Микркезз алматы



жүктеу 22.67 Mb.
Pdf просмотр
бет6/24
Дата02.01.2017
өлшемі22.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Қолөнер  кәсібі. 
Қазақстан  жерінде  халықтар  ездерінің  даму 
дэрежесіне  қарай  қоленер  кэсібімен  де  шүғылданды.  Қүмыра
жасаушылардың, үсталардың, ағашқа, сүиекке, тасқа ернек салушы- 
лардың  істеген  заттарына  халықтың  сүранымы  күшті  болды.  Саз 
балшық бүйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында жэне 
Қаратаудың баурайларындағы  қалаларда керамиканы  оркендетудің 
қалыптасқан  түрлері  сақталған.  Сырдарияның  төменгі  бойындағы 
қалалардан  табылған  саз  балшықтан  жасалған  заттарда  эсем 
ернектер  басым  болды.  Керамикадан  кесе,  тостаған,  аяқ-табақтар, 
тағы  да  басқа  ыдыстар  жасалынып,  сырты  оюланып,  неше  түрлі 
қызыл,  жасыл,  сары,  қоңыр  түсті  бояулар  жалатылды.  Аңдар  мен
53

кұстар  бейнеленген  құйма  ыдыстар  тобы  ынта  коярлык.  Мэселен, 
Тараз  қазбалары  кезінде  арыстан  бейнеленген  тамаша  табакша 
шыкты.  Отырарда  өсімдік  ою-өрнегімен  әшекейленген  құмыра  та- 
былды.
О р та  ғасы р д ағы  қ а л а л ы қ  мәдениет. Қазақстан жерінде ежелден 
отырықшылық тарихи-мэдени  ірі  аймақтар,  ал  ортағасырдың  орта- 
сында қалалық мэдениет дамыды.  Олардың бірі Оңтүстік Қазакстан
Исфиджаб
Шараб
Исфиджаб
көптеген  тауарлар  өндірілді,  бұл  жерден  маталар,  қару-жарақтар, 
мыс  пен  темір  тасылды.  «Исфиджаб,—   деп  жазды  ортағасырлык 
авторлардың  бірі,—   Түркістан  шекарасындағы  Мэуераннахрдын 
үлкен  де,  ірі  қалаларының  бірі.  Ол  Азия  елдерінің  өркендеген  жэне 
керемет  қалаларының  бірі,  жері  құнарлы,  ағаштары  көп,  суы  мол
жэне ғажайып бақтары бар».
Талас  алқабында  ірі  қала  Тараз  пайда  болды.  Ол  VI  ғасырдың 
өзінде-ақ  белгілі  болды.  Тап  осында  Түрік  қағаны  Иштеми  568 
жылы  Земарх  бастаған  Византия  императоры  Юстиниан  ІІ-нің 
дипломатиялық  елшілігін  қабылдады.  Шежірешілер  Таразды 
саудагерлер  каласы  деп  атаған.  Ол  түргештердің,  сосын  қарлұқтар 
мен  қарахандардың  астанасы  болды.  XI  ғ.  бірінші  ширегінде  ақша 
айналымының  қалыптаса  бастауына  сай  Қазақстандық  екі  теңге 
сарайы  —  Тараз  жэне  Испиджаб  қалаларында  болды.  Қалалардағы 
ішкі  сауда айналымында мыс  (қола) теңгелер  жүрсе,  ал  күміс  теңге 
қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың 
кұралы қызметін атқарды. XI ғасырдың 70-жылдарынан кейін күміс 
құю  тоқтатылып,  айналымда  оның  орнына  алтын  қолданылды. 
Талас, Асса өзендерінің бойында, Тараз маңында Теменгі Барысхан, 
Жамукат,  Жекіл,  Бектөбе,  Дех-Нуджикес,  Адахкет,  Текабкет,
Жувикат
Жұл
Құлан,  Мерке,  Аспара,  Нүзкет тэрізді  қалалар  орын  тепкен.  Тек VI-
XIII  ғасырларда  Шу  алқабында  соғдылар,  сириялықтар,  түріктер, 
парсылар  мекендеген  ірілі-ұсақты  25  қала  болған.  Бұл  Харанжуан, 
Жұл,  Навакет,  Бунджикет,  Құрмырау,  Суяб,  Баласағұн,  Жоғарғы 
Барысхан  қалашықтары.  Іле  алқабының  ірі  қалаларының  қатары 
Тальхиз  (Талғар),  Қойлык,  Дунгене,  Алмалық  (Алматы),  Ілебалық, 
Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.
VII—^ХШ  ғғ.  қала  мэдениеті  тек  оңтүстікте  жэне  оңтүстік- 
шығыста  ғана  емес,  Қазақстанның  басқа  өңірлерінде  де  дамыды.
54

Сырдарияның төменгі  ағысында Асанас, Янгикент,  Сығанақ, Жент, 
Барлышкент  жэне  т.б.  қалалар  орналасқан.  Орталық  жэне  Шығыс 
Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді, 
Сарысу  езендерінің  бойында  жетпіс  сегіз  қаланың  орны  табылды. 
Нұра  алқабында  Ақсикент  деп  аталатын  мейлінше  ірі  қала  болған, 
Сарысу  жағалауында  Жұбаныш  пен  Ұлыбағыр,  Торғайдың төменгі 
сағасында  —   Қаңлыкент,  Қарақорым,  Борсық  қалалары  болғаны 
белгілі.  Ертіс  езенінің  алқабында  он  алты  қимақ  қаласы  кездессе, 
оның  ішінде  Хакан  мен  Хакан-Қимақ  қалалары  қағанаттың 
астанасы  болған.  Сол  кезде  қалалардың  дамығанын  сэулетті 
құрылыстардың  болуы  дэлелдейді.  Тараз  маңындағы  Бабаджа- 
хатун  (X—^ХІ  ғғ.),  Айша-бибі  (XI—^ХІІ  ғғ.)  кесенелері,  Тараздағы 
Қарахан  кесенесі,  Сырдарияның  теменгі  сағасындағы  Сырлытам, 
Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сэулеттік 
ескерткіштерге  жатады.  Қазақстан  қалаларының  сэулеті  бұрынғы 
өткен  заманның  сэулет  енерімен  тығыз  байланысты.  Үйлерді 
салуға  шикі  кірпіш,  құм,  ағаш  қолданылды.  Ірі  ғимараттар  мен 
бекіністердің  сыртқы  қабырғасы  кебінесе  күйдірілген  сары  саздан 
жасалған  плиткалармен  қапталды.  Сейтіп,  орта  ғасырда  Қазақстан 
аумағында  тек  қешпелі  еркениет  қана дамып  қойған  жоқ,  сонымен 
бірге  отырықшылық,  егін  шаруашылығы,  мал  шаруашылығы  мен 
қалалық мэдениет те дамыды,  олар  бір-бірін толықтырып,  бір-бірін
байытып, бір-біріне үлгі болған.
Ж азу  мен  ғ ы л ы м н ы ң   дамуы .  VI—^ҮІІІ  ғасырларда  түрік
қағанатына  бағынған  Орталық  жэне  Орта  Азияның  түркі  тілдес 
халықтары,  сондай-ақ  Хазар  қағанатын  құрған  теменгі  Еділ 
бойының, Дон жағалауы  мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары 
өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен эқімшіліқ жэне 
елшілік  тэжірибелеріне  қатысты,  сондай-ақ  мемлекеттік  актілерді 
бекіту  қажеттілігінен  туындаған  тэрізді.  Діни  қатынастардың  да
белгілі  бір рел атқарғаны анық.
Шежірелерде  айтылғандай,  ертедегі  түріктер  ағаш  тақтайларға 
“қажетті  адамдардың  аттарын,  салық  пен  малдың  санын”  есептеу 
мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері 
грамотамен  жабдыкталды.  567  жылы  Константинопольге  II  Юсти- 
ниан  императоры  сарайына  келген  елші  соғды  Маниах  қағаннан 
“скиф  жазуымен”  жазылған  хатты  экелген.  “Мұның  не  жазу” 
екендігін  түрік  қағанатының  —  Бугут  кене  жазуы  ескерткішіне 
қарап  білуге  болады.  Бағананың үш  жағында  соғды  тілінде  жазыл- 
ған  жазу  бар.  Оның  бір  жағындағы  брахма  жазуымен  санскриттегі
55

жазба  толығымен  өшкен.  Сөйтіп,  руна  эріпі  пайда  болғанға  дейін 
түріктер соғды эліппесін кеңінен қолданғанын, ол Түрік кағанатының 
бірінші ресми жазуы болғандығын білеміз.
Жаңа  жазба  —   кене  түрік  эліппесі  —  түріктердің  арасында  VII 
ғ.  бірінші  жартысында  пайда болған.  Әліппе алғашында бір-бірінен 
бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 
әріптен  тұрған,  оның  соғды  эліппесінен  айырмашылығы  ағаш  пен 
тасқа  жазуға  қолайлылығымен  ерекшелінеді.  Руна  ғаріптері  түркі 
тілінің ерекшеліктерін дэл бере  білді.  Әдеби  жэне тарихи тұрғыдан 
алғанда, руна ескерткіштері тіл мен эліппеге қатысты біркелкі емес. 
Аймақтық  белгісіне  орай  ескерткіштер  бірнеше  топқа  бөлінеді. 
Моңғолиядан  табылған  руна  ескерткіштері  Орхон,  Тола  жэне  Се- 
ленга  өзендері  алқаптарында  шоғырланған.  Бүл  топқа  Білге-қаған 
мен  Күлтегінге  арналған  белгілі  руна  мэтіндері  жатады:  Кошо- 
Цайдам  бағаналары,  Чойрэн  бағанасы,  Тоныкок  ескерткіші,  Онгин 
жазуы,  Куличор  құрметіне  арналған  бағана,  Селенга  тасы,  Сэврэй 
тасы,  Терхин  бағанасы,  Тосинь  бағанасы,  Қарабалғасун  жазуы, 
Суджа  жазуы,  Тайхир-чулудің  20  жазуы,  Исе-Асхеттің  2  жазуы, 
Хэнт^й  жазуы,  Хангай  мен  Гобаның  ұсақ  жазуы,  сондай-ақ  соғды
тіліндегі  Бугут  жазуы.  Бұл  жазулар  “орхон  ескерткіштері”  деп
аталады.
Тува  жэне  Минусин  аймағындағы  Енисей  ескерткіштеріне 
жататын  құлпытастарда,  тастарда,  алтын  жэне  күміс  ыдыстарда, 
теңгелерде  қазіргі  таңда  белгілі  болған  жазудың  150  түрі  белгілі 
болса,  Лена-Байкал  жағалауындағы  ескерткіштер  тобында  тұрмыс 
заттарына  жазылған,  элі  күнге  дейін  оқылмаған  16  қысқа  жазу 
кездеседі.
Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған 
жазулар  жэне  молалардан  табылған  күміс  ыдыстағы  жазулар 
(барлығы  50-ге жуық жазулар).
Шығыс ТүркістанескерткіштерінеТұрфандағыкөне құрылыстың 
қабырғасында  жазылған  4  жазу,  үңгір  ғимараттарындағы  2  жазу, 
Миран  мен  Дуньхуандағы  қағазға  түсірілген  бірнеше  ірі  мэтіндер.
қоладан жасалған қол аинадағы жазу жатады.
Ал  Жетісулық  деп  аталған  Орта  Азиялық  ескерткіштер  тобына
—   Талас  алқабындағы  құлпытастардағы,  теңгелердегі,  тұрмыстық
заттар мен ағаш таяқтардағы  12 жазуды, ал Ферғана ескерткіштеріне 
жататын  қосалқы  тобы  керамика  мен  металдағы  17  қысқа  жазу 
жатады.
Көне  түркі  мэдениетіндегі  адамзат  өркениетінің  елмес  қазына- 
ларының бірі —  баға жетпес  асыл  мұрасы —  жазудың пайда болуы
56

мен  жазба  эдебиетінің  байлығы.  Білге-қаған  мен  Күлтегіннің  жэне 
басқа  түріқ  елінің  көрнекті  қайраткерлерінің  құрметіне  арналған 
руна  мэтіндері  ең  құнды  эдеби  шығармалар  ретінде  жэне  сол 
кезеңнің  тарихын  баяндайтын  дерек  ретінде  жоғары  бағаланады. 
Бірақ  біртіндеп  оңтүстік  елкелерді  арабтардың  жаулауы,  ислам
Д
1
Н
1
Н
1
Ң көшпелі ақсүиектер арасына терең тамыр жаюы нэтижесшде 
ежелгі  түріктердің  руна  жазуы  ығыстырылып,  араб  графикасы 
негізінде жаңа түрік жазбасы  қалыптасқан.
Ортағасырлық  мэдениеттің  каншалықты  деңгейде  дамығанды- 
ғына  философ,  ғалым  энңиклопедист,  Отырардан  (Фарабтан)  шық- 
қан  Әбу  Насыр  ибн  Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн  Узлак  эл-Фараби 
ат-Түріктің  (870— 950)  ғылыми  еңбектері  куэ.  Немістің  шығыста- 
нушысы  Ф.Дитеритстен  бастап  Дж.Сартонға  дейінгі  мэдениет  пен 
ғылымның кернекті  екілдері, тарихшылар эл-Фарабиді  кереметтеп, 
үлы  тұлға  екендігін  ерекше  баяндайды.  Ол  астрономияны,  логика- 
ны,  музыка  теориясын,  математиканы,  социология  мен  этиканы, 
медицина  мен  психологияны,  философия  мен  құқықты  зерттеді. 
Оған  “Муаллим  ассана” —  “екінші  ұстаз” деген  атақ  берілген.  Бұл 
жерде  “екінші”  деген  Аристотельден  кейінгі  дегенді  білдіреді.  Әл- 
Фараби  шын  мэнінде  элемдік  дэрежедегі  ғалым  болды,  ол  езінің 
шығармаларында  араб,  парсы,  грек,  үнді  мэдениетімен  түрік 
мэдениетінің  жетістіктерін  бір-біріне  жақындастырып,  біріктіре 
білді. Ол атақты “Китаб аль-музык аль-кабир” атты еңбегінде музы- 
ка мэселесіне ерекше мэн береді. Ол ғылымды, білімді жаңғыртушы 
болды,  бұл  оның  “Ғылымды  топтау  туралы  сез”  деген  еңбегінде 
қамтылды.
Әл-Фараби  саяси  философия  мен  этикаға  ерекше  мэн  берді, 
ейткені,  солардың арқасында  шын  мэніндегі  бақытқа қол жеткізуге 
болады,  бұл  бакытты  алдамшы  бақыттан  ажырата  білу  керек 
деген,  Әл-Фараби  жақсылық  тілеуші  қаланы  надан,  адасқан  қалаға 
қарсы  қояды,  ақ  ниетті  адамдар  үшін  етірік айту,  алдап-арбау жэне 
астамшылық жат  нэрсе  деген.  Рухтың  еркіндігі  туралы  Әл-Фараби 
шығармаларында  ете  анық  жазылған.  Фарабидің  қолжазбалары 
элемнің  кептеген  кітапханаларында  сакталған.  Әл-Фарабидің 
осы  еңбектері  арқылы  ортағасырлык  ғылым  қалыптасты,  оның 
ықпалымен  Ибн  Руштің,  Ибн  Синаның,  Омар  Хайямның,  Роджер 
Бэконның,  Леонардо  да  Винчидің  жэне  езге  де  ойшылдардың 
дүниетанымы қалыптасты.
Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі тағы бір ірі эдеби  поэтикалык 
шығарма  “Құтадғу  білік”  немесе  “Қайырымды  білім”  поэмасы 
болып табылады.
57

“Құтадғу  білік”  ежелгі  Түркістанның  батысы  мен  шығысында 
бірдеіі  IX  ғасырдан  бастап-ақ  ыкпалды,  іргелі  елдік  кұрған 
карахандар  эулетінің  билігі  дэуірлеп  тұрған  заманда  Жүсіп  Хас- 
Хаджиб жазған. Ол X ғ. соңы мен XI ғ. алғашкы жылдарында казіргі 
казақ ел інің жер ауқымына енетін ежел гі Баласағұн шэһарында туып 
өскен. Жүсіп Баласағұн айтулы этикалық-философиялык еңбегін  54 
жасында  жазған.  Баласағұн  қаласында  бастаған  бұл  шығармасын 
Қашқарда аяқтап,  Қарахандар  мемлекетінің  сол  кездегі  эмірі  Сатұқ
Боғра ханға тарту етеді.
“Қүтадғу біліқ” 6520 бэйттен тұрады жэне  124 бэйттің қосымша-
сы  бар.  Шығарманың жалпы  көлемі  13  мың  екі  шумақтан қүралған 
өлең.  Поэманың  3  түрлі  қолжазбасы  сақталған:  үйғыр  жазуымен 
венгерліқ, сондай-ак араб қарпімен жазылған каир мен намангандык 
нүсқалары.  “Қайырымды  білім”  тек  эдеп-мораль  трактаты  ғана
философиялық
нормаларын,  бүл  қоғамдағы  эртүрлі  тап  екілдерінің  мінез-қүлык 
ережелерін  суреттейді.  Білім  —   билеуші  үшін  де,  халық  үшін  де 
игілікке  қол  жеткізудің  бірден-бір  қайнар  кезі  деген  идея  оның
Жүсіп
этнографиялық
пайымдаулар  түйіндеп,  пікір  қорытуға  болады.  Шығармада  ел 
басқарудың  экономикалық,  элеуметтік-түрмыстық  ахуалы,  эскери 
істі  үйымдастырудың,  шаруашылықты,  тағы  басқа  да  мемлекеттің 
эл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық
тілмен  баяндалады.  Еңбекте  сол  заманғы  ғылым  мен  мэдениеттің
жетістіктері де аңғарылып отырады.
“Қүтты  білік”  атты  даналық  дастаны  ғүлама  атын  күллі  Түран
еліне,  Шығыс  элеміне  танытты.  Батыс  пен  Шығысты  кең  шарлап
қеткен бүл эдеби жэдігер он ғасырдай мерзім еткенде ез атамекеніне
оралды.  1986 жылы  қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарық
қөрді.  Сол  X—^ХІІ  ғасырлардың  езінде-ақ  Орта  Азия,  Қазақ  елі
аумағын  меқендеген  халықтардың  мэдени  даму  биіктерінің  бірі
болған  философиялық
күні  бүгінге
дейін  аса  қүнды,  еміршең.  “Қүтты  білік”  —   ежелгі  түркі  тілш деп
қлассикалық поэзияның түңғыш  шығармасы.
Түріқ  тайпаларының  тілі,  фольклоры,  этнографиясы  туралы
шығарма  авторы  Махмуд  Қашқари  (1029— 1101)  еді,  оның  халиф 
эл-Мухтадиге  арнап  1072— 1074  жж.  жазған  “Түрқі  тілдерінің
сөздігі”  («Диуани
ографи
58

риалдар  жинақталып,  кеңінен  қамтылған.  “Түркі  тілдерінің  сөз- 
дігі”  —   XI  ғасырдағы  түркі  халықтарының  дүние  танымының 
ерекшелігін,  этникалық  құндылықтары  мен  мінез-қүлық  норма- 
ларын  сипаттайтын  түркі  мэдениетінің  ескерткіші,  онда  ата- 
бабаларымыздың  бүрынғы  мүралары  толық  қамтылған.  Кітапта 
ежелгі  зороастрийлік-шамандық  дүниеге  көзқараспен  қатар  жаңа
— исламның  элементтері  мен  оның  бір  тармағы  суфизм
идеология  —  исламның  элементт 
туралы да айтылған.
“Сездік”  қазіргі  кезде  А.Н.Кононовтың  айтуы  бойынша  XI 
ғасырдағы  түріктердің  өмірі  туралы  бірден  бір  ақпарат  көзі  болып 
табылады; атап айтқанда, олардың материалдық мэдениеті, түрмыс- 
салты туралы, этнонимдер мен топонимдер, рулық бөлініс жөнінде, 
түрлі  лауазым  иелерінің  атақтары  мен  атаулары,  тағамдар  мен 
сусындар атаулары туралы, мал шаруашылығы жөнінде, өсімдіктер 
мен  дәндер  туралы,  астрономиялық  терминдер,  металдар  мен  ми- 
нералдар  туралы,  географиялық  терминология  мен  номенклатура 
туралы,  қалалар,  аурулар  мен  дэрілер  атаулары,  тарихи  жэне 
мифологиялық  батырлар,  діни  жэне  этникалық  терминология 
туралы,  балалардың  ойыны  мен  ойын-сауықтар  туралы  және  т.б.”. 
Махмуд  Қашкари  өзінің  кітабында  мынандай  негізгі  жанрларды 
бөліп  қаоастыоады;  түокі  тілді фол
лирикалық  эндер,  батырлар  жырынан  үзінділер,  тарихи  ертегілер 
мен  аңыздар,  400-ден  аса  мақалдар,  мэтелдер  жэне  шешендік 
сөздер.
Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл жэне ақын Қожа Ахмет 
Яссауи  ортағасырда өмір сүріп  артында мол  мүра қалдырды.  Оның 
өмірі  мен  қызметі  Яссы  (Түркістан)  қаласымен  тығыз  байланысты. 
Оның  “Диуан-и  хикмет”  атты  кітабы  сақталған.  Яссауи  түркі
суфизмінің  көшбасшысы.  “Диуан-и  хикметте 
исламның  негізп 
ережелері  мен  қағидалары  баяндалады.  Автор  4  ұстанымды,  атап 
айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге 
ерекше  мэн  береді.  “Шариат”  —   ислам  дінінің  заңдары,  дэстүрі, 
салт-дэстүрі,  “Тарихат”  —   суфизм  идеясы,  “Хакихат”  —   құдайға 
қүлшылық  ету,  бірігу,  “Мағрифат”  —   дінді  танып-білу.  Яссауидің 
пікірінше,  шариатсыз,  тарихатсыз,  мағрифатсыз  хакихат  жоқ.  Ол 
“Хикметте”  Алланың  атын  түріктер  бүрын  өзінің  қүдайы  санаған 
Тэңір  атымен  жиі  алмастырып  отырған.  Түріктер  жаңа  исламдық 
өркениетке  көшкен  соң  да  халықтың  даму  бағытын  бір  арнаға 
салуға  күш  жүмсады.  Демек,  жаңадан  енгізілген  идеологияны 
бүқараның  ғасырлар  бойы  қалыптасып  қалған  сана-сезімінен,
59

олардың  ұстанып  келген  Тэңірге  табынушылық  —   шаманизммен, 
зороастрийлікпен  біріктіре  білудің  орны  ерекше  болған,  кейін 
мұндай  процесс  “Түркі  халкының  мұсылмандығы”  деген  атауға 
ие  болды.  Осы  орайда  яссауилік  ілім  зор  рөл  атқарды,  ол  эділдікті, 
рухани  тазалыкты  жэне  адамның  рухани  дамуын  жетілдіруді 
насихаттады,  ал  мұндай  игі  қадам  түркі  халықтарының  көңіліне 
қонды.  Егер  рухани  күш  болмаса,  қүдайға  шын  көңілмен  сенбесе, 
тіпті  соғаң  орай  өзін-озі  күрбан  етуге дейін  бармаса,  адамнын езін- 
езі  тануы  мүмкін  емес,—   деген  қағиданы  ұстанған  Ахмет  Яссауи 
езінің барлық ғұмыры  мен қызметін тап  осындай  идеялык-енегелік 
жолға арнады.
Осылайша  VI—^ХІІ  ғасырларда  кең  толғамды,  парасатты 
пайымдаулары  мол  ғылыми  мұралардың,  ақыңдык  енердің  үздік 
дара  туындыларының  дүниеге  келуіне  белгілі  бір  еркениетті 
ахуалдың  құнарлы  топырағы,  тарихи-элеуметтік  орта  тынысы 
мен  коғамдық-саяси  жағдайлардың  заңдылықтары,  алғышарттары 
болғаны  күмэнсіз.  Бұл  классикалық  шығармалар  сол  кездің  өзінде 
белгілі  дэрежеде  эдеби-мэдени  дэстүрдің,  қеркемдік-эстетикалық 
танымның қалыптасқан мектебіңің болғандығын  меңзейді.
Сейтіп,  VI—^ХІІ  ғасырларда  тарихи  қалыптасқан  жағдаи  —  
ғылымның  дамуына,  феодалдық  негіздің  нығайып,  мемлекеттік 
құрылымдардың  шығуына,  отырықшы-егіншілік  мэдениет  пен 
қалалардың  өсуіне,  этникалық  шоғырланушылык  процестердің 
күшеюіне экелді.

4-тақырып 
ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ДӘУІРІНДЕ 
(XIII г.  басы
  —
 
X V  г.  1-ші жартысы)
Монголдардың Қазақстан аумагын жаулап алуы 
Қазақстан Алтын  Орда құрамында 
XIV—X V  гг.  Қазақстан аумагындагы мемлекеттер
1.  Монғолдардың Қазақстан  аумағын жаулап  алуы
XII 
ғ.  аяғы  мен  XIII  ғ.  басында  Монғолия  жерінде  қият-бөржігін 
тайпасының  билеушісі 
Есугей 
баһадурдің  баласы  Темучин 
(1155— 1227)  билік  еткен  ірі  көшпелі  мемлекет  құрылды.  Ол  20 
жылға  созылған  қиян-кескі  күрес  барысында  Монғолияның  бүкіл 
тайпаларын  өз  қол  астына  біріктірді.  Егер  бүрын  Монғолияны 
мекендеген  тайпалардың  көпшілігі  татар  деген  атпен  (ең  қуатты 
тайпалардың  бірінің  аты  бойынша)  белгілі  болса,  енді  мемлекеттің 
нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп 
атай бастайды да, бүл термин жинақтаушы этникал ық-саяси мэнге ие 
болады.  Қытай деректерінде бүкіл  Монғолияның халқы  «татарлар» 
деп  аталған,  осы  атау  араб,  парсы,  орыс  жэне  батыс  еуропалық 
деректерге  ауысқан.  Жалпы  «татарлар»  атауының  шығыс-монғол- 
дық тайпалардың  бір  бөлігіне  ғана  қатысы  бар.  «Татар-монғолдар» 
жэне «монғол-татарлар» атауы  кейін  пайда болған.
XII
феодалдық
настардың  қалыптасу  процесі  жүріп  жатты.  Бүл  қоғам  екі  топқа — 
аксүйек  нояндарға жэне еңбекші  халық —  араттарға бөлінді.
1206  жылы  көктемде  Темучинді  жақтаушы  монғол  ақсүйекте- 
рінің қүрылтай жиналысы болып,  онда ол  Шыңғыс  хан деген  атпен 
монғолдардың  эміршісі  болып  салтанатты  түрде  жарияланды. 
Шыңғыс  хан  түсында  Монғол  империясының  астанасы  Қарақо- 
рым  болды.  Монғол  мемлекеті  эскери-экімшілік  үйым  негізінде 
қүрылды.  Мемлекет  аумағы  үш  эскери  экімшілік  аймаққа  бөлінді. 
Әр  аймақ бірнеше түменнен, түмен  10 «мыңдықтан», эр  мыңдық —
10  «жүздіктен» түрады. Армия темірдей тэртібі  жэне жоғары эскери 
дайындығымен  ерекшеленді.  Монғолдардың  эскери  басымдыкка 
жетуіне  Шыңғыс  ханның  жауапты  орындарға  этникалық  жэне 
элеуметтік шығу тегіне  қарамастан  батыл да іскер адамдарды  қоюы 
көп  эсерін тигізді.
61

1207— 1208  жж.  Шыңғыс  ханның  үлкен  баласы  Жошы  Енисей 
қырғыздарын  жэне  Сібірдің  оңтүстігіндегі  «орман  халыктарын» 
бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар 
монғолдарға  бағынды.  1211  ж.  Шыңғыс  ханның  колы  Солтүстік 
Қытайға  енді,  1215  ж.  олар  Цзинь  мемлекетінің  астанасы  Чжунду 
(Пекин) қаласын жаулап алды.  1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ 
езенінің солтүстігінде орналасқан  барлық иеліктерінен  айырылды.
Шыңғыс  ханның  негізгі  мақсаты  батыс  елдерін  —   Орта  Азия 
мен  Иранды,  Таяу  Шығыс  пен  Кавказды,  Шығыс  Еуропаны  басып 
алу  болды.  Батыста монғолдар  1211  жылы  алғаш рет Жетісу  жеріне 
келгенімен  ұзақ  тұрақтай  алмады.  Бүл  жылы  монғол  эскерін 
Жетісуға  Шыңғыс  ханның  қолбасшыларының  бірі  Қүбылай  бастап 
келген болатын.  1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен үлы Жошыны 
кыпшақ  даласында  көшіп-қонып  жүрген  меркіттерді  біржолата 
талканлаүға  аттандьшлы.  Жошы  Тооғай  даласында  қыпшақтарға
қарсы  60  мың  эскерімен  жорыққа  шыққан  хорезмшах Мүхаммедтің 
қолымен  кездесіп  қалды.  Екі  жақ  күні  бойы  шайқасты,  ал  түнде 
монғолдар  жаққан  оттарын қалдырған күйі  кері  шегініп  кетті.
Монғолдардың  батысқа  қарай  жылжуы  1218  жылы  қайта
басталды.  Осы  жылы  қаңлы,  найман  жэне  кереи  таипалары 
жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бүл кезде Жетісуды 
наймандардың Күшлік ханы  билеп түрған  еді.  Оған карсы  Шыңғыс 
хан  өзінің  таңдаулы  қолбасшыларының  бірі  Жебені  жіберді. 
Монғолдар  жергілікті  халыққа  ислам  дінін  жария  түрде  үстануға 
рүксат  етіп,  Күшліктің  мүсылмандарды  қудалауына  байланысты 
халықтың наразылығын тиімді  пайдаланды.  Сонымен  қатар Жетісу 
халқын өз жағына тарту үшін  Шыңғыс хан бүл өлкеде тонаушылық 
пен  кырғынға  тыйым  салды.  Көптеген  елді  мекендер,  соның 
ішінде  Баласағүн  қаласы  үрыссыз  берілді,  ал  Күшлікті  монғолдар 
Бадахшанда үстап, елтірді.
Шығыс  Түркістан  мен  Жетісуды  басып  алғаннан  кейін 
монғолдарға  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Орта  Азияға  жол  ашылды. 
Бүл  өңірге  басып  кіруге  «Отырар  апаты»  деп  аталатын  оқиға 
сылтау  болды.  1218  жылы  жазда  Ш ыңғысханның  тапсырмасымен 
қүрамында  кепестері  мен  монғол  барлаушылары  бар,  барлығы  450 
адамнан  түратын  500  түйеге  теңделген  жүгі  бар  керуен  Отырарға 
аттанады.  Отырар  билеушісі  Қайыр  хан  көпестерді  жансыздар  деп
күдіктеніп,  оларды  өлтіруге  бүйырады,  керуен  тоналады.  Бүған 
шамданған  Шыңғысхан  оның  қарымтасы  ретінде  хорезмшах 
Мүхаммедтен  Қайыр  ханды  үстап  беруді  талап  етіп,  елшілерін
62

жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау 
болады.
Шыңғысхан  Орта  Азияны  бағындыруға  өз  вассалдарының 
жасақтарымен  қоса  жалпы  саны  150  мың  адамы  бар  қалың  қол 
жіберді.  Әскери  жорық  1219  жылы  қыркүйекте  Ертіс  жағалауынан 
басталды.  Отырар  қаласы  қоршауға  алынды.  Өзінің  эскерін  үш 
топқа  белген  Шыңғысхан  бір  бөлігін  Отырарды  алу  үшін  ұлдары 
Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен үлы Жошы бастаған екінші 
бөлігін  Сырдарияның  төменгі  ағысына  аттандырды.  Өзі  Бүқараға 
бет  алды.  Отырар  билеушісі  Қайыр  хан  ерлікпен  шайқасты,  ол 
басқарған  әскер  мен  қала түрғындары  басқыншыларға  қарсы табан 
тіресе  қарсылық  көрсетті,  қаланы  5  ай  бойы  үстап  түрды.  Бесінші 
айдың  аяғында  хорезмдік  әскербасы  Қараджа  хаджиб  опасыздық 
жасап,  қаланың  қақпасын  ашып,  10  мың  эскерімен  монғолдар 
жағына  шығып  кетіп,  оларды  қалаға жіберіп  қойды,  кейін  оның  езі 
осы  опасыздығы  үшін  монғолдар  тарапынан  өлтірілді.  Қайыр  хан 
ез  жауынгерлерімен  қамалда  тағы  бір  ай  қорғанды.  Бірақ  күш  тең 
болмады,  қамал  қиратылды,  1220  жылы  ақпанда  Отырар  қаласы 
алынды, Қайыр хан қолға түсіп,  қатал  жазаланып өлтірілді.
Отырар  сияқты  Сыр  бойындағы  Сығанақ,  Ашнас  жэне  т.б. 
қалалар түрғындары да монғолдарға қатты қарсылық керсетті. Араб 
жэне парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халкын түгелдей 
қырып, күл-талқаң қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың 
ішінде  оңтүстік  қазақстандык  Отырар,  Сығанақ,  Ашнас  қалалары
бар.
Монғолдар  Сырдария  еңіріндегі  қалаларды  бағындырып,  Орта 
Азияға  қарай  ішкеріледі.  Үргенішті  қоршауға  алу  бірнеше  айға 
созылды.  Монғолдар  Бүқарды,  Самарқанды  алды,  Хорезм  жаулап 
алынды.  1221  жылы  кектемінде  монғолдар  Орта  Азияны  жаулап 
алуды  аяқтады.
Енді  соғыс  Хорасан,  Ауғанстан  жэне  Солтүстік Индия  аумағына 
ауысты.  Қолбасшылар  Жебе  мен  Сүбедей  нояндар  басқарған  30 
мыңдық  эскер  Солтүстік  Ираннан  шығып,  1220  жылы  Кавказға 
басып  кірді.  Бұл  эскер  армян,  грузин,  алан,  қыпшақ  жэне  орыс 
эскерлерін  Қалқа  өзенінін  бойында  талқандап,  1224  жылы  Шығыс 
Дешті  Қыпшақ  даласы  арқылы  Шыңғысханның  Ертіс  бойындағы 
ордасына оралды.  Сейтіп,  1219— 1224 жж.  монғол  шапқыншылығы 
нэтижесінде  Қазақстан  Шыңғысхан  империясының  қүрамына
кірді.
Шыңғысхан  кезінің  тірісінде  үлан-байтақ  аумақты  алып  жат- 
қан  жаулап  алған  жерлерін  бэйбішесі  Бөртеден  туған  үлдарының
63

санына  карай  төрт  ұлыска  бөлді.  Кіші  ұлы  Төле  Шыңғысханның 
негізгі  жұртын  —   Монғолияның  езін,  сондай-ак  монголдың 
тұрақты  129 мың адамдық армиясының  101  мыңын иеленді.  Үшінші 
ұлы  Үгедейге  Монғолияның  батыс  бөлігі,  Жоңғария  мен  Шығыс 
Түркістан  аймағы  қарады.  Оның  ұлысының  орталығы  жоғарғы 
Ертіс  пен  Тарбағатай  аймағында  орналасты.  Ш ыңғысханның 
екінші  ұлы  Шағатайдың  иелігіндегі  жерлер  Оңтүстік  Алтайдан 
Әмударияға  дейінгі,  яғни  Жетісу  мен  Мэуераннахрды  қамтыды. 
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі  Ертістен  батыска қарай 
төменгі  Еділге  дейінгі  жерді  қоса  бүкіл  Шығыс  Дешті  Қыпшақты 
қамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш ұлысының 
құрамына:  үлкен  бөлігі  —   Жошы  ұлысының  құрамына,  Оңтүстік 
жэне  Оңтүстік-Шығыс  Қазакстан  —   Шағатай  ұлысына,  Жетісудың 
солтүстік-шығыс бөлігі —  Үгедей ұлысына кірді.
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
buuk -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп
buuk -> Іллаев, Ғ. У. Уәлиев, Н. Д. Абдуллина ж л т л т л fee
buuk -> Физиологиясы
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш
buuk -> Мемлекеттік тілде оқымайтын
buuk -> Талғат СҮлтангереев әдептілік әдемілік


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет