың  екі  жүздей  жауынгері  Усун  мен 
Ферғананың вассалдық князьдарына сыйға тартылды.
Қытай-кангюй 
қатынастарының 
баска 
бір 
жағы 
Шығыс 
Түркістандағы  оқиғаларға  байланысты.  Біздің  заманымыздағы  78- 
жылы  Бань  Чжао  басқарған  қытай  армиясы  Шығыс  Түркістан  жа- 
зирасына  үстемдігін  орнатады.  Алғашқыда  кангюйлер  император 
наместнигіне  одақтас  болады  да,  көп  кешікпей  өзінің  көзқарасын 
өзгертіп,  біздің  заманымыздың  85-жылы  Бань  Чжаоға  қарсы 
көтерілген Суле (Қашғар) билеушісіне көмекке эскер жібереді.
Қаңлы  тайпаларының  негізгі  кэсібі  көшпелі  мал  шаруашылығы 
болған.  Олардың  бір  бөлігі  егіншілік  жэне  бау-бақша  өсірумен 
айналысқан. Қолөнер едәуір дамыды. Олар ¥лы  Жібек жолы арқылы 
көп  елдермен  сауда  жасасқан,  халықаралық  саудаға  қатысканын 
археологиялық жүмыстар  кезінде  өзге  елдерде  жасалған  заттардың 
табылуы дэлелдейді. Сол заманға сай қалалары да болды. Қаңлылар 
ермекпен  жүн  мата  тоқыған,  алуан  түрлі  қыш  ыдыстар  істеген. 
Қоладан жэне темірден қүрал-саймандар мен қару-жарақтар жасаған. 
Зергерлік  бүйымдар  мен  эшекейлерді  алтын,  күміс  жэне  коладан 
жасады.  Ерте  замандағы  каңлылардың  жазу  мэдениеті  болған. 
Қаңлылар  негізінен  ата-аналарының  аруағына,  ал  бір  белігі  отқа, 
айға, күнге табынған.
Қаңлы  ескерткіштерінің  жарқын  керіністерін  қауыншы,  оты- 
рар-қаратау,  жетіасар  мэдениеттерінен  керуге  болады.  Олар  Сырда- 
рия сағасынан Ферғанаға дейінгі еңірге тараған. Қауыншы мэдениеті 
Ташкент  аймағын  қамтиды. 
1958— 1963  жж. 
А.Г.Максимова
жетекшілік  еткен  Шардара  археологиялық  экспедициясы  Оңтү- 
стік  Қазақстаннан 
қауыншы 
мәдениетіне  жататын 
бірқатар 
ескерткіштер  ашты.  Оның  біршама  толық  зерттелгені  Шардараға 
таяу,  Сырдарияның  оң  жағалауындағы  Ақтебе  қонысы.  Отырар 
алқабында  Отырар-Қаратау  мәдениетіне  жататын  сскерткіштер
3.3
1 9 8 -3

көп  шоғырланған.  Арыс  өзенінің  сол  жағалауында  аумағы  эртүрлі 
Пұшық-Мардан,  Қостөбе,  Шаштөбе,  Сеиітман  төбе,  Акаитебе
Шалтөбе сияқты жиырма шақты қалашықтар бар. Олардың ең үлке 
^   Квкмаряан.  Бұлардын  кебін  1 9 6 9 -7 0   ж  К А к ы ш е в ^
Жетіасар
ниеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кездегі қала 
орындары  біртектес.  Қалалар  мен  обалардан  Жетіасар  мәдениетше 
жататын  түрлі  бұйымдар  табылды.  Археологиялық  казбалар  бары- 
сында табылған  эшекей  бұйымдар,  шаруашылық  заттар  қаңлылар- 
дың  егіншілікпен,  мал  шаруашылығымен,  қолөнер  кэсібімен,  сау- 
дамен айналысқанын және өз тұсындағы Қытай,  Парфия,  Рим және 
Кушан империясы сияқты ірі мемлекеттермен саяси, экономикалық,
мәдени байланыста болғанын дәлелдейді. 

•  • 
гл
ЛІ__ғғ.  кытай  деректері  бойынша  кангюйлер  өзшің  и р т а
Азиядағы  кос  өзен  аралығындағы,  Арал  өңірш деп  иеліктерне 
үстемдік  етуінен  айырылып,  бірқатар  тэуелсіз  иеліктерге  белш ш  
кетеді  V  ғасырда  ол  император  сарайына  елшілік  жіберген  елдер 
тізімінде ғана белгілі. Сірэ, бүл кезге қарай кангюйлер орнында паи- 
да  болған  ұсақ  иеліктер  эфталиттер  мемлекетше  тэуелді  болса  ке- 
рек  Біздің заманымыздағы  1  мыңжылдықтың  орта шеншен  бастап 
ортаңғы  жэне  төменгі  Сырдария  ауданындағы  этникалық-саяси
жағдай өзгерді.  Оған түркі тілдес тайпалар басып кірді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет