Микркезз алматы


  Ерте ортағасырлық мемлекеттер  (VI—



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

1.  Ерте ортағасырлық мемлекеттер  (VI—
ғғ.)
VI 
ғасырдың  басында  бүгінгі  қазак  жерінде  аса  күрделі  бет- 
бұрыстар  орын  алды.  Алтай,  Сібір,  Монғолия  жерінде  түрік тайпа- 
ларының  үстем  тап  өкілдері  бірігіп,  күшті  эскер  күшіне  сүйенген 
Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет қүрылды.
Түрік  қағанатының жері  Солтүстік Моңғолиядан бастап  Шығыс 
Еуропаға  дейінгі  өңірге  дейін  созылып,  қоныс  өрісі  Әмударияның 
жоғарғы  ағысына  дейін  жетеді.  Қазақстан  да  осы  қағандықтың 
қүрамына  кірді.  Бүл  мемлекет  туралы  жазба  деректер 
Түрік 
империясының  өз  тілінде  VII—^ҮІІІ  ғасырларда  жазылған  Орхон- 
Енисей  жазбалары  арқылы  белгілі.  Бүл  ескерткіштер  түркілер  ме- 
кендеген  Енисей  өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Ор- 
хон  өзені  маңайынан  табылғандықтан  “Орхон-Енисей”  жазуы  деп 
аталып  кеткен.  Ескерткіштер  —   VII—VIII  ғасырлардағы  түркі  ру- 
тайпаларының іргелі  елі Түрік  кағандығының түсында Білге қаған, 
Күлтегін  (эскер  басы),  Тоныкөк  (ақылшы,  кеңесші)  сияқты  атақты 
адамдарға арнап түрғызылған  қүлпытастағы жазулар.
Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі. 
Түрік  атауы  моңғолша  тау  сияқты  дулыға  дегенді  білдіреді,  кей- 
де,  түрік  атауы  ақсүйектер  деген  мағынада  да  қолданылады.  Ал 
қытайлар  түріктерді  сюннулердің  (ғүндардың)  үрпақтары  деп 
санаған.
Түріктер  546  жылы  Алтайды  мекендеген  теле  /тирек/  тайпасын 
жеңіп,  олардың  50  мыңнан  астам  эскерін  тұтқынға  алып,  өз  ар- 
миясына  қосып  алды.  552  жылы  көктемде  түріктердің  билеушісі 
Бумын  өздерінің  билеушісі  аварларға  (жуань-жуаньдарға)  қарсы 
шығып,  оларды  ойсырата  жеңіп,  Түрік  қағанатың  қүрады.  Түрік 
ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған  553 ж. қаза 
табады.  Оның  мүрагері  Мүқан-қаған  (553— 572  жж.)  билік  қүрған
35

жылдарда  Түрік  қағанаты  Орта  Азияда  саяси  үстемдікке  ие  бол- 
ды.  Олар  маньчжуриядағы  кидандарды,  Енисейдегі  кырғыздарды 
бағындырып,  Солтүстік  Қытай  мемлекетінен  алым-салык  алып
түрды.
Бір  тілде  сейлеген  түркі  халкының  күрамында  оғыз,  карлүк, 
кырғыз, түргеш, үйғыр, кыпшак сиякты т.б. 30-дан астам ру-таипалар 
біріккен.  Бүл  тайпалар  шығыстан  батыска  карай  жылжып,  казіргі 
казак жеріндегі үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, оларды өздеріне
сіңіріп жіберген.
Түріктер  әуелгіде  Орта  Азияны  езіне  бағындыруда  Каспии
теңізінен  Солтүстік  Үндістан  мен  Шығыс  Түркістанға дейінгі  жер- 
лерге  ие  эфталиттерге  қарсы  Иранмен  одақ  қүрып,  587  ж.  Бүхара 
түбінде  оларды  жеңеді.  Тохаристан  облысы  Иран  қарауына  етіп, 
Батыс  түрік қағанаты  мен  Иранның саяси  ықпал  жасау  аймағының
шекарасы Амудария бойымен өтеді.
Түріктер  Орта  Азияны  жаулап  алғаннан  кейін  Жерорта  теңізіне
баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын  бастап Иранға қарсы 
Византиямен  одақтасты.  571  жылы  түріктердің  эскери  қолбасшысы 
Естеми  Солтүстік  Кавказды  басып  алып,  Керчь  шығанағына 
(Боспорға)  шығып,  576  жылы  Қырым  жеріне  енеді.  Бірақ  Естеми 
өлгеннен кейін, қағанат ішінде  билік үшін  қыркыс  басталды.  Өзара 
қырқыс пен элеуметтік қайшылыктар қағанатты қатты элсіретіп, 588 
жылы Герат түбінде түріктер  Ираннан жеңіліс тапса,  590 жылы  Ви- 
зантия  Боспорды қайта жаулап алады.  581— 618 жылдары Солтүстік 
Қытайдың  қағанат  шекараларына  шабуыл  жасауы  кағанатты  одан 
бетер элсірете түсіп, Түрік қағанатыңдағы саяси күйзеліс ақырында 
603  ж. 
қағанаттың  екіге  —   Шығыс  жэне  Батыс  қағанаттарына
бөлінуімен аяқталады. 
р
.
Батыс  түрік 
қағанатының  астанасы  Жетісу  жеріндегі  Суяб
каласында  (қазіргі  Тоқмақ  қаласына  жақын  жерде),  ал  жазғы
орталығы  Мыңбүлакта  (Түркістан  төңірегі)  болды.  Батыс  түрік
қағанаты  ежелгі  үйсін  жерін  жайлап,  Қаратаудың  шығыс  баурайы-
нан  Жоңғарияға дейінгі  жерді  ездеріне  қаратты.  Сонымен  қатар  ол
Шығыс  түрік  қағанатының  Шығыс  Түркістан  жэне  Орта  Азияның
Самарқанд, Бүқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда
қағаннын орынбасарлары отырды.
Батыс  түрік  мемлекетінің  бірінші  басшысы  —   қаған  жоғарғы
билеуші,  бүкіл  жердің  иесі  болды.  Жоғарғы  лауазымдар 
жабғы,
шад  жэне  елтебер  каған  эулетінен  шыккандарға  берілді.  Сот
қызметтерін  бүйрыктар  мен  тархандар  атқарды.  Негізгі  еңбекші
36

халык  — “карабұдын” (қарахалық)депаталды.Ж егуйкаған  (610— 
618  жж.)  мен  оның  інісі —  Түн-жабғы  каған  (618— 630 жж.)  билеген 
кезде  кағанаттың  күш-куаты  арта түсті.  Тохарстан  мен Ауғанстанға 
жасаған  жаңа  жорықтар 
мемлекет  шекарасын 
Үндістанның 
солтүстік-батысына  дейін  кеңейтеді.  Батыс  түрік  қағанаты  мал 
жэне егін  шаруашылығымен  шұғылданды.  Қалаларда сауда-саттық 
кеңінен өрістеді.
VII  ғасырдың  ортасына  қарай  он  алты  жылға  (640— 657) 
созылған  қағанат  ішіндегі  езара  тартыс,  тайпалар  арасындағы 
соғыс  кағанатты  элсіретеді.  Осыны  пайдаланған  Таң  империясы 
Жетісуды басып алып,  онда такка өз адамын отырғызады.  Түріктер 
мен  Таң  империясы  арасындағы  үздіксіз  соғыстардың  нэтижесінде 
түргештер  күшейіп,  VIII  ғасырдың  басында  Жетісудағы  билікті  өз 
қолдарына алады.
Түргеш  қағанаты 
704— 756  жылдар  аралығында  өмір  сүрді. 
Қағанаттың  негізін  қалаушы  Үшелік-қаған  болды.  Қағандыктың 
аумағы  Орта  Азияның  оңтүстік-шығысында  Шаш  (Ташкент) 
каласынан  Шығыс  Түркістандағы  Бесбалық,  Турфан  қалаларына 
дейінгі  аралықты  қамтыды.  VI  ғасырда  Тянь-Шань  таулы  аймақ- 
тарында  емір  сүрген  түргештер  VII  ғасырда  Жетісуға  қоныс  ау- 
дарып,  Батыс  түрік  қағанатының  сол  қанатының  қүрамына  енген, 
халқы ең көп тайпа болған. Қағандык халқының этникалык қүрамы 
негізінен  сары  және  қара  түргеш  тайпаларынан  түрды.  Жазба 
деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас,  Іле бойларында өмір 
сүрген. Үшелік қаған езінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, ба- 
сты  орталығын  Суяб  қаласында,  екінші  ордасын  Іле  аңғарындағы 
Күнгіт  қаласында  орналастырған.  Батыс  түрік  қағандығының 
қүрамында  болған  басқа  да  түрік  тілдес  тайпалар  да  түргештердің 
қүрамына  енген.  Саяси  экімшілік  билік  кағандықтың  ең  жоғарғы 
билеушісі  бас  қағанның  қолында  болды.  Үшелік  қаған  қағанатты 
20 әкімшілік аймақтарға бөліп, эр аймақта 7  мыңнан эскер үстады.
706  ж.  Үшелік  қаған  кайтыс  болып,  оның  орнына  баласы  Сакал 
қаған (706— 711  жж.) отырды.  Сақал қаған түсында мемлекет ішінде 
бірлік бол май қаған билігі үшін сары жэне қаратүргеш тайпаларының 
арасында  талас-тартыс  басталды.  Оның  үстіне  қағанатқа  батыстан 
арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталык 
Азия  түріктері  қауіп  төндірді.  Ішкі  тартыстардың  барысыпда  қара 
түргештер  жеңіске  жетіп,  олардың  кесемі  Сүлу-қаған  (715— 738 
ж.ж.)  билікке  келеді.  Оның  түсында  Түргеш  қағанаты  күшейіп, 
нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) каласына ауысады. Сұлу
37

қаған  мемлекет  ішінде  тыныштық  орнатып,  бар  күшті  батыстағы 
арабтарға  қарсы  жұмылдыруға  мүмкіндік  алады.  723  жылы 
түрғештер  Ферғана  қарлұқтарымен  жэне  Шаш  тұрғындарымен 
бірігіп  арабтарға  күйрете  соққы  берді.  Бірақ  та  арабтар  732  жылы 
түрғештерді  ығыстырып,  Бүхара  қаласын  басып  алады.  737  жылы 
Сұлу  қаған  арабтарға  қарсы  жорық  ұйымдастырып  Тохарыстанға 
дейін  жетті,  бірақ  көп  ұзамай  жеңіліп,  қайтар  жолында  езшің 
қолбасшыларының  бірінің  қолынан  қаза  табады.  Сұлудың  орны 
на  оның  баласы  Тұқарсан  Құтшар  қаған  болды.  Ш ы ң   тұсында 
қағанат  ішінде  сары  жэне  қара  түрғештер  арасында  билік  үш ш   20 
жылға  созылған  ұзақ  күрес  басталып,  қағандықтың  саяси  жэне
экономикалық жағдайы мүлдем элсірейді.
Осы  алауыздық  кезінде  Жетісуға  Алтайдан  қарлұқ  таипалары
көшіп  келіп  қоныстана  бастайды.  Түргештер  қарлұқтарға  лайықты 
қарсылық  көрсете  алмады.  Осы  жағдайды  пайдаланған  Қытаи 
империясының  Шығыс  Түркістандағы  билеушісі  748  жылы  Суяб 
қаласын  басып  алып,  содан  кейін  Шаш  қаласының  билеушісш 
жазаға тартады.  Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751  ж. 
Тараз  жанындағы  Атлах  қаласы  түбінде  Зияд-ибн-Салық  бастаған 
араб  эскері  мен  Гао  Сяньжи  басқарған  қытай  әскерлері  арасында 
5  күнге  созылған  үлкен  шайқас  болды.  Шешуші  сэтте  қарлұқтар 
арабтар  жағына шығып,  қытай  эскерлері  ауыр  жеңіліске ұшырады. 
Қытай эскері Жетісуды ғана емес,  Шығыс Түркістан жерін де тастап 
өз  иеліктеріне  кетуге  мэжбүр  болды.  Сондай-ақ  арабтар  да  Талас 
өңірінде тұрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан 
іштей  элсіреген  Түргеш  қағанаты  қайтадан  қалпына  келмей,  756  ж. 
қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды.  Осы- 
дан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет. 
Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі  Хазар қағанаты, 
Сырдың орта жэне төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, 
Қазақстанның  Солтүстік,  орталық,  шығыс  аймақтарьшда  Қимак 
мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұк мемлекеті пайда болды.
Қарлұқ  қағанаты 
(756— 940  ж.ж.).  Қарлұқтар  туралы  алғашкы 
деректер  V  ғасырда  олардың  тирек  тайпаларьшың  құрамында 
болғандығын  айтады.  Қарлұк  туралы  алғашқы  дерек  суй  әуле- 
тінің  тарихында^'  581— 618  жылдары  кездеседі.  Онда  қарлұқтар 
өздерінің  басты  руының  атымен  бұлақ  (було)  деп  аталған.  Қарлұқ 
тайпаларьшың  эуелгі  орналасқан  аймағы  —   Батыс  Алтай  мен
Тарбағатай арасындағы өлке.
VII  ғ.  орта  кезінде  қарлұқ  бірлестігінің  құрамына  ірі-ірі  үш
тайпа  —   бұлақ,  шігіл  жэне  ташлық  кірген.  Әмудариядан  бастап
38

Қытайға  дейінгі  түріктердің  барлығын  шігіл  деп  атаған.  Олардың 
біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған.  Шу 
аңғарында  тұрған  қарлұқ  қоныстарының  орталығы  —   Баласағұн 
қаласы.  Қарлұқтардың  біраз  тобы  X  ғасырда  Іле  аңғарында, 
Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. 
Қарлүқтардың  кесемдерін  “жабғу”  деп  атаған.  Олардың  астанасы
Қойлық қаласы болды.
IX  ғасырдың  аяғында  қарлүқтардың  жағдайы  біршама  нашарла- 
ды.  Себебі,  Орта  Азиядан  саманидтер  эулеті  мен  арабтардың  ша- 
буылы  жиілейді.  Сейтіп,  саманидтер  мен  қарлүқ  қағандығының 
арасында  Оңтүстік  Қазақстан  жері  үшін  үзақ  жылдарға  созылған 
күрес  басталды.  893  жылы  Тараз  қаласына  Саманидтердің 
тегеурінді  шапқыншылығы  жасалды.  Саманидтер  Испиджаб,  Та- 
раз  калаларына  өз  ықпалын  күшейтіп,  мүсылман  дінін  енгізе  ба- 
стады.  X  ғасырдың  басында  Қарлүқ  қағанатының  жағдайы  ішкі 
қырқыс,  талас-тартыстардың  нэтижесінде  элсіреді.  Осы  жағдайды 
пайдаланған  Қашғар  жеріндегі  түрік  тілдес  тайпалар  940  жылы 
Баласағүн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлүк мемлекеті 
күлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.
О ғы з  мемлекеті  (X—^ХІ  ғғ.).  Қарлүқ  қағанатының  солтүстік- 
батыс  жағында,  Сырдарияның  орта  және  теменгі  бойында,  оған 
жалғасып  жатқан  Батыс  Қазақстан  далаларында  IX—^Х  ғасырларда 
Оғыз  тайпаларының  ежелгі  феодалдық  мемлекеті  қалыптасты. 
Әйгілі  М.Қашқаридің  сездігі  “Диуани-лүғат-ат-түрік”  бойынша 
Оңтүстік Қазақстанның жерінде, эсіресе Ыстықкел мен Шудың орта 
бойында  қырғыз,  қыпшақ,  оғыз,  иағма,  чігіл,  имек  сияқты  түрік 
тілдес тайпалардың қатар емір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда 
оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмэн жоқ.  Алай- 
да VIII ғ. екінші жартысынан бастап қарлүқтайпаларының күшеюіне 
байланысты  оғыздар  Сырдарияның  орта  жэне  теменгі  бойына  ауа 
бастаған.  Сейтіп  IX  ғ.  аяғында  осы  аймақта  оғыз  тайпаларының 
бірлескен  одағының  нэтижесінде  патриархалды-феодалдық  мем- 
лекет  қүрылады.  М.  Қашқари  оғыз  елінің  22,  кейбір  деректерде  24 
тайпаға белінгенін  жазады.
X  ғасырда  Оғыз  мемлекетінің  астанасы  —   Янгикент  немесе 
«Жаңа  гузия»  деп  аталатын  қаласы  болған.  Оғыз  мемлекеті  езінің 
саяси  жэне  элеуметтік  қүрылысы  жағынан  кене  феодалдык  мемле- 
кет болды.  “Жабғу” атағы бар жоғарғы билеуші  Оғыз мемлекетінің 
басшысы  болып  саналды.  Оғыз  жабғыларының  орынбасарларын 
күл-еркін  деп  атаған.  Жабғы  мемлекетінде  оғыз  эскерлерінің  бас
39

колбасшысы  “сюбашы”  деп  аталды.  X  ғ.  аяғы  мен  XI  ғ.  бас  кезінде 
Оғыз  жабғысының  мемлекетінде  алым-салықты  тиянакты  түрде 
жинап  отыру жүйесі  калыптасқан,  бұл  жағдай  мемлекетте тұрақты 
басқару аппаратының құрылғандығын  көрсетеді.

ғ.  аяғында  орыс  деректерінде  оғыздардың  965  ж.  Киев  князі 
Святославпен  одақтасып  хазарларды  жэне  князь  Владимир  985  ж. 
оғыздарымен  келісе  отырып,  Еділ,  Кама  бойындағы  бұлғарларды 
талқандағаны  туралы  айтылады.  Оғыздардың  жер  үшін  жүргізген 
ұрыстарының  кеп  жағдайда  сэтті  болуы,  олардың  саяси  беделін  де 
кетере түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан кеп 
мөлшерде  алынған  алым-салық  оғыз  тайпаларының  әр  жерде  бас 
көтерген  наразылықтарын  туғызады.  Осы  кезде  Жент  қаласының 
маңына  келіп  қоныстанған  селжұқтар  көсемі  Жент  қаласындағы 
оғыз  билеушілеріне  қарсы  көтерілісті  бастап,  қаланы  басып  алады. 
Деректерге қарағанда селжұқтар кеп ұзамай қаланы тастап шыққан. 
Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмэлік келіп, мемлекет 
едэуір күшейіп,  1041  жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмэлік 
кеп  ұзамай  оғыздарға  қарсы  қайта  көтерілген  селжұқтардың 
қолынан  Хорезм  түбінде  қаза  табады.  Селжұқтармен  жүргізілген 
кеп  жылғы  соғыстар  оғыз  мемлекетін  қатты  элсіретті.  Сейтіп,  XI 
ғ.  екінші  жартысында  күшейе  бастаған 
қыпшақтар  оғыздарды 
Сырдария,  Арал  бойынан  біржола  ығыстырады.  Оғыздардың  бір 
белігі  Европаның  Шығысына,  Кіші  Азияға қарай  жылжыса,  кейбір 
беліктері  Қарахан  эулетінің  қарамағында  қалды,  біраз  белігі  Хора- 
сан  селжұқтарының  қол  астына  кірсе,  қалғандары  қыпшақтардың 
құрамында  қалып,  олармен  сіңісіп  кетті.  Оғыз  тайпалары  қазақ, 
қырғыз,  татар,  башқұрт,  түрікмен,  езбек,  қарақалпақ  халықтарын 
қалыптастырушы түріктердің бірі болды.
2. Дамыған  орта ғасырлар  мемлекеттері  (X—^ХІІ  ғғ.)
Қ арахан  мемлекеті.  X  ғасырдың  орта  кезінде  Оңтүстік  Шығыс 
Қазақстан  мен  Шығыс  Түркістан  жерінде  Қарахан  мемлекеті  пай- 
да  болды.  Орталығы  —   Баласағұн  қаласы.  Кейіннен  мемлекеттің 
батыстағы  шекарасы  Орта Азияның кептеген жерін қамтиды.
Жазба деректерге қарағанда Қарахан  мемлекетінің құрылуы  мен 
даму  тарихында  басты  релді  Қарлұқ  конфедерациясының  тайпа- 
лары  атқарды,  бұл  конфедерацияға  қарлұктармен  бірге  шігіл  жэне 
ягма,  оғыз, қаңлы сияқты т.б.  түрік тілдес тайпалар кірген.  Қарахан
40

мемлекетінде шігіл мен ягма тайпалары негізгі рөл атқарған. Өкімет 
басындағы билеушілер осы тайпалардан алма-кезек ауысып тұрған.
X  ғ.  ягманың  бір  бөлігі  қарлұктармен  бірге  Жетісуды,  Нарынның 
түскейін  мекендейтін.  Кейінірек,  XI  ғ.  ягмалар  киян  теріскейде,  Іле 
алкабында да тұрады.  Ыстык көлдің Солтүстік жағынан  көшіп  кел- 
ген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді.  Қарахан  мемлекетінің 
негізін  қалаушы  Сатұқ  Бограхан  (915— 955  жж.),  қарлүқ  қағаны 
Білге  Қадыр  ханның  немересі.  Сатүқ  Бограхан  саманилердің 
қолдауына сүйеніп,  өз ағасы  Оғылшаққа қарсы  шығады да,  Қашғар 
мен  Таразды  езіне  қаратады,  942  ж.  Сатүқ  Баласағүн  билеушісіп 
құлатып,  өзін  жоғарғы  қағанмын  деп  жариялайды.  Осы  кезден  ба- 
стап, Қарахандар мемлекетінің  тарихы басталады.
Қарахан  сөзі  X  ғ.  аяғынан  бастап,  олардың  Орта  Азияны  жау- 
лап  ала  бастаған  кезінен  мүсылман  деректерінде  пайда  болған. 
Ал,  Қарахан  мемлекеті  деген  атау  X—^ХІ  ғасырда  тарихшылардың 
зерттеулерінде  шартты түрде қабылданған.
Сатүқ  өлгеннен  соң  билік  оның  баласы  Мүсаға  көшті,  ол  960 
жылы  қағанаттың  мемлекеттік  діні  ислам  деп  жариялады.  Қарахан 
мемлекетінің  астанасы  —   Қашғар  қаласы  болды.  Сатүқтың  екінші 
баласы  Сүлеймен  —   ілек  Баласағүнды  иеленді.  Кейін  бүл  өңірді 
оның  баласы  Хасан  Боғра  хан  мүра  етіп  алды.  Мүса  елгеннен  соң 
жоғары  қаған  атағы  онын баласы  Әли  Арсылан  ханға қешті.  Оның 
енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен  қатар, ол Тараз бен 
Баласағүнның да билеушісі  болып  есептелді.
Қарахан  мемлекетінің  саяси  тарихы  ол  емір  сүрген  алғашқы 
ондаған  жылдың  езінде-ақ  ықпалды  әрі  күшті  екі  эулеттің  —   Әли 
Арсылан хан мен Хасан  Боғра ханның үрпақтары арасындағы  езара 
қырқысқан  куреске  толы  болды.  Алғашқы  кезде  Әли  (Әлилер) 
үрпағының  ықпалы  күштірек  болды,  ал  кейін  бүл  ықпал  Хасан 
үрпақтарына (Хасанилерге) кешті.

ғ.  80-  жылдарында  Орта  Азиядағы  күшті  мемлекет  Самани- 
лер  ез  ішіндегі  элеуметтік  қайшылықтармен,  феодалдық  талас- 
тартыстар  мен  қырқыстардан  элсіреп  қүлдырады.  Осыны  Қарахан 
мемлекетінің  билеушілері  пайдаланып,  Хасан  Бограхан  990  жылы 
Исфиджабты,  992  жылы  Бүхараны  жаулап  алады.  Осы  жылы  оның 
баласы Жүсіп  Қадыр хан  Қотан  каласын  басып  алған.  Ал  Хасанның 
немере  інісі  Қарахан  билеушісі  Әли  Арсыланның  баласы  Насыр 
Орта  Азиядағы  Саманилерге  қарсы  жорыққа  шығып,  ойсырата 
соққы  берген.  Қарахан  хандығы  қиян-кескі  үзак соғыстардан  кейін 
1004— 1005  жылдары  Мэуераннахр  жерін  түгелдей  езіне  қаратты.
41

Осыдан  кейін  Қарахан  мемлекеті  XI  ғасырдың  30 жылдары  Шығыс
және Батыс  Қағанат болып бөлініп, екі  иеліктен тұрды:
1.  Шығыс  хандык:  оның  жері  Оңтүстік  Шығыс  Қазақстан  мен
Шығыс Түркістан, астанасы —  Баласағұн, кейде Қашқар қаласы бо- 
лып тұрған.
2.  Батыс  хандык:  Мэуераннахр  жерлері.  Оның орталығы  Самар-
қан каласы болды. 

Шығыс 
хандык  Қарахандықтардың 
неғізғі 
бөлігі 
болып
саналған.  Сондыктан  оның  ханы  дэстүр  бойынша  жоғарғы 
қаған  болып есептелген.  Бірак екі хандықтың арасында онша бірлік 
болмай,  олар  жиі 
жеке-жеке  бөлініп  кетіп  отырған.  1056  жылы 
Қадырханның  үлы  Йинал-тегін  екімет  мүралығы  жолындағы 
күресте  інісі Сүлейменнің иелігін басып алады, бірақ ол  көп үзамай 
у  беріліп  елтіріледі.  Тәж-такқа  Йинал-тепнің  баласы  Ибраһим  ие 
болады,  алайда  ол  да  біраздан  кейін  Барысхан  эміршімен  болған
Ш
(1059
Юсуф
хан  Харун  басқарады.  блардың түсында Ферғана  Шығыс  қағанатқа 
күшпен  қосылады,  ал  екі  қағанат  арасындағы  шекара  Сырдарияны 
бойлай  өтеді.  Тоғрүл  қайтыс  болғаннан  кейін  оның  еншілігі  Боіра- 
хан  Харунның  (1075— 1102  жж.)  —  Қашғар,  Баласағүн  мен  Хотан 
қожалығының  кол  астына  көшеді.  Қарахан  мемлекетіиің  элсірсуін 
пайдаланып  1089  жылы  селжүқ  сүлтаны  Мэлік  шах  Самарқанды 
басып  алады,  сөйтіп  Бограхан  Мэлік  шахтың  кіріптар  вассалыпа 
айналады.  1102  ж.  Бограхан  елген  соң  көп  үзамай  Мэуеренахрга 
Баласағүн  мен  Таластың  иесі  Қадырхан  Жабырайыл  шабуыл  жа- 
сап, Әмударияга дейінгі  жерлердің бэрін  басып  алды,  бірақ  Термез 
каласының  түбінде  жеңіліс  тауып,  өзі  тұткынға  түсіп  жаіаланады. 
Қүдіретті  сүлтан  Санжардың  баскаруы  кезінде  (1118 
1157  жж.) 
селжүктар  Мэуераннахрга  шексіз  билігін  жүргізеді,  бірақ  бүл  кез- 
де  Қарахан  эулетпіің  саяси  күлдырауының  белгісі  біліие  бастаған 
еді.  XII  ғасырдын  ортасында  қаптаған  Қаракытай  (Қидамдар) 
Жетісу  мен  Баласағүнды,  сосын  Шыгыс  Қарахандыктардың  қалгап 
иеліктеріи түгел басып  алады.  Сөйтіп,  күдіретті  Қарахан  мемлекеті 
XII  ғасырдын  ортасында езінің өмір сүруін тоқтатады.
Қарахан  мемлекетінің  жоғарғы  екімет  билігі  —   хақаиның 
колында  болды,  оған  ең  жакын  кеңесші,  кемекіиі 
уэзірі  болды, 
Бүдан баска  күзет бастыгы, есік  корғаушылары, казынашылар жэие
елшілер  кызмет  істеді.
Қарахан  мемлекетіндегі  аса  манызды  элеуметтік  саяси  инсти-
тут  эскери  мүралык  жүйе  болды.  Хандар  елді  озіне  жакьпі  адам-
42

дармен  жэне  уэзірлермен  бірігіп  басқарды.  Мемлекет  бірнеше 
ұлыстарға  бөлінді.  Хан  мемлекеттік  немесе  эскери  қызметі  үшін 
феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұксат 
еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады, ал оны берушілерді немесе 
иесін  иктадар деп атаған.  Тұтас  алғанда Қарахандар дәуірі  сапалық 
жағынан  жаңа,  яғни  Қазақстан  аумағында  феодалдық құрылыстың 
нығаюының тарихындағы маңызды кезең болып табылады.
IX—^ХІ  ғғ.  Қ и м ақ   қ аған аты .  Күйреген  Батыс  Түрік  қағанаты-
ның орнына көшпелі  және жартылаи көшпелі түркі тілдес таипалар 
қазіргі  Казақстан  аумағында  қүдіретті  үш  мемлекет:  Жетісуда  —
Қарлұқ этникалық-әлеуметтік  бірлестігін,  Сырдарияның  орта жэне 
төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында —  Оғыз державасын, ал 
Солтүстік,  Шығыс және Орталық Қазақстанда —  Қимақ қағанатын 
құрд ы.
Қимақтар тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, 
ол Батыс Түріктер арасында VII ғасырда болған оқиғаға орай, Қытай 
деректерінде  аталып  өтеді.  Синологтар  яньмо  тайпасы  мен  имек 
(кимек)  тайпасы  екеуін  бір  тайпа  деп  есептейді.  Ал,  имек  термині 
шығыстанушы  ғалымдардың  пікірінше,  Кимек  (Қимақ)  атауының 
фонетикалық бір түрі болып табылады.
Кимектер  мен  Қыпшақтар  бір  халық  деп  осы  кезге  дейін  ай- 
тылып  келген  пікір  кате,  өйткені  тарихи  жазба  деректер  мэліметі 
оларды тек  өз  алдына екі  бөлек халық,  бірақ түрік тілді  туыс  этнос 
деп  карауға  мүмкіндік  береді.  Телелер  тайпасының  бірі  болып  са- 
налатын  яньмо  VII  ғасырдың  бас  кезінде  Моңғолияның  Солтүстік- 
Батысын мекендеген.
VIII 
ғасырдың екінші  жартысы  мен  IX ғасырдың бас кезінде  Ки- 
мек  тайпалары  үш  бағытқа  Солтүстік  батысқа  —   Оңтүстік  Орал 
(негізінен  Қыпшақтар)  жағына,  Оңтүстік  бағытқа —  Сырдария  мен 
Оңтүстік  Қазақстанға  жэне  Оңтүстікке  —   Жетісудың  Солтүстік- 
Батысына қарай қозғалады.
766 және 840 жж.  Кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл 
ойпатының  жерлерін  жайлап,  Шығыс  Түркістанды  мекендейтін 
Тоғыз Оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. 840 жылы орталық 
Моңғолиядағы  Ұйғыр  кағанаты  ыдырағаннан  кейін,  оған  кірген 
тайпалардың  бір  бөлігі  (Эймур,  Байандұр,  Татар)  Кимек  бірлестігі- 
нің ұйтқысына қосылады.  Жеті  тайпа  құрамындағы  Кимек  федера- 
циясы нақ осы кезде қалыптасады. X ғ. басында Кимек мемлекетінің 
кұрамында  12  тайпа  болған.  X  ғасырда  Кимек  тайпаларының  бас- 
шысы  “байғу  ”  (яғбу)  деген  титулды,  ал  кейін  яғбуге  қарағанда  скі
43

саты  жокары тұратыи  хакаи дегеи  жоғары турік дэрежесін  иелеиген 
билеушісі бар қуатты мемлекет құрылады. Орталығы — Имекия (не- 
месе  Кимекия)  каласы  болды.  Кимектерде  мемлекет  болганы  тура- 
лы алгаш  рет IX  гасырдың аягы  мен —  X ғасырдың басындағы  араб 
тілді  тарихи  географиялык  шыгармаларда  айтылады.  Мэеелен, Әл- 
Якуби кимектер мен баска датүркі тілдес халыктардың мемлекеттігі 
туралы былай дейді: “Түркістан мен түріктер бірнеше халыктар мен 
мемлекеттерге, соның ішінде: карлұктар, тогыз-огыздар жэне кимек- 
тер, огыздар болып бөлінеді. Түріктердің эр тайпаеы жеке мемлекет, 
олар  бір-бірімен  еогысып  жатады”  деп  хабарлайды.  IX  ғасырдың 
аяғыңан XI гасырдың басына дейін кимектер қалыптаскан мемлекет 
болды, ал XI гасырдың басында Кимек мемлекеті  біртіндеп ыдырай 
бастайды.
Оның  қүлауының  екі  себебі  болды:  бірінші,  өзін-езі  билеу- 
ге, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет